400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тұғыры биік тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінде «Біз біргеміз» шарасы ұйымдастырылды. Шара туралы толық ақпаратты kaznu.kz сайтынан біле аласыз. Әлемді өзінің үрейлі дақпыртымен, ауыр зардабымен шырқ үйірген тәжвирусы кезінде еліміз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», жұдырық боп жұмылып бірге індетке қарсы әрекет етіп жатыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тұғыры биік тәуелсіздік



Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланған мақаласымен таныса отырып, қазақ халқы тәуелсіздік жолында ұзақ та қиын сынақтарды бастан кешіргенін, тәуелсіздік тағдырдың қандай да бір сыйы немесе жағдайға байланысты болған оқиға деген сияқты қате мифологиялық түсініктерге тойтарыс беріп, шындығын айту қажет екенін, әсіресе, жас ұрпаққа тарихты дұрыс түсіндіріп, үйрету керек екенін зиялы қауым ретінде бізге жүктелген міндет екенін сезініп отырмыз.

Біз, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұжымы (толығырақ www.kaznu.kz сайтынан таныса аласыздар) Президенттің Алаш мұраларын, қазақ даласындағы аштықты жан-жақты және жүйелі түрде одан әрі зерттеу қажет деген бастамасын толық қолдаймыз. Қасіретті жылдар тарихын құжаттық деректерге сүйене отырып, объективті түрде жазу керек екенін мойындаймыз. Мұндай күрделі мәселелерді, Президент айтқандай, ғылыми түрде жауапкершілікпен қарау керек.

Президент елдегі экологиялық мәселелерге де тоқталып, адам факторының ролін, әр азаматтың жауапкершілігін атап өтті. Семей ядролық полигонының отыз жылдығы туралы жеке айқындады. Семей полигонын жабу туралы шешімнің тек біздің ел үшін ғана емес, бүкіл адамзат тарихындағы жағымды оқиға болғанын көрсететін арнайы іс-шараларын өткізу керектігін дәйектеді.

Мақалада Каспий конвенциясы туралы да айтылған. Яғни, біз Каспий теңізінің Каспий жағалауында орналасқан мемлекеттер арасында бөлінуіне қатысты ұзаққа созылған даулы мәселені шештік. Өз мүддемізді қорғау тұрғысынан алып қарағанда бұл біздің мемлекетіміздің үлкен жеңісі екенін атап көрсетті.

Президент жаңа академиялық тарихты жазуға шақырды. Тарихшылар бұл іске шұғыл кірісу керектігін айтты, өйткені ол тарихи сананы қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, Президент Қазақстанның қысқаша тарихын жазып, оны әлемдік тілдерге аудару қажеттігін айтты. Шынында да, қазақ халқының салт-санасын ғана емес, әлем оның тарихын, мемлекеттілігін білу қажет екенін байқадық. Бұрын қысқаша тарих ағылшын тілінде шықса да, оны енді догмалық пайымдамалардан тыс, талапқа сай жазатын уақыт келді.

Біз Президенттің әр халық өзінің ұлттық мүддесі тұрғысынан өз тарихын өзі жазу керек деген ұстанымын қолдаймыз. Әрине, ол ұлттық мүддемен томаға-тұйық шектеліп қалмайтыны сөзсіз, әлемдік тәжірибеден үлгі аламыз, Қазақстан тарихын дүние жүзі ғалымдары қалай зерттеп жатқанын, зерттеу өнімдерін де пайдаланамыз. Президент тарихты саясаткерлер емес, тарихшылар жазу керектігін баса айтты. Шынында да, кәсіби тарихшылар тарихты жазса, біз түрлі аңыз-әпсаналарға тойтарыс жасай аламыз. Осылайша, Президентіміздің тарихты және тарихшылардың мәртебесін көтергеніне біз қуанып отырмыз.

Қазақ халқының тарихындағы жоңғар шапқыншылығы, аштық, репрессия, екінші дүние жүзілік соғыс сияқты маңызды оқиғаларды тарихи тұрғыда зерттеу қажеттігін президет Қ.-Ж. Тоқаев баса айтқаны да тарихқа ат үсті қарамайтынын дәлелдеді.

Сонымен қатар Президент тарихи және мәдени мұраларды насихаттау бойынша жүргізілген жұмыстарды айта келіп, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының, осындай еңбектің нәтижесін қарапайым қазақстандықтар көрді ме деген заңды сұрақ қойды. Зерттеу жобалары ғылыми институттар мен орталықтарда қалып қоятыны немесе есеп беріп үшін жасалып жататын тұстары кездесіп қалатыны белгілі. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының да, «Халық тарих толқынында» деген бағдарламаның да нәтижелері кең жарияланбай, оқырмандардың қолына әлі күнге дейін тимей жатқаны белгілі.

«Қоғам және құндылық» бөлімінде Президент Қ.-Ж. Тоқаев былай деп көрсетті: «Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген байтақ жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тіліміз және барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке-бірлігіміз. Біз осы үш құндылықты көздің қарашығындай сақтаймыз».

Біз жастарға білім мен патриоттық тәрбие беруде осы мәселені баса көрсетіп отыруымыз қажет. Тарихты эмоцияға берілмей, саяси мәдениетті сақтай отырып, тәрбие ісінде қолдануымыз қажет.

Қорыта айтқанда, Президентіміздің бастамасы бюрократтық шараларда қалып қоймай, шынайы жүзеге асады деп үміттенеміз. Президент идеясын қолдаймыз, оны жүзеге асыруға ат салысамыз.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары Бегалиева А.К., Наралиева Р.Т

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қаңтар
704
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі