400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тəрбие сағаты "Рəміздер-ел беделі" 6- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшіге қажетті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:  «Рәміздер – ел беделі»

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат бере отырып, оларды ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету. Өз Отанына, оның рәміздеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру

 Көрнекілігі: интерактивті тақта,  рәміздер.

Барысы: Ұйымдастыру.

Әнұран.

1 – жүргізуші: Қайырлы күн, ұстаздар мен оқушылар « Рәміздер – ел беделі» атты саптүзеуімізді бастауға рұсат етіңіздер!


2 – жүргізуші: Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. 1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады.


1 – жүргізуші: Қазақстан Республикасының Конституциясының 9 - бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні»- делінген.

2-жүргізуші: Сондай - ақ осы заңның 34 - бап, 2 - тармағында « Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,»- делінген. Еліміздің Туы, Елтаңбасы, Гимні 1992 жылы 4 маусымда Жоғарғы Кеңестің сессиясының шешімімен бекітілген. Биылғы 2017 жылы мемлекетіміздің рәміздеріне 25 жыл толғалы отыр.

1-оқушы. Алғашқы гимн 1992 жылы желтоқсан айында қабылданған. Қазіргі Әнұранымыз 2006 жылы қаңтар айында қабылданды. Әнұран авторлары: әні- Шәмші Қалдаяқов; сөзі-Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

2-оқушы. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6 - тарау 13 – бабында жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында арнайы оқшауланған көрнекті орынға ұдайы Мемлекеттік Ту тігіледі, Мемлекеттік Елтаңба не олардың бейнесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мемлекеттік тілдегі мәтіні орналастырылады, - делінген.


3 – оқушы. « Әнұран» атты өлең

Барша халық таныған,

Біздің үміт, тілекті.

Шырқалғанда Әнұран,

Шаттық кернер жүректі.

Жеңіс туын көтерген,

Жарыстарда сан қилы.

Жетіп бізге шет елден,

Көкке Әнұран шалқиды.

Шәмші атаның сазды үні,

Жігер беріп қайратты.

Бәрімізді мәз қылып.

Жаңғыртады аймақты.




4- оқушы

ҚР Конституциясының 3 - тарау 6 – бабында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен шет мемлекеттердің елтаңбаларын немесе қоғамдық бірлестіктің, басқа да ұйымның елтаңбаларын (геральдикалық белгісін) бір мезгілде орналастырғанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының көлемі басқа елтаңбалардың көлемінен кіші болмауға тиіс.
      Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы басқа елтаңбалардан (г төмен орналастырылмайды.


5-оқушы. Елтаңба.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уалиханов. Елтаңбаның негізгі ойын білдіретін орталық элементі – шаңырақ.

Шаңырақ – отбасы ынтымағы мен тыныштықтың нышаны. Түндік көк аспан аясындағы жарқын күнді білдіреді.Уықтар әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны –күн сәулелерін еске салады.


6-оқушы

«Елтаңба» туралы

Бейнелеп сан ғасырды,

Елтаңбасы елімнің.

Таратады жас үлгі,

Киесіндей жерімнің.

Бабам тұлпар жаратты,

Құлынында танып – ақ.

Тұлпар барда қанатты.

Шайқалмайды шаңырақ.

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет өрінде.

Нұр төгеді елтаңба,

Ақ орданың төрінде. 


7-оқушы.

Тудың авторлары Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. Тудың көгілдір бір түстілігі бұлтсыз аспан күмбезін еске түсіреді және Қазақстан халқын бір жолда ұстауға, бірлестікке шақырады. Ашық көк аспан бейбітшіліктің, аманшылықтың, тыныштықтың белгісі.

Күн байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны. Сары түс алтынның түсі, байлықты білдіреді. Өрнек – ол халықтың көркемдік талғамының көрсеткіші. Ал қыран қырағылықты, қайырымдылықты, ой биігін көрсетеді.


8-оқушы. ҚР Конституциясының 2 - тарау 4 – бабында

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мынадай орындарда міндетті түрде көтеріледі (тігіледі,)
      Қазақстан Республикасының Президенті Резиденциясының, Парламентінің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының ғимараттарында және сол мемлекеттің протоколдық практикасына сәйкес көлік құралдарында орналастырылады.





9-оқушы.

Ұлттық аза тұтуға байланысты Мемлекеттiк Ту ұлттық аза тұту мерзiмi ішінде тұғыр биiктiгiнiң жартысына дейiн төмен түсiрiледi. Ғимараттарға тұрақты тігілген Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсіп тұруға тиіс.


10-оқушы

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік өрлік, өнер де.

Жақындағы ел жауынгер халық та,

Кім сенеді,

Ту болмады дегенге?

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған,

Өзі ақын, өзі әнші халыққа,

Кім айта алар,

Болмаған деп, — Әнұран?!


1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер — халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман — тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер», - деп айтып кеткен.


2-жүргізуші: Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналатынын естен шығармайық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
1147
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі