Тренингтер жинағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренингтер жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогикалық тренинг құрылысы төмендегідей болады: - тренингке дейінгі сыныптың көңіл-күйін анықтау; - әр ойыншының білім-білігін тексеру; - үйренетін негізгі білімді жеке, ұжымдық оқыту формасын ойын элементтерін қоса пайдалану барысында меңгеру; - тренингтің ортасында сергіту не демалыс сәті, психологиялық бәсеңсу болуы тиіс; - ауызша не жазбаша кері байланыс болуы керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы



















Тренингтер жинағы































Ақтөбе облыстық кадрлар даярлау біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған.


Қарым – қатынас тренингі

Қазіргі кезеңде тренигтің үш түрі кеңінен оқу-тәрбие процесінде кеңінен қолданылады.

Олар:

  • когнитивтік тренингтер;

  • қарым-қатынас тренингтері;

  • релаксациялық тренингтер.

Тәрбие жұмысында көптеп қолданыста жүрген қарым-қатынас тренингісін қарастырайық. Қарым-қатынас тренингі үш технологияны біріктіреді:

  • өзара қабылдаушылық;

  • өзара түсінушілік;

  • өзара іс-әрекеттілік.

Қарым-қатынас тренингінің толық бағдарламасы төмендегілерді қамтиды:

1.Ұжым мүшелері өздерінің дербес қабілеттерін арнаулы тестілеуден өткізіп, біле алады.

2.Серіктестігін білу мақсатында өз презентациясын жасау арқылы өзара қабылдай алуы;

3.Қарым-қатынастың тілдік және тілдік емес құралдары арқылы өзара түсінушілік;

4.Бірлескен-жекеленген, бірлескен-жүйеленген, бірлескен-өзара іс-әрекеттілік жұмыстарды қамтитын өзара іс-әрекеттілік.

Іс-тәжірибе көрсеткендей-ақ, тренингке қатысушылардың саны 8 ден 12 ге дейін болғаны дұрыс.

Педагогикалық тренинг құрылысы төмендегідей болады:

  • тренингке дейінгі сыныптың көңіл-күйін анықтау;

  • әр ойыншының білім-білігін тексеру;

  • үйренетін негізгі білімді жеке, ұжымдық оқыту формасын ойын элементтерін қоса пайдалану барысында меңгеру;

  • тренингтің ортасында сергіту не демалыс сәті, психологиялық бәсеңсу болуы тиіс;

  • ауызша не жазбаша кері байланыс болуы керек.

Егер тренингті дұрыс ұйымдастыра білмесек, тренинг оқыту- білімділік функциясын жоғалтып, көңіл көтеретін іс-шараға айналып кетуі мүмкін.

Қарым-қатынас тренингін өткізу үшін арнаулы құрал-жабдықтар қажет:

  • қарым-қатынас барысында әрбір оқушының жеке басының мүмкіндіктерін анықтауға көмектесетін әртүрлі тестілер болуы керек;

  • әр топқа немесе әр оқушыға берілетін үлестірмелі тапсырмалар;

  • психологиялық жаттығулар;

  • рөлдік және іскерлік ойындар;

  • видеоаппараратуралар, техникалық құралдар, әр түрлі көрнекіліктер;

  • тренингке қатысқан әр топтың, әрбір оқушының жауабын бағалауға арналған арнайы бланк-қағаздар және т.б.


Қарым-қатынас тренингін өткізу ережелері.


Қарым-қатынас тренингін өткізердің алдында ойыншыларды тренингтің өткізу ережесімен таныстырып алған жөн.

Қарым-қатынас тренингісінің ережесі:

Теңдік. Әр ойыншы тренинг кезінде өз ойын ортаға салуға,өз ойымен бөлісуге құқы бар. Әрбір топ өздерінің білімдерінің күшті не әлсіз жақтарына қарамастан, өздерінің ой тұжырымдарын, аргументтерін беруге құқылы.

Қауіпсіздігі.Әрбір топ, әрбір ойыншы тренинг кезінде қарым-қатынас қашықтығын сақтауға міндетті: яғни қарсылас топтың не жекеленген ойыншының кейбір осал жақтарын тіке де, жанама да ашуға рұқсат етілмейді. Сырт көз тренинг барысында кімнің, өзін қалай ұстағанын аңғармауы керек.

Тыңдау құқы. Тренингтің басынан соңына дейін кейбір іс-әрекетке қатыспай отыруына құқы бар.

Көмек. Топтың әрбір мүшесі тренинг барысында топтың басқа мүшелерінен, кей жағдайда қарсылас топтан, тіпті тренингті жүргізуден көмек сұрай алады.

Кері байланыс. Тренинг жүргізуші мен тренингке қатысушы топтар арасындағы ең жағымды және жағымсыз кезеңдеріне тоқталып, баға беруі қажет.

