Материалдар / Тренинг "Жетістікке жету өз қолыңда"

Тренинг "Жетістікке жету өз қолыңда"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп психологтарына керек материал Бұл тренинг оқушылардың өзін өзі анықтай алуына ,алдына қойған мақсатына психологиялық жағынан көмек беру ,жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
7821
17 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

10 жалпы орта білім беретін мектеп















Мектеп психологы: Кангереева Г.А.











2017-2018 оқу жылыТақырыбы: «Жетістікке жету өз қолында»Мақсаты: Оқушылардың өзін - өзі анықтай алуына, алдына қойған мақсатына психологиялық жағынан көмек беру, жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу.Тренинг жоспары:1. «Сәлемдесу» жаттығуы 2. «Менің жетістіктерім» жаттығуы3. «Мен және менің жетістіктерім» релаксация4. «Жетістікке жетудің жолдары»5. Сергіту сәтіТренинг ережесі:- Тыңдау әдебін сақтау;- Өз пікірін ашық білдіру;.- Ашық, көңілді болу;- Белсенділік таныту;- Сыйластықта болу; Адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді, әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Оқуға түссем, табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп тілейді. Алға қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді. Ал осы үшін әрекет жасайды, тірлік қылады. Дегенмен әркім әрқашан діттеген жерінен шыға алмайды, көксегені де орындала бермейді. Содан барып кейбіреулер тағдырға шағынады. Біз барлығымыз осы өмірде жетістікке жетуді қалаймыз.Сендердің түсініктеріңіз бойынша жетістік дегеніміз не және оған қалай жетуге болады екен? (қатысушылардың пікірлері) Осы сұраққа жауап беру үшін мен сендерге барлық бөгеттерден өтіп «Жетістік» мемлекетінде болуды ұсынамын. Барлықтарының бір-бірінің қолдарын ұстап көздеріңді жабуды сұраймын, менің белгім бойынша, біз бәріміз «Жетістік» деген құпия қаласында боламыз. Біз бәріміз осы қаланың тұрғындарымыз.«Сәлемдесу» жаттығуыМақсаты: топтағы адамдармен танысу және қандай көзқараспен қарайтынын, топта өзін қалай ұстайтынын бақылау. Нұсқау: адамдарды шеңберге тұрғызып өзінің атын айтады да, оны кім қойды, оның шығу тарихын, өзінің атының қандай мағына беретінін айту. Атының бас әрпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді жатқызуға болады, соны айтады.«Менің жетістіктерім» жаттығуы.Мақсаты: өз жетістіктеріңізді саналы түрде ұғынуға арналған метафоралар құрастыру.Нұсқау: оқушыларға ұсынылған метафораларды сұрақтарға жауап бере отырып өзінің жетістікке жету әдісін айтады. Мысалы:«Менің жетістіктерім – бұл, …. және онда мен – бұл …, сонда менің өмірің – бұл …..». Талқылауға арналған сұрақтар:Өз жетістігінізді қалай қабылдайсыз, қалай көресіз?Сіздің жетістікке жету формуланыз.«Жетістікке жеткен адам» дегеніміз кім?»

«Мен және менің жетістіктерім» релаксация Психолог: Ешнәрсе ойламауға тырысыңыздар. Еркін демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз. Жеке жұмыыстарыңыз бен проблемаларыңызды ұмытыңыз. Сізге космос әлемінен алтын сияқты шұғыла тұла бойыңызға еніп жатыр, тәніңізді жағымды энергияға толтыруда. Бұл ұлы энергия, бұл Сіздерді жаңа биіктерге көтереді, өзіңізге маңызды барлық мәселеде жеңіске жетелейді. Бұл энергия балалардың тәтті күлкісі сияқты, өмірдің барлық ұсақ түйектеріне қуана алуға үйретеді, балалардың қуанышы сияқты сіздің әрбір клеткаңызға алтын жарық болып енгенде, сіз жарқырайтыныңызды көз алдыңызға келтіріңізші. Ал енді, өзіңіз қалаған салада жетістікке жеткеніңізді, жетістікке жеткен және өзін сенімді адам екеніңізді көз алдыңызға келтіріңіз. Барлығы іс жүзіне асады! Сіз дәл қазір үлкен жұмыс атқардыңыз. Сіз өзіңізге керемет көмектестіңіз, өзіңіздің жаңа өміріңізде жаңа жағдайлардың дамуына жаңа бағыт белгіледіңіз, жағымды нұсқаулар жібердіңіз.«Жетістіке жетудің жолдары» «Қуаттандыру» Мақсаты: өзіндік бағалауын, сенімділігін, белсенділігін жақсарту.
  • Жігер деген-МЕН
  • Күш деген-МЕН
  • Махаббат деген-МЕН
  • Кешірім деген-МЕН
  • Құдірет деген-МЕН
  • Жастық деген-МЕН
  • Денсаулық деген-МЕН
  • Ақылдылық деген-МЕН
  • Жарқындық деген-МЕН
  • Бар ғажаайып деген-МЕН
  • Бәрі маған байланысты
  • Бәрі менің қолымда.








«Жаңбыр»

Мақсаты: Топты тыныштандыру эмоциялық көңіл-күйлерін бәсеңдетуге бағытталады. Қатысушылар 4 топшаға бөлінеді. 1-топша алақандарын сылайды. 2-топша тізелерін алақандарын сөгу. 3-топша саусақтарын сытырлату. 4-топша аяқтарының басын тықылдату. Ең алдымен әрбір топшаға аталған нұсқаулар ретімен беріледі, содан кейін белгі бойынша кезекпен жасауды өтінеді. Жетекші әрбір топшаны нұсқау қимылды нақты береді, ал қалған топтар тып-тыныш күйінде тыңдайды. Бірінші топшаның жасаған қимылы бір қалыпты шыққаннан кейін, нұсқау екінші топшаға беріледі. Осылайша кезекпен 3ке,4ке жалғасады. Бұдан кейін бәрі барлық топша бірге қимылдан жасайды,әрі тыңдайды. Белгі бойынша жоғары, төмен, орташа сосын орташа деңгейде жасаса да 4 топша тынышталып, кейін 3 топша тынышталады, 2 топша, 1 топша тынышталады. Кейін қатысқандардан ненің дыбысы естілгені сұралады.

Сергіту жаттығуы «Поезд» жаттығулары психологиялық және физикалық қобалжулықтан арылу, дұрыс пікір қалыптастыру. Ойын шеңберде өткізіледі. Алдымен бірінші, екінші деп саналу керек. Бірінші қадам - алақанмен шапалақтау, екі рет аяғымен тоқылдату. Екінші қадам - екі шапалақ, бір топылдату. Қозғалыс кезекпен қайталанады: бірінші - екінші - бірінші - екінші және т. с. с шеңбер бойынша: пойыз доңғалақтарының шуылын салып көрсетеді. Ойын барысының өн бойында қарқын үнемі тездетіледі. 2 мин

















Хаттама

Күні: 06.03.2016ж №_________Тақырыбы: «Жетістікке жету өз қолында»Мақсаты: Оқушылардың өзін - өзі анықтай алуына, алдына қойған мақсатына психологиялық жағынан көмек беру, жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу.Контингент: 11 «» сыныпЖүру барысы: Оқушыдар шеңберге тұрып өзінің атын айтады да, оны кім қойды және өзінің атының қандай мағына беретінін айтады. Атының бас әрпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді жатқызуға болады, соны айтады. Келесі жаттығуда оқушыларға ұсынылған метафораларды сұрақтарға жауап бере отырып өзінің жетістікке жету әдісін айтады. «Жетістіке жетудің жолдары» жаттығуында қуаттандыру сөздері айтылады.Сонымен қатар сергіту жаттығулары жүргізілді.Қорытынды: Оқушылар өтілген жаттығулардан алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің ой пікірлерін ортаға салып отырды. Тренингтің барысында оқушылар өз алдарына қойған мақсаттарымен бөлісіп, соған жету жолында еңбектену керек екендігін түсінді.





Мектеп психологы: Кангереева Г.А.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