«Шұғыла» балабақшасы
МКҚК
Алматы облысы,Панфилов ауданы
, Үлкеншыған ауылы
Жол қауіпсіздігіне
байланысты тақырыптық оқу қызметі
Тақырыбы: «Көшедегі
қауіпсіздік»
Білімділік: Көшедегі
қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау, балаларды
өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді
жалғастыру.
Дамытушылық: Танымдық
белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін,
қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы
түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін, ән, тақпақ арқылы тіл
байлықтарын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін
арттыру.
Тәрбиелік: Жолда жүру
ережелерін орындауға, дамытушы ойындар арқылы ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:
бағдаршам, аудио дыбыстар, венн диограмма, жол белгілері, жол
қауіпсіздігі туралы суреттер, теледидардан слайд арқылы суреттер
көрсету, мультфильм, жол макеті, әуендер.
Сөздік жұмыс: тыйым салынатын
белгілер.
Методикалық әдіс – тәсілдер:
әңгімелесу, түсіндіру, ойын, ән, қайталау, көркем сөздер,
сұрақ-жауап.
Билингвальды компонент:
қауіпсіздік-безопасность, бағдаршам-светофор, жаяу жүргіншілер
өтпесі- пешеходный переход, тыйым салатын белгілер-запрещающие
знаки.
Инклюзивтік әлеумет: Тілді
жеттік түсінбейтін бала аңғарымдылығын арттыру, ұялшақ балаға көмек
беру.
(Аудио дыбыстар естіледі,
көше, көліктерінің)
Шаттық
шеңбері: (балалар бірге
айтады)
Алтын сәуле
арайлы.
Бақшамызға
тарайды.
Қуанышпен шат
күліп,
Қарсы алайық
арайды.
Қайырлы таң
қонақтар!
-Сәлеметсіздерме?!
Тәрбиеші: Біздің тобымыз: -
«Қызғалдақ»
Ұранымыз:
-Ережені
білеміз,
Көшеде еркін
жүреміз.
Біздің ұран
осындай,
Сіздерге айтып
береміз.
Біз бақшаға
барамыз.
Оқу білім
аламыз.
Тәрбиешінің
айтқанын,
Есте сақтап
аламыз
-Айтыңдаршы балалар, біз
автобуспен қайда саяхат жасадық?
Көшеге саяхат
жасадық
-Көліктер қайда жүреді?
–Жолда.
-Көшедегі жолдар қандай болады
екен? –Жаяу жүргіншілер.
Қазір қай мезгіл? -Қыс
мезгілі.
Қыстың қандай аттарын
білесіңдер?
Ендеше тақтаға қарайық. Жол
ережелері, белгілер, бағдаршам
көрсетіледі.
Тақтаға Мирас, Марал, Айлин,
Сырым, Дильраба, Назерке кезекпен шығып суреттер туралы, жол
белгілері, жолақ жол, бағдаршам туралы
айтты.
Тәрбиеші:
Балалар, біз бүгін сендермен
көше қауіпсіздігі жайында айтамыз.
Айтыңдаршы.
Балалар!
Жол қозғалыс ережелерінің
мақсаты не?
-Бізді қауіптен
қорғау.
Слайд: «Сақта жолдың
тәртібін» (жәй әуеннің дыбысы естіліп
тұрады).
Тәрбиеші:
Көшеге шыққаннан кейін,
айналамызға абайлап, қарап жүрмесек болмайды. Себебеі бағдаршамға
бағынып жүру тіртібі қатаң сақтаған адам өз өмірінің қауіпсіздігін
де қамтамасыз ете алады.
Сұрақ –жауап
алу.
Үлкен жолда доп ойнауға,
велосипедпен көшеде жүруге бола ма?
Балалардың
жауаптары.
- Келе жатқан көліктің
алдынана өтуге бола ма?
Ой
толғаныс: «Венн
диаграмма»
Ортақ қасиетін салыстыру. Ескерту, тыйым салу, меңзеу (нұсқау)
белгілерін орындарына атап қояды.
Балалар белгілерді дұрыс
қойып, қызыға ойнады.
Билингвальды
компонент: қауіпсіздік-безопасность,
бағдаршам-светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі- пешеходный переход,
тыйым салатын белгілер-запрещающие знаки. Дұрыс, жақсы
айтты.
Сырым:
Сырым деген
баламын,
Мектепке енді барамын
.
Жүруді де
үйрендім,
Көшесінде
қаланың.
Жол шетіне
келгенде,
Тоқтай қалып мен
демде.
Көз саламын
арнайы
Белгісі бар
жерлерге.
Жол белгісі
суреттерімен балалар ортаға
шығады.
- Мына
белгі тамақтану орны
бар деген
белгі. – Назерке:
-Түсі көк шеңберде адам
бейнеленген. (Жаяу жүргіншілер
жолы). –Мирас:
-Мынау белгі автобус
аялдайтын орын. –
Айлин:
-Қызыл шеңберде адам
бейнеленіп, үсті сызылған. Бұл белгіде жаяу
жүргіншілер қозғалысына тыйым салынады дегенді
білдіреді.
-Бейбарыс
-Бұл белгіде қызыл шеңбердің
ішінді велосипед суреті бейнеленген.
Велосипедпен қозғалсқа
тыйым салынады. –Марал:
Жұмбақ
жасырылады:
Үш көзі бар қаз –
қатар.
Кезек – кезек
ашады.
Үшеуінен
байқасам
Үш түрлі нұр
шашады. Бағдаршам
Қызықтыру
сәті: ( әдемі көңілді әуенге
бағдаршам келеді). Балалар амандасады.
Бағдаршам:
Менің атым
бағдаршам.
Мекен жайым
тұрақты.
Жақсы білем
міндетімді.
Мүдірмеймін
ешқашан.
Тәрбиеші: Қош келдің,
бағдаршам!
Балалар, бағдаршам біздің
өмірімізді қауіптен сақтандыратын
көмекшіміз.
Айтыңдаршы, бағдаршамның
көшедегі қызметі қандай? – Көшедегі жүру
Тәртібін
сақтайды.
Бағдаршам ойын
ойнатады: Ойын «Сақ
бол!»
Қызы көзін жағады. (қозғалмай
тұру)
Сары көзін жағады. (қол
шапалақтау)
Жасыл көзін жағады. (бір
орында тұрып жүру). Балалар ойынды қызыға
ойнады.
(Әдемі
әуенге жол
сақшысы келеді)
Жұмбақ
жасыру
Ала таяқ
ұстаған,
Жол тәртібін
нұсқаған.
Өміріңді
күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. Жол
сақшысы
Жол
сақшысы:
Армысыздар жас достарым!
Балалар, мен сендерге жәй келген жоқпын, білімдеріңді көрейік деп
келдім, Әкелген ойын, тапсырмаларымды
әкелдім.
(Әуен
естілед)
Бұзық бала велосипедімен жол
ережесін бұзады.
Жол сақшысы ысқырығымен
сықырады.
- Балақай, сен неге жол
ережесін бұзасың?
-Кешіріңіз, мен онысын
білмедім.
(екі бала ортаға
шығады)
Бағдаршамға қара. Біз саған
қазір жол ережесін тұсіндіреміз.
Бұзық
бала: -Жарайды!
Жүрме жолға
таласып.
Қызыл көзін
ашқанда
Сабыр сақта, баспа
алға!
- Сары көзін
ашқанда,
Қарап қалма
аспанға
Жасыл көзін
ашқанда,
Жүре бергін
жасқанба!
Тәрбиеші:
Балалар мыа тақтадағы үлкен
суреттерге мұқият қарайықшы. Бұлар нені
білдіреді?
Балалар: - Бізге жолдан өтуге
көмектеседі. Дұрыс айтасыңдар.
Бұлар «Көрсеткіш белгілер»,
яғни оларды «Жаяу жүргіншілер
өтпесі» деп
атайды.
Ия, балалар! Бұл белгілер
біздің достарымыз, ал достарын ұмытуға
болмайды.
-Қиылыста, жол шетінде,
бұрышта.
Түрлі-түсті белгілер бар
тұратын.
Жүресің бе? Жүрмегенің дұрыс
па?
Не істеу керек? Бұл белгіні
неліктен «Зебра» деп айтады? Кім біледі?
Талант: -Мен, мен білемін, өйткені ол
ақ жолақ
-
1, 2, 3, 4, 5 шықты зебра
көшеге,
Қыдырады ол
неге?
Сен бұлай шауып жүре
берме,
Одан жа жат мына
жерге.
-Қауіпті ғой көше
тым.
Қумай жолдың
төтесін.
Жолақтарды
іздеймін,
Жаяу адам
өтетін.
-Асықпаймын
аптығып.
Алдым мұны жақсы
ұғып.
Күйсандықтың
тіліндей,
Қатар – өатар ақ
сызық.
-Ортасында тұра
қап,
Оңға-солға бір
қарап.
Жолдың арғы
шетіне,
Жетіп алам жылдам –
ақ.
Жол
сақшысы:
Жарайсыңдар, балалар! Сендер
өте ақылды, білгір, сауатты жолаушылар болатындарфңа мен
сенемін.
Жол
сақшысы:
Егер жол ережесін бұзсақ, тек
қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зиянымызды келтіреміз.
Сондықтан жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен
шығармаңдар.
Тәрбиеші:
Балалар енді жол тәртібі, көше
тәртібі жайлы кім тақпақ біледі?
Тақпақтар:
Жол жүрудің
тәртібін
Ережасін
тілеміз.
Сақтағанда
қатерден
Сау саламат
жүреміз
Бұзба көше
тәртібін,
Ұрынарсң
апатқа.
Қызықты өтсін әр
күнің,
Жақын болма
шаттаққа.
Ата-ананың
сенімін,
Есте ұстап ақтай
біл.
Жолдан өтер
жаяудың,
Ережесін сақтай
біл!
Сергіту
сәті:
Бұзба көше
тәртібін
Ұрынасың
аптақа
Қызықты өтсін әр
күнің,
Жақын болма шатаққа. Бірге,
жақсы жасады.
«Көшедегі жағдайаяттар»
ойыны.
3-4баланы ортаға шығарады, өзі
«Бөтен адам» болып келеді. (Киімі қалпақ,
көзілдірік)
Балаларға жақын келіп, оларды
мақтап, телефон, кәмпит, ойыншық көрсетіп, басқа жаққа алып кететін
сынай танытады.
Тәрбиеші:
Ойын аяқталған соң
талқылыанады. Дұрыс және қате іс – әрекеттер
қорытындыланады.
Балалар, көшеде танымайтын,
бөтен адаммен сөйлесуге, оның алдағанына көніп, қолынан заттар
алуға болмайды екен, Көшеде абай болыңдар
Балалар, біз қазір сендермен
екі орталыққа бөлініп, жұмыс жасаймыз.
Балалар мұқият
тыңдаңдар.
Өнер
орталығында ұжыммен, түрлі – түсті
бояулармен суретті бояймыз.
Балаларға түсіндіріледі.
Балалар мұқият тыңдайды.
Жұмыс жасау реті: қылқаламның
түгін суға малып аламыз, қажетті бояуды жағып алып ұқыпты, таза
жұмыс жасауға кірісеміз. Бояп болған соң қылқаламды тұғырға қойып
қоямыз .
Ал, үстел үсті ойындар
орталығында жолдың макетіне тиісті жол
белгілерін қоямыз.
Балалар мұқият тыңдайды.
Балаларға көмек көрсетіледі.
Рефлексиялық түзетушілік:
Қортынды сұрақтар қойылады.
«Сұрақ - жауап»
ойыны.
- Бағдаршамның неше түсі бар?
Үш: қызыл, сары, жасыл.
-Қай түс жанғанда көліктер
жүреді? – қызыл.
-Көліктерді күтетін жет қалай
аталады? – аялдама.
-Көшеде жаяу жүрген адамдарды
кімдер деп атайды? – жүргіншілер.
-Бағдршамның қызыл көзі не
дейді «Тоқта»-дейді
-Жаяу адамдардың өтетін
жолдағы сызықты не дейді? –Ақ жолақ немесе зебра
жол.
-Бағдаршам жоқ көшеден қалай
өтеміз?-Көшенің ортасына келгенде оң жаққа
қарайды.
-Жарайсыңдар балалар! –Жақсы,
дұрыс жауап бердіңдер.
Бүгінгі оқу іс-әрекетінде не
жайында айттық? – Көше қауыпсіздігі, жол ережесі, белгілер
жайында.
Бүгін бізге қонаққа кімдер
келді? – Бағдаршам, жол сақшысы.
Қандай ойындар ойнадық? –«Сақ
бол!», белгілерді орнына қойдық...
Жарайсыңдар, жақсы
қатыстыңдар. Мақтау, мадақтау.
Дұрыс жауап берген балаларға
жұлдызшаларға ие болды.
Тәрбиеші: Жол тәртібін сақтап аман –
есен жүрейік.
Балалар қонақтармен
қонтасады.
Күтілетін
нәтиже:
Орындайды: көше қауыіпсіздік
ережелерін үнемі есте сақтауды.
Түсінеді: көшеде қауіпсіздік
ережелерін сақтап, оларды дұрыс орындау
дағдыларын.
Қолданады: қоғадық жерлерде
өзін-өзі ұстау дағдыларын.
--
-