Материалдар / Түбір мен қосымшаның жазылуы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2019
492
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Қазақ тілі

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім: «Уақыт»

Сынып: 3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.1.2 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

Оқушылардың көбі жасай алады:

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

  • Оқушылар тақырыпқа байланысты мəтіндерді оқиды, хронологиялық тəртіпке негізделген өмірбаян жазады.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Бұл бөлім материалдарын оқытуда алдыңғы сыныптарда жəне бөлімдерде алған білім, білік, дағдылары басшылыққа алынады

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10минут

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек, 1 рет қол шапалақтаймыз. Ұйымшыл боламыз десек, 2 рет қол шапалақтаймыз.

Белсенділік танытамыз десек, 3 рет қол шапалақтаймыз.

Геометриялық фигуралар арқылы

О ртаға 3 түрлі геометриялық фигуралар (үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш) Оқушылар өздеріне ұнаған фигураны алып, сол бойынша топтасады. Немесе сол фигуралардың артына өтілген тақырыптар бойынша терминдер жазып қоюға болады.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау






Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.









Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

20минут

Ширату тапсырмасы.

3.2.4.1 (МК; Ө; Ұ; Қ) Мəтінді мұқият тыңдап, негізгі ойды анықтау.

30-жаттығу. Мəтінді мұқият тыңдайды. Мəтін мазмұнымен жұмыс ұйымдастырылады. Мəтіндегі негізгі ой сұрақ-жауап əдісі арқылы анықтатылады. Мəтінді мазмұндайды.

(МК; Т) Топқа бірігу. Топтық тапсырмаларды орындау. Оқушылардың оқу рефлексиясын, сыни ойлауын дамыту мақсатында мəтін мазмұнымен жұмыс «Дананың кілттері» стратегиясының көмегімен жүзеге асады. Оқушылар топтарға біріктіріледі.

1-топ. «Жаңа дизайн» кілті – Мəтін мазмұнын өзгертіп, жаңа жағдайда айту.

2-топ. «Егер де» кілті – «Егер бір күннің ішінде пайдалы жұмыс бітірмесең, онда бұл күніңді босқа өткіздім деп есептей бер» нақыл сөзінің мəнін талқылап, өз ойларын білдіріп, дəлелдейді.

3-топ. «Тағы қалай?» кілті – Мəтін неліктен «Жоғалтып алған күн» деп аталғанын талдап, өз ойларымен бөліседі.

4-топ. «Əліпби» кілті – Мəтіндегі қарамен берілген сөздерді тауып, əліпби ретімен жазады. Түбір сөздерге қосымшалардың жуан, жіңішке болып жалғану себебін анықтайды. Дəлелдеп, өз ой тұжырымдарын айтады.

Жұмыстарын топта жариялайды.

(Ө; Ұ) Жұмыстарын топта жариялау.

Жұмыстарын «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялайды.

(МК; Ұ) Топтық жұмысқа өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа рефлексия жасау.

«Менің сөзім» стратегиясы бойынша сабаққа рефлексия жасайды. Сыныптан бір оқушы тұрып, оқушылардың топтық жұмысы туралы өз көзқарасын білдіреді. Тақырыптың ашылуы, тірек сөздерді орынды қолдана алуына талдау жасайды. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы

ретпен қатысады.

(Ұ) Түбір мен қосымшаның жазылуы.

Оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Дескриптор:

Мəтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін ажыратады. Жаңа білімді
меңгереді. Сауатты, көркем жазады.
Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.
Берілген тапсырмалар бойынша ой қорыту жасай алады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.





Оқулықпен және дәптермен жұмыс



Сабақтың соңы

10минут

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

3.1.3.1 (Т; Ж; Ұ; Қ) Сурет бойынша əңгіме құрау, диалогке қатысу, болжау жасау. Тілдік нормаларды сақтап сөйлеу.

32-жаттығу. Сурет бойынша əңгімелету, суреттегі оқиғаны

болжату мақсатында «Суретті əңгімеле» стратегиясы

қолданылады. Оқушылардың назары сюжетті суретке аударылады. Сурет əңгіменің бір бөлігі екені ескертіледі. Оқушыларға суретте бейнеленген сəттің алдында не болғаны жəне кейін не болатыны болжатылады. Қажет болған жағдайда əңгіменің жаңа сөздерін алдын ала үйретуге болады. Оқушыларға əңгімедегі негізгі ойды табу тапсырылады. Суретке қарап не айтуға болатынын топта талқылап, əңгімелейді.


«Ойлану үшін ойлау» әдісі

ТЕК КӨРГЕН ТҮСТІ ОҚЫҢЫЗ!

