Материалдар / Тəрбие сағат Еңбек түбі береке

Тəрбие сағат Еңбек түбі береке

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды еңбекке баулиды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2019
523
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Еңбек түбі – береке.Мақсаты: 1. Оқушыларды мақал-мәтелдердің мағынасын түсінуге, оларды айта білуге үйрету. 2. Тілдерін ұштау, шешендікке баул.3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Көрнекілік: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер: «Жақсы жұмыс –жанға тыныс», «Еңбек түбі – зейнет», «Еңбексіз өмір – сөнген өмір», жұмбақтар.Мұғалім: «Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз, сөздің көркі – мақал», – дейді халық. Мақалдар адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі – мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі.1-оқушы: Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқаулық абыройды кеткізер2 – оқушы: Сақалын сатқан кәріден,Еңбегін сатқан бала артық. 3 – оқушы:Еңбектін көзін тапқан,Байлықтың өзін табады.4 – оқушы: Еңбек етпесен елге өкпелеме,Егін екпесең, жерге өкпелеме.5 – оқушы: Ерінбесең, еңбегің өнеді.6-оқушы: 1. Еңбексіз мал дәметкен – қайыршылық.2. Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады.3. Еңбек етпеген азады..4. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.5. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.3-оқушы: 1. Орайы келсе, орақ ор,Кезі келсе, кетпен шап.2. Еңбек – адамның екінші анасы.3. Ерінбеген етікші болады.4. Керек тастың ауырлығы жоқ.5. Еңбекке үйренем десең, ерінбе.Өнерге үйренем десең, жерінбе.Келесі айналым: Жүргізуші мақалдың алғашқы жолын оқиды, әрі қарай ойынға қатысушылар қолын көтеріп жалғастырады.1. Еңбегің қатты болса,…(татқаның тәтті болар).2. Еңбек түбі – береке,…(көптің түбі – береке).3. Істегенің еліңе жақсы,…(үйренгенің өзіңе жақсы).4. Отынды шапқпнға жақтыр,…(малды тапқанға бақтыр).5. Ексең егін,…(ішерсің тегін).6. Етік тіге алмаған,…(біз таңдайды).7. Көсеуі қысқаның,…(қолы күйер).8. Берген – алар,…(еккен – орар).9. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).Ең аз ұпай алған ойыншы ойыннан шығады.Екінші айналым: Екі ойыншының біреуі мақал айтады. Екіншісі соның ішіндегі бір сөзге мақал айтады. Сосын кезектеседі. Мүдірген оқушы жеңіледі.1-оқушы:Еңбек ет те мақтан,Ойнап күл де шаттан.2-оқушы: Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.2-оқушы: Ердің атын еңбек шығарар.1-оқушы: Ерді намыс өлтіреді,Қоянды қамыс өлтіреді.1-оқушы: Ерінбесең еңбегің өнеді.2-оқушы: Еңбегі көптің өнбегі көп.2-оқушы: Жері семіздің – малы семіз.1-оқушы: Мал өсірсең, қой өсір,Пайдасы оның көл-көсір.Ойын соңында жеңімпаз анықталып, оған сыйлықтар тапсырылады.Қорытынды:Мұғалім: Сонымен оқушылар, мақалдың өміршеңдігі мен қолдану аясының кеңдігінің сыры неде? Әрине, тілдің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде. Аз сөзбен көп мағына беретіндігінде. Осымен «Еңбек түбі – береке » атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