Материалдар / Тренинг "Сенімділік бізге күш береді"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг "Сенімділік бізге күш береді"

Материал туралы қысқаша түсінік
Көңіл – күйді көтеру, өз-өзіне деген сенімін күшейту, оптимистік сезімді қондыру, эмоциялық күйзелісін түсіру, жетістікке бағдарлау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2021
757
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы

Степногорск қаласы

«Изобильный ауылының орта мектебі» КММ













Тренингтің зерттемесі

«Сенімділік бізге күш береді»







Орындаған: Мектеп педагог – психологы

Сұлтанова Мадина Муратбекқызы

















2020 жыл

Тренингтің зерттемесі

«Сенімділік бізге күш береді»

Мақсаты

Көңіл – күйді көтеру, өз-өзіне деген сенімін күшейту, оптимистік сезімді қондыру, эмоциялық күйзелісін түсіру, жетістікке бағдарлау.

Сергіту жаттығулар көмегімен тренингімізді бастаймыз.

  1. «Конфет сыйла» сергіту жаттығуы

Тренинг қатысушыларына вазадан конфет алу ұсынылады, өздері бергісі келген адамға міндетті түрде «Мен бұл конфетті саған сыйға тартамын, өткені сен ең -------» деген сөзбен ұсынуы қажет.

  1. «Поезд» жаттығуы.

Ойын шеңберде жүргізіледі. Алдымен бір – екі деп санау арқылы екі топқа бөлінеді.Бірінші топтағылар – бір қол соғып, екі рет аяғымен жерді тоқылдатады. Қозғалыс қайталанады, өткені осы арқылы бір поезд доңғалағын саламыз.



Ақпарат «Бұл қызықты»

Қорқыныш 3 түрлі формада болуы мүмкін:

1.Тежелі, тоқтап қалу. Жалпы физикалық, эмоционалды тежелу, ойлау қабілетінің тежелуі. Адам қандай бір іс әрекет жасаудан, қабылдаудан айырылып, қозғалыссыз қалады. Бұндай жағдайда ашу жақсы жұмыс жасайды. Адам ашуланғанда бір орында тұра алмайды.

2.Байбалам, бақылаусыз психомоторлы қозу. Қорқыныш құрбанына айнала бастайды, көп мағынасыз сөздер. Барлық іс-әрекеттердің бәрі ретсіз және тиімділігі аз. Бұндай уақытта ең маңызды техниқа нұсқасы «шарикпен тыныс алу». Бұл жаттығу тыншталуға біркелкі болуға көмегін тигізеді.

III. «Шарикпен тыныс алу» техникасы.

Көзімізді жұмып, жеңіл теннис шаригін елестетіңіз. Демді ішке тарту – шарик жайлап, бірқалыпты ісіңіздің ортасымен тамағыңызға көтеріледі. Демді сыртқа шығару – шарик алдындағыдай бірқалыпты жаймен төмен түседі. Егер біз тыныш, өзімізге сенімді болсақ, шарик бірқалыпты, жаймен қозғалады. Қорқыныш жағдайында да біз шариктің осы қалыпты қозғалуына жеткізуіміз керек.

3. Агрессия, адекватты емес қатер. Бұл жерде тынышталдыру техникасы қажет.

IV. Релаксациялық жаттығу «Теңізге саяхат».

Бұл медиативтік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған музыкамен орындалады.

Жайланып отырыңыз, қөзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқының лебі ұрып жатқандай сезіңіңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бірқалыпты дем алып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.

Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып сіз тұрсыз. Өз бойыңызды басқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне тол. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы ме жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің жуып жатыр, су жып –жылы әрі жұп жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тасап, басыңызды шалқайттыңыз.Күн сәулесі мен жеңіл самал сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмді және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып онағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бір минут ішінде не істегіңіз келсе , соны істеуге рұқсат етіңіз.

Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы бір жардың басында тұрсыз. Сізге бақыт пен демалыс сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Асықпай бұл орынмен қоштасыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз.

V.Сергіту сәті

Тест: Жарқын жүзді адамсыз ба?
Бұл картинада қыстың бір белгісі бейнеленген, яғни негізгі элементтердің контуры салынған. Бұл картинаны сіздің көзқарасыңыз бойынша қалай болу қажет, солайша етіп аяқтаңыз. Маңыздысы, сізге адамның суретін салу керек.


Тест кілті
* Егер сіз қар үйінділеріне басты назар аударсаңыз, оларға штрихтар мен көлеңкелерді салсаңыз, онда сіз дәл осы уақытта өзіңізді бақытты сезінуде емессіз. Сізді бір ойлар алаңдатуда, сізді бір ойлар алаңдатуда, сіздің басыңыз қара ойларға, ал жаныңыз – уайымға толы.
* Егер сіз қара, түнерген бұлттың суретін салсаңыз, онда сіз нағыз пессимист адамсыз. Сіз мінезіңіз нашар, өте ашулы адамсыз. Сіздің ыңғайызды табу қиын, өйткені сіздің үнемі ешнәрсеге көңіліңіз толмайды. Сіз өмірдің сәттеріне қуана білмейтін адамсыз, кез келген ақ нәрседен қараны көріп тұрсыз.
* Егер сіз үйді басты назарда ұстап, оған мұржасынан түтін шығып жатқанын салсаңыз және үйдің терезесінен жарық көрінсе, онда сіз жарқын жүзді, бақытты адамсыз. Сіздің өмірдегі басты құндылығыңыз – бұл сіздің үйіңіз, жақындарыңыз және достарыңыз. Сіз осы аталғандардан өзіңіздің өміріңізге күш - қуат аласыз. Сіз өмірдің сәттеріне қуана білетін, өмір сүре білетін тұлғасыз.
* Егер сіз шыршаға басты назарды аударсаңыз, бұл сіздің жарқын жүзді, шынайы адам екендігіңізді білдіреді. Бұл сіздің бүкіл әлеммен байланыс жасауыңыздың бірден бір құралы. Сізді айналаңыздағылар жақсы көреді, өйткені сіз көңілді, белсенді адамсыз.
* Ауадағы қарлар – бұл сіздің жағымды, жақсы әсер қажетсінетіндігіңізді білдіреді, күнделікті өмірдің күйбегіңінен басқа дүниені аңсайтындығыңызды білдіреді.
* Егер сіз адамды шыршаның жанына салсаңыз, бұл сіздің күш - қуатыңыздың көптігін, шаршамайтын адам екендігіңізді білдіреді.
* Егер адам үй мен шыршаның ортасына салсаңыз, сіз бір нәрсені қажетсінесіз, яғни сізге өмірлік мақсат қою керек немесе біреуді сүю қажет.
* Егер адам үйдің ішінде орналасса, онда сізге демалу қажет. Сіз рухани және физикалық тұрғыдан шаршағансыз.

VI. «Қай ағашты таңдайсыз?» (психологиялық тест)



Төменге түспей жатып мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне қараңыз. 

Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен танысыңыз. Сіз қандай екенсіз?



1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.



2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды. 



3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін. 



4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті  сізбен салыстыруға тұрарлық жан да... Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді. 



5. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін өзім жасаймын" деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз - олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз. 



6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз. 



7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз. 



8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі "Қолдаймын" деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз. 



9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір - сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз. 





VII.Флештренинг «Өмір күрес, және біл!»



VIII. Психикалық жүйке қысымын босаңсыту жаттығулары:

релакcация (боcаңсу);

дене қимылдарын жаcау;

кір жуyмeн айналасу;

ыдыс жyу;

газeтті майдалап жыртып, қиқымдарын жұмарлап алып, қоқысқа тастау;

газет қиқындарынан өз көңіл-күйін жап сыру;

дауыстап ән салу;

бірде дауыстап, бірде ақырын айқайлау;

10 рет терең дем алу;

тілдің ұшымен тістерін ішкі жақтан санап шығу;

Жағымсыз эмоциялық күйзелістен арылтатын қарапайын тәсілдер.

  • Дүкендер аралап, өзіңізге ұнайтын затты сатып алыңыз.

  • Досыңызбен, танысыңызбен кездесіңіз, одан да дұрысы өз үйіңізге кеш ұйымдасатырыңыз.

  • Ұнататын әуеніңізді тыңдаңыз.

  • Асықпай көзіңізге қуаныш ұялтатын, гүлдері көп саябақта қыдырыңыз.

  • Жылы ванна қабылдаңыз.

  • Жай ғана демалыңыз.

  • Өзіңізге сеніңіз!

  • Барлығы өзіңізде (ішіңізде) сақтамаңыз!

  • Барлық болып жатқанға болашаққа, келешекке үмітпен қараңыз.

  • Әрқашан спортпен шұғылданыңыз.

  • Отбасымен бірге болып, қарым-қатынаста болыңыз.

IX. Эссе (ой толғау) «Өзіңіздің ерік-жігеріңізді шындаудын амалдары мен жолдары...»

X. «Тілек шам» жаттығуы.

Менің қолымда ыстық шам. Шам сіздердің қолдарыңызда жанып, маздағанын қалаймын. Мына шамды бір-біріңе ұсына отырып, әрқайсыңыз бір-бірлеріңізге тілектеріңізді білдіріңіздер.














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!