ҚАРА АҚ ЖАСЫЛ КҮЛГІН ҚОҢЫР САРЫ САРҒЫШ АЛА

КҮРЕҢ ҚЫЗЫЛ ҚЫЗЫЛ КӨК КӨГІЛДІР ҚАРА АҚ ЖАСЫЛ

КҮЛГІН ҚОҢЫР САРЫ САРҒЫШ АЛА КҮРЕҢ ҚЫЗЫЛ

ҚЫЗЫЛ КӨК КӨГІЛДІР ҚАРА АҚ ЖАСЫЛ КҮЛГІН ҚОҢЫР САРЫ САРҒЫШ АЛА КҮРЕҢ ҚЫЗЫЛ ҚЫЗЫЛ КӨК КӨГІЛДІР



(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Кері байланыс.



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Саралау – Топтық жұмыста мотивациясы төмен оқушыларға тақырыпқа сәйкес тірек сөздерді беріп, қолдау жасап отыруды жоспарладым.Мотивациясы жоғары оқушылар өздігінен тапсырманы орындайды.

Бағалау – Бақылау, сұрақ қою, топтық жұмыстың нәтижелері,ШЖ қорғауы

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқу байланыстары
Денсаулық пен қауіпсіздік
Сыйласытқ, ынтымақтастық

Рефлексия














Пән: Жаратылыстану

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Заттар және олардың қасиеттері.Ауа мен су.

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Суды қалай тазартады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.3.4 суды тазартудың түрлі тәсілдерін ұсыну;

3.3.3.5 суды тазартуға арналған фильтрдің өз моделін ұсыну;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: суды тазартудың түрлі тәсілдерін ұсынады.

Көптеген оқушылар: суды тазартуға арналған фильтрдің өз моделін ұсынады.

Кейбір оқушылар: суды тазалауға арналған сүзгі жасап үйренеді.

Бағалау критерийлері

  • суды тазартудың түрлі тәсілдерін ұсынады.

  • суды тазартуға арналған фильтрдің өз моделін ұсынады.

  • суды тазалауға арналған сүзгі жасап үйренеді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Сүзгі.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Суды тазартуға арналған сүзгіні қалай жасауға болады?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Заттар және олардың қасиеттері туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Адам тіршілігі мен Жер ғаламшары үшін ауаның маңызын түсінеді. Ауаның қасиеттерін (агрегаттық күйін, түсі, иісі, кеңістікті толтыруы, жылу өткізгіштігі) сипаттап айта алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Гүлмен тілек»

(сергіту және топқа біріктіру) Тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру.

Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.

1-топ «Сары гүлдер»

2-топ «Көк гүлдер»

3-топ «Қызыл гүлдер»

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Барлық оқушылармен жұмыс»

Бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа жұмылдырылуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың барлық сұрақтарына мұғалім жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді де алаңдатпайды.

  • Қандай су пайдалануға жарамды?

  • Суды қалай үнемдеуге болады?

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау



«Гүлмен тілек» сергіту жаттығуы.




Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.




Барлық оқушыларға арналған сұрақтар

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

Суды тазартуға арналған сүзгіні қалай жасауға болады?

Ойлан. Оқушылардан ата-аналарымен бірге табиғат аясында демалысқа немесе сапарға шыққанда- ры жайлы сұрап біліңіз. Егер алып шыққан сулары таусылып қалып, жанында тек көл мен өзен ғана болса не істеу қажеттігіне болжам жасауды ұсыныңыз

(Суды таза матадан не бірнеше қабат дәкеден өткізіп қоқыстан тазартуға болады.) «Жоғары темпе ратурада ғана жойылатын бактериялар мен микробтардан қалай тазартады?» (Суды қайнату қажет).

«Баяндама»

Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді.Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмаларына арналған сұрақтар.




Сергіту сәті

2мин

Сергіту сәті. Мен қазақпын.






Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, сұрақ қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.

1-топ «Сары гүлдер»

2-топ «Көк гүлдер»

3-топ «Қызыл гүлдер»

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

«Былғары қолғап»

Ойын шарты: үш адамнан тұратын топтарға бөлініңдер: екі ойыншы, бір төреші. Мұғалім нұсқаған уақытта берілген тақырып бойынша сұрақ-жауап сағатын ұйымдастырасыңдар. Ол қарсыласың тоқтап қалғанша жалғаса береді. Төреші есеп жүргізіп отырады. Рөлдермен ауысып жүргізуге болады.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушылар «Тазалық» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты.












Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.




Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.















Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.












«Тазалық» кері байланыс парағы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!