Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг. Ата-аналарға арналған тренинг.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі,мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек , отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат-әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан — жақты дамуына ата-ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін-өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» КММ











Ата – аналар

тренинг жиналысы

Тақырыбы : «Баланың бас ұстазы ата – ана!»



Телекөпір, ата – аналар мен пікірталас



Тренингті жүргізуші

және ұйымдастырушы : Елеусізова Зәуре

Сыныбы: 4 «б» сыныбы







Сынып ішілік ата – аналар тренингі

«Баланың бас ұстазы ата – ана!»







МАҚСАТЫ



Білімділік:



Ата – ана мен баланың арасындағы қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыру





Дамытушылық :

Оқу тәрбие үрдісіндегі міндетті жүзеге асыру, ата – аналардың белсенділігін көтеру және ынтымақтас

тықты нығайту





Тәрбиелік:

Отбасы мен мектеп арасындағы байланысты күшейту. Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білуге шақыру



























Тренинг ұстанымдары

«Қазір және осы жерде»

  1. Теңдік және ынтымақтастық;

  2. Топта болған жағдай, дәл осы жерде қалу керек;

  3. Тренингке қатысушы белсенді болу керек;

  4. Серіктесіңіздің жеке тұлғасын емес іс әрекетін сынға алу керек;

  5. Пікірлер нақты қозғалып отырған мәселеге байланысты болу керек;

  6. Топтың жұмыс тәртібін, сондай ақ жаттығулардың орындалуын сақтау қажет.

















































Тренинг барысы







Шаттық шеңберін құру, таныстыру.

1





Топқа бөлу





2





Сыни тұрғыдан ойлау тапсырмасы «Сіз не дейсіз?»

( суретке қарап өз пікірімен бөлісу)



3







Менің балам ... жаттығуы

( сөйлемді өз пікірімен жалғастыру )





4





«Баламның бос уақыты»

( балаңыздың бос уақытын қадағалайсыз ба және қалай? )





3

5



Мен қандай ата – анамын?

( жеке және жұптық түрде орындалады? Өзіңіздің қандай екеніңізді білу )





6

Кері байланыс



Балалардың ІІ тоқсандық білім сапасын қорытындылау



7

8













Марапаттаулар











  1. Ең белсенді ата – ана!

  2. Ең үлгілі ата – ана!

  3. Ең ұшқыр ойлы ата – ана !
































Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан.

Өле –өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан

Бер оқуға балаларды жасынан

Ата –анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы – жаман болса бала солардан

Жүсіп Баласағұн

Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі,мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек , отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат-әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан — жақты дамуына ата-ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін-өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.
Бізде көптеген ата-аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. «Әрбір баланың мінез – құлқы ата – анасының жағымды іс әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деп Павлов айтпақшы ата – ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көрсететін айнасы. Отбасында ата-ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу-үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата-ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді.Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата-ана болып қала береді.Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата-ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?

Сонымен әрбір ата-ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі-өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата-ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата-ананың қолында.

Адамға ең бірінші білім емес тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы демекші, ата –аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату – кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата – аналар мен ұстаздар қауымы бірге атсалысса, алар асуымыз биік болары сөзссіз.


Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі «Баланың бас ұстазы — ата-ана» атты тренинг сабағымызға қош келдіңіздер! Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы ата – ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты күшейту, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелері болса, ойымызды ортаға салғалы отыру болып табылады.

І. Ендеше Алдымен, сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеру мақсатында «Шаттық шеңбері» тренингін өткізгелі тұрмын. Ал, құрметті ата–аналар, қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық.

Ең алдымен «Сәлем, бұл мен!» жаттығуы.

Мақсаты: өзін – өзі таныстыру дағдысын дамыту, араласу үшін ата * аналар арасында жағымды байланыс орнату.

Тапсырма: Өзі туралы айту, өзінің қайталанбас тұлға екендігін, тренингке қатысушылармен бірге жұмыс атқарып, тілдесуге дайын екендігін көрсету.

Жаттығуды талдау.

  1. Қай қатысушының өзін – өзі таныстыруы сізге көбірек ұнады.

  2. Қатысушы жайлы қандай мәлімет алдыңыз?

  3. Сіз қатысушының ашық қарым-қатынасқа бет бұрғандығын сезіндіңіз бе?