Шыңайылылық. Әрбір тренингке қатысушы ойыншы мәселені шешуде ашықтықтың өзне тән дәрежесін таңдайды.

Осы және қазір. Тренингтің барысында көрсетілетін мәселені кешегі күнмен де, болашақта да қарамай, дәл қазір, осы жағдайда, осы уақытқа қатысты шешеді.

Белсенділік. Тренингтің белсенді ойыншылары өздеріне қажетті, өмірлерінде қолданыс табатын қасиеттер мен қабілеттерді жақсы меңгереді. Сондықтан тренингте әр оқушы белсенділік танытқаны жөн.

Жеке жауапкершілік. Тренингке қатысушы әрбір ойыншыдан өз іс-әрекетіне (рөліне) үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Тренинг барысында әрбір ойыншы өзінің мәселесін шынайы шешуге баруы керек, егер соңында ойыншы өзіне қанағаттанушылық сезімін оята алмаса, онда тренинг жүргізушіден үйге қосымша тапсырмалар алып, шынығуы қажет. Келесі болатын тренингке алдын-ала дайындалғаны жөн.

Өз атынан сөйлеу. Тренингке қатысушы әрбір топ арасында өзара келісушілік болуы шарт: егер бір нәрсе туралы айтсақ, сол айтқан мәселе туралы толық жауапкершілік аламыз, ал басқа ойыншылардың жеке ой-пікіріне түбегейлі әсер етуді көздейміз.

Әрбір тернингке қатысу. Барлық тренингке қатысу шарт, өйткені тренингтегі көтерілетін мәселелер бір-бірімен байланысты.

Кешігуге жол жоқ! Тренингке берілген әрбір минутты ұтымды пайдалану қажет. Көп білген емес, уақытты ұтымды пайдаланған, лезде шешім қабылдаған ұтады.

Үй тапсырмасы. Тренингке қатысушылардың білік, дағдыларын одан әрі шыңдау үшін үйге тапсырма беріледі.

Тренинг басталарда әлеуметтік педагог оқушыларды тренигті өткізу ережесімен толық таныстырып өтеді. Тренингке қатысушылар ережемен мұқият танысып шығып, қажетті ережелерді қолданып, тақырыпқа байланысты қосымша ережелерді қосуы мүмкін. Тренинг ойыншылар ұсынған өзгертілген ереже бойынша өткізіледі.


Танысу тренингтері

Мақсаты: Жаңадан қалыптасқан топтағы оқушылардың бір-бірін жақсы білуіне немесе жаңадан құрылған тренингтік топтың бір-бірімен танысуына, сынып жетекшінің балаларды бақылауын, топ белсенділерін анықьауына мүмкіндік жасау.


«Мен және менің есімім»

Оқушылар өзінің аты-жөнін, сімінің тарихын, кімнің қойғандығы жөнінде, есімнің мағынасы жөнінде әңгімелейді.

(Бастауыш сынып оқушыларымен доп арқылы танысуға болады. Жүргізуші балаға доп лақтырады, оқушы оны қағып алып, өзінің есімімн айтып, допты кері лақтырады, жүргізуші «өте қуаныштымын» деп жауап береді.

«Ассоцация»

Бір –бірімен дөңгелене отырған оқушылар танысады: атының алғышқы әріпіне орай өзін сипаттайтын анықтауыш арқылы дарынды Дина, зейінді Зарина, ажарлы Анар, көңілді Күләңдеп өздеріне баға бере отырып есімін айту.

«Визит – карточка»

Жұмыс басында қатысушылар өзін таныстыру парағын (визит карточкасын дайындайды) онда оның тренингтік аты көрсетіледі. Ол өз атын немесе әдеби кейіпкердің, досының, т.ь атын алуына болады. Аты үлкен, түсінікті етіп жазылады, оны эмблема түрінде өрнектеуге болады. Қиял, шығармалық шектелмейді. Одан әрі қатысушылар бір – біріне тек тренингтік атымен қарым-қатынас жасайды.3-5 минут ішінде өз-зөдерін таныстыруға дайын болуы керек.







Тренингтер

«Арқамен- арқаға»

Бір- бірлеріңізге арқаларыңызды беріп отырыңыздар.Сөлесіп көріңіздер (ауа- райы туралы). Бірнеше минуттан кейін бірлеріңіздің жүздеріңізге қарап әсерлерініді бөлісіңіздер. Талдау: қалай отырып сөйлескен ыңғайлы, неге?


«Әйнек арқылы» ойыны.

Қатысушылардың біреуі параққа бір мәтінді жасырады, оны әйнек арқылы, яғни, ым-ишарамен, мимикамен келесі адамдарға жеткізеді, олар ұққандарын айтады. Берілген және жазылған мәтіннің сәйкестік деңгейі қарым-қатынас орната білуге дәлел болады.


