Тəрбие сағаты "Ана - ардақты есім" 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тəрбие сағаты "Ана - ардақты есім" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға аналарына деген сүйіспеншілігін арттыруға көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: «Ана – ардақты есім»

Сабақтың мақсаты: Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге, мейірімділікке сый-құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Тәрбие сағаты өтілетін бөлмені мерекеге лайық безендіру.

«Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада», «Анаңды Меккеге арқалап барсаңда, қарызынан құтыла алмайсың», «Ана - өмір себуші»  буклеттер, қанатты сөздер жазып іліп қою.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. 

Сабағымызды әнмен бастаймыз. Ән: Ана туралы жыр.     Демек, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Ана – ардақты есім»

Жаңа сабақ.     

Өмірдің көркі - көктем айы мейірім шуағын төгіп, қуанышын қоса ала келді. Бұл айда бар адамзат баласы бас иер үш әріптен тұратын ұлы есім аналарымыздың дәстүрлі мерекесі 8 наурыз күніне белгіленген. Құрметті аяулы, ардақты аналар өміріміздің гүлі, қуанышы. Әйелдер шаңырақ ұйытқысы, ырыс-берекесі, алтын діңгегі. Сонау, заманнан ерлерімізге тірек болып, жігер берген аналарымыз қаншама. Бүгінде ел экономикасына етене араласып, саяси күшті ықпал жасап отырған - осы бір нәзік жанды әйелдер қауымы. .

Елбасы Н. Ә. Назарбаев былай деген екен: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де, біздің қазақ халқы». Ана – барлық өмірдің бастауы. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды.

Shape1

Shape2



Shape3

Shape4

Ана туралы даналық сөздер.

Аналарға арналған жүрек жарды өлеңдер.

1-оқушы:

Ана деген-өмірдің мөлдір кәусәр бұлағы, Ана деген-тіршіліктің шұғылалы шуағы. Ана деген- теңдесі жоқ ұлылық, Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.



2- оқушы:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым Тәтті ұйқыңды бөліп талай тіл қаттың. Өміріме нәрін берді ақ сүтің Кең құшағың –аясындай гүл бақтың.

3- оқушы:

Бал бөбегін баптаған.
Мамам үшін мақтанам!
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.

4- оқушы:

Дүниедегі ең ардақты асыл жан, Анам менің мәпелеген жасымнан Мен қуансам қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші Ана алдында борышты ғой бар адам
.


5-оқушы:

Алтын анам жасымнан аялаған, Мен үшін игілікті аямаған. Сабақтан шаршап үйге келгенімде, Бал сөзі жаным деген сая маған.

Көрініс: «Әжесі мен Бағлан».

Енді, балалар ана туралы мақал – мәтел айтайық.

1. Ана жақсылығын ауырғанда білерсің,

Қайын жақсылығын қыдырғанда білерсің.

2. Ананың сүті – бал,

Баланың тілі – бал.

3. Ағайын алтау

Ана біреу.

4. Ана сүтін ақтамағанды

Ешкім жақтамайды.

Ана туралы белгілі ақын өлеңдерін жатқа айту.

Т. Айбергенов «Ана»

Қ. Мырзалиев «Бәрі де ана бір өзіңнен басталды»

М. Мақатаев «Ана сен бақыттысың»

«Ана туралы жыр» әнін домбырада орындау.

Көрініс: «Соқыр ана».

Оқушылардың ана туралы өзі шығарған өлеңдері мен шығармаларын оқыту.

Бейнебаян: « Ана жүрегі».

Хор: Анашым

Қорытындылау «Бір өзің бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде,
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым». Ана біздің баға жетпес асыл байлығымыз. Осы баға жетпес асылымызды қадірлеп, көңіліне кірбің түсірмей аялай білейік.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2019
2005
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі