жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тəрбие сағаты: Кітап - өмір ұстазы. 2 сынып
Металдар мен бейметалдарға қысқаша шолу
§1 Металдар мен бейметалдардың қасиеттері
а) Периодық жүйедегі орны, салыстырмалы сипаттамасы
Барлығымызға белгілі жай заттар металдар және бейметалдарға бөлінеді. Заттардың бұлай жіктелуі олардың физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты болады. Күрделі зат қасиеті оның химиялық құрамы мен олардағы химиялық байланысқа тәуелді болса, ал жай заттар үшін – элементтердің атом құрылысына тәуелді.
Бірдей атомды (гомоатомды) жай заттарда біз қарастырған екі байланыс: металдық (металдарда) және ковалентті полюссіз (бейметалдарда) болады.
Металдарға s–элементтері, валенттілік электрондарының жалпы формуласы: ns1-2, n>1; d – элементтері валентілік электрондарының жалпы формуласы
ns2(n-1)d1-10, n≥4, f–элементтері, валенттілік электрондарының жалпы формулалары ns2(n-1)d1(n-2)f1-14, n≥6 және кейбір р-элементтері, валенттілік электрондарының жалпы формулалары ns2np1-6 (IIIA тобында бордан басқасы, IVА-тобындағы қалайы мен қорғасын, V–А висмут, VI–А-дан полоний, VIIА-дан астат жатады)
Сонда, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде екі s-элементі (Н, Не) және р-элементтерден тұратын төбелері бор, фтор, астат болып келетін үшбұрыш ішіндегі элементтер және барлық инертті газдар бейметалдарды құрайды. Олардың жалпы саны 22.
Инертті (бекзат) газдар He, Ne, Ar типтік бейметалдар, қосылыстар түзбейді, молекулалары бір атомды олардың ішінде тек ксенон XeO3, H2XeO4 қышқылдық қасиетті оксид пен гидроксид түзеді.
Бейметалдардың металдарға қарағанда иондану энергиясы электронтартқыштығы және олардың электртерістіліктері де жоғары болып келеді.
ә) Физикалық және химиялық қасиеттері
Металдардың физикалық қасиеттеріне тоқталсақ: олардың агрегаттық күйі қатты (Hg - басқасы) негізінен жылуды, электр тогін жақсы өткізеді, электр өткізгіштігі температура артқан сайын кемиді, металдық жылтыры бар, оларды июге, созуға келеді, деформацияға көнімпаз.
Металдар тығыздығына байланысты екіге бөлінеді:
1)
жеңіл (
:
Zi (0.534 г/см3),
Na, K, Mg, Ca, Cs, AI, Ba
2)
ауыр (
:
(22,5 г/см3)
Zn Cu Fe Sn Pb Ag Au Os
Қаттылықтары бойынша:
1) жұмсақ (Na, K, Jn – оларды пышақпен кесуге болады)
2) қатты (Cr – қатты)
Балқу температураларына қарай:
1) оңай балқитындар: Cs (28,50C), Ga (29,70), K(63,60C), Na (97,80C), Sn(231,90C), Pb (327,30C)
2) қиын балқитындар: Fe (15390C), Pt (17690), Cr(18750C), W (33800C.
Түсіне қарай:
Қара: Fe, Mn, Cr
Түсті – қалған металдар.
Түсті металдар табиғатта кездесуіне байланысты:
1) сирек – жер металдар (Sc,Y, La, лантаноидтар)
2) шашыранды металдар (Ga, Jn, TI, Ge)
3) бағалы металдар (Au, Ag, Pt, Pd, Rh, Ru, Os)
4) радиоактивті металдар (Ra, Th, U, Ac актиноидтар).
Ал, бейметалдардың физикалық қасиеттері өзгеше, қалыпты жағдайда олардың агрегаттық күйлері әртүрлі: газ, сұйық, қатты. Олардың электр және жылу өткізгіштігі төмен.
Металл, бейметалл және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерінде мынадай айырмашылықтар бар: біріншінің оксидтері мен гидроксидтері негіздік қасиетті. Ал, металдар тотығу-тотықсыздану реакцияларында тотықсыздандырғыш болса, бейметалдар үшін оксидтері мен гидроксидтері қышқылдық қасиетті, ал өздері тотығу-тотықсыздану реакцияларында негізінен тотықтырғыш болады.
Жай заттарды бұлай бөлудің өзі де шартты, өйткені оксидтері мен гидроксидтері екідайлы қасиет көрсететін, қасиеттері жөнінен аралық орын алатын элементтер де бар.
Заттардың электр өткізгіштігі жылу өткізгіштігімен тікелей байланысты. Металдардың кристалдық торларының түйіндеріндегі атомдар жылулық қозғалысқа түсіп, бос электрондары жылу мен тоқты тасымалдайды.
Ал, бейметалдарда бос электрондар ондай көп емес, сондықтан олар жартылай өткізгіштер және диэлектриктер болып саналады.
Температура артқанда металдың электр өткізгіштігінің кемуінің себебі олардың кристалдық торлары түйіндеріндегі металл иондары мен атомдарының жылулық қозғалысының амплитудасы артуына байланыстырушы электрондардың еркін қозғалысына кедергі келтіреді. Абсолют нольге жақындағанда мынадай элементтері үшін: Ti, Sn, Pb, Th, Ta, Nb аса өткізгіштік (Камерлинг-Оннес)тән. Металдың электр өткізгіштігі мына қатарда кемиді: Ag, Cu, Au, Cr, Al, Mg, Na, W, Be,Ph.
Жай заттардың магниттік қасиеттері оны құрайтын элементтердің атом құрылысына тәуелді. Стандартты жағдайда жай заттар әртүрлі агрегаттық күйде болады. Газ тәріздес (оттегіден басқасы)және сұйық заттар-диамагнитті. Ал қатты күйіндегі бейметалдарда ковалентті байланыс басты орын алатындықтан магниттік қасиеттері болмайды. Сілтілік, сілтілік-жер металдар, d-f деңгейлері толып болмаған (мыс, мырыш топшасының элементтерінен басқасы) және қорғасын мен қалайы элементтері парамагнитті.
§2 Жай заттардың табиғатта таралуы және оларды
бос күйінде алудың негізгі принциптері
а) Табиғатта кездесуі
Табиғатта кейбір химиялық белсенділігі нашар металдардан басқасы (Pt, Au, Ag, Hg) көбіне қосылыс түрінде кездеседі. Металдардың жер қыртысында кездесетін қосылыстары түрлі минералдар түзеді. Ішінде металл қосылыстары бар минералдар мен тау жыныстарын, құрамындағы металды өнеркәсіптік жолмен бөліп алу экономикалық жағынан тиімді болса, оны кен (руда) деп атайды. Руда құрамында қажетсіз бос жыныстары да болады. Кеннің керекті бөлімін бос жыныстардан бөліп ажыратуды кенді байыту деп атайды. Кен байыту ісінде флотация әдісі кеңінен қолданылады. Флотация техникасы оңай, оның негізі – кен мен бос жыныстың адсорбциялағыш қасиеттерінің әр түрлі болуында. Флотация үшін кенді өте ұсақ етіп ұнтақтап, сумен араластырып, арнаулы ыдысқа құяды, суға полюстігі нашар бір органикалық зат, айталық, қарағай майын қосады. Бос жыныс бөлшектерінің сыртына су молекулаларын адсорбциялайды, өйткені олар гидрофильді заттар, кеннің, әсіресе күкіртті минерал бөлшектері, сыртына май молекулаларын адсорбциялайды. Ыдыстың төменгі бөлімінен ауа жіберіледі, ол көпіршіктердің(ауа) сырты майдың жұқа қабыршағымен қапталады. Осындай ауа көпіршігі жоғары көтеріліп, ыдыс бетінде көбік түзеді, онымен сыртында май адсорбцияланған кен бөлшектері ілесіп жоғары шығады. Ал, сыртына су сіңген бос жыныс ауырлап, ыдыс түбіне шөгеді. Металдардың кені болып табылатын қосылыстар көбіне оксидтер, сульфидтер, тұздар түрінде кездеседі.
Қосылыстар формасы, құрылысы, элементтердің химиялық белсенділігіне байланысты.Бұл айтылғандар , әсіресе металдарға қатысты. Химиялық белсенді металдар тұз тәрізді заттар күйінде болады: галогенидтер (KCl·MgCl2· 6H2O – карналлит, NaCl·KCl – сильвинит, KCl – силвин, NaCl – галлит, CаF2 – флюорит, MgCl2·6H2O – бишофит); сульфаттар: (KCl·MgSO4·3H2O – каинит, MgSO4·H2O – кизерит, CаSO4·2H2O – гипс, CaSO4 – андигрит, Na2SO4 – тенардит, Na2SO4·10H2O – мирабиллит); карбонаттар (CaCO3·MgCO3 – доломит, CaCO3 – мрамор, FeCO3 – сидерит, ZnCO3 – смитсонит, PbCO3 – церрусит ). Бұл тұздардың көпшілігі суда жақсы ериді, сондықтан теңіз, мұхит суларында, жер асты минералды сулар құрамында болады. Ал, суда ерімейтіндері тау жыныстарын құрайды.
Өтпелі металдар және IV–А тобының металдары, оксидті, сульфидті кендер күйінде Al, Fe, Mn, Sn кездеседі: Fe2O3 (қызыл темір тас), Fe2O3·3H2O (қоңыр темір тас), Fe3O4 (магнит темір тас), Al2O3·H2O – боксит, Al2O3·2SiO2·2H2O – каолин, MnO2 – пиролюзит, SnO2 – қалайы тасы т.т.
Сульфид кендері: Cu2O – мыс жылтыры, PbS – қорғасын жылтыры, Ag2S – аргентит, FeS2 – пирит, CuFeS2 – халькопирит, Сu - мыс, Fe – темір сульфидтері.
Бейметалдардың табиғи қосылыстарына тоқталсақ, химиялық белсенді бейметалдар сілтілік, сілтілік-жер металдарымен қосылыс түрінде кездеседі. Оттек, күкірт белсенді минерал түзуші элементтер, өтпелі металдармен оксидті, сульфидті, сульфатты, силикатты, аллюмосиликатты минералдар түзеді. Азот табиғатта бос күйінде кездеседі, ол оның молекуласындағы байланыстың беріктілігіне байланысты (Еб.с.=945,6 кДж/моль). Фосфор – фосфаттар түзеді, олар: Ca3(PO4)2 – фосфорит, Ca5X(PO4)3 – апатит, мұндағы x – F-, Cl-, OH-. Мышьяк, сурьма – негізінен сульфидті минералдар түзеді: As4S4 – реальгар, Sb2S3 – сурьма жылтыры. Көміртек органикалық заттар құрамында(тас көмір, мұнай, табағи газдар) және бейорганикалық заттар түрінде (карбонаттар және көмір қышқыл газы) кездессе, кремний жер қыртысында силикаттар мен аллюмосиликаттар түрінде кездеседі.
Сонымен, элементтерді табиғатта таралуына байланысты (Гольдшмит) төрт топқа бөледі: атмофильдер (газ күйінде кездесетін элементтер N2, H2, O2,инертті газдар), метофильдер немесе оксофильдер (жердің беткі қабатын құрайтын), халькофильдер (күкіртпен қосылыс түзуге бейім элементтер Cu, Ag, Zn, Pb, Hg) және сидерофильдер (жер ядросын құрайтын VIII В тобының элементтері).
Элементтердің жер бетінде таралуы бірдей емес. Салыстырмалы атомдық массасы 50-ге дейінгі жеңіл элементтер 99,4%, ал қалғандарына 0,6% келеді екен. Табиғатта таралуы 0,01%-дан кем элементтерді сирек кездесетін бытыраңқы элементтер деп атайды.
1914 жылы итальян физигі Отто жер бетінде көп таралатын элементтердің массалық саны 4-ке бөлінетіндігін байқаса, 1917 жылы -американ ғалымы Гаркинс табиғатта көп таралатын элементтердің атомдық нөмірі 2-ге бөлінетіндігін анықтады.
ә) Жай заттарды алу
Табиғи қосылыстарынан жай заттарды алу тотығу-тотықсыздану үдерісі арқылы жүзеге асады. Металдардың барлығы табиғатта тотыққан күйде кездесетіндіктен оларды алу үшін тотықсыздандыру қажет.
Ал, бейметалдар табиғи қосылыстарында әрі тотыққан, әрі тотықсызданған күйде кездеседі. Химиялық белсенді бейметалдар және халькогендер көбіне тотықсызданған күйде, ал азот, фосфор, кремний, сурьма (нитраттар, фосфаттар, силикаттар, сульфаттар) тотыққан түрде кездеседі.
Металдарды табиғи қосылыстардан алу кезінде қолданылатын тотықсыздандырғыш металдың химиялық белсенділігіне байланысты болады. Металл неғұрлым химиялық белсенді болса, оны тотықсыздандыратындар да химиялық белсенді болуы тиіс. Тотықсыздандырғыштар ретінде пайдаланылатындар: химиялық белсенді металдар (Al, Zn, Mg, Co), сутегі, көміртегі және электр тоғы. Қажетті тотықсыздандырғышты таңдау үшін тотығу-тотықсыздану реакциаларының Гиббс энергиясын есептеу қажет (ΔG<0).
Сөйтіп, металдарды алудың әдістерін төртке бөледі: металлотермия, пирометаллургия, гидрометаллургия, электрохимиялық.
Кейбір қиын балқитын металдарды бос күйінде алу үшін (Cr, Mn, Fe) тотықсыздандырғыш ретінде алюминий (аллюминотермия) қолданылады, ол үшін алдымен оксидтік күйге айландыру қажет болады, сондықтан руданы “қайнау қабаты” пештерінде күйдіреді (тотықтырады). Алюминиймен тотықсыздандыру барысында көп энергия бөлінеді.
Mo2O3+2Al = Al2O3+2Mo+Q
Алюминийден де шабытты әрекеттесетін тотықсыздандырғыш - магний. Ол элемент оксидтерінен және хлоридтерінен де тотықсыздандырады.
Мысалы, титан өндірісінде жүретін реакцияларды қарастырсақ:
TiO2+C+2Cl2 = TiCl4+CO2
TiCl4+Mg = MgCl2+Ti
Енді, келесі тотықсыздандырғыш ретінде көміртегін пайдаланып, мына металдарды оксидтерінен алуға болады: Fe, Cо, Ni, Pb, Sn, Cu, Zn, Mn т.т. Осыны қорғасын өндіру кезінде жүретін реакциялар мысалында қарастырайық:
2PbS + 3O2= 2PbO + 2SO2
PbO + PbS = Pb + SO2
C+O 2= CO2
CO2 + C = 2CO
PbO + CO = Pb+CO2
Тотықсыздандырғыш ретінде сутегіні пайдаланып, мынадай металдарды Mo,W, Re т.т.оксидтерінен алуға болады.
WO3+3H2= 3H2O + W
Химиялық белсенді – алюминий, сілтілік, сілтілік-жер металдарды алу үшін тұздарының балқындыларынан электролиздеу әдісін қолданылады.Мұнда электролизердің катоды күшті тотықсыздандырғыш электрон донорының ролін атқарады.
Металл тұздарының ерітіндісінен металлотермия әдісімен металды алу гидрометалургиялық тәсіл болса, ол электрохимиялық әдіспен де ұласып жатады.
Бейметалдардың кейбіреуі табиғатта бос күйінде кездеседі, мысалы ауа құрамындағы азот пен оттегіні физикалық тәсіл көмегімен бөліп алады. Химиялық белсенділігі төмен бейметалдар (B, Si,Ge, P, As, Sb) табиғатта тотыққан күйде кездеседі, оларды жоғарыда көрсетілген тотықсыздандырғыштар көмегімен алуға болады.
SiO2+Mg = MgO+Si
SiO2+2C = Si+2CO
2BCl3+3H2 = 6HCl+2B
GeO2+2H2 = Ge+2H2O
2Ca3(PO4)2+6SiO2+10C = 6CaSiO3+10CO+4P
Химиялық белсенді бейметалдарды (F2, Cl2) тұздарының балқындыларын электролиздеу арқылы тотықтырып алады, тотықтырғыш электролиздердің аноды – электрон акцепторы болады. Ал, бром мен иодты алу үшін тотықтырғыш ретінде хлорды пайдалануға болады:
2KBr + Cl2= 2KCl + Br2
2KJ + Cl2= 2KCl + J2
Жай заттарды алудың тағы бір әдісі – пиролиз, оны жүргізу үшін заттарды термиялық ыдырауға ұшыратады, ол кезде заттар аса таза күйінде алынады:
SiJ4 = Si + 2J2
2TiCl2= Ti + TiCl4
TiJ4= Ti + 2J2
2BBr3= 2B + 3Br2
§3 Заттардың агрегаттық күйі. Кристалдық торлар
Біз ауа мұхитының астында өмір сүреміз,ауаны газ деп, ал тасты – қатты, суды сұйықтық деп білеміз. Бұл заттың үш агрегаттық күйі жағдайға (t, P) байланысты.Бұл күйлер бірінен екіншісіне ауысып отырады. Бір агрегаттық күйден екіншісіне ауысуы заттың стехиометриялық құрамының өзгерісі арқылы емес, олардың кеңістіктегі алатын құрылысының өзгерісі арқылы болады. Заттың кеңістікте орналасуы, агрегаттық күйі оны құрайтын құрам бөліктерінің байланыс энергиясы (Е1) мен жылулық қозғалыс энергиясының (Е2) ара қатынасына байланысты.Егер Е2>Е1, болса, зат-газ, Е1>>Е2 болса -қатты, ал сұйық қатты мен газдың аралығындағы агрегаттық күй. Егер температураны төмендетсе, екі энергия шамалас болады да зат тұтқырланады.Белгілі бір температурада тұтқыр зат қаттыға айналады. Кей сұйықтық температураны төмендеткенде белгілі бір форманы алып үлгірмей өте тез тұтқыр массаға айналады. Міне, осындай тұтқыр сұйықтықты аморфты деп атайды. Аморфты заттарда атомдар молекулалар ретсіз орналасқан, сондықтан ондай заттардың тұрақты қайнау, балқу температураларды болмайды (шыны, смола, полимерлер т.б).
Қатты күйдегі заттың кеңістік формасы кристалл деп аталады. Кристалдық тор түрлері иондық, молекулалық, атомдық, металдық.
Кристалдық тор типі кристалл құрамына кіретін құрам бөлігіне байланысты болады. Тордың ішкі құрылымын анықтау үшін рентген сәулелерін ағылшын ғалымдары (У.Г.Брэгг, У.П.Брэгг, 1913) алғаш рет пайдаланды.
Иондық кристалдық тор түйіндерінде оң және теріс зарядты иондар орналасқан; иондар арасындағы күш электростатикалық болуына байланысты олардың байланыс энергиясы жоғары мәнді болады. Яғни, олардың балқу және қайнау температуралары жоғары және олардың балқындылары мен ерітінділері электр тогын жақсы өткізеді.
Ионды байланыстың бағытталмағандық және қанықпағандық қасиеттеріне байланысты иондық кристалдық торлы заттар жоғары координациялық санмен сипатталады.
Координациялық сан элементтің электрондық құрылысына байланыссыз. Ол тек координацияланатын бөлшектер радиустарының арақатынасына тәуелді болады. Егер ол қатынас 0,41–0,73 аралығында болса, октаэдрлік координация, ал 0,73–1,37 аралығында кубтық координация болады. Мысалы ас тұзын құраушылар радиустары r(Na+) = 0,98 Ao, r(Cl-) = 1,81 Ao, олай болса, олардың қатынасы 0,54, сондықтан онда октаэдрлік координация.
1819 жылы Э.Митчерлих тұздардың KH2PO4, KH2AsO4және сол сияқты қос тұздар (ашудас) KAI(SO4)2∙ 12H2O, KCr(SO4)2∙ 12H2O кристалдарын салыстырып, олардың кристалдық торларының пішіндерінің, химиялық қасиеттерінің ұқсастығын анықтап, бұл құбылысты изоморфизм деп атады. Бұл құбылысты ашу тор пішініне байланысты оның химиялық құрамын анықтауға көп ықпал етті.
Ал, табиғатта құрамы бірдей, ал кристалдың тор пішіндері әртүрлі болатын заттар да болады, олардың мұндай қасиетін полиморфизм деп атайды. Оған күкірттің, көміртектің әр түрлі аллотропиялық түр өзгерістері және күрделі заттар CaCO3 (аргонит, кальцит, мрамор) SiO2 (кварц, аморфтық немесе кварцтық шыны) жатады. Полиморфизм құбылысының техникада маңызы зор.
Сурет 10.1 Ас тұзы кристалындағы иондар координациясы
Молекулалық кристалдық тор түйіндерінде молекулалар орналасқан. Олардың арасында әлсіз дисперстік Ван-дер-Ваальс күштері және құрамында мынадай топтары бар Н-Г, Н-О, Н-N заттар молекулалары арасында сутектік байланыс әсер етеді. Сондықтан мұндай кристалдық торлы заттардың балқу, қайнау температуралары, қаттылықтары төмен, стандартты жағдайда бұл заттардың көпшілігі газдар: инертті газдар, Н2, О2, Г2, СО2, N2 т.т.
Атомдық кристалдық тор түйіндерінде ковалентті немесе металдық байланыспен байланысқан атомдар орналасады. Ковалентті байланысты кристалдың кеңістіктегі структурасы кристалдық тор түзуші атом орбитальдарының гибридтену типіне байланысты болады. Мысалы, алмаз кристалында sp3 гибридтену. Атомдық кристалдық торлы заттар өте қатты, балқу және қайнау температуралары жоғары болады.
Сурет 10.2. Алмаздың кристалдық торы
Сурет 10.3 Металдардың кристалдық торлары
Металдық кристалдық тор Металдар кристалдарында локализацияланбаған байланыс. Атомдық кристалдық торларда электрондар тек екі атом арасында орналасса, мұнда бірнеше атомдар арасында босып жүреді.
Металдық кристалдық тордағы байланыс табиғатының иондық және ковалентті байланыстан айырмасы ол көп центрлі, сондықтан олар жоғары координациялық санмен сипатталады. Кристалдық торда әр атом айналасында 8-12 атом қоршап жүреді. Металдық кристалдық торындағы байланыс молекулааралық Ван-дер-Ваальс күшінен әлдеқайда берік.
Металдар бір-бірінен олардағы байланыс беріктілігіне қарай ажыратылады. Оны олардың қайнау температураларын салыстыру арқылы да байқауға болады. Мыcалы tқайнау(Pt) = 17710C, tқайнау(Cs) = 6780C. Бұл мысалдан көретініміз қайсысының қайнау температурасы жоғары соның кристалдық торындағы байланыс берік болғаны.
S - ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАЛАРЫ
§1 ІА топшасының элементтері. Сілтілік металдар.
Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінің әрбір периодындағы s- элементтеріне бірінші және екінші топтың негізгі топшаларының элементтері жатады (9.10 – кесте).
10.1 –кесте Сілтілік металдардың сипаттамалары (элемент және жай зат)
Элемент |
Валенттілік электрондық формуласы |
Элемент |
||||
Атом радиусы, нм |
Иондану энергиясы, эВ |
Электрте-рістілік |
Электрон-тартқыш-тық, эв/моль |
Атом көлемі, см3 |
||
|
2s1 |
0,156 |
5,390 |
1,0 |
0,591 |
12,99 |
|
3s1 |
0,190 |
5,140 |
0,9 |
0,540 |
23,68 |
|
4s1 |
0,235 |
4,340 |
0,8 |
0,470 |
45,40 |
|
5s1 |
0,248 |
4,176 |
0,8 |
0,420 |
55,79 |
|
6s1 |
0,267 |
3,890 |
0,7 |
0,390 |
70,95 |
|
7s1 |
0,280 |
3,980 |
— |
— |
— |
IA топша элементтері – литий Li, натрий Na, калий К, рубидий Rb, цезий Cs, франций Fr.
IA топшасының элементтерің топтық атауы – сілтілік металдар, олардың бұлай аталу себебі негіздері суда жақсы ериді.
Бұл топша элементтерің барлығы жылтыр, күмістей ақ түсті, жеңіл, жұмсақ, оңай балқитын, ауада тез тұтанатын металдар. Сондықтан оларды зертханаларда керосиннің астында сақтайды.
Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай бұл металдардың тығыздықтары біртіндеп артады (0,536 – 1,89 г/см3). Ал, балқу (180,5 – 28,64 0С) және қайнау (1317 – 685 0С) температуралары, қаттылығы кемиді.
Осы элементтердің ішінде франций радиоактивті. Оның жартылай ыдырау периоды 22 минут, сондықтан францийді қарастырмаймыз.
Сілтілік металдардың атомдық радиустары үлкен, иондану энергияларының, электртерістіліктердінің және электрон тартқыштығының мәндері төмен болғандықтан реакцияға түсу қабілеттері өте жоғары. Сондықтан табиғатта бос күйлерінде кездеспейді. Оларды тұздарының судағы ерітінділерін электролиздеп алуға болмайды, тек балқындылары қолданылады.
ІА топшасының элементтері сыртқы деңгейшелерінде орналасқан бір дара электрондарын оңай беретіндіктерінен, олар периодтық жүйеде өзінің алдында тұрған бекзат газдың электрондық құрылысын алады. Олар өте химиялық белсенді элементтер, химиялық реакцияларда күшті тотықсыздандырғыштар болады. Бұл қасиеттері топ бойынша жоғарыдан төмен қарай артады.
Металл иондары түссіз болып келеді, ал кейбір тұздарының түсті болуы аниондардың бояуына байланысты (KMnO4 - күлгін, K2CrO4 - сары, K2Cr2O7 - қызғылт – сары т.б.). Цезий мен рубидий жарық сәулесінің әсерінен де электронын жоғалтады (термоэмиссия құбылысы), олардың бұл қасиеттері фотоэлементтер алуда қолданылады.
Периодтық жүйедеLi мен Mg диагональ бойында орналасқан, сондықтан олардың кейбір қасиеттері ұқсас келеді (Li3PO4,Li2CO3, LiF суда нашар ериді) магний қосылыстары сияқты.
§2 Натрий және оның қосылыстары
Периодтық жүйедегі орны
Натрий
периодтың III топтың негізгі топшасының
элементі, атомдық нөмірі 11; сондықтан
ядросындағы протон саны 11, нейтрондар
саны 12, электрондық жалпы саны 11,
салыстырмалы атомдық массасы 23 (
).
Атом құрылысы: Натрийдің электрондары үш электрондық қабаттаорналасқан:
1s2 2s2 2p6 3s1
В
аленттілік
электроны 3s1,
оның кванттық ұяшықта орналасуы: 3s
Валенттілігі I, тотығу дәрежесі 0, + 1.
Табиғатта
таралуы:
Натрий табиғатта көптеп кездесетін
элемент, ол жер қыртысында тарауы бойынша
алтыншы орында тұр. Табиғи минералдары:
NaCl - галит, ас тұзы, NaNO3
- чили селитрасы, Na3AlF6
- криолит, Na2SO4
10H2O–
мирабилит немесе глаубер тұзы,Na2B4O7
10H2O
- бура.
Алынуы Натрий өзінің гидроксидінің немесе хлоридінің балқындысын электролиздеу арқылы алынады.
2NaCl
2Na+Cl2
Физикалық
қасиеттері:
Натрий жеңіл (
),
жұмсақ, жаңа кескен кесіндіде күмістей
ақ, балқу температурасы 980C,
қайнау температурасы 8830C
болатын металл.
Химиялық
қасиеттері:
Натрий
өте химиялық белсенді элемент болғандықтан
көптеген химиялық реакцияларға түседі
(
=
- 2,71 В).
а) жай заттармен әрекеттесуі
Оттегімен өте шабатты әрекеттесіп оксид және пероксид түзеді:
2Na + O2 = Na2O2
4Na + O2 = 2Na2O
Натриий пероксиді тотықтырғыш болғандықтан металмен әрекеттесіп оксидіне айналады:
Na2O2 + 2Na = 2Na2O
Натрийді сутек атмосферасында қыздырғанда гидрид түзеді:
2Na+ H2 = 2NaH
Металл гидридтерінде сутек атомының тотығу дәрежесі теріс таңбалы болады (Na+H-). Түзілген гидрид сумен әрекеттесіп сілті және сутегін береді:
NaH
+ H2O
= NaOH + H2
Сілтілік металдар галогендермен галогенидтер, күкіртпен сульфидтер, азотпен нитридтер, фосформен фосфидтер түзеді:
2Na + Cl2 = 2NaCl
2Na + S = Na2S
6Na + N2 = 2Na3N
3Na + P = Na3P
ә) күрделі заттармен әрекеттесуі
Натрий өте белсенді металл болғандықтан судың құрамындағы сутекті бөліп шығарады. Осы сутегінің әсерінең және өте женіл болғандықтан натрийдің кесегі судың бетінде шыр айналып жүреді. Бұл реакцияны өте үлкен сақтықпен жасау керек.
2Na
+ 2H2O
= 2NaOH + H2
Дәл осындай реакция спирттермен де жүреді:
2C2H5OH
+ 2Na = 2C2H5ONa
+ H2
натрий этилаты
Қышқылдармен де әрекеттеседі
2Na
+ 2HCl = 2NaCl + H2
Натрий аммиакта ериді:
2Na
+ 2NH3
= 2NaNH2
+ H2
Оксиді Na2O - негіздік оксид, сумен әрекеттескенде сілті түзеді:
Na2O+ H2O = 2NaOH
Қышқылдық оксидтермен, қышқылдармен әрекеттеседі:
Na2O+ SO2 = Na2SO3
Na2O+ H2SO4 = Na2SO4 + H2O
ГидроксидіNaOH - каустикалық сода, күйдірігіш натр деген атпен белгілі; өте су тартқыш (гигроскопиялық), ақ түсті қатты зат. Ол суда ерігенде көп мөлшерде жылу бөлінеді, ерітіндісі сілті деп аталады.
Алу әдістері төмендегідей:
2Na+
2H2O
= 2NaOH + 2H2
Na2CO3+
Ca(OH)2
= CaCO3
+ 2NaOH
Химиялық қасиеттері Натрий гидроксиді күшті сілті болғандықтан бейметалдардың генетикалық қатарындағы қосылыстардың барлығымен әрекеттеседі:
бейметалдармен 2NaOH + Cl2 = NaCl + NaClO + H2O
қышқылдық оксидтермен 2NaOH + CO2 = Na2CO3 + H2O
қышқылдармен NaOH + HCl = NaCl + H2O
қышқылдық тұздарымен NaOH + NaHCO3 = Na2CO3 + H2O
орта тұздармен 2NaOH + CuSO4 = Na2SO4 + Cu(OH)2
Натрий гидроксиді екідайлы гидроксидтермен де реакцияға түседі:
3NaOH + Al(OH)3 = Na3[Al(OH)6]
Тұздары Ең маңызды тұзы - NaCl - ас тұзы, оның кені Арал және Каспий жағалауларында көптеп кездеседі.
Натрий тұздары суда ерімтал, олар тұздарға тән барлық реакцияларға түседі.
Қышқылдармен
Na2CO3
+ 2HCl = 2NaCl + H2O
+ CO2
NaHCO3
+ HCl = NaCl + H2O
+ CO2
тұздармен
NaCl + AgNO3
= AgCl
+NaNO3
негіздермен Na2SO4 + Ba(OH)2 = ↓BaSO4 + 2NaOH
2NaNO3
2NaNO2
+ O2
Нитратты қыздырғанда айырылады.
Натрий және оның қосылыстарының қолданылуы
Натрий – органикалық синтезде, металдар алуда тотықсыздандырғыш ретінде, жылуды жақсы өткізетіндіктен авиамоторлардың тоңазытқыш жүйелерінде.
NaCl - физиологиялық ерітінде (0,9 %) қан плазмасын уақытша ауыстыру үшін, керамика өндірісінде, консервант ретінде; NaOH - сабын, қағаз, жасанды жібек өндірістерінде, мұнай өндеуде; Na2CO3- шыны, сабын өндірістерінде, судың кермектілігін жоюда; NaHCO3 - шыны, кондитер өндірістерінде; NaNO3 - азобояулар алуда, азотты тыңайтқыш ретінде; Na2SO4 - шыны және вискоза талшығын алуда; Na2SO3 - консервант, ағартқыш, залалсыздандырғыш ретінде; Na2O2 - сүңгуір қайықтарда оттегін алу үшін қолданылады:
2Na2O2
+ 2CO2
= 2Na2CO3
+ O2
Натрийдің қосылыстарын жалынның түсін сары түске бояуы арқылы анықтауға болады.
§3 Калий және оның қосылыстары
Периодтық жүйедегі орны
Калий
IV периодтың I топтың негізгі топшасының
элементі. Атомдық нөмері 19, сондықтан
ядро заряды +19, электрондардың жалпы
саны да 19, нейтрон саны 20, салыстырмалы
атомдық массасы 39
).
Атом құрылысы: Калийдің 19 электроны төрт денгейде бөлініп орналасқан:1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 4s1
Валенттілік электроны 4s1, валенттілігі I, тотығу дәрежесі 0, +1.
Табиғатта таралуы
Калий
табиғатта таралуы бойынша жетінші
орында тұр, оның табиғи минералдары
сильвинит KCl
NaCl
, карналлит KCl
MgCl2
6H2O,
каинит KCl
MgSO4
6H2O,
өсімдіктің күлінде сақар K2CO3
күйінде кездеседі. Рубидий мен цезий
калий минералдарымен бірге болады
(Ақтобе облысында Жыландыда, Атырау
өңірінде).
Алынуы: Калийді оның хлоридінің балқу температурасы жоғары болғандықтан (6500C) көбінесе гидроксидінің балқындысын (сақар қосылған) электролиздеу арқылы алады.
KCl
K+
+ Cl-
KOH
K+
+ OH-
(+)K
K+
+
K0
(+)K
K+
+
K0
(-)A
2Cl-
- 2
Cl2
(-)A 4OH-
- 4
2H2O
+ O2
2KCl
2K
+ Cl2
4KOH
4K
+ 2H2O
+ O2
Физикалық
қасиеттері:
Калий жеңіл (
),
оңай кесілетін, балқу температурасы
640C,
қайнау температурасы 776 0C
болатын металл.
Химиялық
қасиеттері:
Калийдің химиялық белсенділігі өте
жоғары, ол металдардың электрохимиялық
кернеу қатарының басында (Li – ден кейін)
орналасқан (
).
а) жай заттармен әрекеттесуі. Калий оттегімен әрекеттескенде қопсыған асқын пероксид түзеді:
2K + 2O2 = K2O4(KO2)
(K2O4 + 6K = 4K2O)
Сутекпен, күкіртпен басқа да бейметалдармен қыздырғанда, ал галогендермен өздігінен өте шабатты әрекеттеседі.
2K
+ H2
2KH
2K
+ S
K2S
2K+Br2= 2KBr
ә) күрделі заттармен әрекеттесуі.
Калийдің сумен әрекеттесуі де шабытты жүреді
2K
+ 2H2O
= 2KOH + H2
Калий қышқылдармен әрекеттескенде тұз бен сутегі түзіледі:
2K
+ 2HCl = 2KCl + H2
Зертханаларда калийдің қалдығы пентанолмен әрекеттестіріп жойылады:
2C5H11OH
+ 2K
= 2C5H11OK
+ H2
калий пентанаты (аминаты)
Калийдің қосылыстары
Оксид іK2O - негіздік оксид, суда ерігенде сілті түзеді:
K2O + H2O = 2KOH
Негіздік оксид ретінде қышқылдық оксидтермен және қышқылдармен әрекеттесе алады:
K2O + CO2 = K2CO3
K2O + 2HCl = 2KCl + H2O
Калийдің асқын пероксиді күшті тотықтырғыш, қышқылдармен оңай әрекеттеседі:
2K2O2
+ H2SO4
= K2SO4
+ H2O2
+ O2
Гидроксиді КОН – күйдіргіш калий, ақ түсті ылғал тартқыш зат. Негіздерге тән барлық реакцияларға түседі:
2КОН + CO2 = K2CO3 + H2O
КОН + HNO3 = KNO3 + H2O
КОН + KHSO4 = K2SO4 + H2O
КОН
+ NH4Clкр
= KCl + NH3
+
H2O
3КОН
+ FeCl3
= 3KCl+ Fe(OH)3
Екідайлы негізбен де әрекеттеседі:
2KOH + Zn(OH)2 = K2ZnO2 + 2H2O
Тұздары KNO3 - калий нитраты, калий селитрасы, ақ түсті ылғал тартпайтын, суда жақсы еритін тұз.
KCl - калий хлориді
K2CO3 - сақар, калий карбонаты, ақ түсті ылғал тартқыш, суда жақсы еритін зат.
KJ - калий иодиді.
Калий тұздары ерімтал тұздар, олар тұздарға тән барлық қасиеттерді көрсетеді.
Тұздармен:
2KJ
+ Pb(NO3)2
= PbJ2
+
KNO3
сары түсті
Бұл реакция Pb2+ионын анықтау үшін қолданылады
КJ тотықсыздандырғыш ретінде қолданыс табады:
10K
+2K
+8H2SO4
= 5
+2
SO4
+ 6K2SO4
+ 8H2O
2
Mn+7
+ 5
Mn+2
тотықтырғыш-тотықсыздану
52J-
- 2
J2
тотықсыздандырғыш-тотығу
K2Cr2O7 тотықтырғыш зат:
K2Cr2O7 + 4HCl = CrCl3 + 3Cl2 + 6KCl + 7H2O
1
2Cr+6
+ 6
2Cr+3
тотықтырғыш-тотықсыздану
3
2Cl-
- 2
Cl2
тотықсыздандырғыш-
тотығу реакциясы
Нитраты қыздырғанда айырылады:
2KNO3
2KNO2
+ O2
Калий және оның қосылыстарының қолданылуы
Калий – атомдық реакторларда жылу тасымалдаушы ретінде;
KNO3 - кешенді тыңайтқыш, қара дәрінің құрам бөлігі (75 % KNO3, 15% C, 10% S). Қара дәрінің қопарылу реакциясы:
2KNO3
+ 3C + S = K2S
+ N2
+ 3CO2
Себебі,
2KNO3
2KNO2
+ O2
K2CO3 - шыны, сабын өндірісінде, нан-тоқаш өндірісінде қопсытқыш ретінде;
KJ - Люголь ерітіндісін дайындауда (J2 + KJ), баспадан (ангина) емдеу үшін, иодталған ас тұзын алу үшін.
KClO3 - бертолле тұзы, калий хлораты; сіріңке өндірісінде, пиротехникада, оттегін алу үшін қолданылады.
2
KClO3
= 2KCl + 3O2
Калийдің қосылыстарын жалынның түсін күлгін түске бояуына қарай анықтаймыз.
ІІА ТОПШАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
§4 Сілтілік-жер металдар
ІІА топша элементтерінің оксидтерін бұрын «жер» деп атаған, олардың судағы ерітінділері сілтілер болғандықтан бұл элементтердің топтық атауы – сілтілік – жер металдары (10.2-кесте).
ІІА топша элементтері – бериллий Be, магний Mg, стронций Sr, барий Ba, радий Ra. Бұлардың ішінде радий табиғаты радиоактивті элемент, оны 1898 жылы Мария және Пьер Кюрилер ашқан. Радийдің α- ыдырауы нәтижесінде радон түзіледі:
10.2 – кесте. Элементтер және жай заттардың сипаттамалары
Элемент |
Валенттілік электрондық формуласы |
Элемент |
|||||
Атом радиусы, нм |
Иондану энергиясы, эВ |
Электр те-рістілік |
Электрон- тартқыш-тық, эВ |
Атом көлемі, см3 |
|||
|
2s2 |
1,13 |
9,32 |
1,47 |
0,38 |
4,85 |
|
|
3s2 |
1,6 |
7,65 |
1,23 |
-0,22 |
13,96 |
|
|
4s2 |
1,9 |
6,11 |
1,04 |
-1,93 |
26,03 |
|
|
5s2 |
2,12 |
5,69 |
0,99 |
-1,51 |
32,82 |
|
|
6s2 |
2,25 |
5,21 |
0,97 |
-0,48 |
38,04 |
|
|
7s2 |
— |
5,28 |
0,97 |
— |
— |
|
Элемент |
Жай зат |
|||||
Түсі |
Тығыз-дығы, г/см3 |
t0C , балқу |
t0C , қайнау |
Салыстырмалы электрөткізгіш-тік, (Hg=1) |
Стандарттық электродтық потенциал, В |
|
|
қара-сұр |
1,85 |
1287 |
2450 |
14,31 |
-1,847 |
|
күміс түсті |
1,74 |
650 |
1107 |
20,55 |
-2,363 |
|
күміс түсті |
1,54 |
852 |
1484 |
25,42 |
-2,866 |
|
күміс түсті |
2,63 |
770 |
1380 |
6,05 |
-2,888 |
|
күміс түсті |
3,76 |
710 |
1640 |
4,61 |
-2,906 |
|
жылтыр |
5,5 |
700-900 |
1140-1500 |
— |
-2,916 |
Радийдің қосылыстары емдік қасиеті бар радон алуда қолданалады. Табиғи радон көздері еліміздің шығысында орналасқан «Рахманов қайнарлары» деп аталатын шипажайда кездеседі.
Бериллийдің қасиеті осы топшадағы басқа элементтердікінен өзгеше болып келеді. Ол сілтілік – жер металдарына жатпайды. Бериллийдің оксиді мен гидроксиді екідайлы қасиет көрсетеді. Себебі Be мен Al периодтық жүйеде диагональ бойында орналасқан. Бериллий өте қатты, ашық – сұр түсті металл; құрғақ ауады тұрақты, сумен қыздырғанда ғана әрекеттеседі, Ол атомдық реакторларда нейтрондардың тежегіші ретінде қолданылады. Сол мақсатта көп мөлшерде Өскеменнің Үлбі металлургиялық зауытында өндіріледі. Бериллиймен улану өкпенің қатерлі ісігіне шалдықтырады.
Сілтілік – жер металдар ақсұр түсті, сілтілік металдардан қаттырақ, аллотропиялық түрөзгерістері жоқ элементтер; олар да, сілтілік металдар сияқты тотықсыздандырғыштар.
Оларды тұздарының балқындасын электролиздеп алады. Тұздарының суда ерігіштігі топ бойынша жоғарыдан төмен қарай кемиді (MgSO4–ерімтал, CaSO4 - нашар ериді, BaSO4 - ерімейді), ал негіздерінің ерігіштігі артады. Сілтілік – жер металдарының оттекті қышқылдармен түзген тұздары термиялық ыдырайды. Барийдің сульфатының суспензиясы ас қорыту жолдарын рентгенографиялық тексеруде айтқындағыш зат ретінде қолданылады, себебі ол рентген сәулерін сіңіреді.
§5 Магний және оның қасиеттері
Периодтық жүйедегі орны
Магний
III периодтың, II топтың негізгі топшасының
элементі, атомдық нөмері 12, олай болса
ядросында 12 протон бар, электрондарының
жалпы саны да 12, салыстырмалы атомдық
массасы 24, сондықтан ядросындағы
нейтрондар саны да 12 болады
).
Атом құрылысы
Магнийдің 12 электроны үш электрондық қабаттарға бөлініп орналасқан:
1s2 2s2 2p6 3s2
Валенттілік электроны 3s2, олар кванттық ұяшықта жұптасып орналасқан; валенттігі II; тотығу дәрежесі 0, +2.
Табиғатта таралуы
Магний
табиғатта таралуы бойынша сегізінші
орында тұр; табиғи минералдары магнезит
MgCO3,
доломит MgCO3
CaCO3,
карналлит KCl
MgCl2
6H2O,
асбест 3MgO
2H2O
2SiO2.
Оның минералдары Қостанай өңірінде
(асбест) кездеседі.
Магний ионы жасыл өсімдіктердің хлорофил дәндерінде, теніз суларында болады.
Алынуы
Магнийді хлоридінің балқындысын 7500C электролиздеп алады.
MgCl2
Mg
+ Cl2
Физикалық қасиеттері
Магний
күмістей ақ, жеңіл (
г/см3),
балқу температурасы 6510С,
қайнау температурасы 10960С,
ауада оңай тотығып, жарқырап жанады,
тығыз оксидтік қабатпен қапталатын
металл.
Химиялық қасиеттері
Магний
химиялық белсенді металл (
),
бетіндегі оксидтік қабыршақтан
тазартылған магний оттегімен, хлормен,
азотпен, фосформен, кремниймен
әрекеттеседі.
а) жай заттармен әрекеттесуі:
2Mg + O2 = 2MgO магний оксиді
Mg + S = MgS магний сульфиді
3Mg + N2 = Mg3N2 магний нитриді
3Mg + 2P = Mg3P2магний фосфиді
2Mg + Si = Mg2Si магний силициді
ә) күрделі заттармен әрекеттесуі:
2Mg
+ H2O
= MgO + O2
2Mg + SiO2 = 2MgO + Si
2Mg + TiCl4 = 2MgCl2 + Ti
Осы реакция бойынша Өскеменнің титан-магний комбинатында титан өндіріледі. Химиялық, медициналық аспаптар; ұшақ, кеме, зымыран жасауда қолданылатын болатты асылдандыру үшін титан таптырмайды металл. Ол болатқа беріктік пен коррозияға тұрақтылық береді
3Mg + MoO3 = 3MgO + Mo
3Mg + WO3 = 3MgO + W
Магний көмірқышқыл газында да жанады:
Mg
+ CO2
= MgO + CO
2Mg + CO2 = 2MgO + C
Нағыз металл ретінде қышқылдармен әрекеттеседі:
Mg
+ 2HCl = MgCl2
+ H2
Осы реакциялардың барлығында магний-тотықсыздандырғыш. Органикалық синтезде магнийорганикалық қосылыстар кеңінен қолданылады, олар мына реакция бойынша алынады:
C2H5Cl
+ Mg
С2H5
– Mg
– Cl
(Гриньяр
реактиві)
Магнийдің қосылыстары
Оксиді MgO - күйдірілген магнезия, негіздік оксид, магний карбонатын термиялық айырып алады:
MgCO3
MgO
+ CO2
Магний оксидіне суда нашар еритін магний гидроксиді сәйкес келеді. Негіздік оксид болғандықтан қышқылдық оксидтермен, қышқылдармен реакцияға түседі.
MgO + CO2 = MgCO3
MgO + H2SO4 = MgSO4 + H2O
Гидроксиді Mg(OH)2 - ақ түсті ұнтақ, суда нашар ериді, орташа күшті негіз.
Алынуы: MgSO4 + 2NaOH = ↓Mg(OH)2 + Na2SO4
Магний гидроксиді қышқылда және аммоний хлоридінде ериді.
Mg(OH)2 + H2SO4 = MgSO4 + 2H2O
Mg(OH)2 + 2NH4Cl = MgCl2 + 2NH4OH
Тұздары: MgCl2 - магний хлориді, теңіз суынан алынады
MgSO4
7H2O
- ащы тұз, «ағылшын» тұзы
MgCO3
CaCO3
–
доломит
Магнийдің фториді, сульфиті, сульфаты, карбонаты, силикаты, фосфаты ерімейтін тұздар. Ерімтал тұздары мына заттармен әрекеттеседі:
тұздармен
3Mg(NO3)2
+ 2Na3PO4
= Mg3(PO4)2
+
6NaNO3
қышқылдармен
MgCO3
+
2HCl = MgCl2
+ H2O
+ CO2
негіздермен
MgCl2
+ 2NaOH = Mg(OH)2
+
2NaCl
2Mg(NO3)2
2MgO
+ 4NO2
+
O2
Магнийдің және оның қосылыстарының қолданылуы
Магний – тотықсыздандырғыш ретінде металл (W, Mo, Ti, Nb, Ta, т.т.), кейбір бейметалдарды (Si) және женіл құймалар (дюралюмин). Магналия құймасы ең жеңіл (10% Mg, 90% Al) алуда қолданылады. Зымыран және ұшақ жасауда қолданалатын құйма) – электрон (~90% Mg) дайындауда және шойынның механикалық қасиеттерін жақсарту үшін қосылады.
MgO + H2O = Mg(OH)2 - «магнезиялық сүт» асқазанның қышқылдылығын бейтараптау үшін қолданалады;
MgCl2 - балқындысын электролиздеп алу үшін;
KCl
MgCl2
6H2O
- карналлит тыңайтқыш ретінде және қыс
мезгілінде көшелердегі қарды еріту
үшін;
MgCO3 - парфюмерияда, опалар мен тіс пасталарының құрамына қосылатын зат.
Магнийдің қосылыстарын жалынның түсі арқылы анықтауға болмайды. Магний иондарын мына реакция бойынша түзілген:
MgCl2
+ 3NH4OH
+ H3PO4
=
MgNH4PO4
+
2NH4Cl
+ 3H2O
Магнийаммоний ортофосфатының ақ түсті кристалдарының формасына қарай анықтайды.
§6 Кальций және оның қасиеттері
Периодтық жүйедегі орны
Кальций
IV периодтың, II топтың негізі топшасының
элементі
,
атомдық нөмірі 20, олай болса
(
;
Атом құрылысының формуласы 1s2
2s2
2p6
3s2
3p6
4s2,
валенттілік электрондары 4s2;
сондықтан кальций қосылыстарында
тұрақты II валентті, тотығу дәрежесі 0,
+2.
Табиғатта таралуы
Кальций
табиғатта таралуы бойынша бесінші
орында, оның ең көп кездесетін минералы
кальцит CaCO3
(мәрмәрдің, бордың, әктастың негізгі
құраушысы), доломит CaCO3
MgCO3,
гипс CaSO4
2H2O,
фосфорит Ca3(PO4)2,
апатит 3Ca3(PO4)2
CaF2,
балқытқыш шпат CaF2,
норвегиялық селитра Ca(NO3)2.
Кальций ионы жануарлар мен адамдардың
сүйегі мен тісінің құрамына кіреді.
Кальций минералдарының бай қоры Қаратау өнірінде кездеседі.
Алынуы: Кальцийді өзінің хлоридінің балқындысын (KCl қосып) 8500C-та электролиздеп алады:
CaCl2
Ca
+ Cl2
Физикалық қасиеттері
Кальций
қатты (
г/см3),
=8420С,
=
14950С
болып келетін ақ түсті металл.
Химиялық қасиеттері
Химиялық
белсенді металл (
),
ауада оңай тотығады, ашық кызыл түсті
жалынмен жанады.
а) жай заттармен әрекеттесуі:
2Ca + O2 = 2 CaO немесе 2Ca + O2 = СаО2 пероксид
Са
+ Н2
CaH2
кальций гидриді
Ca + Cl2 = CaCl2кальций хлориді
Са + S = CaS кальций сульфиді
3Ca
+ N2
Ca3N2кальций
нитриді
Ca
+ 2C
CaC2
кальций карбиді
2Ca
+ Si
Ca2Siкальций
силициді
ә) күрделі заттармен әрекеттесуі
Сумен бөлме температурасында да оңай әрекеттеседі:
Ca
+ 2H2O
= Ca(OH)2
+ H2
Түзілген зат – Ca(OH)2 әқ сүті деп аталады.
Химиялық белсенді элемент болғандықтан аммиактан сутекті ығыстырып шығарады.
Ca
+ 2NH3
= Ca(NH2)2
+ H2
Сұйытылған қышқылдармен (HCl, H2SO4) әрекеттескенде сутегін ығыстырады (HNO3 - нан басқасынан)
Ca
+ 2HCl = CaCl2
+ H2
Азот қышқылының сұйық ерітіңдісімен әрекеттескенде:
4
+ 10H
O3(c)
= 4
(NO3)2
+
H4NO3
+ 3H2O
4
8 Ca0
- 2
Ca2+
тотықсыздандырғыш
– тотығу
1
2 N+5
+ 8
N-3
тотықтырғыш
– тотықсыздану
Тотықсыздандырғыш ретінде кейбір металдарды алуда қолданылады:
3Ca
+ V2O3
3CaO + 2V
Кальцийдің қосылыстары
Оксиді CaO- сөндірілмеген әктас, негіздік оксид, карбонатының айырылуы арқылы алынады:
CaCO3
CaO + CO2
CaO + H2O = Ca(OH)2 әктасты сөндіру реакциясы нәтижесінде әк суы алынады (тұндыру нәтижесінде).
Ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді:
CaO
+ CO2
CaCO3↓
CaO + 2HNO3 = Ca(NO3)2 + H2O
CaO
+
3C
CaC2
+ CO
CaO
+
5CO
CaC2
+ 3CO2
Гидроксиді Ca(OH)2 - сөндірілген әктас, күшті негіз, ақ түсті ұнтақ зат. Судағы ерітіндісі - әк суы деп, ал суспензиясы - әк сүті деп аталады.
Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3↓+ H2O тұнбаға әрі қарай СО2 жібергенде:
СаСО3 + CO2 + H2O= Ca(HCO3)2
Гидрокарбонаттары температураның әсеріне тұрақсыз, ерігіштігі карбонатына қарағанда жоғарырақ:
Ca(HCO3)2
СаСО3
+ CO2
+ H2O
Ca(OH)2+ 2HCl = CaCl2 + 2H2O
Тұздары
Кальцийдің ацетаты, нитраты және галогенидтері (фторидтен басқа) суда жақсы ериді. Сульфаты, фториді, карбонаты, фосфаты, силикаты нашар еритін тұздар.
Ерімтал тұздары қышқылдармен, тұздармен, сілтілермен әрекеттеседі.
Ca(CH3COO)2 + 2HCl = CaCl2 + 2CH3COOH
3Ca(NO3)2
+ 2Na3PO4
= Ca3(PO4)2
+
6NaNO3
CaCl2 + Ba(OH)2 = Ca(OH)2 + BaCl2
Ерімейтін тұздары және нитраты қыздырғанда ыдырайды:
CaCO3
CaO + CO2
Ca(NO3)2
CaO + 2NO2
+
O2
2CaSO4
H2O
- алебастр (сылақ материалы);
CaC2 - кальций карбиді, ақ түсті кристалдық зат, ол тығыз жабылған ыдыста сақталу керек;
CaF2 - кальций фториді, балқытқыш шпат, флюорит;
CaCl2 - өте ылғал тартқыш, суда жақсы еритін, ақ түсті қатты зат;
Ca(NO3)2
4H2O
- кальций нитратының кристаллогидраты
күйінде кездеседі;
Кальций және оның қосылыстарының қолданылуы
Кальций – сирек кездесетін металдар алуда тотықсыздандырғыш ретінде;
Кальцийдің суда еритін тұздары тыңайтқыш ретінде қышқыл топырақты өңдеу үшін;
CaCl2- кальций алу үшін, зертханаларда құрғатқыш ретінде;
CaC2 - ацетилен алу үшін;
CaF2 - домнада флюс ретінде, фтордың барлық қосылыстарын алуда қолданылады.
Кальций қосылыстарын кальций карбонатының немесе кальций оксалатының тұнбаға түсуі бойынша және жалынның түсін күйдірілген кірпіш түске бояуы арқылы анықтайды.
Ca2+
+ CO32-
= CaCO3
Ca2+
+ C2O42-
= CaC2O4
d - ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАЛАРЫ
§7 Периодтық жүйедегі орны. Атом құрылысының құрылыстарының ерекшеліктері.
d
- элементтері 1-8 топтардың қосымша
топшаларында орналасқан, олардың
валенттілік электрондарының жалпы
формуласы ns2(n-1)
d1-10.
Мұндағы n
4,
яғни бұлар үлкен периодтардың элементтері.
Олар өздері орналасқан периодтардың s
және p
элементтерінің аралығында жатады.
Кезектегі электрондары сырттан санағанда
екінші деңгейдің d
- деңгейшесіне түседі, сыртқы деңгейлерінде
s1-2
электрондары болады (10.3 кесте).
Бұл элементтер металдар, олардың иондану энергиясы мен электртерістіліктерінің мәндері төмен болып келеді. Қосылыстарындығы ең төменгі тотығу дәрежелері +1 немесе +2, осыған сәйкес оксидтері мен гидроксидтері негіздік қасиетті болады. Жоғары тотығудәрежесіне сәйкес.
