400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг «Мен және менің әріптестерім»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренингтер: «Мен және менің әріптестерім»
Материалдың қысқаша нұсқасы

?азақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Алматы облысы Білім басқармасы

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі



«Келісілді» «Бекітемін»

директордың әдістемелік директордың оқу ісі

жұмыстар жөніндегі орынбасары: жөніндегі орынбасары:

_______ Кохметова Г.М. _______ Есімбеков Н.Б.

«___» ______ 2013жыл «___» ______ 2013жыл

“Қоғамтану және өзін-өзі тану”

пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

Мамандығы: 0105000 «Бастауыш жалпы білім беру»


Бағдарламаны құрастырған: педагогика,психология пәндерінің оқытушысы Аметова Л.А.









Педагогика және психология кафедрасының

отырысында талқыланып бекітілді:

Хаттама № __ ____ 2013ж.

Кафедра меңгерушісі: ______ Рашева Ж.Ж.

1. Түсінік хат

“Адам және қоғам” бөлімінің тақырыптары адам, еңбек, шеберлік, отбасы, балалар, қоғам, отан, патриоттық, этика, адамгершілік және басқа да құндылықтарды оқып үйренуге және адамның қоғамдық рөлін ашуға бағытталған.

  • басқа адамдармен өзара қарым- қатнас жасау мәдениеті;

  • адамгершілік мінез-құлық;

  • адами қарым-қатнастар этикасы;

- отбасындағы өзара қарым-қатнас этикасы;

- балаларды тәрбиелеу ;

- ұрыс-керіс және дау-жанжалдарды реттеу;

- жағымды қарым-қатнас;

- әр адамның моральдық қағидаларды қатаң ұстауы;

- адамның әлеуметтік рөлдері;

- адам моральды иеленуші;

- кәсіби тұрғыдағы өз-өзіне сенімділік;

- ұрпақтар сабақтастығы;

- патриоттық және азаматтылық;

- қоғамдағы әйел адамның және ер адамның рөлі;

- қоғамға қызмет ету;

Қоғам- тірі организмдер сияқты біртұтас, күрделі жүйе. Адамның дене мүшелері-жүрегі, аяқ-қолы, сезім мүшелері, т.б. оның өмір сүруін қамтамасыз етеді. Егер солардың бірі кеміс болса, не қызмет нашарласа, адам организімі әлсіриді, тіпті өмір сүруден де қалады. Сол сияқты, қоғамның да түрлі құрылымдары, салалары (саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани) бар және олардың әрқайсысы тиісті қызмет атқарады, бүкіл қоғамдық жүйеге, оның бірілігіне, органикалық тұтастығына әсер етеді. Біздің еліміз –Қазақстан Республикасы да қоғам ретінде өзіне тән саяси-әлеуметтік, экономикалық және рухани жүйелерден тұрады. Олардың әрқайсысы дербес және өзара бірлігімен сипатталады. Қазақстан Республикасының алға қойған айқын мақсаты бар. Ол-өзара тең көмпеншілікті, әлеуметтік-экономикалық, саяси-рухани құқықтық әдеттілікті, аумақтық- тұтастықты қамтамасыз етеді. Бірлікке ұмтылған демократиялық қоғам құру. Бүкіл Қазақстан халқы осындай мұратты мақсат тұтып, оның баянды болуына ұмтылуда.

“ Қазақстан Республикасы өзін демократиялық , зайырлы, құқықтары мен бостандықтары.” Оның қызметінің негізге алынатын қағидалары – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық даму , саяси патриотизм мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістерін шешу.сондықтан әрбір жас ұрпақ елдің ертеңгі азаматтары өз қоғамын, оның құрылымын, ондағы қарым – қатынастарды, әлеуметтік бірлікті өзінің қоғамдағы қандай қоғамда өмір сүріп жатқанын, өз еңбегі мен өмірінің мәні неде екенін білуі қажет.


Жалпы сағат көлемі:53 сағат

Теориялық: 43 сағат

Практикалық: 10 сағат






























2.Пәннің тақырыптық жоспары

Бөлімдер мен тақырыптар атауы

Жалпы сағат сандарының көлемі


Барлығы

Теор.саб

Прак.саб

І-Бөлім. Қоғам және өзін – өзі тану

4

3

1

1.Кіріспе. Қоғамтану және өзін – өзі тану туралы жалпы түсінік

2

2

-

2. Қоғамның түрлері және қоғамдық қатынастар туралы түсінік

2

1

1

IІ-Бөлім. Адам және қоғам біртұтас жүйе

6

6

-

1.Басқа адамдармен өзара қарым – қатынас жасау мәдениеті

2

2

-

2. Адами қарым – қатынастар этикасы

2

2

-

3. Әр адамның моральдық қағидаларды қатаң сақтауы

1

1

-

4. Кәсіби тұрғыдағы өз - өзіне сенімділік

1

1

-

IІІ-Бөлім. Адам қоғамның жігерлі субъектісі

8

6

2

1. Адам туралы жалпы түсінік

2

2

-

2. Жеке адамның құрылымы

2

2

-

3. Адамның мүдделері мен қажеттіліктері

2

-

2

4. Адам – ақыл – ой иесі

2

2

-

ІV-Бөлім. Адаям және сана

6

6

-

1. Адам және сананың пайда болуы. Сананың даму тарихы

2

2

-

2. Сананың еңбекпен және тілмен байланысы

2

2

-

3.Өзіндік сананың құрылымы және формалары

2

2

-

V – Бөлім . Адам және білім

8

6

2

1. Білімнің адам, қоғамның өміріндегі рөлі, білімнің қызметі

2

2

-

2. Білім жүйесінің құрылымы және кәсіби бағдарлама

2

2

-

3.Үздіксіз білім тұжырымдамасы

2

-

2

4. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің қалыптасуы мен болашағы

2

2

-

VI – Бөлім. Отбасы және неке

10

8

2

1. Неке ұғымы және оның мазмұны

2

2

-

2. Отбасының қызметі

2

2


3. Отбасындағы қарым-қатынас

2

-

2

4.Отбасы қоғамдағы негізгі әлеуметтік институт

2

2

-

5. Отбасындағы бала тәрбиесі

2

2

-

VII – Бөлім. Әлеуметтік бірлік және әлеуметтік қарым-қатынас.

7

5

2

1. Әлеуметтік өзара байланыстар мен іс-әрекет.

2

2

-

2.Жеке адамдар мен топтар арасындағы қарым- қатынас.

3

1

2

3.Әлеуметтік ұйымдардың өзара қарым-қатынасы.

2

2

-

VIII – Табиғат және қоғам.

4

4


1.Табиғат пен адамның ерекшеліктері.

2

2

-

2.Табиғат пен адамның өзара қарым-қатынасы.

2

2

-

Барлығы

53

44

9



















3.Жалпы оқу бағдарламасының пәндер атауларының мазмұны

“Қоғамтану және өзін-өзі тану”

І-бөлім. Қоғам және өзін-өзі тану

1.1 Кіріспе. Қоғамтану және өзін – өзі тану туралы жалпы түсінік. Қоғам туралы жалпы түсінік. Қоғам туралы ілімнің дамуы. Қоғамның қызметі.

1.2Қоғам туралы ілім және оның қазіргі жағдайы. Қоғамның түрлері және қоғамдық қатынастар туралы жалпы түсінік.

Парктикалық сабақ: Қазақ ойшылдары адам және қоғам туралы


II – бөлім. Адам және қоғам біртұтас жүйе

2.1Басқа адамдармен өзара қарым - қатынас жасау мәдениеті

2.2Әр адамның моральдық қағидаларды қатаң сақтауы

2.3Адами қарым – қатынастар этикасы

2.4Кәсіби тұрғыдағы өз – өзіне сенімділік


IІІ-Бөлім. Адам қоғамның жігерлі субъектісі

3.3Адам туралы жалпы түсінік.

3.2.Жеке адамның құрылымы.

3.3.Адамның мүдделері мен қажеттіліктері.

Практикалық сабақ: Ш.Уәлихановтың адам және қоғам туралы ой – пікірлері

3.4.Адам ақыл – ой иесі. Адам және адамгершілік.

IV – бөлім. Адам және сана

4.1.Адам санасының пайда болуы.

4.2.Сананың даму тарихы.

4.3.Сананың еңбекпен және тілмен байланысы.

4.4.Өзіндік сананың құрылымы және формалары.

V – бөлім. Адам және білім

5.1.Білімнің адам қоғамы өміріндегі рөлі, білімнің қызметі.

5.2.Білім жүйесінің құрылымы және кәсіби бағдарлама.

5.3.Практикалық сабақ: Үздіксіз білім тұжырымдамасы.

5.4.Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің қалыптасуы мен болашағы.


VI – бөлім. Отбасы және неке

6.1.Неке ұғымы және оның мазмұны. Отбасының мазмұны.

6.2.Отбасының қызметі. Отбасының құрамы және оның түрлері. Отбасының қайшылықтары. Ұрыс керіс және дау жанжалдарды реттеу. Қоғамдағы әйел адамның және ер адамның рөлі.

6.3. Отбасының қызметі.

Отбасының материалдық экономикалық және шаруашылық-тұрмыстық қызметі. Отбасынығ тәрбиелік қызметі. Отбасының қайшылықтары.

6.4. Отбасындағы өзара қарым – қатынастар.

Адамдар арасындағы жылы қарым-қатынас. Қабылдау, сенім білдіру. Жанұядағы жанжалды болдырмауға ықпал жасау. Отбасындағы мәселелерді шешудегі ережелер.

Практикалық сабақ: Жас отбасындағы қарым-қатынас қызметі.

6.5.Отбасы қоғамдағы негізгі әлеуметік институт.

Қазіргі қоғамда отбасының жаңа үлгісінің пайда болуы.Отбасымен жұмыс істейтін әлеуметтік жұмыстың мақсаты.

6.6.Отбасындағы бала тәрбиесі.

Отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы. Отбасындағы тәрбиенің субьектілері. Отбасындағы тәрбие міндеттері.


VIІ – бөлім. Әлеуметтік бірлік әлеуметтік қарым –қатынас.

7.1. Әлеуметтік өзара байланыстар мен іс-әрекеттер.

Әлеуметтік байланыстадың түрі. Қалыптасу негізі. Іс-әректтің объективтік субъективтік жақтары. .

7.2.Жеке адамдар мен топтар арасындағы қарым-қатынас.

Жеке адамның іс-әрекетімен дамуы. Адамдармен қатынасы.Топтық динамикасы.

Практикалық сабақ; Жеке адам құндылықтары.

7.3.Әлеуметтік ұйымдардың өзара қатынасы.

Адамдардың қоғамдық жүйесінің элементі. Ұйымдық құрылымның қалыптасуы.Жеке адамды ұйымға тарту және қоғаммен байланыстыру.

VIІІ – бөлім. Табиғат және қоғам.

8.1. Табиғат пен адамның ерекшелігі.

Табиғат пен адамның ерекшеліктері. Табиғат пен адам арасындағы байланыс. Адамның саналы мақсатпен еңбегі.

8.2. Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы.

Адам мен табиғаттың өзара байланысы. Адам мен табиғаттың бір-біріне әсері. Адамның табиғатқа, табиғи өмір сүру ортасына тәуелділігі.


4.«Қоғамтану және өзін-өзі тану» пәнін оқытуда күтілетін нәтижелер

«Қоғам және өзін-өзі тану» бөлімі бойынша :

  • Қоғамтану және өзін – өзі тану туралы жалпы түсініктерін қалыптастырады;

  • Қоғамның қызметі, оның қазіргі жағдайы,түрлері және қоғамдық қатынастар туралы жалпы түсінік қалыптастырады;

«Адам және қоғам біртұтас жүйе» бөлімі бойынша :

- Басқа адамдармен өзара қарым - қатынас жасау мәдениетін біледі;

- Әр адамның моральдық қағидаларды қатаң сақтауы керектігін үйренеді; - Адами қарым – қатынастар этикасын үйренеді;

- Кәсіби тұрғыдағы өз – өзіне сенімділігін арттырады;


«Адам қоғамның жігерлі субъектісі» бөлімі бойынша :

- Адам туралы жалпы түсінік,жеке адамның құрылымы туралы түсінік қалыптастырады;

- Адамның мүдделері мен қажеттіліктері біледі;

- Адам ақыл – ой иесі екендігі, адам және адамгершілік ұғымдарын игереді;

«Адам және сана» бөлімі бойынша :

- Адам санасының пайда болуы, сананың даму тарихы туралы біледі;

- Сананың еңбекпен және тілмен байланысын, өзіндік сананың құрылымы және формаларын анықтайды;

«Адам және білім» бөлімі бойынша :

- Білімнің адам қоғамы өміріндегі рөлі, білімнің қызметін біледі, іс-жүзінде жүзеге асырады;

- Білім жүйесінің құрылымы және кәсіби бағдарламасын анықтайды, талдайды;

- Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің қалыптасуы мен болашағы туралы біледі;

« Отбасы және неке» бөлімі бойынша :

- Неке ұғымы және оның мазмұны, отбасының мазмұны туралы түсініктерін қалыптастырады;

- Отбасының қызметі, құрамы және оның түрлері туралы біледі;

- Отбасының қайшылықтары, ұрыс -керіс және дау жанжалдарды реттеудің жолдарын анықтайды;

- Қоғамдағы әйел адамның және ер адамның рөлін біледі;

- Отбасының материалдық экономикалық және шаруашылық-тұрмыстық қызметін анықтайды, талдайды;

- Отбасындағы өзара қарым – қатынастар,адамдар арасындағы жылы қарым-қатынастрды анықтайды, талдайды;

- Қабылдау, сенім білдіру, жанұядағы жанжалды болдырмауға ықпал жасау тәсілдерін үйренеді, жүзеге асырады;

- Отбасындағы мәселелерді шешудегі ережелерін талдайды;

-Қазіргі қоғамда отбасының жаңа үлгісін анықтайды;

- Отбасымен жұмыс істейтін әлеуметтік жұмыстың мақсатын анықтайды;

- Отбасындағы бала тәрбиесінің маңыздылығын түсінеді;

- Отбасындағы тәрбие міндеттерін біледі;

« Әлеуметтік бірлік әлеуметтік қарым –қатынас» бөлімі бойынша :

  • Әлеуметтік өзара байланыстар мен іс-әрекеттер туралы түсінік қалыптастырды;

  • Жеке адамдар мен топтар арасындағы қарым-қатынас туралы біледі;

  • Жеке адамның іс-әрекетімен дамуы анықтайды;

  • .Әлеуметтік ұйымдардың өзара қатынасы. қалыптарстыруын біледі;

  • Адамдардың қоғамдық жүйесінің элементін біледі;

  • Ұйымдық құрылымның қалыптасуы, жеке адамды ұйымға тарту және қоғаммен байланыстыру қажеттілігін ұғынады;

«Табиғат және қоғам» бөлімі бойынша :

  • Табиғат пен адамның ерекшелігін ажыратады;

  • Табиғат пен адам арасындағы байланысты анықтайды;

  • Адамның саналы мақсатпен еңбегі жасайтынын біледі;

  • Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы.

  • Адам мен табиғаттың бір-біріне әсерін түсінеді;

  • Адамның табиғатқа, табиғи өмір сүру ортасына тәуелділігін анықтайды;

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Н. Күнқожа “Адам және қоғам”

  2. “Өзін - өзі тану ” пәнінің Қазақстан Республикасының жалпы ортасы.

  3. Психологиялық жаттығулар жинағы. Бақыт Дастанқызы

  4. “Өзін - өзі тану ” пәні сабақтарындағы инновациялық ізденістер. Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты. Алматы 2010ж

  5. “Өзін - өзі тану ” хрестоматия 1 курс

  6. “Әдептілік әлемі” жарылқап Бейсенбаев, Алматы, Жалын1982 ж

  7. “Ақиқатты тани біл”Алматы 2008

  8. “Өзін - өзі тану ” дәптері Бөбек Алматы 2010

  9. “Ұлттық тәрбие”2011ж журналдар

  10. “Ғұмырлық өлшемдер” Алматы 2008 ж

  11. “Өзін - өзі тану ” пәнінің Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы, 2010ж

  12. “Өзін - өзі тану ” студент дәптері 1 курс

  13. “Өзін - өзі тану ” студент дәптері 2 курс


Күтілетін нәтижелерді бақылау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті кәсіптік орта білім стандартына сай 0105000 - «Бастауыш жалпы білім беру»мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасын жүзеге асыру барысында төмендегідей бақылау түрлері қарастырылған:

-Бақылау жұмысы

-Емтихан

Бақылау жұмыстары, сынақтар пәні оқуға бөлінген жалпы бюджеттік уақыт есебінен өткізіледі, емтихандар-уақыт аралық аттестацияға бөлінген мерзімде өтіледі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
804
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі