Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тренинг-сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
педагог-психологтарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы

мектеп-интернаты









«Өмір, сен маған қымбатсың!»

(Тренинг)



























2020-2021 оқу жылы


Тренинг тақырыбы: «Өмір, сен маған қымбатсың!»

Мақсаты :

- өмір  адам  баласына  бір ақ  рет  берілетін  қымбат  сый  екеніне ықпал  ету.

-адам  бойында  болатын асыл  қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік  сезімдерін  дамыту . Жақсы  қасиеттерді  үйрету, жаман  қасиеттерден  жиренту .

- балалардың  ойын  ашу , өмірге  деген  көзқарастарын  қалыптастыру .

Қатысушылар: құрама топ

Көрнекілік  : Түрлі-түсті қалам, қарындаш, А4, түрлі түсті қарандаш, стикерлер т.б.       


Жоспары:

1. «Ойлануға  арналған  балықтар » жаттығуы.

2. « Сөйлемді  жалғастыр »  жаттығуы .

3. « Егер  сен  ағаш  болсаң » тренинг

4. « Менің  мақсатым » тренинг

5. Психологиялық  кеңес :  Қызықты  өмір  сүру  үшін!!!

Психолог:

- Өмір –ол  адамға  бірақ  рет  берілетін  баға  жетпес  қымбат  сый. Осындай  сыйды  саған  сыйлаған  кім ?... Әрине  саған осындай  баға  жетпес  сый  сыйлаған  ең  қымбат  адамдарың , ол  сенің  ата – анаң. Сондықтан  оларды  ренжітпеуіміз  керек ,айтады – ғой,

«Анаңды  үш  рет  Меккеге  арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың»  -деп. Себебі , біріншіден  ол  саған  «өмір»  сыйлады , саған  жарық  дүние көрсетті , сені  өсірді , сенің  ыстығыңа  күйді , суығыңа  тоңды, түн ұйқысын  төрт  бөліп  сені  аялады , тәрбиелеп  өсірді .

Егер  саған  анаң  осындай  баға  жетпес  сый  сыйласа,сен  соған  лайықты  өмір сүруге  тиіссің. Өз  өмірің , өз  әлемің  өз  қолыңда ! Біреуге  ренжіп ,біреуді  кінәлап , мін тағу  дұрыс  емес . Өмірдегі  қайғыны , қиындықты сәтсіздікті  көтере  білу  керек. Жаңа , жақсы  ойлар  ойлау  керек.

Адам  өмірі  жеңіс пен  жеңілістен , сәттілік  пен сәтсіздіктен қайғы  мен  қуаныштан  құралады . Міне  өмірдің  өзі  біле білсең  сонысымен  қымбат.

Енді  осы  өмір  туралы  ойларымызды  тренингжаттығу  жасау  арқылы  жалғастырайық .

  1. «Ойлануға  арналған  балықтар» жаттығуы.  ( сұрақ – жауап  түрінде )

Мақсаты: оқушылардың өмірге деген ойларын, өз өмірлеріне және басқаның өміріне деген көзқарастарын білу. Бір-бірімен пікір алмастыру арқылы жаңа ой түйдіру.

Нұсқау: Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді.

-         Өмір  дегеніміз не , қалай  түсінесің ?

-         Өмір  сүру  жақсы ма ,әлде  жаман ба ?

-         Сен  бақыттысың ба ?

-         Сені  не  қобалжытады , сондай  кездерің  болады  ма?

-         Өз - өзіне  қол  жұмсау  ерлік пе ,әлде  әлсіздік  пе ?

-         Егер  саған  біреу  қатты дауыс  көтеріп  ұрысса , сен  не  істейсің ?

-         Сенің  мінезіңнің  жаман , жақсы  жақтары  қандай ?

-         Келешекте  сен  өз  өміріңді  қалай  құрар  едің ?




2. « Сөйлемді  жалғастыр »  жаттығуы .

Мақсаты: оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер айтып, жалғастыруға тапсырма беріп, олардың ой-толғаныстарын тыңдау. Олар үшін өмірде не маңызды екенін анықтау.

Нұсқау: ( жазылған  сөйлемді  өз  сөзімен толықтырып  жазып , ой  қорыту .)

-  Жақсы  өмір  - бұл   .....

-  Бақытты  адам  - ол  ......

3. «Егер  сен  ағаш  болсаң » тренинг .

Мақсаты: табиғатты мысалға ала отырып, адам өміріндегі құндылықтар жөнінде оқушылардың ойларын білу.

Нұсқау: балалар ,(жапырақ , діңгек , тамыр) біреуін  таңдаулары керек , неге  таңдағандарын  айтып  түсіндірулері  қажет.

жапырақ  - ол  көктейді , гүлдейді;

діңгек  -  барлық  ауыртпашылықты , жауапкершілікті  көтереді ;

тамыр – ол арқылы  бүкіл  ағаш  қоректенеді ;

4.Психологиялық  кеңес :  қызықты  өмір  сүру  үшін   ...

Мақсаты: оқушылардың жайлы, тыныш өмір сүрулері үшін маман ретінде кеңес беру. Олардың өмірінде болып жатқан қиын мәселелерді шешуге көмек беру.

- ай сайын  жаңа  кітап  оқы , оқығандарыңды  көңіліңе  тоқы ,

- икемің  бар  іспен айналыс , мыс. (ән  айту , би  билеу , шеберлік істер )

- әрбір  демалыс  күніңе  жоспар  жасап, қызықты  өткізуге  тырыс ,

- ертеңгілік  жаттығу  жаса , сергек  жүресің ,

- ата – анаңа , бауырларыңа т.б. жақындарыңа  көмектесіп  тұр.

- әр айдың бір  күнінде  өзіңді  басқа  біреудің орнына  қойып  көр , содан  өзгеше  ойлап , тәлім  алуға  тырыс ,

- әр  күні  кешке « мен  бүгін  не істедім?» деп  өзіңе  есеп  беріп  үйрен ,

- күнделік  жазуға  дағдылан , ол  сенің  ең  сенімді  серігің  бола алады .

Енді  осы  бүгінгі  іс – шарамыздың  соңында   «Өкпені  еріту» және

«Тазару»   жаттығуларын  жасайық.

Олай  болса  балалар  бүгінгі  күнімізге  ризамыз ба ?

Бәріміз    РИЗАМЫЗ  деп үш рет  қайталап  айтамыз.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2021
324
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12