10.3-кесте. d элементтерінің (IB, IIB) сипаттамалары
Элемент |
Вал.эл. формуласы |
Элемент |
||||
Атом радиусы, нм |
Иондану энергиясы, эВ |
Электр - терістілік |
Электрон - тартқыштық, эВ |
Атом көлемі, см3 |
||
Cu |
3d104s1 |
1,27 |
7,73 |
1,75 |
1,8 |
7,09 |
Ag |
4d10 5s1 |
1,144 |
7,58 |
1,42 |
1,3 |
10,27 |
Au |
5d106s1 |
1,146 |
9,23 |
1,42 |
2,3 |
10,21 |
Элемент |
Жай зат |
||||||
Түсі |
Тығыздығы, г/см3 |
t0C , балқу |
t0C , қайнау |
Салыстырмалы электрөткізгіштік, (Hg=1) |
Стандарттық электродтық потенциал, В |
Тотығу дәрежесі |
|
Cu |
қызыл |
8,96 |
1083 |
2573 |
57,5 |
0,527 (I) 0,337 (II) |
0, +1, +2, +3 |
Ag |
ақ-сұр |
10,5 |
960,3 |
2167 |
54,6 |
0,80 (I) |
0, +1 |
Au |
сары |
19,3 |
1064,2 |
2877 |
42 |
1,69 (I) 1.5 (II) |
0, +3 |
Элемент |
Валенттілік электрондарының формуласы |
Элемент |
Жай зат |
||||||
Атом радиусы, нм |
Электр-терістілік |
Тотығу дәрежесі |
Түсі |
|
T0 , C балқу |
T0 , C қайнау |
Салыстырмалы электрөткізгіш-тік, (Hg=1) |
||
Zn |
4s23d10 |
0,125 |
0,66 |
+2 |
Ашық көгілдір |
7,14 |
419,5 |
906 |
16,3 |
Cd |
5s24d10 |
0,148 |
1,46 |
+2 |
Ақ |
8,65 |
320,9 |
765 |
12,8 |
Hg |
6s25d10 |
0,150 |
1,44 |
+1,+2 |
Күміс түсті |
13,53 |
-38,9 |
356,9 |
1,0 |
оксидтері мен гидроксидтері қышқылдық қасиет көрсетсе, аралық тотығу дәрежелеріне сәйкес қосылыстары – екідайлы. Қосымша топша элементтерінің атом құрылыстарындағы ерекшеліктерін ІВ, ІІВ элементтері мысалында қарастырамыз. Металдар болғандықтан тотықсыздандырғыштар, ал қосылыстарының тотығу-тотықсыздану қасиеттеріне тоқталсақ: төменгі тотығу дәрежесіне сәйкестері тотықсыздандырғыш. Тотығу дәрежелері артқан сайын тотықсыздандырғыштық қасиеттері кеміп, біртіндеп тотықтырғыштыққа ауысады. Осы металдардың иондары, кейде атомдары да кешенді қосылыстарда кешен түзушілер болып келеді.
§8 Мыс
Периодтық жүйедегі орны
Мыс
IV периодта, I топтың қосымша топшасында
орналасқан, атомдық нөмірі 29, ендеше ,
,
салыстырмалы атомдық массасы 64
.
Электрондық құрылысы
Электрондары төрт деңгейде былай орналасады: 1s2 2s2 2p6 3s23p63d104s1 , яғни мыс атомында сыртқы қабатты бір s электрон ішкі деңгейдің d деңгейшесіне ауысады; валенттік электрондары 3d104s1. Валенттілік электрондарыныңкванттық ұяшықтарда орналасуы 3d94s2 болуы керек еді, бірак электроннның орын ауыстыруына байланысты 3d104s1 күйде де бола алады. Сондықтан мыс қосылыстарында мынадай тотығу дәрежесін: 0, +1, +2, +3 көрсетеді.
Табиғатта таралуы
Мыс
ежелден белгілі металл, оның табиғи
минералдары көбісіне оксидтер және
сульфидтер күйінде кездеседі. Халькозин
Cu2S,
ковелин CuS, халькопирит CuFeS2,
малахит CuCO3
Cu(OH)2,
куприт Cu2O.
Мыс минералдарының бай қоры Шығыс
(Риддер) және Орталық Қазақстан (Жезқазған,
Балқаш) аймақтарында кездеседі. Біздің
елімізде аса қуатты «Қазақмыс»
корпорациясы мыс өндірумен айналасады,
Балқаш тау-кен комбинатының өнімі
әлемдік стандартта тазалық үлгісі болып
саналады.
Алынуы: мысты алу үшін сульфидін өртен, оксидіне айналдырамыз:
2CuS
+ 3O2
= 2CuO + 2SO2
2Cu2S
+ 3O2
= 2Cu2O
+ 2SO2
4CuFeS2
+ 13O2
= 4CuO + 2Fe2O3
+ 8SO2
Алынған қоспаны конверторларда балқытады:
2Cu2O
+ Cu2S
= 6Cu + SO2
Түзілген өнім «қара» мыс деп аталады, ол әрі қарай арнайы тазартуға жіберіледі. Мысты күкірт қышқылында ерітіп, алынған тұзды электролиздеу арқылы жоғары сапалы мыс алынады.
Физикалық қасиеті
Мыс
қызыл түсті металл 10830C
- да балқиды, 25400C
- да қайнайды, оңай созылыпсоғылатын
жұмсақ металл,
г/см3,
электр тоғы мен жылуды өткізгіштігі
бойынша күмістен кейінгі екінші орында
тұр.
Химиялық қасиеттері
Мыс
химиялық белсенділігі төмен металл,
кернеу қатарында сутектен кейін
орналасқан
.
А) жай заттармен әрекеттесуі
Бөлме температурасында ауаның оттегімен салғырт, ал қыздырғанда жақсы әрекеттеседі:
2Cu (қызыл) + О2 = 2CuO (қара)
Құрғақ хлор мыспен әрекеттеспейді, бірақ ылғал ортада едәуір шабытты әрекеттеседі:
Сu + Cl2 = CuCl2
Күкірпен қыздырғанда реакцияласады:
Cu + S = CuS
ә)күрделі заттармен әрекеттесуі
Мыс тек тотықтырғыш қышқылдармен әрекеттеседі:
Cu
+ 4HNO3(к)
= Cu(NO3)2
+ 2NO2
+ 2H2O
3Cu
+ 8HNO3(c)
= 3Cu(NO3)2
+ 2NO
+ 4H2O
Cu
+ 2H2SO4
(k)
= CuSO4
+ SO2
+ 2H2O
Бұл металл сұйық күкірт қышқылмен әрекеттеспейді.
Ол өзінен кейін тұрған металдарды олардың тұздарының ерітіндісінен ығыстырады: Cu + Hg(NO3)2 = Cu(NO3)2 + Hg
Мыстың қосылыстары
Оксидтері
CuO мыс (II) оксиді, қара түсті, суда ерімейтін негіздік оксид, гидроксидін айыру арқылы алады:
Cu(OH)2
CuO
+ H2O
немесе 2Cu + O2 = 2CuO
Мыс оксидінің химиялық қасиеттеріне келсек:
қышқылмен CuO + 2HCl = CuCl2 + H2O
қышқылмен оксидпен CuO + CO2 = CuCO3
Қыздырғанда сутек атмосферасында тотықсызданады:
CuO + H2 = Cu + H2O
CuO
+ CO = Cu + CO2
Мыс (I) оксиді мыста ауада өте қатты қыздырғанда түзіледі
4Cu + O2 = 2Cu2O (қызыл)
Тұрақсыз гидроксидінің айырылуы нәтижесінде
2CuOH
(сары)
Сu2O
+ H2O
алынады
Гидроксиді
Cu(OH)2 - көгілдір қопсыған зат, оны Cu (II) тұздарына сілтімен әсер етіп алуға болады:
CuSO4 + 2NaOH = Na2SO4 + Cu(OH)2
Cu(OH)2 - әлсіз, суда нашар еритін зат.
Қышқылмен әрекеттеседі:
Cu(OH)2 + 2HCl = CuCl2 + 2H2O
Мыс (II) гидроксиді аммиакта еріп, кешенді қосылыс түзеді:
Cu(OH)2 + 4NH3 = [Cu(NH3)4](OH)2
көк күлгін түсті
Тұздары
Мыстың сульфиді мен фосфатынан басқа тұздары ерімтал келеді. Мыс сульфаты - көгілдір түсті тұз, мыс купоросы деп аталады. Қыздырғанда суынан айырылады.
Мыстың күшті қышқылдармен түзген тұздары оңай гидролизденеді, ортасы қышқылдық болады.
СuSO4↔Cu2+ + SO2-4
HOH ↔H+ + OH
Cu2+
+ HOH
Cu(OH)+
+ H
Мыстың ерімтал тұздары барлық тұздарға тән реакцияларға түседі:
Негізбен
Cu(NO3)2
+ 2KOH = Cu(OH)2
+ 2KNO3
тұзбен
3СuSO4
+ 2Na3PO4
=
Cu3(PO4)2
+ 3Na2SO4
металмен СuSO4 + Fe = FeSO4 + Cu
қышқылмен
СuSO4
+ H2S
= CuS
+ H2SO4
3CuCl2
+ 2H3PO4
= Cu3(PO4)2
+ 6HCl
Мыс және оның қосылыстарының қолданылуы
Мыс – электр өткізгіш сымдар жасауда, құймалары машиналардың әр түрлі бөлшектерін дайындауда, мыспен қаптауда катод ретінде қажет. Мыс адам және өсімдік дүниесіне қажетті элементтердің бірі. Мыстың адам ағзасындағы мөлшері жетіспесе қаназдыққа соқтырады. Ал өсімдіктердің жеміс беруі нашарлайды.
CuSO4
5Н2О-
тотияйын ветеринарияда, өсімдік
шаруашылығында пайдаланылады.
Cu(NO3)2
3Н2О
-мыстан жасалған бұйымдарды жасанды
жолмен ескірту үшін қолданылады.
Мыстың қосылыстарын жалынның түсін қанық көк – жасыл түске бояуы арқылы анықтаймыз. Аммиак суын мыс тұздарына қосқанда көк- күлгін түс түзіледі.
Мыс иондарын анықтау үшін қолданылатын ең қарапайым тәсіл оның гидроксид иондарымен көгілдір тұнба түсуі:
Cu2+
+ 2OH-
= Cu(OH)2
көгілдір
тұнба
§9 Мырыш
Периодтық жүйедегі орны
Мырыш
Zn IV периодтың II топшаның қосымша
топшасының элементі; атомдық 30, олай
болса
(
Мырыш
атомының электрондық құрылысы:1s2
2s2
2p6
3s2
3p63d104s2
;
валенттілік электрондары 3d104s2
,
қосылыстарында тұрақты II валентілік
және 0, +2 тотығу дәрежесін көрсетеді.
Табиғатта таралуы
Мырыш көбінесе қосылыстар күйінде кездеседі: ZnS мырыш алдамшысы, сфалерит, ZnCO3 - мырыш шпаты,
смитсонит, ZnO - мырыш оксиді. Мырыш қосылыстары полиметалды кендер құрамында болады, олар шығыс, оңтүстік және орталық өңірлерде көптеп таралған.
Алынуы
Мырыш сульфидін өртеп металл оксиді алынады, ол әрі қарай көмірмен тотықсыздандырылады.
2ZnS
+ 3O2
= 2ZnO + 2SO2
ZnO
+ C = Zn + CO
немесе ZnO + H2SO4 = ZnSO4 + H2O әрі қарай ZnSO4 ерітіндісін электролиз дейміз (гидрометаллургия, электрометаллургия). Мырыш біздің елімізде Өскемен қорғасын-мырыш АҚ-да, Шымкентте өндіріледі.
Физикалық қасиеті
Мырыш
- күмістей ақ түсті, қайнау температурасы
906 0С,
балқу температурасы 419 0С,
=7,1
г/см3
металл. Ылғал
ауада оңай тотығып металдық жылтырын
жоғалтады. Себебі оксидтік қабыршақпен
қапталады, 100 -150 0С,
оңай созылады. Онша қатты емес,
электрөткізгіштігі күміс
көрсеткішінің
25 %-ындай.
Химиялық қасиеті
Мырыш
химиялық белсеңді металл
,
ауада қыздырғанда жасыл жалынмен жанып,
ақ түсті мырыш оксидін береді:
2Zn + O2 = 2ZnO
А) жай заттармен әрекеттесуі:
хлормен, күкіртпен қыздырғанда әрекеттеседі:
Zn + Cl2 = ZnCl2
Zn + S = ZnS
Ә) күрделі заттармен әрекеттесуі:
тотықсыздандырғыш қышқылдармен және сұйық H2SO4 әрекеттескенде олардың құрамының сутегін ығыстырады:
Zn
+ HCl
= ZnCl2
+ H2
Zn
+ H2SO4
(c)=
ZnSO4
+ H2
Тотықтырғыш қышқылдармен:
Zn
+ 2H2SO4(k)
= ZnSO4
+ SO2
+ 2H2O
Zn
+ 4HNO3(k)
= Zn(NO3)2
+ 2NO2
+ 2H2O
4Zn + 10HNO3(өте сұйық) = NH4NO3 + 4Zn(NO3)2 + 3H2O
Екідайлы оксид пен гидрооксид түзетін болғандықтан мырыш натрий гидрооксидінде ериді:
Zn
+ 2H2O
+ 2NaOH (c)
= Na2[Zn(OH)4]
+ H2
натрийдің тетра-
гидроксоцинкаты
Zn
+ 2NaOH (қ)
=
Na2ZnO2
+ H2
Ерітінділерінің өзінен химиялық белсенділігі төмен металдарды ығыстырып шығарады:
Zn
+ 2AgNO3
= Zn(NO3)2
+ 2Ag
Мырыштың қосылыстары
Оксиді
ZnO –мырыш сульфидін өртеу арқылы алынады, екідайлы оксид; қышқылдарда да, негіздерде де ериді, ақ түсті ұнтақ.
ZnO + 2HCl = ZnCl2 + H2O
ZnO + 2NaOH +H2O = Na2[Zn(OH)4]
Қышқылдық және негіздік оксидтермен де әрекеттеседі:
ZnO + CO2 = ZnCO3
ZnO + Na2O = Na2ZnO2натрий цинкаты
Гидроксиді
Zn(OН)2 ақ түсті лай түрінде мырыш тұздарына сілті ерітіндісін жайлап қосқанда түзілетін екідайлы қосылыс.
ZnSO4
+ 2NaOH = Na2SO4
+ Zn(OH)2
Zn(OH)2 + 2HNO3 = Zn(NO3)2 + 2H2O
Zn(OH)2 + 2KOH = K2[Zn(OH)4]
Мырыш гидрооксиді аммиакта еріп,кешенді қосылыс түзеді.
Zn(OH)2 + 4NH3 = [Zn(NH3)4](OH)2
Тұздары
Мырыштың сульфиді, силикаты, карбонаты және фосфатынан басқа тұздары суда жақсы еритін заттар. Мырыштың ерімтал тұздары тұздарға тән барлық реакцияларға түседі:
негізбен
ZnCl2
+ 2NaOH = Zn(OH)2
+
2NaCl
тұзбен
ZnCl2
+
(NH4)2S
= ZnS
+ 2NH4Cl
қышқылмен
ZnCO3
+ 2HCl = ZnCl2
+ H2O
+ CO2
Мырыш және оның қосылыстарының қолданылуы
Мырыш жемірілуден (коррозиядан) қорғаушы металл, құймалары баспа әріптерін дайындау үшін қолданылады.
Мырыштың биологиялық үдерістердің жүруінде өршікті (фермент) ретінде атқарар рөлі зор. Оның қосылыстары тыңайтқыштарға микроэлементтер түрінде қосылады.
ZnO – цинк бояуларының құрамына кіреді, фармацевтикада қолданылады.
ZnCl2 – металдарды дәнекерлеуде, олардың бетін тазарту үшін.
ZnS- рентген сәулелерінің әсерінен жасыл түс береді, сондықтан жарқырауық циферблат, түсті кинескоптар жасауда.
ZnSО4 – сымдарды мырышпен гальваникалық қаптауда.
ZnCrO4 – сары түсті бояулар құрамында.
Мырыш
қосылыстарынан гидроксидін алып,кобальт
нитратымен қосып қыздырғанда жасыл
түсті қос оксидтүзілуі
арқылы анықталады (ZnO
Co2O3),
ал
қарапайы тәсілі мырыш гидроксидінің
(ақ түсті) екідайлығы болады.
§10 Хром
Периодтық
жүйедегі орны. Хром IV периодтың, VI топтың
қосымшасының элементі; атомдық нөмірі
24, ондағы
.
Атомдық массасы 52
.
Атом құрылысы
Электрондарының деңгейлерде орналасуы мынадай:1s2 2s2 2p6 3s2 3p63d44s2, валенттілік электрондары 3d44s2, хром атомында да 3d54s1 болып сыртқы деңгейшенің бір электроны үшінші деңгейдің d деңгейшесіне құлап түскен.
Сондықтан қосылыстарындағы валенттіліктері I-ден VI-ға дейін, ал тотығу дәрежелері 0, +1, +2, +3, +4, +5, +6 аралығында өзгереді, олардың ішінде +2 , +3, +6 тотығу дәрежесіне сәйкес қосылыстары тұрақты келеді.
Табиғатта таралуы
Хом
көбінесе алюминиймен қосарлана жүреді
(лағыл және зүбаржат минералдарында ),
хромды темір таста (хромитте) FeO
Cr2O3,
қорғасынның қызыл кенінде PbCrO4
(крокоит). Ақтөбе облысында Хромтау
қаласында феррохром зауыты жұмыс
істейді.
Алынуы
Таза хромды оның оксидің алюминиймен (алюминотерамия) тотықсыздандырып алады:
Cr2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Cr
Хромды темір тасты алюминиймен және көмірмен де тотықсыздандыруға болады:
FeO
Cr2O3
+ 4C = Fe + 2Cr + 4CO
3FeO
Cr2O3
+ 8Al = 3Fe + 6Cr + 4Al2O3феррохромалынады
Физикалық қасиеттері
Хром
ауыр (
=
7,2 г/см3),
морт, жылтыр, қатты металл,t0балқу
=
1890 0С,
t0қайнау
=2680
0С.
Электр және жылуөткізгіштігі төмен
болып келеді. Қоспалары механикалық
қасиеттерін нашарлатады.
Химиялық қасиеттері
Хром қосылыстарында айнымалы валенттілік көрсетеді, соның ішінде ең тұрақты күйі III валенттілігіне сәйкес қосылыстары.
А) жай заттармен әрекеттесуі.
Суық күйінде хром реакцияласуға тым бейім емес, ал қыздырғанда оттегімен, хлормен, күкірпен, азотпен қосыла алады.
4Cr + 3O2 = 2Cr2O3
2Cr + 3Cl2 = 2CrCl3
2Cr + 3S = Cr2S3 (тек құрғақ күйінде болады)
2Cr + N2 = 2CrN
Ә) күрделі заттармен әрекеттесуі.
Хром қыздырғанда қышқылдарда ериді:
Cr
+ 2HCl = CrCl2
+ H2
(реакция
ауасыз ортада жүреді)
2Сr + 3H2SO4 (c) = Cr2(SO4)3 + 3H2
күлгін ұнтақ
ХромII- валентті қосылыстары тұрақсыз, оңай тотығады:
4СrCl2 + O2 + 4HCl = 4CrCl3 + 2H2O
Азот қышқылы және патша сұйқтығында суықта хром мүлдем әрекеттеспейді, себебі бәсеңсиді, яғни оксидтік қабыршақпен қапталады. Ал қыздырғанда өте баяу әрекеттеседі.
Хром қосылыстары
Оксидтері мен гидроксидтері
CrO-қара, Cr2 O3 – жасыл, CrO3 – қызылсары. CrO – негіздік оксид, оған Cr(OH)2 – негіз сәйкес келеді.
Cr2 O3 екідайлы оксид, оған негіз Cr(OH)3 және қышқыл HCrO2 сәйкес келсе, Cr O3 қышқылдық оксид, оған H2CrO4 – хром қышқылы және H2Cr2O7 – қос хром қышқылы сәйкес келеді. Хром (III)оксидін зертханада мынареакция бойынша алады:
(NH4)2Cr2O7
= Cr2O3
+ N2
+ 4H2O
Cr2 O3 – суда ерімейді, қышқылдарда ериді,ал негіздерде балқытқанда әрекеттесіп, суда еритін хромиттер түзеді:
Cr2 O3 + 6HCl = 2CrCl3 + 3H2O
Cr2
O3
+ Na2CO3
= 2NaCrO2
+ CO2
Cr2 O3 + 2KOH = 2KCrO2 + H2O
2
+ 8KOH +
=
+
2
4 2
-
тотықсыздандырғыш
- тотығу
3
6
тотықтырғыш - тотықсыздану
Cr(OH)3 – жасылтым келген, екідайлы гидроксид ; қышқылда да , сілтіде де жақсы ериді:
2Cr(OH)3+ 3H2SO4 = Cr2(SO4)3 + 3H2O
Cr(OH)3 + 3NaOH = Na3[Cr(OH)6] кешенді қосылыс натрийдің гексагидроксохроматы (III) түзіледі.
Қыздырғанда айырылады:
2Cr(OH)3
Cr2O3
+ 3H2O
Cr O3 – қанық қызыл түсті, қышқылдық оксид, күшті тотықтырғш, су тартқыш зат, хром ангидриді деп те аталады.
Сумен CrO3 + H2O = H2CrO4 сары түсті қосылыс
2 CrO3+ H2O = H2Cr2О7 қызыл сары түсті
Қышқылдық оксидтердің барлық қасиеттерін көрсетеді.
негіздік оксидпен CrO3 + MgO = MgCrO4
негізбен 2CrO3 + 2KOH = K2CrO4 + H2O
Хром қышқылының тұздары хроматтар, ал қос хром қышқылының тұздары – дихроматтар, олар өзара бір–біріне айнала алады.
2CrO
+ H+
Cr2O
+ OH-
2K2CrO4 + H2SO4 = K2Cr2О7+ K2SO4 + H2O
H2Cr2О7+ 2KOH = 2K2CrO4 + H2O
4CrO3
+ C2H5OH
+ 6H2SO4
=
2Cr2(SO4)3
+ 2CO2
+9H2O
Хроматтар, дихроматтар күшті тотықтырғыштар. Зертханада осы мақсатта жиі қолданылады, өйткені бұл қосылыстарда хром ең жоғары тотығу дәрежесінде (+6) болады.
K2Cr2О7 + 3Na2SO3 + 4H2SO4 = Cr2(SO4)3 + 3Na2SO4 + K2SO4 + 4H2O
1
2
2
-
тотықтырғыш
- тотықсыздану
3
6
тотықсыздандырғыш - тотығу
Хром және оның қосылыстарының қолданылуы
Хром –металл бұйымдарды коррозиядан қорғау үшін хроммен қаптауда, болатты асылдандыруда (плиталардың қыздыру сымдары нихром құймасынан жасалған).
Cr2 O3 – жасыл түсті бояу алуда, тері өңдеуде.
Cr O3 – тотықтырғыш ретінде.
K2Cr2O7 + H2SO4 – хром қоспасы, зерханаларда шыны ыдыстарды тазарту үшін, тотықтырғыш ретінде қолданылады.
Хром қосылыстары сары түсті PbCrO4 тұнбаның түзілу арқылы анықталады.
Cr+3 – жасыл, CrO2- - сары, Cr2O2-7 – қызылсары өздеріне тән түстері бар.
§11 Темір
Периодтық жүйедегі орны
Темір
IV периодтың, VIII топтың қосымша топшасының
элементі; атомдық нөмірі 26, яғни
ядросындағы протондар саны 26, электрондардың
саны да 26, атомдық массасы 56, нейтрондар
саны 30 (
.
Атом құрылысы
Темір атомының энергетикалық деңгейлерінде 26 электроны былайша бөлінген:
1s2 2s22p6 2s22p63d64s2;валенттілік электрондары 3d64s2; темір қосылыстарында II және III валнттілік көрсетеді, тотығу дәрежелері 0, +2, +3.
Табиғатта таралуы Темір кендері табиғатта кең таралған, ол жер қыртысында таралуы бойынша төртінші орында тұр (10.4-кесте).
10.4-кесте.Темірдің маңызды қосылыстары
Минералдың атауы |
формуласы |
Темірдің мөлшері, % |
Пирит Лимонит Гематит Магнетит |
FeS2
Fe2O3 Fe2O3 Fe3O4 |
~47 ~60 ~65 ~72 |
Темірдің адамзат тарихындағы оның бір дәуірінің «Темір дәуірі» деп аталуынан-ақ байқауға болады. Жердің өзегі, радиусы 3000 км, Ni/Fe құймасынан тұрады.
Алынуы
Темір өндіру оның табиғи минералдарын тотықсыздандыруға негізделген, тотықсыздандырғыш ретінде C, CO, Al, H2 қолданылады; барлық реакциялар қыздыруды қажет етеді.
FeO
+ C = Fe + CO
FeO + H2 = Fe + H2O
FeO
+ CO = Fe + CO2
Fe2O3 + 2 Al = 2 Fe + Al2O3
Физикалық қасиеттері
Темір ақ сұр түсті, иілгіш, жұмсақ, қыздырғанда оңай созылып соғылатын, тапталғыш, магнитке тартылғыш металл (760 0C). t 0балқу= 3200 0C, t0қайнау=15350C. Электр тогын және жылуды өткізеді.
Химиялық қасиеттері
ᵠ0Fe2+∕ Fe= - 0,44 B. Орташа химиялық белсенді металл.
А)жай заттармен әрекеттесуі.
Ылғал ауада оңай оттанады;
оттекпен 3Fe + 2O2 = Fe3O4
күкіртпен Fe + S = FeS
хлормен2 Fe + 3Cl2 = 2 FeCl2
ә)күрделі заттармен әрекеттесуі
Қызған темірді су буымен өңдегенде мына реакция жүреді:
3Fe+4H2O
= Fe3O4
+
4H2
Осы реакция сутегін алуда қолданылады. Сұйытылған тотықсыздандырғыш қышқылдармен әрекеттескенде темір (II) тұздары түзіледі:
Fe
+ 2НCl = FeCl2+
H2
Концентрлі тотықтырғыш қышқылдар металдың бетін бәсеңдетеді (пассивтейді). Концентрлі азот қышқылымен қыздырғанда әрекеттеседі.
Fe
+6НNO3(k)=
Fe(NO3)3
+
3 NO2
+
3H2O
1
-
тотықсыздандырғыш
- тотығу
3
тотықтырғыш - тотықсыздану
4Fe(NO3)3
Сұйық азот қышқылымен оңай әрекеттеседі.
Fe +4НNO3(с) = Fe(NO3)3 + NO↑+ 2H2O
Темір суық сілтілердің әсеріне тұрақты, ал қыздырғанда темірдің беткі қабаты бүлінеді.
Темір тотықсыздандырғыш ретінде металдардың электрохимиялық кернеу қатарында өзінен кейін тұрған металдарды ығыстырып шығарады:
Fe + CuSO4= FeSO4 +Cu
Темірдің тотықсыздандырғыштық қасиетін мына реакциядан да көруге болады:
Fe + 2FeCl3= 3FeCl2
Темірдің қосылыстары
Оксидтері
FeO, Fe2O3, Fe3O4
FeO – қара түсті, негіздік оксид, сумн әрекеттеспейді. Қышқылға ериді, сонда мына реакция жүреді:
FeO + Н2SO4 = FeSO4+ Н2O
3FeO
+
10НNO3=
3Fe(NO3)3
+
NO
+
5Н2O
FeO негіздік оксидке негіз Fe(OН)2 сәйкес келеді. Оны мына реакция бойынша алуға болады:
FeSO4
+
2NaOH = Fe(OН)2
+ Na2SO4
Түзілген ақшыл-көк түстітұнба ауада оңай тотығып күңгірт тартады:
4 Fe(OН)2 + О2 + 2Н2O = 4Fe(OН)3
Fe2O3 - темір (III) оксиді,қатты, қызыл-қоңыр түсті ұнтақ зат; негізділігі басымдау екідайлы оксид. Жоғары температурада темір қағына айналады:
6
Fe2O3
4 Fe3O4
+О2
Сілтімен және сілтілік металдарын карбонаттарымен балқытқанда ферритке айналады:
Fe2O3
+
Na2CO3
=
2NaFeO2+CO2
Fe2O3 + 2NaOH = 2NaFeO2+ Н2O
Fe2O3 + 6HCl = 2FeCl3+ 3 Н2O
Ал қышқылдарда (HCl, Н2SO4, НNO3)ериді
4Fe(OН)3 - темір (III) гидроксиді, суда ерімейтін,қызыл-қоңыр түсті зат.
Fe
Cl3
+3NaOH=Fe(OН)3
+
3NaCl
2Fe(OН)3
Fe2O3+3
Н2O
Тұздары
Fe Cl2, Fe Cl3 –хлоридтері (II), (III)
Fe
SO4
7 Н2O
– темір купоросы.
Темір (II,III) тұздары гидролизденеді, егер олар ерімтал болса:
Fe Cl3 + НОН = Fe(OН) Cl2 +Н Cl ортасы қышқылдық
темір (III) гидрохлориді
Fe Cl2 – тотықсыздандырғыш, Fe Cl3 – тотықтандырғыш
2 Fe+2 Cl2 + 0Cl2 =Fе+3 Cl -13
2
-
тотықсыздандырғыш
- тотығу
1
тотықтырғыш - тотықсыздану
2FeCl3 + 2KJ = 2FeCl2 + J2 + 2KCl
2
+
тотықтырғыш
- тотықсыздану
1
тотықсыздандырғыш - тотығу
Темір және оның қосылыстарының қолданылуы
Темір көбінесе құймалар күйінде қолданылады (шойын, болат).
Fe
SO4
7
Н2O
– темір купоросы, залалсыздандырғыш
Cu
SO4
5 Н2O
-мыс купоросымен қосып көктеуден сақтау
үшін
(NH4)2SO4
FeSO4
6Н2О
-Мор тұзы. Аналитикалық химияда
тотықсыздандырғыш ретінде;
FeCl3
6
Н2O
– қан ұйыту үшін
Fe2O3 – пигмент ретінде бояу өндірісінде
Fe+2 , Fе+3 – иондары мына реакциялар бойынша анықталады:
3FeCl2
+ 2K3[Fe(CN)6]
= 6KCl + Fe3[Fe(CN)6]2
турунбул көгі
4FeCl3
+ 3K4[Fe(CN)6]
= 12KCl + Fe4[Fe(CN)6]3
берлин
көгі немесе темір роданидінің түзілуі
бойынша:
FeCl3 + 3KCNS = Fe(CNS)3 + 3KCl
қан қызыл түсті
Р- ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ОРНЫ. АТОМ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
р - элементтері III - VIII топтардың негізгі топшаларында орналасқан. Олардың валенттілік электрондарының формулалары ns2np1-6 мұндағы n >3-7. Сыртқы қабаттарындағы электрондарының саны топ нөміріне сәйкес келеді. (сутектен басқалары үшін).
Период бойынша атом радиустары біртіндеп кемиді, иондау энергиялары, электронтартқыштықтары, электртерістіліктері артады. Осыған байланысты элементтердің тотықтырғыштық қасиеттері де артады.
Ал, топ бойынша атомдық радиустары артқандықтан иондану энергияларының, электронтартқыштықтарының, электртерістіліктерінің мәндері жоғарыдан төмен қарай кемиді. Осы себептен элементтердің тотықтырғыштық қасиеттері кеміп, тотықсыздандырғыштығы артады.
р-элементтерінің валенттіліктері сыртқы қабаттағы s - және p- электрондарының санымен анықталады. Жоғарғы валенттіліктері мен оң тотығу дәрежелері топ нөміріне сәйкес келеді. Аталған элементтердің теріс тотығу дәрежелерінің мәндері период бойынша басынан соңына қарай төрттен бірге қарай кемиді.
Мысалы, мышьяктың валенттілік электрондарының құрылысын қарастырайық:
валентілік
электродтары 4
24р3.
Негізгі жағдайда байланысқа түсетін
электрон саны үшеу болғандықтан
валеттілігі III, ал тотығу дәрежесі -3,
0, +3, (AsH3
As, As2O3)қозған
жағдайда беске жетеді, себебі дара
электрондар саны бесеу. Сонда оның тағы
бір оксиді As2O5.
Мышьяк оксидтері қышқылдық. Оларға қышқылдар сәйкес келеді:
Н3 AsO3 Н3 AsO4
орто-мышьякты қышқыл орто-мышьяк қышқылы
§12 III А топша элементтерінің сипаттамасы
III-А топшасында бор В, алюминий Аl, галий Ga, индий In, талий Tl элементтері орналасқан. Олардың жоғары тотығу дәрежелері +3, ал талий үшін +1 тотығу дәрежесі тән болады. Себебі сыртқы деңдейдің р-деңгейшесіндегідара электронның бөлініп шығуы атом радиусының артуы себепті оңайлайды. Осы заңдылық басқа топтардың р элементтері үшін де сақталады.
III-А топша элементтерінің жоғарғы оксидтерінің жалпы формулалары Э2О3, гидроксидтердің формулалары Э(ОН)3.
Ал, осы топшада орналасқан элемент бордың гидроксиді қышқылдық қасиет көрсетеді Н3ВО3 (Н2В4О7). Бордан кейінгі элемент алюминийдің гидроксиді екідайлылық көрсетсе, қалған элементтердің гидроксидтерінің негіздік қасиеттері басымырақ келеді (TlОН – күшті негіз).
10.5-кесте. Элементтер және жай заттардың сипаттамалары
Элемент |
Валенттілік электрондарының формуласы |
Элемент |
Жай зат |
||||||
Атом радиусы, нм |
Электрте-рістілік |
Тотығу дәрежесі |
Түсі |
|
T0 , C балқу |
T0 , C қайнау |
Салыстырмалы электрөткізгіш-тік, (Hg=1) |
||
B |
2s22p1 |
0,083 |
2,01 |
+3 |
қара |
2,34 |
2300 |
3658 |
|
Al |
3s23p1 |
0,143 |
1,47 |
+3 |
күмістей ақ |
2,70 |
660 |
2467 |
33,3 |
Ga |
4s24p1 |
0,122 |
1,82 |
+3 |
ақ-сұр |
5,91 |
29,8 |
2227 |
2,3 |
Zn |
5s25p1 |
0,163 |
1,49 |
+3 |
күмістей ақ |
7,30 |
156 |
20760 |
11,4 |
Tl |
6s26p1 |
0,170 |
1,44 |
+1,+3 |
күмістей ақ |
11,85 |
304 |
1457 |
4,8 |
§13 Алюминий
Периодтық жүйедегі орны
Алюминий III периодтың, III топтың негізгі топшасының элементі.
Атом құрылысы
Атомдық
нөмірі 13, сондықтан
=13,
е=13,
,
атомдық массасы 27
;
электрондардың электрондық қабаттарда
орналасуы төменгідей:
1s22s22p63s23p1; валенттілік электрондары 3s23p1.
Табиғатта таралуы
Алюминий
– табиғатта таралуы бойынша үшінші
орнында тұр, ол химиялық белсенді металл
болғандықтан таза күйінде кездеспейді,
табиғатта кең таралған
минералдарыалюмосиликаттар, олар жер
қыртысының негізгі бөлігі; бокситтер
(Al2O3
H2O),
каолин (Al2O3
2
SiO2
2 H2O),
криолит (Na3AlF6),
корунд (кристалдық күйі), слюдалар.
Алюминий минералдарынң қоры Батыс Қазақстанда Мұғалжар тауының шығысындағы Талды-Ащысай мекенінде, Торғай өңірінде кездеседі.
Алынуы
Алюминийді оның оксидінің криолитпен балқындысын, электролизін жүргізіп алады:
2Al2O3
4Al
+ 3O2
Физикалық қасиеттері
Алюминий
күмістей ақ, жеңіл
,
иілгіш, созылғыш, тапталғыш металл;
балқу
=6600C,
қайнау=25200C
. Алюминий электр тогы мен жылудыөте
жақсы өткізеді.
Химиялық қасиеттері
Металдардың
электрохимиялық кернеу қатарында
алюминий сілтілік және сілтілік –жер
металдарынан кейін орналасқан. Бірақ
алюминий беті өте берік оксидтік қабатпен
қапталатындықтан, беткі қабаты тотығып
күнгірт тартады да, ауада біршама тұрақты
күйге көшеді. Ал енді оксидтік қабатынан
тазартылған алюминий химиялық белсенді
металдың қасиетін көрсете алады.
а) жай заттармен әрекеттесуі
Ұнтақ күйіндегі алюминий көптеген бейімталдармен (O2, Cl2, S, I2, C) қыздырғанда оңай әрекеттеседі, әріқарай реакция жылу бөле өздігінен жалғасады:
2Al + 3Br2 = 2AlBr3(бромиді)
2Al + 6O2 = 2Al2O3(оксиді)
2Al + 3J2 = 2AlJ3(иодиді)
2Al + 3N2 = 2AlN3(нитриді)
2Al + 3C = Al4C3(карбиді)
2Al + 3S = Al2S3(сульфиді)
ә) күрделі заттармен әрекеттесуі
Оксидтік қабатынан тазартылған алюминий сумен сутегі бөле әрекеттеседі.
2Al
+ 3HOH = 2Al(OH)3
+ H2
Алюминий металдардың белсенділік қатарында өзінен кейін тұрған металл оксидтерімен әрекеттескенде тотықсыздандырғыш ретінде қолданылады (алюминотерамия). Бұл әдісті 1894 жылы таза күйінде металл алу үшін Гольдшмидт ұсынған.
2Al + Cr2O3 = 2Cr + Al2O3
Қышқылдармен тұз түзе әрекеттеседі
2Al
+ 6HCl = 2AlCl3
+ 3 H2
Алюминий натрий гидроксидімен де әрекеттесе алады, себебі оның оксиді мен гидроксиді екідайлы. Сулы ерітіндіде кешенді қосылыс сутегі бөлінеді.
2Al
+ 2NaOH + 6HOH = 2Na[Al(OH)4]
+ 3H2
натрийдің тетрагид-
роксоалюминаты
Сұйтылған күкірт қышқылымен әрекеттескенде сутегі бөлінеді:
2Al
+ 3H2SO4
= Al2(SO4)3
+ 3H2
Ал сұйық азот қышқылы салқын күйінде алюминийді бәсеңсітеді (пасситейді), қыздырғанда мына рекация жүреді:
8Al + 30HNO3(сұйытылған) = 8Al(NO3)3 + 3N2O + 15H2O
Алюминийдің қосылыстары
Оксиді Al2O3глинозем (ұсақ кристалды), корунд (қатты кесек кристалды)
О = Al – O – Al = O
Зертханада алюминий оксидінің түзілуін мына реакция барысында көруге болады: алюминидің бетіне сынаптың ерімтал тұзын тамызып алып, сол жерді сүзгі қағазбен тазартып сүрткенде:
2Al + 3HgCl2 = 2AlCl3 + 3Hg
Бөлінген сынап алюминийді ерітіп амальгама (құйма) түзеді (AlnHgm). Сонда алюминийдің беті әбден тазарып, ауадағы оттегінің әсерінен тотыға бастайды да Al2O3 ақ ұлпа күйінде «өсіп» шығады:
4Al + 3O2 = 2Al2O3
немесе
2Al(OH)3
Al2O3
+ 3H2O
реакция бойынша аламыз.
Алюминий оксиді екідайлы қасиет көрсетеді.
Al2O3 + 6HCl = 2AlCl3 + 3H2O
Al2O3
+ 2NaOH
2NaAlO2
+ H2O
Al2O3
+ Na2CO3
2NaAlO2
+ CO2
Ерімейтін оксид ұшқыш оксидті тұздан ығыстырып шығарып тұр.
Гидроксиді Al(ОН)3 ақ түсті іркілдек зат, қыздырғанда айырылады.
Алынуы:
AlCl3
+ 3NaOH = Al(OH)3
+ 3NaCl
Алюминий гидроксиді екідайлы гидроксид:
Al(OH)3 + 3HCl = AlCl3 + 3H2O
Al(OH)3 + NaOH = Na[Al(OH)4]
Тұздары - алюминийдің фториді мен фосфатынан басқа тұздары ерімтал тұздар.
Алюиний гидроксиді әлсіз негіз болғандықтан оның тұздары оңай гидролизденеді:
AlCl3
Al3+
+ 3Cl-
Al3+ + HOH = Al(OH)2+ + H+ ортасы қышқылдық, себебі
ертіндіде Н+ жинақталады
AlCl3 + HOH = Al(OH)Cl2 + HCl сондықтан олар сулы, ертіндіде
бола алмайды
Алюминий карбонаты мен сульфиді толық гидролизденеді.
Алюминийдің және оның қосылыстарының қолданылуы
Алюминий – конструкциялық материал, оның құймалары жеңіл келеді; пирометаллургияда тотықсыздандырғыш ретінде;
Дюралюмин - ~ 5 % Cu, ~ 2 % Mg, ~ 93 % Al, ұшақ құрылысында;
Алюминийлі қола –негізі мыс, ~ 5 %-ға дейін Al сары бояулардың түсбергіші, үсақ тиіндар жасау үшін.
Al + Fe3O4 – термит, болат бұйымдарды пісіріп біріктіру үшін;
Al2O3 – қатты күйінде корунд, тегістегіш, тазалағыш зат ретінде; қоспалары болса түсті келеді, олар әшекейлік бұйымдар жасауда қолданылады;
Al2(SO4)3 - Коагулянт суды тазартуда, уақытша кермектікті жою үшін;
KAl(SO4)2
12H2O-
Ашудастар, тері және мата өндірісінде
қолданылады;
Al(CH3COO)3- aцетаты отқа және суға төзімді маталар дайындауда.
AlCl3- oрганикалық синтезде катализатор ретінде кеңінен қолданылады.
§14 IV А ТОПША ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
IV А топшасында көміртек С, кремний Si, германий Ge, қалайы Sn, қоғасын Pb элементтері орналасқан. Көміртек пен кремний типтік бейметалдарға жататын элементтер, ал қалғандары германий топшасын құрайды.
Сыртқы деңгейлерінің электрондық формулалары ns2 np2, осы электрондарымен валентіліктері II, IV, тотығу дәрежелері 0, +2, +4 (көміртек пен кремнийге -4), ал қорғасын үшін +2, +4 тотығу дәрежесіне сәйкес қосылыстары тұрақты келеді.
Жай заттардың металдық қасиеттері көміртектен қорғасынға қарай артады.
Көміртек төрт түрлі аллотропиялық күйде бола алатын бейметалл, ал қалайы мен қорғасын металдар болса, кремний мен германий осылардың аралығынан орын алады.
10.6-кесте. Көміртек топшасы элементтерінің кейбір қасиеттері.
Элементтің таңбасы мен атауы |
Реттік нөмірі |
Атом радиусы, нм |
Валенттілік электронда-рының фор-муласы |
Салыстыр-малы электрте-рістілігі |
Қосылыс-тарындағы тотығу дәрежелері |
Көміртек (С) |
6 |
0,077 |
2s22p2 |
2,50 |
+4,+2,-4 |
Кремний (Si) |
14 |
0,134 |
3 s23p2 |
1,74 |
+4,+2,-4 |
Германий (Ge) |
32 |
0,139 |
4 s24p2 |
2,02 |
+4,-4 |
Қалайы (Sn) |
50 |
0,158 |
5 s25p2 |
1,72 |
+4,+2 |
Қорғасын (Pb) |
82 |
0,175 |
6s26p2 |
1,55 |
+4,+2 |
Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай атомдық радиустар өседі, сондықтан иондану энергиялары мен электрон тартқыштық қасиеттері артады.
Оксидтері
СО мен (SiО) – тұз түзбейтін оксидтер, СО2 мен SiО2- қышқылдық оксидтер.
GeO,
SnO PbO-негіздік қасиеттері басымдау
екідайлы оксидтер, негіздік қасиеттері
Ge
Pb
қарай артады.
GeO2, SnO2, PbO2 – екідайлы оксидтер болса, оларға сәйкес гидроксидтері де екідайлы, бірақ олардың қышқылдылығы басымдау келеді.
Ұшқыш сутекті қосылыстарының тұрақтылығы жоғарыдан төмен қарай кемиді;
CH4 – метан, SiH4 - силан.
Көміртек
Периодтық жүйедегі орны
Көміртек
II периодтың IV топтың негізгі топшасының
элементі; атомдық нөмірі 6, олай болса
көміртек атомының ядросында 6 протон
және 6 нейтрон бар; атомдық массасы 12
электрондарының жалпы саны да 6-ға
тең(
).
Электрондық құрылысы
Электрондардың энергетикалық деңгейлерде орналасуы 1s2 2s22p2, валенттілік электрондары 2s22p2.
Табиғатта
таралуы
жөнінен көміртек он үшінші орнында тұр,
ол бос күйінде де (алмаз бен графит)
қосылыстар күйін де кездеседі. Тас
көмірдің 80-90 % көміртек, мұнай, табиғи
және мұнайға серік газдар да көміртекке
бай қосылыстар. Жер қыртысында көптеген
карбонатты минералдар кездеседі . СаСО3
–кальцит, мәрмәрдің, бордың, ізбес
тасының негізін құраушысы; доломит
СаСО3
MgCO3;
магнезит MgCO3;
витерит BaCO3;
стронцианит SrCO3;
малахит Cu2CO3(OH)2
; сидерит FeCO3
және т.б.
Көміртек элементі тірі материяның негізгі құраушылардың бірі. Олардағы көміртек атомының ерекшелігі -өзара байланыса алады.
Антрацитте 85-95 % С, шымтезекте 50-60 % көміртек бар.
Қазақстанда көмір кендері орталық және батыс аймақтарда көптеп таралған.
Алынуы
Көміртек кокс түрінде (86 % С) көмірді ауасыз ортада айдағанда түзіледі.
Физикалық қасиеттері
Көміртек, алмаз, графит, карьин, фуллерен сияқты аллотропиялық түрлерінде болады. Олардың өзара айырмашылығы көмірек атомының гибридтену типіне байланысты. Алмазда sp3, графит пен фуллеренде sp2 , ал карбинде sp болады:
Күйе көмірсутектерді ауа жетпегеде қыздырғанда түзіледі.
Химиялық қасиеттері
жай заттармен әректтесуі
Қыздырғанда көміртек сутекпен, оттекпен, галогендермен, металдармен әрекеттесе алады:
C
+ O2
CO2
(көміртек
(IV) оксиді)
2С
+ Са
СаС2
(
кальций карбиді)
3C
+ 4Al
Al4C3
(алюминий карбиді)
С
+ 2Сl2
CCl4
(төрт
хлорлы көміртек)
С
+ 2S
CS2
(күкіртті
көміртек)
ә) күрделі заттармен әректтесуі
Жоғары температурада су буымен әрекеттескенде су газы түзіледі.
С + H2O = CO + H2 (су газы)
Концентрлі тотықтырғыш қышқылдар көміртекті оксидіне (IV) дейін тотықтырады:
С
+ 4HNO3
(к)
= CO2
+
4NO2
+ 2H2O
C
+ 2H2SO4
(к)
= CO2
+ 2SO2
+ 2H2O
Көміртек кейбір оксидтер мен де әрекеттеседі.
2C + CO2 = 2CO(иіс газы). Бұл үдеріс домна пешінде жүреді.
3C
+ CaO = CaC2
+ CO
C
+ CuO = Cu + CO
Бұл реакцияларда көміртек –тотықсыздандырғыш.
КӨМІРТЕКТІҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
Оксидтері
СО көміртек (II) оксиді, иіс газы, суда ерімейтін, иіссіз, түссіз газ; тұз түзбейтін оксид, реакцияға түсуі өте төмен.
Өндірісте көмірқышқыл газын кокспен тотықсыздандырып алады, ал зертханаларда құмырсқа қышқылын концентрлі күкірт қышқылының қатысында сусыздандырып алады.
H-C=O
H2O
+ CO
OH
Химиялық қасиеттері
Көбінесе тотықсыздандырғыш ретінде қолданылады.
C+2O + Cl20 = C+4OCl2-1 фосген – улы зат
тотықсыздандырғыш-тотығу
тотықтырғыш-тотықсыздану
2СО + O2 = 2CO2
CO + Fe3O4 = 3FeO + CO2
Ал,
мына реакцияда
С+2- тотықтырғыштық қасиет көрсетеді.
1
тотықтырғыш
– тотықсыздану
2
тотықсыздандырғыш
– тотығу
Катализатор қатысында натрий гидроксидімен әрекеттескенде натрий формиаты түзіледі. Осы мысалға қарап, көміртек (II)оксидін тұз тұзбейтін оксидтер қатарынан шығаруға болады.
CO
+ NaOH
H-C=O
ONa
СО2 – көміртек (IV) оксиді, көмірқышқыл газы, қатты күйінде құрғақ мұз деп аталады, қышқылдық оксид.
Көміртек атомының электрондарының СО2 молекуласындағы гибридтену типі sр.
Молекуласында
екі π байланыс бар: O
C
O
Молекула полюссіз, симметриялы, байланыс бұрышы 180 0.
Алынуы
CaCO3 = CaO + CO2 әктәсті айыру арқылы
C + O2 = CO2
Физикалық қасиеттері
СО2 – ауадан ауыр, суда жақсы еритін, иіссіз, түссіз, жануды қолдамайтын газ.
Химиялық қасиеттері
Қышқылдық
оксид, сондықтан CO2
+
H2O
H2CO3
оған
көмір қышқылы сәйкес келеді.
Көміртек диоксиді қышқылдық оксидтерге тән барлық реакцияларға түседі.
CO2 + Ca(OH)2 = CaCO3 + H2O
CO2 + Na2CO3 + H2O = 2NaHCO3ассодасы
CO2 + CaCO3 + H2O = Ca(HCO3)2
осы
реакцияда көмір (I V) оксиді тотықтырғыш
рөлін атқарады, яғни осы газда магний
жанады.
1
–
тотықтырғыш – тотықсыздану
2
–
тотықсыздандырғыш
– тотығу
Көмір қышқылы және оның тұздары
Көмір қышқылы тек ерітіндіде болатын екі негізді әлсіз қышқыл
H2CO3
H+
+ HCO-3
H
CO-3
H+
+ CO2-
3
H2CO3
2H+
+ CO2-
3
Көмір қышқылы екі түрлі тұздар түзеді, карбонаттар (Na2CO3, CaCO3), және гидрокарбонаттар (NaHCO3, Ca(HCO3)2).
Аммоний мен сілтілік металдар карбонаттарынан басқа тұздар суда нашар ериді, ал гидрокарбонаттарынан сілтілік –жер металдардың тұздары ерімтал келеді. Олар суға уақытша кермектілік береді, суды қайнату арқылы ол тұздарды айыруға болады.
Ca(HCO3)2
= CaCO3
+ CO2
+ H2O
Сондықтан ыдыстың түбіне қақ тұрады, бұл әсірісе бу қазандарында тиімсіз құбылыс, энергияның артық шығынын туғызады
Карбонаттар ішіндегі ерімталдары оңай гидролизденеді:
Na2CO3
2Na+
+ CO2-
3
HOH
H+
+ OH-
CO2- 3 + HOH = HCO-3 + OH-
Карбонат анионға әк сүті реактив болады:
CO2-
3
+ Ca(OH)2
= CaCO3
+
H2O
Көмір және оның қосылыстарының қолданылуы
Алмаз- тегістегіш, бұрғылағыш бұйымдар дайындауда, қырланған алмаз – гауһар тас деп аталады, ол ең бағалы әшекей зат. Алмаз жылу мен электр тогын өткізбейді.
Графит – электродтар жасауда, токты жақсы өткізеді, жұмсақ болғандықтан қарындаштардың өзектерін жасауда;
Кокс – металлургияда тотықсыздандырғыш ретінде;
СО –тотықсыздандырғыш ретінде домнада;
СО + Н2 - су газы ретінде;
СО2 - инертті орта жасау үшін , өрт сөндіруде, карбамид (CO(NH2)2) алуда, газдалған сусындар әзірлеуде, суытқыш зат ретінде, жылыжайлардағы өсімдіктердің өсіуін тездету үшін;
Na2CO3∙10H2O – ақ ұнтақ, кристалдық сода, ол шыны, сабын өндірісінде пайдаланылады. NaHCO3 – ас содасы, наубайханаларда қопсытқыш ретінде;
K2CO3 – сақар, сабын алуда, химиялық шыны алуда;
CaCO3 – бағалы құрылыс және мүсін дайындауда қолданылатын зат. Ол Маңғыстауда ұлу кіреукесі (ракушечник) сияқты күйде кездеседі.
15 КРЕМНИЙ
Периодтық жүйедегі орны
Кремний
III периодта, I V топтың негізгі топшасында
орналасқан; атомдық нөмірі 14, сондықан
=14, е = 14,
=14,салыстырмалы атомдық массасы 28(
.
Электрондық құрылысы
1s22s22p63s23p2, валенттілік электрондары 3s23p2.
Табиғатта таралуы
Жөнінен кремний оттектен кейінгі екінші орында тұр, тек қосылыстар (оксидтер, силикаттар) күйінде кездеседі. Кремнийдің кені біздің елде Торғай өңірінде таралған.
Алынуы
Кварц пен коксты электр пештерінде қыздыру арқылы алады:
SiO2 + 2C = Si + 2CO
Зертханада құмнан магниймен тотықсыздандырып алады:
SiO2 + 2Mg = 2MgO + Si
Физикалық қасиеттері
Кремний қара түсті, металдық жылтыры бар, морт, жартылай өткізгіш зат.
Кристалдық кремнийдің t0балқу= 14200 , t0қайнау=26200электрөтгізгіштігі температураны арттырған сайын өсетін зат; ал аморфты кремний қоңыр түсті, реакцияға оңайырақ түсетін ұнтақ.
Химиялық қасиеттері
А) жай заттармен әрекеттесуі
Бөлме температурасында едәуір салғырт элемент , ал қыздырғанда оттегімен, хлормен, броммен әрекеттесе алады:
Si + O2 = SiO2оксиді
Si + 2Cl2 = SiCl4хлориді
Si + 2Br2 = SiBr4бромиді
Ал фтормен кәдімгі жағдайда ұшқыш қосылыс түзе әрекеттеседі:
Si + 2F2 = SiF4фториді
Si + C = SiCкорборунд, алмаздан кейінгі орнында тұрған қатты зат.
Si + 2Mg = Mg2Si силциді
Ә) Күрделі заттармен әрекеттесуі
Кремний балқытқыш қышқыл мен азот қышқылдарының қоспасында ғана ериді:
3Si0
+ 18 HF +
=
3
тотықсыздандырғыш
– тотығу
4
N+5 тотықтырғыш
– тотықсыздану
Кремний сілтілердің ерітіндісімен жақсы әрекеттеседі:
Si
+ 2KOH + H2O
=
1
Si0 тотықсыздандырғыш
– тотығу
2
тотықтырғыш
– тотықсыздану
КРЕМНИЙ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
Оксиді SiO2, құм, кремний диоксиді, силикагель, кремнезем күйінде кездеседі. Тау хрусталі мен кварц SiO2 - нің химиялық таза түрі. . SiO2 – жоғары полимерлі зат.
Қышқылдық оксид: SiO2 + 2NaOH = Na2SiO3 + H2O
SiO2
+
Na2CO3
= Na2SiO3
+ CO2
SiO2
+
4HF = SiF4
+
2H2O
құм
балқытқыш
қышқылда ериді, сондықтан балқытқыш қышқылды шыны ыдыстарда сақтауға болмайды.
Кремний қышқылы
Н2SiO3 – метакремний қышқылы
Н4SiO4 – ортокремний қышқылы
H2SiO3 – іркілдек, екі негізді, әлсіз, тұрақсыз қышқыл, коллоидты ерітінді түзеді.
H2SiO3 = H2O + SiO2
Na2SiO3
+ 2HCl = H2SiO3
+
2NaCl осы реакция бойынша алынады
ерімтал шыны немесе
силикатты желім
Сілтілік металдардың силикаттары оңай гидролизденеді, ортасы негіздік болады.
Кремний және оның қосылыстарының қолданылуы
Кремний – силикондар , фотоэлементтер алу үшін.
SiO2 – кварц шынысын, фарфор алуда; тау хрусталі күйінде оптикалық құралдар өндірісінде,
SiC – карборунд, үшкіш, тегістегіш зат ретінде
Na2SiO3, K2SiO3 - ерімтал шыны , желім, отка төзімді материалдар алуда.
Силикаттар - бағалы құрылыс материалдарын алуда қолданылатын шикізаттар.
Бұл тараудан (Х) не білдіңіз?
1.Металдар мен бейметалдардың периодтық жүйедегі орны.
2.Металдар және бейметалдардың физикалық, химиялық қасиеттері.
3.Металдар мен бейметалдардың табиғатта таралуы.
4.Металдар мен бейметалдарды бос күйінде алудың негізгі принциптері.
5.Заттардың агрегаттық күйлері, кристалдық торлар.
6.S – элементтерінің, қосылыстарының химиясы;
а) сілтілік металдар (Na, K)
ә) сілтілік - жер металдар (Ca, Ma)
7. р - элементтерінің, қосылыстарының химиясы; (Al, C, Si)
8.Қосымша топша ( d – элементтері) элементтерінің ( Fe, Cr, Cu, Zn) химиясы.
9.Металдар мен бейметалдардың табиғатта таралуы.
10 .Бос күйінде металдар мен бейметалдарды алудың негізгі әдістері.
11.Тарауға қатысты материалды оқып, білгеннен кейін мына сұрақтардың шешімін таба білу керек;
а) металдар мен бейметалдар қосылыстарында көрсетер тотығу дәрежелерін және ол қосылыстардың тотығу – тотықсыздану реакцияларындағы рөлін анықтай білу;
ә) типтік металдар мен бейметалдардың оксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттерін сипаттай білу;
б) элемент атомдарын сипаттайтын шамалардың ( электртерістілік, иондану энергиясы, электронтартқыштық, атом, ион радиустары) период және топ бойынша өзгерістеріне дәлелдеме таба білу;
в) заттардың (жай, күрделі) алынуы мен қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жаза білу;
г) сандық есептер шығара білу;
д) заттардың өзгерістері берілген сұлба бойынша реакция теңдеулерін жаза білу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген