«ТРИЗ (ӨТТШТ) технологиясы балабақшада»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ТРИЗ (ӨТТШТ) технологиясы балабақшада»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейнгі мекемеде тәрбиеленушінің дарынды, жоғары деңгейде даму шеберлігі дамыған, баланың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды негізгі мақсатым деп санаймын. Балаларды мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу кезінде өз жұмыс барысымда менің байқағаным жұмыс жасайтын балалардың бірен-сараңы екені, көп балалар шетте қалады, өз ойларын айтуға жасқанады. Шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілеттері дамымағын, көрініп тұрған нәрселерді байқамайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ТРИЗ (ӨТТШТ) технологиясы балабақшада»


Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды.

Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан – жақты педагогикалық өрісін табады.

Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілік пен адамгершілік тұрғысынан, мағынасы өшпейтін із қалдырады.

Талантты адамды тәрбиелеу үшін, мектепке дейінгі балалық шақта оларды қоршаған ортаға қарап, бірқалыпсыз ойлау қабілетін, шығармашылық ойлауын дамыту керек.

Мектепке дейнгі мекемеде тәрбиеленушінің дарынды, жоғары деңгейде даму шеберлігі дамыған, баланың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды негізгі мақсатым деп санаймын.

Балаларды мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу кезінде өз жұмыс барысымда менің байқағаным жұмыс жасайтын балалардың бірен-сараңы екені, көп балалар шетте қалады, өз ойларын айтуға жасқанады. Шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілеттері дамымағын, көрініп тұрған нәрселерді байқамайды.

Осы мәселені шешу барысында, біздің балабақша 2011 жылдан бастап облыстық эксперименталдық ТРИЗ алаңы болып табылды. 3 жыл бойы арнайы жабдықталған екі топта ТРИЗ технологиясын пайдаланып эксперименталдық жұмыстар жүргізілді. Жұмыстың жақсы нәтижесіне байланысты 2014 жылдан бастап біздің балабақшаның барлық топтары аталмыш технология бойынша жұмыс істеуде.

Осы технология негізінде баланың ойлау, қиялдау, шығармашылық тұрғыдан көзқарасы артады. Мектепке дейінгі тәрбиеленушіге ТРИЗ - бұл ұжымдық ойындар, сабақтар және қызықты әдіс-тәсілдер жүйесі. Мен ТРИЗ технологиясының әдіс-тәсілдерін қарастыра отырып, сабақтар циклын құрастырдым, шығармашылық есептер, дидактикалық, көрнекі құралдар даярладым, өйткені даму орталығындағы өзгерістер негізінен ТРИЗ технологиясына келіп тіреледі.

Мысалы:

«Жұлдыз құрт» әдістемесі бойынша берілген құрылымды неше түрлі құбылысқа балайды. Әдістемені қолданып алуын түрлі жұмбақтар жасырады.

Жас шамасына қарай сәбилер тобында «Дидактикалық доп» әдістемесін пайдаланған өте қолайлы. Осы ойын негізінде, балалар антоним сөздерін тауып, айтуды үйренеді. Әр жас шамасындағы балалармен осы әдістемені пайдалану барысына мысал келтіреміз.

Мысалы : Тәрбиеші зат есімге сөз айтады (етістік, есімдік), ал бала осы сөзге қарама-қайшысын атайды.

Мысалға: ренжіш- қуаныш, ақ-қара, жылау-қуану.

Қоршаған ортадағы өзгерістерді жүйелендіру, толықтыру мақсатында «Сиқырлы теледидар» әдістемесін пайдаланамын. ТРИЗ технологиясымен мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауға бірден-бір ыңғайлы жүйе, ол - жүйелі оператор (көп түрлі сұлбалардың дарынды ойы).

«Ғажайып баспалдақ» әдістемесі.

«Ғажайып баспалдақ» әдістемесі негізінде, балалар қандай да болмасын құбылыстың, нәрсенің болмысын елестете алады және осы өзгерістерге байланысты әңгіме құрастыруларына мүмкіндік туады.

Ұқсас пішіндегі құбылыстардың суреттерін іріктеп алу үшін

біз «Пішінді көзәйнек» қолданамын.

«Ғажайып калейдоскоптың» көмегімен сюжетті картиналарды жандандырамын. Пейзажды картинға қарап балалармен әңгіме құрастырамыз.

Оқу іс- әрекетінде ТРИЗ элементтерін қолданған шақта балалар ұялшақтық қасиеттерінен арылады, қиялдық ойлау жүйесі дамып, ой-өрістері толығады.

ТРИЗ технологиясы тәрбиешіге де , балаға да жас шамасына қарамай меңгеретін шығармашылық құралы болып табылады. Бір құралды пайдаланатын тәрбиеші де, бала да қиындықсыз бірін-бір түсіне алады.

Сондықтан да мен өз оқу іс- әрекеттерімде , еркін шығармашылықта да ТРИЗ технологиясын қолданамын. Белгілі ғалым Альберт Эйнштейннің : «Өзіңді қызықтыратын іспен айналысқаннан артық, еш нәрсе жоқ» - деген қағидасы негіз болады.

ТРИЗ технологиясы. ТРИЗ технологиясы арқылы баланың ойлауы, тілі, қиялы, есте сақтау қабілеті, зейінінің белсенді және бірлесіп дамуды тұспалдайтын ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістері мен компьютерлік үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген біліммен білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, ойын зерттеу, қатынас т.б әрекетте қолданатын адамның ойлауын дамытып тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі.

Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.


Жобалау технологиясы. Бөбекжайдағы мүмкіндігі шектеулі баламен педагог жобалауды бірлесіп жүргізеді. Яғни баланы тәрбиешімен бірге ізденуге, проблемелық іс-әрекетті жасай білуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Баланың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. Жобалар төмендігедей кезеңдерге бөлінеді:

Қатысушылар санына қарай: жеке, жұппен, топпен.

Ұзақтығына қарай:қысқа, орта және ұзақ мерзімдік.

Әдіс түрлері: шығармашылық, ойын, зерттеу, хабарлама.

Тақырып бойынша:баланың отбасын қатыстыру, табиғат, қоғам т.б

Ынтымақтастық педагогикасы білім беруде көптеген жаңалықтарды өмірге келтірген, балалармен, ата-аналармен қарым-қатынасты, т.б. көптеген жағдайларды қамтитын педагогикалық катынас. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде инновациялық педагогикалық әрекет ретінде инклюзивті білім  кеңістігін қалыптастырудың мынадай формалаларын басшылыққа алып жұмыстану қажет:

Ертегі тыңдау немесе рольдер арқылы сомдау;

Халық ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттікке, еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелеу жолын алға қояды.

Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет зерттеушісі ғалым А.Байтұрсынов «Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі». Ертегінің керек орындары:

Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе;

бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор кедергі келтіреді.

Ертегі баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.

  • Саяхат ұйымдастырылған оқу қызметтері (театр, мұражай, саябақтарға);

  • «Сурет үйі» терапиясы (изотерапя) (балалардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру, қарым қатынас қабілетін, тілін дамыту бағытында);

Осы мақсатта баланы суреттерге сүйене әңгімелеуге үйрету бірнеше кезеңнен тұрады:

Сәбилер тобында балаларды сурет қарауға дайындау кезеңі ұйымдастырылды. Бұл кезеңдегі мақсат – балалардың сөздік қорын және барлық балалармен қарым-қатынасқа түсуін бақылау. Жеке заттардың суреттерін қарастыру арқылы балалар сөйлеуге белсенді араласады, суретпен танысу тәртібіне жаттығады.

Ортаңғы тобында зат топтамалары бойынша сипаттама, мазмұнды сурет бойынша мазмұнды әңгімелер құрату ұйымдастырылады. Бұл әңгіме түрлерінде әңгімені бала алдымен тәрбиешінің көмегі арқылы, кейіннен өз қабілеті арқылы құрастырады.

Ересектер тобында балалардың ойлау, елестету қабілеттері артуына орай, олар өздігінен, тәрбиеші көмегінсіз сипаттама, салыстырма әңгімелер құрау кезеңі басталады. Балалар баяндау формасында ойша әңгіме сюжетін құрайды, сурет бойынша сюжеттің басталуын және аяқталуын ойдан шығарады.

  Жалпы мектепке дейінгі ұйымдағы негізгі жұмыс бағыттарымен бірге балалармен түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруда да терапиялардың мүмкіндіктерін қолдануға болады:

Музыкатерапиясы – есту анализаторлар арқылы эмоционалдық сфераға әсер етеді. Бұл арқылы ес, зейін, образдық ойлау, ассоциация қалыптасады.

Би терапиясы – музыка ырғағымен қимылдау, баланың қозғалыс аппаратын нығайтады. Бұл өз кезегінде баланың жалпы моторикасын және ырғақты сезінуін, өз денесінде бағдарлай алуын дамытады.

Библиотерапия – кітаптар оқып беру арқылы баланың тілін, образдық ойлауын, қиялын, зейінін, есте сақтауын дамыту.

Бұл дәстүрлі оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің  мүмкіндігін кеңейтіп, оқу материалын игертуді жеңілдетіп, балалардың зейіні мен қабылдауын белсендіреді. Презентацияларда қолданған оқу қызметтері балалардың қызығушылығын арттырып, оқу материалын ұзақ есте сақтауға септігін тигізеді.





Жетісай ауданының білім бөлімінің

«Зувайда-ана» бөбекжай бақшасы ЖШС-нің

тәрбиешісі Искандарова Шахло Уктамкызы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.12.2025
14
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі