400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тропизм және таксис

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: «Тропизм және таксис» Сабақтың мақсаты: Тропизм және таксис құбылыстарының түрлерімен таныстыра отырып, олардың ерекшелігін ажыратуға үйрену; Күтілетін нәтиже: • тропизм және таксис құбылыстарының түрлерімен танысады; • фототропизм, геотропизм, хемотропизм құбылыстарының ерекшіліктерін ажыратады; • өсімдіктің қозғалысының себебін анықтайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Тропизм және таксис»

Сабақтың мақсаты: Тропизм және таксис құбылыстарының түрлерімен таныстыра отырып, олардың ерекшелігін ажыратуға үйрену;

Күтілетін нәтиже:

  • тропизм және таксис құбылыстарының түрлерімен танысады;

  • фототропизм, геотропизм, хемотропизм құбылыстарының ерекшіліктерін ажыратады;

  • өсімдіктің қозғалысының себебін анықтайды;

Бағалау:

Көрнекілік құралдар: Бөлме өсімдіктері, суреттер, тірек-сызбалар.

Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылықты ояту.

ББК кестесін толтыру:

Не білемін?

Не білгім келеді?

Не білемін?







  1. Мағынаны тану: Мәтінді оқу.

Кез келген тропизм құбылысының оң және теріс әсері болады. Оң тропизм – өсімдіктің тітіркендіргішке қарай иілуі.

Теріс тропизм – тітіркендіргіш әсер еткен бағытқа қарсы иілуі.




Фототропизм – Бидай өскіндерін терезе алдына қойса, өсскіндердің сабақтары жарық түскен бағытқа қарай иіледі. Бұл құбылысты фототропизм құбылысы деп атаймыз. Мұның себебі – өсу нүктесі тітіркендіргіш – жарықты қабылдап, өсімдіктің басқа мүшелеріне өткізеді. Өсімдік ағзасы гетероауксин деп аталатын зат бөледі. Бұл зат өсімдіктің сабақ, жапырақ жасушаларының біркелкі өспеуіне әсер етеді, яғни сабақ пен жапырақтың кей бөліктерінің жасушалары тез көбейе бастайды.

Жарық түскен жерінде гетероауксин заты аз болады, ал қараңғы жағында көп болады. Соның әсерінен өсімдік сабағының жарыққа қарсы бағытында жасушалар тез көбейіп, сабақ жарық түскен бағытқа қарай иіле бастайды.

Геотропизм – ауырлық күшіне байланысты тамыр қоректік заттарды сору үшін топырақ қабаттарымен төмен қарай өседі. Мұны оң геотропизм деп атайды. Сабақ, керісінше, жоғары бағытталып өседі. Бұл – теріс геотропизм.

Егер, үрмебұршақ өсімдігінің өскінін тамырын жоғары қарай бағыттап қойса, біраз уақыттан соң, тамыр төмен қарай, сабақ өркендері жоғары қарай өсе бастайды.

Хемотропизм – өсімдіктің бейорганикалық және органикалық заттардың әсерінен қозғалуы. Хемотропизм оң және теріс болуы мүмкін. Өсімдіктің тамыры қоректік заттарды сору үшін топырақ қабаттарымен төмен қарай өсіп, әр түрлі бағытта хемотроптық иілулер жасайды.

Таксис – өсімдіктің белгілі бір мүшесінің иілуі емес, тұтас ағза ретінде кеңістікте қозғалуы. Оған бір жасушалы балдыр мен қарапайымдардың химиялық заттар немесе қоректік заттар әсерінен, жарыққа қарай немес жарыққа қарсы бағытқа қарай қозғалуы мысал болады. Бір жасушалы балдыр – хламидомонада жасушасындағы қызыл көзшесі арқылы жарықты сезеді. Мұны фототаксис деп атаймыз.

Тапсырма: Мәтінді оқып-танысқан соң, мәтін бойынша бір жуан, бір жіңішке сұрақтар дайындау.

  1. Ой толғаныс. Семантикалық карта.


Фототропизм

Геотропизм

Хемотропизм

Таксис

Жарықтың әсері





Судың әсері





Тұздың әсері





Ауырлық күші





Ауада қозғалу





Топырақта қозғалу


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
8743
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі