Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Тригонометриялық функциялардың туындысына есептер шығару тренинг - сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг сабақ барысында оқушылар функциялардың туындыларын табуға есептер шығаруға машықтанады, алған білімдерін тереңдетіп жүйелей алады. Оқушылардың ой-өрісінің кеңеюіне, пәнге деген қызығушылығының артуына ықпал етеді. Жылдам ойлап, тез қорытуға, жауапкершілікке, өз бетінше білім алуға , ұжымшылдыққа тәрбиелейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Махаматханова Чинар Мулдахановна,

Т.Айбергенов атындағы №39 жалпы орта мектебі,

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы,

Құркелес елді мекені


Тригонометриялық  функциялардың  туындысын есептеу



Сабақтың мақсаты:

* Функциялардың туындыларын табуға есептер шығару,

машықтандыру, алған білімдерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу;

* Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, пәнге қызығушылығын

арттыру;

* Жылдам ойлап, тез қорытуға, жауапкершілікке, өз бетінше білім алуға баулу, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тренинг-сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

1) сәлемдесу, сабақтың мақсаты, жүру барысын айту;

2) үй тапсырмасын  тексеру

Негізгі бөлім:

1) Кім шапшаң?

2) «Біліміңді байқап көр»

3) «Математикалық  лото»

4) «Кім зерек?»

5)  «Сиқырлы сандықша»

6) «Математика тарихын білеміз бе?»

Қорытынды.

1)Үйге тапсырма

2)Бағалау.

 

Кім шапшаң? (Ой қозғау стратегиясы)

Мақсаты: тақырыпқа қатысты студенттердің білімдерін бақылау, толықтыру, пысықтау.

Шарты: Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беру,  дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.

1.  х 1 айырмасы   қалай аталады?

2.Функцияның туындысының анықтамасы?

3.Функцияның туындысын табу амалын қалай атаймыз?

4. Туындының геометриялық мағынасы?

5.Туындының белгіленуі?

6. y=cosx функциясының туындысы?

7.   y=tgx  және y=ctgx  функцияларының  туындысы?

8. Тұрақты санның туындысы?

9. n-ші дәрежелі функцияның туындысы?

10. y=sinx функциясының туындысы?

 

«Біліміңді байқап көр»

Мақсаты: Туынды табу ережелерін пайдалана отырып  функцияның, күрделі функцияның, тригонометриялық функциялардың туындыларын есептеу, тарау бойынша алған білім, іскерлік, дағдыларын дамыту.

Шарты: Топ 4-5 оқушыдан құралған  3   топ құрып бөлінеді, бірлесе отырып  берілген тапсырманы  орындап,  есептерді шығарады. Яғни, берілген тапсырманы бір оқушыға тақтаға жазуға немесе топ болып кезектесіп шығаруға болады. Егер қате болған жағдайда, топ мүшелері  қатесін жөндеп көмектесуге болады.

«Синус»  тобына  тапсырма

1) Берілген функцияның   туындысын табыңдар

f(х)=(х2-5х)4

2). f′(х)=0 теңдеуін шешіңдер

f(х)=cosx+x

3) х0=π/3  нүктесінде  у=f(x) функциясы графигіне жүргізілген  жанаманың теңдеуін жазыңдар

f(x)=sinx       



«Косинус» тобына тапсырма

1) Берілген функцияның   туындысын табыңдар

f(х)=(х3-х)6

2). f′(х)=0 теңдеуін шешіңдер

f(x)=sin6x-6

3)Материлдық нүкте s(t)=18t²-t заңымен бірқалыпты қозғалады. t=2 уақыт  мезетіндегі  осы нүктенің жылдамдығын  табыңдар.



«Тангенс» тобына тапсырма

1) Берілген функцияның   туындысын табыңдар 

 f(х)=(х5-0.5х)3

2) f(x) функциясының x=3  нүктесіндегі туындысының мәнін табыңдар

f(х)=3x2 +2

3). f′(х)=0 теңдеуін шешіңдер

f(х)=cos2x-2



«Математикалық  лото»

Мақсаты:  есептерді дұрыс шығару үшін қажетті туынды табу формулаларын еске түсіру.

Шарты: Тақтадағы  берілген есептерді  шапшаң аяқтап, толықтырып жазу, яғни берілгендер туындысы болатын кем дегенде бір функцияның формуласын табу қажет. Мұнда студенттер бір-бірін тексереді, яғни бір топ екінші топты тексеріп білімдерін бағалайды.

Мысалы: (                 ) ′ = 5cosx+25×4

 

«Кім зерек?»

Мақсаты: Функцияның туындысын есептеуді «Кім зерек» ойыны арқылы пысықтау.  Бұл ойындағы  тест тапсырмасы оқушылардың білімін анықтауға мүмкіндік береді  және ойлау, есте сақтау қабілетін дамытады, тапқырлыққа, шапшаңдыққа  дағдыландырады.

Шарты:  Мұнда  ADSoft Tester программасы арқылы тест тапсырмалары беріледі, жауабын шапшаң интерактивті тақтада тұрып белгілеу қажет. Уақыт шектеулі. Ойынға әр топтан  бір студент шығады. Әр топқа 5 тест сұрағынан беріледі, яғни барлығы  15 тест сұрағы беріледі.

Мысалы:

1.    y=4sіnx

а) 4sіnx         в) -4соsx       с) 4соsx      d)-4sіnx

2.    у=2sіnх+4x²

а) 2соsх+8х     в) sin2x-       с) -2cosx-4x     d) -2sinx+8x

3. y=sіn(3x-1)

а) cos(3x-1)           в) –cos(3x-1)                  с) -3sin(3x-1)      d) 3cos(3x-1)

4.1.y=8x +5

а) 8x                  в) 8+х             с)8             d)-8х

5 . y=2соsх-5х4

а) соs2x-20x         в) sin2x-20x³      с) 2cosx-5x³       d) -2sinx-20×3

6. y=sin3x

а) sin3x                               в) 3cos3x      с) –sin3x      d)-3sin3x

7.y = 4x 3 +2x 2+x – 5      y’ =

А.12x 2 + 4x+1        В.12x3 – 4x+1           С.16x2-6x+2       Д.12x3-4x-5

   Е.-12x – 4x+1

8.    (5sin x)’ =

А.  5cos x        В.- cos 1          С. 5cos2x        Д.- cos2x       Е  5sin 2x

9. (xn)’ =

А.nxn           В.xn-1           С.nxn+1                   Д.nxn-1                Е. xn+1

 



«Сиқырлы сандықша»

Мақсаты: оқушылардың білім, іскерлік дағдыларын дамыту.

Шарты: Мұғалім үлестірме материалдарын дайындайды: 3-ші деңгей күрделі есептер (көк жетондармен бағаланады); 2-ші деңгей орташа есептер (жасыл жетондармен бағаланады);  1-деңгей жеңіл есептер (қызыл жетондармен бағаланады).

Сиқырлы сандықша”  тапсырмалармен толтырылады, олардың саны оқушылар санынан  артық болады. Әрбір оқушы кезегімен тапсырма алып дәптерге орындайды да, жүйеге сәйкес тиісті бағасын алады. Ойын тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін айқындауға, оны пысықтауға  мүмкіндік береді.

1-деңгей тапсырмалары


Функциялардың туындысын табыңдар


1) f(x)= cosx+sin3x


2) f(x)= 5ctgx-9×3


3) f(x)= 10tgx-5×3


4) f(x)=3x³+x²


5) f(x)=3sinx-5x³

 

2-деңгей тапсырмалары


1) f(x)=12 x-5cosx

2) f(x)=2cosx+1

3) f(x)=2сtgx-3

4) f(x)=5sinx-5x


5) f(x)=13x³-2,5x²+6x

 

 

3-деңгей тапсырмалары


Функциялардың туындысын табыңдар


1. f(x)=cos(3x²-4x+2)


2.y=6cos6x+5sin2x

3)f(x)=x³sin2x

4)f(x)=sin(2x²-3x+1)

5) f(x)=5+sinx

 

«Математика тарихын білеміз бе?»



Мақсаты: тақырыпты өмірмен, тарихпен байланыстыру.

Шарты: бүгінгі тақырыпқа қатысты математика тарихынан берілген сұрақтарға жауап беру, оқушылардың жауабы  фишкалармен бағаланады.

1)Ғылым мен техникадағы туынды ұғымының мәні қандай?

2)Функцияның  туындысын  yˈ, fˈ(x) деп белгілеуді кім ұсынды?

3)Лагранж туралы не білесіз?

4)Туындылар туралы ғылымды жүйелі түрде дамытқан неміс математигі  мен ағылшын физигін ата?

5)Лейбниц туралы не білесіз?

6)Флюента және флюксия деген не және ол ұғымды кім қолданған?

7)Ньютон туралы не білесіз?

 

Үйге тапсырма:№ 204, 205

Оқушылардың білімін бағалау. / фишка санына қарай /

Сабақты қорытындылау. / Оқушылардың сабақ барысындағы туынды тақырыбын меңгерудегі жетістіктері мен кемшіліктері туралы /



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
695
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12