ІІ. Топқа бөлу

Ата – аналарға бөлшектелген мақал – мәтелдер беріледі. Яғни ішінде мектеп, бала, ата – ана деген үш топқа бөлінеді.

ІІІ. «Қызықты сұрақтар» жаттығуы

Мақсаты: баласына қаншалықты көңіл бөлетіндігін байқау.

Тапсырма: баланың күнделікті өмірі жайлы сұрақ – жауап.

  1. Балаңыздың туған күні?

  2. Балаңыз қай сыныпта оқиды?

  3. Мектеп директорының аты – жөні?

  4. Балаңыздың парталас көршісі кім?

  5. Балаңыздың сынып жетекшісінің аты – жөні, байланыс номерін айта аласыз ба?

  6. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

  7. Сыныпта ең жақын досы?

  8. Балаңызды күніне қанша рет еркелетесіз?

  9. Балаңыздың жақсы көретін түсі?

  10. Жақсы көретін пәні?

  11. Үлгі тұтатын адамы?

  12. Балаңыз сізге қандай сөзді жиі айтады?

  13. Балаңыздың ренжігенін қалай байқайсыз?

  14. Балаңыз кеше қандай сабақтан баға алды?

  15. Балаңызбен ақылдасасыз ба?

  16. Балаңыздың сынып жетекшісімен жиі хабарласып тұрасыз ба?

  17. Мектепке жиі келіп тұрасыз ба?

  18. Үй тапсырмасын орындауға көмек бересіз бе?

  19. Балаңыз кеше қандай киім киіп келді?

  20. Балаңызға бүгінгі сабақ кестесін айтып беріңізші?

  21. Күнделіктегі баға қорын санап отырасыз ба?

  22. Балаңыздың арманы жайлы білесіз бе?


ІҮ. Ой қозғау ? Жаттығуы.

Мақсаты: Білім сапасы ұрпақ тәрбиесі екендігінен көз жеткізу.

Тапсырма: суретке қарап ата – ана өз пікірімен бөліседі.


Ү. « Менің балам қандай?» жаттығуы?

Мақсаты: баласының бойындағы қасиеттерді айшықтау.

Тапсырма: Сіздерге парақ беріледі, сол параққа балаңыздың 8 қасиетін жазып шығыңыз. Енді балаңаздың бойында нақ бар қасиеттердің төртеуін дәлдеңіз. Оларды екі топқа бөліп қанағаттандырады және қанағаттандырмайды деп бөліңіз.


ҮІ. «Баспалдақ» жаттығу

Мақсаты: Саналы ұрпақ тәрбиелеуге баулу.

Тапсырма: Көп қабатты үйлерде тауарлар сатылуда. 1 қабатта сапасы төмен. 2 қабатта орташа, 3 қабатта жоғары сападағы заттар сатылады. Ал сіздер қай қабаттан алар едіңіздер. Ата –аналар өз ойларымен бөліседі.



ҮІІ. «Баламның бос уақыты»

Мақсаты: балаңыздың бос уақытын дұрыс бағдарлай аласызба?

Тапсырма: стикерге балаңыздың бос уақытында немен айналысқанын қалар едіңіз. Үш ұтымды пікір жазып тақтайшаға іліп қойыңыз.


ҮІІІ. «Мен қандай ата – анамын?» жаттығуы.

Мақсаты: Өз өзіңізді тәрбиелеу, бойыңыздағы қасиеттерді білу.

Тапсырма: қазір сіз өзіңізді қандай екеніңізді стикерге жазып, жүрек тұсыңызға іліп қоясыз. Ендігі кезекте ата – аналар сізді аралап жүріп арқаңызға қағаз іліп қоямыз. Сол қағазға өз пікірлерін көрсетеді. Егер сіз жақсы ата ана болсаңыз күннің суретін, тұйық ата – ана болсаңыз бұлттың суретін, жұмбақ ата – ана болсаңыз ? белгісін қояды. Сабақ соңында біз сіздің қандай ата – ана екеніңізді анықтаймыз.


ҮІІІ. Кері байланыс:

Мақсаты: ата – аналарды тренинг сабақтарға жиі тарту

Тапсырма: бүгінгі сабақтан не алдыңыз, не түйдіңіз, тағы қандай мәселелерді қолға алғыңыз келеді.

















«Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп» КММ

Хаттама № 4

Шолаққорға ауылы 26.12.2016 ж


Қатысқаны: 23

Қатыспағаны : 3 (себепті)


Күн тәртібінде:

  1. Үздік оқушылардың «Ұланға» өту жайлы

  2. Қысқы демалысты қалай өткіземіз, бос уақытында немен айналысқанын қадағалайсыз.

  3. ІІ тоқсанның білім сапасына қорытынды жасау


Тыңдалды:

Алғашқы сөзді сынып жетекші елеусізова Зауре апай бастады.

Сәлеметсіздер ме құрметті ата – аналар! Міне демде ІІ тоқсанды да аяқтағалы отырмыз. Бұл тоқсан өте қысқа тоқсан болғанымен бірақ атқарылар жұмыс көп тоқсан.

Енді жиналысымызда қаралатын мәселелер жайлы кезек кезек хабарланып отырады. Бірінші мәселе бойынша мектебіміздің тәлімгері Жылқыбаев Азамат ағайға сөз беріледі.

  1. Ж.Азамат: ия, құрметті ата – аналар, біз осы желтоқсан айында өздеріңіз көргендей оқушыларды «Ұлан» ұйымының мүшесі ретінде қабылдады. Бұл балаларды білімге, тіртіпке, тәрбиеге жетелей отырып мектептің үлгілі оқушысы ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Бұл сыныптан 6 оқушы өтті. Барлығы антты айтып өз төс белгілерімен марапатталды.

  2. Келесі мәселе бойынша сынып жетекші Зәуре апай сөз алды.

Алдағы уақытта балаларды он күндік демалыс күтіп тұр. Бұл демалыста балалардың уақытын босқа өткізбей тиімді өткізейік. Көбірек кітап оқуынқадағалайық. Оның бос уақытын тиімді өткізе білейік.

Осы тұрғыда ата – аналар өз пікірлерінде білдіріп жатты.

Ата – ана: Жексенұлы Талғат: Мен қызымның бос уақытында өзім кітап оқып беріп, оның мазмұнын сұраймын. Ата – әжесінің әңгімесін көп тыңдатамын. Қызыммен бірге отырып қызықты бағдарламаларкөріп, талқыға бірге саламыз.

Ата – ана: Елеусізов Қайрат: Ия, дұрыс айтасыз. Баланың бас ұстазы ата – ана демекші, біз балаға дұрыс, тәлім – тәрбие берсек, олар бізге қарап бой түзейді, өседі, өнеді, сондықтан барлық уақытын қадағалаған жөн. Мен өз басым балаларыма бей берекет теледидар көрсетпеймін. Телефон, компьютер мүлдем пайдаланбайды және таныста емес. Өзім көбінесе оқыған, көрген, өмірден тоқыған әңгімелерімді айтып беріп отырамын.


  1. Ен соңғы мәселе бойынша сынып жетекші сөз алды.

ІІ тоқсан қорытындысы бойынша жалпы 2 «Б» сыныбы 26 оқушымен аяқтады. Оның білім деңгейі мына төмендегіше.


Атап айтатын болсақ Үздіктер - 10 оқушы

Екпінділер - 11 оқушы

Орта - 5 оқушы деңгейін көрсетіп отыр. Екінші тоқсан бойына барлық балаға анализ жасалып жекелеген папкаларына тігілген. Онда осы тоқсан аралығында балалардан алынған сын жұмыстары, диктант, бақылау , тест тапсырмалары, суммативті бағалау парақшалары тігілген. Осы жүргізілген жұмыстардың нәтижесіне талдау жасап өзіме дарынды оқушылар және үлгерімі төмен оқушыларға қай бағытта тапсырма беру керектігін топтастырдым.

Сіздерге балалардың тоқсан қорытындысын жазған жазба жұмыстарының нәтижесі берілген, соған қарап өздеріңіз көріп шығып қажетті жерін түйіп отырыңыздар.


Қаулы етеді: 1. Бос уақытты кітап оқу қолға алынсын

2. Екпінді оқушыларды алға тарту

3. Үлгерімі төмен оқушыларды қолға алу


Хатшысы: Мырзағулова Разия

Жетекшісі: Елеусізова Зауре








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2019
2391
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12