«Мен айтамын»

Өмірде кездесетін жағдайлардың жанжалға ұласып кету, кетпеуі көбінесе өзімізге байланысты. Істің мәніне қатысты өмірде кездесетін жағдайлардан үш түрлі (ашулы, сенімді, сенімсіз) жауап алатын тренинг түрінде өткізіп көріңіздер.

Мысалы: Досыңыз қарызға алған ақшасын қайтаруды ұмытып кетті деп ойлаңыз.

Ашулы сөз мынадан аңғарулы мүмкін: «Сайтан алғыр! Уақытында қайтарым деп уәде бергеніңмен, саған сенуге болмайтынын біліп едім. Маған ақшамды қайтар!» Сенімсіз сөз мынадан аңғарылуы мүмкін: «Сенің мазаңды алып жібердім бе, бірақ сонда да сұрауға тура келіп тұр, жуық арада сен ақшамды қайтарып бере аласыңба?» Сенімді сөз былай шығуы мүмкін: «Сен ақшаны бүгін әкеліп берем деп уәде бергенге, келіскен шығармыз деп ойлап едім. Егер жұмадан қалдырмай ақшаны әкеп берсең риза болар едім».

Ұсынылған жағдайларды өзіңше модельдеп көріңіз:


Жағдайлар

Ашулы жауап

Сенімсіз жауап

Сенімді жауап

1.Досыңыз телефон соқты, маңызды бір нәрнесе айтпақшы. Бірақ сіздің тығыз жұмыстарыңыз бар, оған уақыт бөле алмайсыз.




2.Сізге біреу қателесіп телефон соқты. Жарты сағатта бұл әрекет бірнеше рет қайталанады.

3.Асханада сізге мерізімі өткен тамақ берілді.




4.Оқытушының пікірінше, сіздің біліміңіз «қанағаттанарлық» деген бағадан аспайды. Сіздің көзқарасыңыз басқаша.




5.Ата-анаңыз сіздің күн тәртібіңізді қолдамайды, сондықтан сағат 21-ден кешікпей үйде болуыңызды талап етеді.




Сіздің досыңыз сізге бұрынғыдай көңіл бөлмейді. Сіз араларыңыз суынып кетеді деп ойлайсыз.





«Сыйлық алдыңыз»

-Ыңғайланып отырамыз. Көзімізді жұмамыз. Терең дем алып, дем шығарыңызда босаңсыңыз (жәй әуен қосылады). Көз алдыңызға өзіңіз көптен армандап жүрген затыңызды елестетіңіз. Сіз сол заттың сізде болғанынсондай қалайсыз, ол сізге өте қажет және сіз үшін өте маңызды. Енді сол затты сізге жақын адамыңыз сыйға беріп жатыр. Сіз өте қуаныштысыз, шексіз ризасыз, қуанғаннан типті секіріп кеттіңіз...

«Кездесу»

Топ мүшелері «карусель» принципі бойынша яғни, бір-біріне қарап тұрады және екі шеңбер құрады. Музыка жіберіліп, ол тоқтаған кезде белгі беріледі. Ішкі шеңбер сағат тілінің бағыты бойынша қозғплпды да, сыртқы шеңбер оған қарсы қозғалады. Осы кезде «тоқта» деген белгі беріледі де оқушылар тоқтап, қарсы тұрған екі оқушы 2-3 минут ішінде ойланып, ақылдасқан соң, берілген рөлді ойнайды. Әр жұпқа берілетін тапсырмалар:

-Сіздер зақ уақыттан соң кездестіңіздер, бұрын өте жақын болғанмен, жақсы қарым-қатынаста болдыңыздар. Өз сезіміңіді көрсетіңіз.

-Сіздің қарсы алдыңызда таныс емес адам тұр. Онымен танысыңыз...

-Сіздің алдыңызда кішкентай бала тұр, ол әлденеден шошынған. Оған жақындап барыңыз және оны жұбатыңыз...

-Сенің алдыңда тұрған адам өте ұялшақ, ал оны маңызды да қиын кездесу күтіп тұр. Көңілін орнықтыр. Алдымен ұялшақтар ішкі шеңберде тұрадыда кейін алмасады.

-Мына адам сен үшін өте жағымды іс істеді. Сен оны біліп тұрсың, ризасың...

-Мына адамның бүгін жолы болмады, бұл-әлсіздік. Сыр бермей –ақ тұр, ал сен оның ең жақын досысың, онын қандай күйде екенін түсінесің...

Байланыс орнатуға жіне әңгімелесуге 3-4 минут беріледі. Содан соң жүргізуші белгі береді және ойынға қатысушылар келесі қатысушыға жылжиды.




«Қозғалысты шеңер бойынша беру»

Барлық қатысушылар шеңбер құрып отырады. Топтағы қатысушылардың біреуі қиялындағы затты оны жалғасытруға болатындай етіп әрекет арқылы береді, көршісі осы әрекетті қайталайды және оны жалғастырады. Осылайша зат шеңберді айналып шығады және бірінші ойыншыға қайта айналып келеді. Ол өз берген заттың атауын атайды және қатысушылардың әрқайсысы өз кезегінде берген заттың атын атайды. Талқылаудан соң ойын тағы бір рет қайталанады.


«Жолға жиналған қоржын»

Топ шеңбер құрып тұрады.

Нұсқау: Біз бір-бірімізді біршама білеміз. Қазір әрқайсысың кезекпен мына отырғашқа келіп отырасыздар. Қалған топ мүшелері сізге қарым-қатынаста сізге көмектесетін бір қаситеіңізді, және өзінің ойынша кедергі клтіретін бір қасиетіңізді айтады. Ескертетін жайт, бұл қасиет осы топтағы жұмыс барысында көрінген, байқалған сапалар болуы және оны түзетуге мүмкіндігі бар сапа болуы керек.


«Сыйлық»

Мақсаты:

1.Ұжымдағы жағымды психологиялық жағдай орнату.

2.Топ мүшелерінің бірін- бірі түсіну.

3.Ұжымда тұлға аралық қарым-қатынастың маңызды сапаларын ашу.

Жаттығуға қатысушыларшеңбер құрып тұрады. Қазір сіздер бір-бірлеріңізге, яғн өзіңіздің сол жақта тұран көршіңізге сыйлық сыйлайсыз, сыйлықты үнсіз ым-ишара арқылы көрсетіп бересіздер. Сіздің көршіңіз нендей сыйлық сыйлап жатқанын түсінетіндей жасау керек. Барлығы сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды. Барлығы үнсіз жасалады.

Талқылау:

1.Көршіңіз сізге қандай сыйлық жасады деп ойлайсыз?

2.Қандай сыйлық сыйлағанын сіз тез түсіндіңіз бе?

3.Сізге сыйлық ұнады ма?

4.Қандай әсерде болдыңыз?


Мен”

Ұжым мүшелері тақтада берілген үлгі бойынша өзі туралы өз ойын жазады және оны топ алдында дауыстап айтады. Бұл көбінесе, жаңа қалыптасқан ұжым үшін жақсы жаттығу болмақ.


Менің атым……………….. .

Мен …………..(оқушымын).

Менің жасым ………………….. .

Менің әкем………………….. .

Менің шешем………………. .

Менің ұлтым……………… .

Менің түрім……………….. .

Менің бойым………………….. .

Менің көзім………………… .

Менің досым………………. .

Менің мекен—жайым…



Менің басқа есімім?” немесе“Маған аяулы есімдер“


Өзіне-өзі талдау. “Мен кіммін?”. Параққа немесе қойын кітапшаларыңа осы сұраққа жауап жазыңдар. Өздеріңе жақын, туыс адамдарың сендердi атайтын аяулы аттарды жазып, өз суреттеріңдісалуға болады.Өздеріңді отбасында және достарыңның арасында қалай еркелетіп қысқартып айтатындарын жазыңдар.

Талдауға арналған сұрақтар:

Ата-анаңның сенің есіміңді қалай таңдағанын білесің бе?

Сенің атың нені білдіреді?

Сенің фамилияңның тарихы бар ма?


«Жан жүрек сыры»

Қатысушыларға түрлі-түсті қағаздардан жасалған кішкентай жүректер таратылып, оған жылы, мейірімді сөздер жазулары сұралды. Жансыз жүректі жандандыру. Плакаттан үлкен жүректі қиып алып, сол жүрекке жылы-жылы сөздер жазылған кішкентай жүректерді орналастыру. Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, жүрегіміз жанданды ма? Қайтіп? Неліктен?

Ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу-ол еліне, табиғатқа, адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болу. Әр уақытта қасыңыздағы баланың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ерік беріңіз. Шыдамды бола біліңіз. Оның ісін бағалаңыз. Жасаған қателігін көре тұра, оған сенетініңізді білдіріңіз. Күлімдеп, қасында бірге болуға көңіл бөліңіз.


«Менің эмоцияларым»


Мақсаты: Айналадағы адамдардың көңіл-күйін сезінуді дамыту және өзінің эмоциясын дұрыс көрсетуді қадағалау.

Жүру барысы: Бұл тренинг топта өткізіледі.

Тапсырмалар:

Көбелек құсап ұш,

бүркіт сияқты ұш,

кішкентай бала сияқты жүр,

итті көрген мысыққа ұқсап үрейлен,

шешім таба алмай жүрген адамның бейнесін сал, т.б.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.01.2019
1232
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі