Тәрбие
сағаты
Сыныбы:
5
Тақырыбы: Өзіңді тану –
өмірді тану
Мақсаты:
Балаларға өмір құндылықтарын
түсіндіре отырып, өмір туралы тереңірек білім
беру, өмірге құштарлығын дамыту,
өмірдің мәнін түсінуге
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекіліктері: суреттер, даналық
сөздер.
Техникалық
жабдық: интерактивті
тақта
Сабақтың барысы
:
Өмір деген - ол бір нәзік
тіршілік,
Таң сыйлайды
Нұр сыйлайды күн шығып.
Қадіріне жете алмасаң желдіріп,
Саған қарсы ұмтылады жұлқынып.
Өзін-өзі тану адамның өзін-өзі
бағалауына , өзін-өзі тәрбиелеуіне және өмірден өз орнын табуына
көмектеседі. Адам өзін, өзгені танып, ұғынудан, өзінің жаратылысын
түсінуден, өзін – өзі жетілдіруден өмірдің мәні туралы сұрақтарға
жауап іздейді. Әр адам өз өмірін ақ ниетпен
адал істерге бағыттап, рухани – адамгершілік құндылықтарды өзіне
мұрат еткенде ғана оның өмірі үлкен мәнге ие
болады.
«Өмір» деген ұғым бар да, өмір
сүретін адамда бар. Ол туралы ортақ пікір жоқ , әр алуан көзқарас ,
әр түрлі түсінік. Бірақ қалай болғанда да өмірден үйренгендерің мен
үлгі еткендерің де, үйрене алмай қасірет шеккендерің де, жақсылығың
мен жасаған жамандықтарың да, бәрі-бәрі, сайып келгенде, өмірдің
өзіндік тағылымдары.
Менің де ол туралы өз
түсінігім, өз ұғымым, өз пәлсапам бар.Менің пайымдауымша, «өмір»
деген «жақсы» - «жаман» не «жақсылық» - «жамандық» деген екі үлкен
әлемнен тұрады. Өмірге келген адамға екі әлемнің екеуі де өзінше
ықпал етеді.
Мен өз өміріме қатысты
жақсылықтың бір сәні – «парызды ақтау», жамандықтың бір сыры –
«пендешілік», өздігіңді танытудың бір жолы «азаматтық тұғырдан
көріну» деп түсінемін.
Көрініс
көрсету. «Немересі мен атасының өмірді
тану туралы әңгімесі»
Сұрақтар.
-
Өмірдің мәні неде деп
ойлайсыңдар?
-
Мәнді өмір сүру үшін адамға не
қажет?
-
Сенің мақсатың
қандай?
1.Өмірдің мәнін бір-екі ауыз
сөзбен айта салу қиын. Өмірдің мәні-өз қалауыңша өмір сүру. Алдыңа
қойған мақсатыңа жету. Ата-анаңа қамқор болу. Өмірдің мәні қандай
қиындық болса да сағың сынбай жеңе білу,ол үшін мақсатыңа күн
сайын ақырындап жылжи беру.Үнемі көңіліңде болған арман ғана іске
асады,көңілден кетсе,ол іске аспайды. Сол сияқты спортшы болам
деген адам да күн сайын, тек сол спортқа ғана үнемі көңіл
бөліп,аздап болса да алға жылжи берсе, орындалады.Қиындықтарға
төзімді болып, күдер үзбей, туыстарыңа, маңайыңа қамқор
болсаң,оларға керек болсаң өмірдің мәні сол.Өмірдің мәні-өзіңнің
елге керек екенің.
2.
Алла тағала бізге бұл өмірді
сыйлады. Сондықтан да біз бұл өмірді мәнді өткізуіміз керек.
Артымызда із қалдырып, тарихта атымыздың қалуын мақсат тұтуымыз да
қажет секілді. Тіпті сен жақсы жерде оқымай, дүниеден тапшылық
көрсең де сен туралы жақсы сөз айтылатын болса, ол сенің өмірді құр
өткізбегенің.
3. Менің мақсатым сабағымды жақсы оқып, мектепті жақсы бағалармен
бітіріп, жоғары оқу орнына түсу. Содан соң өз мамандығыма сай
дипломымды алып өмірден өз орнымды табу. Адам кез келген мақсатқа
қол жеткізе алады. Тек соған ерінбей еңбек етсе болды. Еліме
елеулі, халқыма қалаулы егемен еліміздің ертеңі болсам деген үкілі
үмітімнің үзілмеуін қалаймын, және сол үшін
күресемін.
1 –
оқушы.
Өмір деген ойын
да емес,той да емес,
Басқалардан
биік тұрар бой да емес.
Өмір деген
шахмат емес шатасқан,
Өмір деген ұта
қояр дойбы емес.
2 – оқушы.
Өмір –қатаң
емтихан,
Өтпейтіндер
құлайды.
Қадіріне
жетпейтіндер
Өмір бойы
жылайды.
3 – оқушы.
Өмір оны келе жатыр
дәлелдеп,
Өмір деген - еңбек, еңбек және
еңбек.
Өмір деген бақыттың да құсы
емес,
Қарап жатсаң,қона қалар саған
кеп.
4 – оқушы.
Өмір деген тұрады:таң мен
кештен,
Ғұмырлы екі араны жанмен
кешкен.
Құпия,жұмбақ,сырлы
дүниеге,
Адамдар Армен келіп,Армен
көшкен.
5– оқушы.
Өмір деген екі өзен: Мұң -
қуаныш,
Толқыны: Шындық - Жалған, Күлкі -
Намыс.
Бір таяздап өмірде,бір
тереңдеп,
Бір лайланып,өмірде бір
тұнамыз.
6– оқушы.
Күн десең де,тірлікті түн
десең де,
Өмірде өсімдіктей
бүрлесеңдер,
Жолында жолығатын қос тағдыр
бар:
Жусан - Жантақ, гүл - Тікен,гүл мен
Шеңгел.
7– оқушы.
Өмір дәмі,екі дәм: Ащы -
Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ -
Қатты.
Жолында жолығатын екі
тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын
сағатты.
8– оқушы.
Өмір дәмі - екі дәм: улы –
усыз,
Тірлік татып жатады шулы -
шусыз.
Кез келіп тағдырына келеді
Адам,
Жұмыр Жер құрлығында сулы -
сусыз.
9– оқушы.
Қолға түспес дүние жұрт
таласқан,
Кітап - Өмір парағын құнттап
ашқан.
Сезінер
жүрегімен,жаныменен,
Өмір әр кез ашық Күн,Бұлт та
басқан.
10– оқушы.
Өмір деген тұрмайды: қап -
қарадан.
Өмір деген тұрады:ақ -
қарадан,
Ақ - Қара,екі арасын ашып
өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан
Адам!
11– оқушы.
Өзіңе сен,өзіңнің күшіңе
сен,
Қос қолыңмен істелген ісіңе
сен.
Алысыңда сыйлайды,
жақыныңда,
Өзіңді өзің төменге
түсірмесең.
12– оқушы.
Өз қайығың, бар болса өз
ескегің,
Өмірде мен сені осал десем
едім.
Қимылдай бер, тарта бер
ескегіңді,
Шығады алдан жап-жарық
келешегің.
13– оқушы.
Қозғалмасаң, тоңазыр көлеңкең
де,
Ескегіңді ес, бір мезет тоқтай
көрме.
Өз қайығың болғаны қандай
жақсы,
Қашан, қайда барсаң да өз
еркінде.
14– оқушы.
Өкінсең де өткенің
оралмайды,
Өшкен отың қайтадан жана
алмайды.
Сен жасаған күнәні бір досың
да
Бөліп-жарып өзіне ала
алмайды.
15– оқушы.
Еңбек
етсем,ертеңгі
Бақытыма
сенемін!
Мақсатыма
жеткізер,
Уақытыма
сенемін!
Достық іспен қасты
да,
Жеңеріме
сенемін!
Ақыл сана білім
мен
Өнеріме
сенемін!
Арым таза, ақ
көңіл,
Адалдыққа
сенемін!
Абыройлы ақ
ниет
Адамдыққа
сенемін!
Күй. А.Еңсепов «Балбөбек» күйі. Орындайтын:
Төлепова Жансұлу
Көрініс: Соқыр
ана.
Мәнерлеп оқу сайысына қатысып
жүрген оқушыларымыз бізге өмір туралы өлеңдерін оқып
береді.
-
Т. Айбергенов «Өмір»
өлеңі
-
М. Мақатаев «Өмір
керек»
-
А. Шамкенов «Жас
өмір»
Қорытынды
Өмір қас-қағым сәтте өте
шығатын ағынды өзен секілді. Осы өмірдегі адамдар бір бірінің
қадірін біліп, бір біріне қамқор, қайырымды мейірімді болу керек.
Өмірдің жақын адамдардың, достарымыздың отбасымыздың,
бауырларымыздың құндылығын сезіне білуіміз
керек.
Ең бастысы - жүрегің таза
болсын;
Өмір - сенің мүмкіндігің,пайдалана
біл;
Өмір - сұлулық,сүйсіне
біл;
Өмір - арман,жүзеге
асыр;
Өмір - парыз,орындай
біл;
Өмір - ойын,ойнай
біл;
Өмір - байлық,бағалай
біл;
Өмір - махаббат,ләззат ала
біл;
Өмір - құпия,сырын
аш;
Өмір - қайғы,көтере
біл;
Өмір - күрес,жеңе
біл;
Өмір - бақыт,баянды ете
біл.