тренинг Мұғалім бейнесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

тренинг Мұғалім бейнесі

Материал туралы қысқаша түсінік
тренинг мұғалімдермен жүргізілетін жұмыс.Мұғалімдерді жұмысқа ынталандыру, өзгелердің пікірін тыңдап, өз ойын ашық айтуға баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебі

ағылшын тілі пән мұғалімі: Баймаханова Айгерим Есеналиевна

Психологиялық тренинг тақырыбы: Мұғалім бейнесі

Қатысушылар: мектеп педагогтары (жас мамандар)

Мақсаты: Мұғалімдердің эмоционалды көңіл күйілерін көтеру, психологиялық ахуал тудыру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.

Жұмыс түрі: топтық жұмыс

Көрнекілік құралдар: интерактивті тақта, доп, ватман, түрлі - түсті қарындаштар, фламастерлер, шарлар

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деп айтқан ұлы Абай Құнанбаев атамыз. Шынымен де, өскелең ұрпақты, ұлт пен ел болашағын тәрбиелеу, мұғалім кәсібін таңдап, оны шын жүрекпен, бар болмысыңмен сүю әрбір адамның қолынана келе бермейтін игі іс. Сондықтан да, таңдаған мамандық жолынан ешқашан таймаңыздар, әрбір қиыншылықтарды абыроймен жеңіп шығуларыңызды тілеймін.

Тренинг ережесімен таныстыру.

1. Өз ойын ашық айту.

2. Өзгенің пікірін құрметтеу.

3. Шынайылық.

4. Белсенді әрекет ету.

5. Өз сезімін басқара білу.

6. Уақытпен санасу.


Сәлемдесу: «Көрші»- 1 минут

Қатысушылар шеңберге тұрады. Жүргізушінің нұсқауын орындайды.

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып қараңыз.

Туыс адамды көрген кездегідей амандасыңыз

Біреуден қарыз болғандағы кісін көргендей амандасыңыз

Көп уақыт көрмеген досыңызды көргенде

Бастықты көргенде.

Рефлексия. Жаттығудан алған әсері туралы ой бөлісу.

«Өзіндік таңдау»

Қатысушылар орындарына жайғасып, бір - бірден берілген сөйлемдерді өз ойынша аяқтайды.

1. Менің ойымша мен...

2. Өзгелер мені...

3. Мен келешекте...

«Ырғақты тоқтату».

Қатысушылар арасынан бір мұғалім ролінде ойнайды, қалғандары тәртіпсіз оқушылар. Оқушылар сыныпта шулап, мұғалім 5 минут ішінде сыныпты тыныштандыру керек. Немесе қатысушылардың әрқайсысы өз тәжірибесімен бөліседі.

«Баға қою».

Қатысушылар шеңберге тұрады. Арасынан біреуі мұғалім, қалғандары оқушылар болады. Мұғалім роліндегі қатысушы негативті бағаны (екіні) бір оқушыға қоюы керек. Содан кейін, позитивті баға «бес» қоюы керек. Қалған қатысушылар мұғалімнің сол кездегі интоннациясын, эмоциясын қалай келтіргендігін, қандай сөздер айтқандығын бақылайды. Бұл рольде әрбір мұғалім болып көруі керек.

Психолог кеңесі: Оқушыға негативті баға қою кезінде мұғалім балаға деген өзінің қатынасын білдіру керек және сол баланың ертеңгі күні жақсы оқитындығына сенімділігін көрсету керек. Мысалы: «Өкінішті - ақ, Дина. Бүгін менің саған екі қоюыма тура келді. Сен өте қабілетті оқушысын. Алдағы уақытта бүгінгі бағаңды түзетесін деп ойлаймын».

Оқушыға позитивті баға қою кезінде мұғалім баланың оқуға деген талпынысын бекіту керек. Мысалы: «Жарайсың, сен бүгін бес алдың. Осы жолыңнан тайма».

«Жасырын хат, ойлан тап!»

Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш

Уақыты: 20 минут

Барысы: Қатысушылар 3 топқа бөлініп отырады.

Жүргізуші: Ерте - ерте - ертеде... әлі адамдар әріп танымаған уақытта да, олар

бір - біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:

«Бүгін маған сағат кешкі 6 - да телефон соқшы» - 1 - ші топқа арналған хат;

«Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» - 2 - ші топқа арналған хат;

«Жексенбі күні сағат 15. 00 - де менің туған күніме кел» - 3 - ші топқа арналған хат.

Мұғалімдер өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың мұғалімдері, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.

«Түрлі түсті шарлар» - аяқталмаған сөздер.

Қатысушылар шеңберге тұрып, нұсқаулықты тыңдайды: «Бір - екі айдың ішінде егер де Сізді қуантқан нәрселер көбірек болса, жасыл шарды алып «Жұмыста соңғы кезде мені қуантқан...» деген сөйлемді аяқтау керек, ал егерде ренжіген сәттеріңіз басым болса, «Жұмыста соңғы кезде мені ренжіткен...» қызыл шарды алып осы сөйлемді аяқтау керек.

Рефлексия:

Не ұнады? Тренингтің қай жаттығулары өздеріңіз үшін пайдалы деп таптыңыздар? Бүгінгі психологиялық сабақ туралы өз ойын, алған әсерін 3 сөзбен ғана білдіреді, тілектерін айтады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.03.2022
666
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі