400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Трапецияның ауданы - 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8.1.3.13 трапеция ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3A Аудандар

Мектеп: №11 орта мектеп


Күні: 05.03

Мұғалімнің аты-жөні: Картамысова А.Т


Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Трапеция ауданы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.3.13 трапеция ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Трапецияның ауданының формулаларын білу;

Басым көпшілігі:

  • Трапеция ауданының формулаларын қорытып шығару;

  • Трапеция ауданының формулаларын есептер шығаруда қолдану.


Бағалау критерийлері

Оқушы

  • трапецияның ауданының формулаларын біледі;

  • трапеция ауданының формулаларын қорытып шығарады;

  • трапеция ауданының формулаларын есептер шығаруда қолданады.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • трапеция ауданының формулаларын ауызша және жазбаша сипаттайды;

трапеция ауданының формулаларын есеп шығару барысында қолдануды түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Трапеция, трапецияның биіктігі, трапецияның табандары, трапецияның диагональдері, трапецияның ауданы, трапецияның орта сызығы, трапецияның бүйір қабырғасы, тікбұрышты трапеция, тең бүйірлі трапеция.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табу үшін...

Трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табу үшін...

Трапецияның ауданын оның диагональдері және олардың арасындағы бұрышы арқылы табу үшін...

Трапецияның ауданын оның төрт қабырғасы арқылы табу үшін...


Құндылықтарды дарыту


Бұл сабақ академиялық адалдық, бірлік және командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Құндылықтарды дарыту топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы, қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.


Пәнаралық байланыс

Архитектурамен байланыс, ғимарат моделін жасау барысында трапеция моделі қолданылады.


Бастапқы білім

Оқушылар төртбұрыштар түрлерімен және олардың кейбірінің аудандарын есептейтін формулалармен таныс. Оқушылар төртбұрыштардың аудандарын есептей алады. Трапецияның түрлері.


Сабақ барысы:



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

3мин




7 мин



I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығын тексеру.



II. Өткен материалды қайталау. Оқушылармен жаңа тақырыпты меңгеру үшін қажетті ұғымдарды қайталау Оқушыларға келесі тапсырмаларды ұсынамын:















Сәйкес формулаларды жаз: Топпен жұмыс

Сұрақтарға жауап бер:

  1. Трапеция дегеніміз не?

  2. Трапецияның табаны дегеніміз не?

  3. Трапецияның биіктігі дегеніміз не?

  4. Трапецияның орта сызығы дегеніміз не?

  5. Трапецияның қандай түрлерін білесіңдер?

III. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.


















Сабақтың ортасы

12 мин








































Білімді бекіту

15 мин

IV. Жаңа тақырыпты меңгеру.

Трапеция ауданының формулалары.

Табандарының жарты қосындысы MN трапецияның орташа сызығына тең болғандықтан,


Трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табу

Т рапецияның ауданы оның табандарының қосындысының жартысы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең.

,

 — трапецияның ауданы
 — табаны
 — табаны

h – биіктігі

Трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табу

S =mh
S —трапецияның ауданы

h — биіктігі

m — трапецияның орта сызығы

Трапецияның ауданын оның диагональдері және олардың арасындағы бұрышы арқылы табу


S — трапецияның ауданы
d1,d2 — трапецияның диагональдері
α — трапецияның d1 және d2 диагональдері арасындағы бұрыш


Трапецияның ауданын оның төрт қабырғасы арқылы табу


«Кім алғыр?» әдісі бойынша жеке жұмыс

Оқушыларға қиындық туған сәтте көмек беремін. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талқыланады.

Есеп 1. Егер трапецияның табаны 6 см және 8 см, ал биіктігі 5 см болса, трапецияның ауданын тап.

Есеп 2. Егер трапецияның орта сызығы 10 см, ал биіктігі 6 см болса, трапецияның ауданын тап.

Есеп 3. Егер трапецияның диагональдері 12 см және 14 см болса және де олар өзара перпендикуляр болса, трапецияның ауданын есепте.

Есеп 4. Егер трапецияның табандары 11 см және 28 см, ал бүйір қабырғалары — 25 см және 26 см болса, трапецияның ауданын тап.


Бағалау критерийлері: Оқушы

  • трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табады;

  • трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табады;

  • трапецияның ауданын оның диагональдері және олардың арасындағы бүрышы арқылы табады;

  • трапецияның ауданын оның төрт қабырғасы арқылы табады.

Жауаптары:

  1. 35 см2. 2. 60 см2. 3. 84 см2. 4. 468 см².

ҚБ. Мұғалімнің бағалауы












































Сабақтың соңы

3 мин

VI. Сабақты қорытындылау. Рефлексия (оқушылардан ауызша)

Мұғалім сабақ мақсатына қайта оралып, олардың жетістік деңгейін талқылайды. Келесі сабақты жоспарлау мақсатында төмендегі сөйлемдер толықтырылады:


Мен не білемін... Мен бүгін үйрендім …

Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым

Мен түсіндім …



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.


Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
2272
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі