Тренинг
Сіз, өз ортаңызда
қандайсыз?
Мақсаты: Педагогтардың ұжымда қарым – қатынас іскерлігін
өзара байланыс негізінде дамыту, көңіл – күйлерін
көтеру.
Міндеттері: Тәрбиешілер арасында бір – біріне жағымды жағдай
орнату. Адамдарды тыңдай білуге және өз ойын бөлісе білуге
тәрбиелеу, өзіне деген сенімділігін дамыту.
Жоспары:
-
Танысу: «Менің саған айтқым
келеді...»
-
Тест: «Өз – араңызда
қандайсыз?»
-
«Мимикалық ситуация»
-
Сергіту сәті: «Өтінемін»
-
Жаттығу «Мен ойлаймын»
-
Коллаж: «Менің таңбам»
-
Қорытынды: «Бос микрофон» - тренингтен алған
әсерлерімен бөліседі.
Кіріспе
Қарым – қатынас дегеніміз, адамдар арасында
біріккен іс – әрекет қажеттілігін туғызатын күрделі процесс.
Адамдар бір – бірінен санасы мен ақылы арқылы ерекшеленеді. Қарым –
қатынассыз жеке адамды түсіну, дамуы мен жетілуін, мінез – құлқын,
ерекшеліктерін білу мүмкін емес.
Танысу: «Менің саған айтқым келеді...» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер бойымен тұрып осы фразаны өз қалаулары бойынша
жалғастырып, бір – біріне ойларын жеткізеді.
Тест: «Өз
– араңызда қандайсыз?». Қатысушыларға жеке – жеке тест сұрақтары
беріледі. Әрқайсысы өздеріне тән нұсқаларын белгілейді. Соңында
қорытындысын шығарып айтады.
Ойын: «Мимикалық ситуация». Қатысушылар ортаға шығып
ситуация тақырыптарын таңдайды. Олар: «махаббат», «қызғанушылық»,
«достық», «көреалмаушылық» т.б. әр қатысушы өз тақырыбына
байланысты мимика, панто – мимика арқылы ситуация құрайды. Қалған
қатысушылар қандай ситуация құрылғанын табады.
Сергіту сәті: «Бір - біріңе» және «Өтінемін»
жаттығуы.
Нұсқау: Сіздер осы жерде еркін жүріп, менің айтқан
тапсырмамды орындауларыңыз қажет. Мен «бір - біріңе» дегенде сіздер
жұптарыңызды табуларыңыз керек. жұптасқаннан кейін тапсырма
беремін.
Сонымен бастадық: «бір - біріңе» енді бір –
біріңіздің қолдарыңызды қысыңыздар, аяқтарыңызды – аяққа, басты –
басқа, құлақты – құлаққа, беттеріңізді – беттерге, тигізіңіздер.
Залда қайта еркін жүріңіздер, жаңа жұп табыңыздар. Ойын ары қарай
жалғасады. «Өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз
қажет. Ал, «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті
орындамайсыздар.
-
Секіріңіздер
-
Оң
аяқтарыңызды көтеріңіздер
-
Өтінемін, бір – біріңді
құшақтаңыздар
-
Оң
қолдарыңызбен сол құлақтарыңызды уқалаңыздар
-
Өтінемін, отырып, тұрыңыздар
-
Өтінемін, шалқаямыз, еңкиеміз
-
Оң
қолымызды көтереміз
-
Өтінемін, алақанмен шапалақ
ұрамыз
Жаттығу: «мен ойлаймын...»
Біз
бір – бірімізді жақын тану үшін әрқайсыларыңызға сұрақтар ұсынамын.
Әр қатысушы сұрақтарды өз ойларымен аяқтайды.
Карточкадағы сөйлемдер:
Ең
үлкен қорқыныш – бұл...
Мен
мынадай адамдарға сенбеймін...
Мен
ренжимін, егер...
Мен
ұмытпаймын, егер...
Маған көңілсіз, егер...
Егер маған дауыс көтерсе,
мен...
Мен
қарсыласқанда...
Егер мен сенімсіз болсам, онда...
т.б.
Коллаж: «Менің таңбам». Сіздер ең алдымен нені істей
аласыздар, соны бейнелеу керек. екіншіден – өздеріңізді жақсы
сезінетін орта (отбасы, балабақша, достарыңның ортасы, т.б.).
үшіншіден – ең үлкен жетістігім. Төртіншіден – сенімді үш адам.
Осының бәрін кестеге сөз, сурет, символ арқылы көрсетіңіздер.
Бесіншіден – өзің туралы естігің келетін үш сөз.
Қорытынды: «Бос микрофон» - қатысушылар тренингтен алған
әсерлерімен бөліседі.