400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тұғыры биік тұлға" ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекет, қоғам қайраткері Д.А.Қонаев туралы толық мағлұмат беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тұғыры биік тұлға».

Мақсаты: 1) Халқымыздың аяулы перзенті Д.А.Қонаев атамыздың

өмірімен, еңбек жолымен, игі істерімен таныстыру.

2) Адамгершілік асыл қасиеттерін үлгі тұтуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, слайд.

  1. 1. Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Дінмүхамед Ахметұлы Қонаев атамыздың туған күніне арналған салтанатты жиын «Ашық» деп жарияланады. Құттықтау сөз мектеп директоры Битенова Дидар Ауданқызына беріледі.

1) Кіріспе сөз.

Қазақ халқының тарихында ұлы тұлғалар аз болмаған, олар өз тұсындағы заман ағымының алмағайып сәттерінде туған жұртын қыспақтан түрлі жолмен алып шығып отырған, егер біз кейбір ұлттардай тарих бетінен жоғалып кетпей,осынау егемендік алған тәуелсіз қалпымызда іргелі ел ретінде жетіп отырсақ, сол адамдардың өлшеусіз еңбегі бар, сондықтан да халық жадында олардың есімдері мәңгі ұмытылмақ емес. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ұлы тұлғалар шоғырында бірдің бірегейі ретінде өзінің лайықты орнын алады. Жылдар бедері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың атамыздың есімін көмескілендіре алмайды, себебі, бұл асыл бейне-мәңгі халық жүрегінде.

Еліміздің қарыштап дамып, өркениеттің жолына шығуына өлшеусіз еңбек сіңірген аса ірі қайраткер, халқымыздың ұлы перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туылғанына 104 жыл.

2 Жүргізуші:

Ұлы Тұран перзенті Дінмұхамед Қонаев атамыз 1912 жылы 12-қаңтарда, Алматы қаласында қызметкердің жанұясында дүниеге келді. Әкесі Меңліахмет. Анасының аты Зәуре. Ата-бабасы қазіргі Алматы облысының Балхаш пен Күрт аудандарын мекендеген, ол өзінің жастық шағын бұрынғы Верный, қазіргі Алматы қаласында өткізеді. Сонда оқу бітіріп 1931 жылы Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің жолдамасымен Мәскеу түсті металлургия инситутына түсіп, 1936 жылы, бұл институтты қызыл дипломмен тәмәмдап, Қоңырат-Балқаш құрылысына жолдама алып,еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастайды. Көп ұзамай бұрғылау қопарылыс цех бастығы дәрежесіне көтеріліп,кейіннен Қоңырат кен басқармасының директорлығына жоғарылады. Осы Балқаш өңірінің дамуына үлкен үлес қоса жүріп,Қаратау-Жаңатас территориялық өндіріс комплексіне де зор ықпал жасаған. Бірнеше рет келіп өзі «Ақсай», «Молодежный», «Көкжон» карьерлеріне көмектескен. 1939 жылы «Үздік еңбегі үшін» медалін алды. Д.А.Қонаев партияның аса көрнекті қайраткері ғана емес, ол ғылыми қызметпен де өажырлылықпен айналысты. Жүзден аса ғылыми еңбектердің авторы. 1968 жылдан ғылым докторы. Оның осынау жемісті еңбектерін Отаны әділ әрі лайықты бағалап, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын, оған қоса сегіз Ленин, Октябрь революциясы ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталды. Қонаев атамыз жарқын өмірдің салтанат құруы ісіне шын берілген табанды қайраткер болды. Ол өзінің асқақ мұратты парызын адал орындады. 1986 жылы 16 желтоқсанда құрметті еңбек демалысына шықты.

І жүргізуші: 8 «А» сынып оқушысы Іңкәрбек Аружанның орындауында ән: «Бұлқынды жүрек».

2 «А» сынып оқушылары ортада:

  1. Басшы бар ма бұл күнде жөн білетін, 
    Зауал туған ақ жағаң сөгілетін. 
    Қонаевтың тұсында ару қыздар, 
    Ай секілді алыстан көрінетін. 

2. Күндер қайда ат ізін тай басатын, 
Зауал туған есікті Қайғы ашатын. 
Қонаевтың тұсында қарттың бәрі, 
Ақбоз үйдің төріне жайғасатын. 

3. Ер мінетін ол кезде ат туатын, 
Ар алдында кім-кімде тақ тұратын. 
Жұрттың бәрі саналы ғұмыр кешіп, 
Тіршілікте сөз қумай бақ қуатын. 

4. Тамырына қан құйған құба белдің, 
Димаш нағыз өзі еді тұлғалы ердің. 
Мұражайдың төрінде тұр қасқайып, 
Көзсіз батыр ерлігі туған елдің. 

5. Дүниенің сұмдығын жүре көрген, 
Дінмұхаммед кісі емес жүрегі өлген. 
Алатауы болатын алты алаштың, 
Ғасырлардың төрінен түрегелген. 


6. Ақиқатқа шындыққа ара тұрған, 
Асыл еді ақ нұрдан жаратылған. 
Жалғандықтың шайқаған шаңырағын, 
Ұлы дайыл туғанда қанатынан. 

7. Өмір-өзен жаңылып ағысынан, 
Тауы қайтып, шындықтың сағы сынған. 
Қайран Димаш қапыда көз жұмғалы, 
Туған елге ер бар ма бақ ұсынған. 

8. Құшағында жетіліп арлы ананың, 
Кім көрмеді биікке самғағанын. 
Қасиетіне айналған алты алаштың 
Димаш еді киесі сардаланың. 

9. Димаш ата! Көсемсін сен көреген, 
Ата-жұртын нұр бақытқа бөлеген! 
Қазақтар шалқая басып жергенің, 
Қонаевтың арқасында дер ем мен! 


2 Жүргізуші: 5 «Ә» сынып оқушысы Исламқызы Жаннұр. баяндама: /Слайдтағы суреттерге тоқталу/.

Д.А.Қонаевтың кезінде бір Қазақстан еселеп өсіп, жеті Қазақстанға айналыпты. Керемет көрсеткіш! Сөйтіп, ұзақ жылдар бойы Д.А.Қонаев елдің жоғарғы билік тізгінін ұстағандардың бірі болды. Д.А.Қонаев билік басына келген жылдары Қазақстан өрлеу мен гүлденудің ең жоғарғы дәрежесіне жетті. Ол байлықты да, билікті де мақсат-мұрат етпеген, бар өмірі мен қызметіне, күш-жігерін соңғы тыныс-деміне дейін халқына іскер бағыштай, бағыттай білген. Д.А.Қонаев Қазақстанды басқарып тұрған жылдары республикада өнеркәсіп өндірісі,ауыл шаруашылығы, құрылыс 8 есеге жуық өсіпті. 68 жұмысшы поселкасы мен 47 қала салған. Оның ішінде:Ақтау,Арқалық, Екібастұз, Рудный, Қаратау, Жаңатас, Кентау, т.б.қалалар бар.

1993 жылы 22 тамызда Қазақстан халқы өзінің ұлы перзенті Д.А.Қонаевпен қоштасты.Аса ірі мемлекет қайраткері дүниеден өтті. Ол кісінің табытына тірі гүлдер қойылып қоршалды. 1994 жылы ақпан айының 24- і күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қаулы шығарды:

«Д.А.Қонаевтың есімін мәңгі есте қалдыру туралы»

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың Қазақстанның алдындағы сіңірген айрықша еңбегін тану белгісі ретінде және оның есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында қаулы етемін:

1. Д.А.Қонаевтың есімі: Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының тау – кен институтына; Шығыс Қазақстан облысы «Лениногор полиметалл комбинаты» акционерлік қоғамына берілсін.

2. Алматы қаласындағы Карл Маркс көшесі Д.А.Қонаев көшесі деп аталсын.

3. Жер туралы ғылым саласында жас ғалымдарға жыл сайын берілетін академик Д.А. Қонаев атындағы сыйлықтар тағайындалсын.

4. Алматы қаласында Д.А. Қонаевтың мұражай үйі ұйымдастырып және ол тұрған Төлебаев көшесіндегі 119 үйге мемориалды тақта орнатылсын.


5 «Ә» сынып оқушылары ортада:

Жаннұр: 
Батыр ұл есімдері сақталады, 
Жыр болып жүректерге жатталады. 
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп, 
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады. 
Ұлы тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамызға үш жүзге тарта жыр арнаған Рафаэль Ниязбек ағамыздың өлеңдерінен үзінді. 
Алтынбек: 
О, Жаратқан! Ақ тілеуді қабыл ет, 
Халқымды аман, патшамызды әділ ет! 
100 жылдыққа осы жырды арнадым, 
Әруағыңнан айналдым, Дінмұхемед! 
Асель: 
Өзің Дін мен Мұхаммед боп атандың, 
Қазағыма жақсылықпен атар күн! 
Юнеско көлемінде тойласақ, 
Жер жүзіне әйгіленер атағың! 
Сабина: 
Балқашыңда жайқалып тұр күрішің, 
Бізге әкелген бұл да сенің ырысың! 
Мұнар, интернатың, көпірің, 
Көрсетілген ел- жұртыңа бір ісің! 
Балнұр: 
Алмат мен Балқашыңа қосылып, 
Асфальт жолың жатыр шөлде жосылып. 
«Өтті дәурен осылай»-деп өтсеңде, 
Дұшпаныңа қалмағансың тосылып! 
Димекеңнің арқасында бар жақсылық жасалған, 
Балқаштықтар! Ұрпақтары осыны ұқ! 
Бекжан: 
Одақ болып жүрсек те бір «қалыпта», 
Қазақ елін айналдырдың алыпқа! 
Депутап боп Бақанастан сан мәрте, 
Бастап өттің жақсылыққа, жарыққа! 
Нұрдәулет: 
Бір келгенде таныстырып ата-жұртқа, еліңе, 
Нұрсұлтанды қонақ қып, әкелгенсің жеріңе! 
Болжай біліп болашақтың тағдырын, 
Сол кезден-ақ Елбасын шығарғансың төріңе! 
Аяна: 
Исі қазақ еске алады дәл бүгін, 
Димаш ата жомарттығын, мәрттігін! 
Сақтап қалды ар-намысын ұл-қызы, 
Алып беріп тәуелсіздік теңдігін! 
Дара тұлға, Данышпаным, Кемеңгер, 
Туған күнмен құттықтайды туған ел! 
Ұмытпайды мәңгі есте сақтайды, 
Малайсары, Бақанасың, Балқан көл! 
Аружан: 
Сәуле шашып, арайланған нұр таңы, 
Нұрландырар тау-тасыңды, қырқаны. 
Әруағы көктен қарап тұр әні- 
Жаса, жаса, Алты Алаштың ұрпағы! 

1 Жүргізуші: «Ақылдыдан қалған асыл сөз».

Димаш ағаның «Ақиқаттан аттауға болмайды» ғұмырнамалық кітабын оқығанда, ғибраты мол ғұмырдан ұрпақ түйер ұлағат аз емес. Онда Қазақстанның тарихы, ел экономикасы, әлеуметтік дамуы, мәдени өсіп-өркендеуі, қаншама өнегелі іс, өміршең тірлік жатыр. Ойы қандай салмақты, сөзі қандай өрнекті. Даналық деген осы. Ақылды ағадан қалған сөз ұрпаққа жұғысты болғай:

- Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.

- Ақиқаттан аттап кету арға сын.

- Ақиқат ағын суды да тоқтатады.

- Өз басыңа тілемейтін істі, өзгеге тілеме.

- Билік оңай, біліп айту қиын.

- Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.

- Рухани байлықтың анасы еңбек


2 Жүргізуші: «Тұлға туралы ой маржандар» «Елу жыл ел ағасы» кітабында жазылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы естеліктерден үзінді.

Нұрсұлтан Назарбаев: /ҚР Президенті/ «Димекең өз заманының перзенті болған ірі тұлға. Ол кісінің артықшылығын да, кемшілігін де біз сол заманнан бөле-жара қарауға қақымыз жоқ. Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі – бәрімізге ұстаз болған ұлы адам».

Джавахарлал Неру /Индияның премьер-министрі/: «Мейірім шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық – қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты. Сол перзент - Дінмұхамед Қонаев».

Бәйкен Әшімов /Қазақ ССР-ның министрлер кеңесінің төрағасы/

«Димаш Ахметұлы – өз халқының болашағы үшін көп еңбек сіңірген адал ұлы».

Дуайт Эйзенхауэр /АҚШ президенті 1960ж./: «Мен бүгін зор тұлғамен қауыштым. Ол терең саясаткер, халықтар даналығын толық меңгерген Адам. Ол КСРО-ның сирек кездесетін тұлғасы».

Асанбай Асқаров: «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ХХ ғасырдың және өз халқының көрнекті, адал перзенті бола білген адам. Ондай жандар тарихта көп болғанымен әрқайсысы қайталанбас жеке тұлға».

Геннадий Толмачев, жазушы, 1997 жыл: «Шынын айтайын, Қонаевқа тең келетін адамды көрмедім. Оған теңіздей сүйкімділік, жарқыраған даналық, таңқаларлық сана, шалқыған қайырымдылық, көңілді болмыс тән еді».

1 - жүргізуші және 2 - жүргізуші екеуі бірге айтады:

«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

Хор: «Атамекен» (сөзі: Е.Хасанғалиевтікі)

2-жүргізуші:

Данасы мен батыры көп қазақтың

Көрген талай қияметін азаптың.

Аршындаймын көк туымды шалқытып,

Жасай берсін тәуелсіздік азат күн!

Қуаныштан қалай кеуде кермесін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.

Ақ түйенің қарны міне жарылды,

Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!-дей келе әрқашанда жүздеріңіз жарқын болып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың кең байтақ жерінде бақытты өмір сүріңіздер!!! Сау-саламатта болыңыздар!









Ұлы Бәйтерек


Ізбасар Балтағалыұлы,

қайраткер. Бұл қазақ, қазақ болып жаралғалы,

Жеке ұлт боп, жер бетіне таралғалы

Дербес ел, бақытты өмір, шаттық тұрмыс,

Халқына алып беру бар арманы.


Бұл үшін талай ғасыр, жылдар өтті,

Бұл үшін талай дана терін төкті.

Бұл үшін талай қырғын соғыстар боп,

Бұл үшін талай батыр қанын төкті.


Ішінде сол ерлерден орны бөлек

Кемеңгер дара – дана, ойы зерек.

Халқының бақыты үшін Құдай берген

Димекең халқы сүйген бір бәйтерек.


Халқы да бағалады Димекеңді,

Көтерген шың басына туған елді.

Теңі жоқ елге берген еңбегінің,

Сол үшін Ер атағын үш рет берді.


Димеке, Сізге риза туған халқың,

Сондықтан көтерілді билік парқың.

Атаған Пайғамбар деп тіріңізде

Қазақпен бірге жасап мәңгі даңқың.







«Армысың, алты алаштың ақсақалы»


/Н.Қашағанов/



Димаш аға! Дидарыңыз-жарық күн,

Ұранысыз қазақ деген халықтың

Саясаттың дауылында сынбаған

Өзіңізсіз-бәйтерегі тарихтың.


Ғұмыр кешпей қара бастың қамы үшін,

Қорғадыңыз ел мен жердің намысын

Тарих өзі таразылар, танытар

Ұлы қазақ- Қонаевтың сан ісін.


Тектілікті кім болса да бағалар,

Тексіздерді ит те, құс та табалар.

Ұлы ұрпағым ұмытпаған екен деп,

Орнынан бір аунап түсті-ау бабалар.


Алаламай үш жүздің бар баласын,

Ұлттың ұлы болған адам-Дана шын.

Қонаевты бойда қаны бар қазақ,

Қорықпай-ақ Әулие ата санасын.



«Елдік деген сол болар»

∕ Н.Қашағанов ∕

(Д.А.Қонаев 80-ге толғандағы толғаныс.)


Ойлымызды әйгілі,

Орға жығып алып біз.

Өлгеннен соң қайғырып,

Өкінетін халықпыз.


Кімге кінә тағайын,

Кімге мұңым шағайын.

Күншілдіктен ауызың,

Күймей қойды ағайын.


Туралықтан тайғандар,

Ар-ұяттан безіне,

Тіл безеді-ау патшағар,

Қонаевтың өзіне...


...Көбейіп көбік сөзіміз,

Колбиннің жүрдік артында.

Төмендедік өзіміз,

Қалды ол биік қалпында.


Қалың қазақ қамы үшін,

Қаншама отқа күйген ер.

Қонаев- елдің намысы,

Ендеше, оған тимеңдер.


Симайтын тар қалыпқа,

Сыйлайтын жат,қандас та.

Атпа оғыңды алыпқа,

Жағасына жармаспа.



Тағдыр менен тарихта,

Әркімнің жолы әр басқа,

Түбі шығар жарыққа,

Тегі асыл марқасқа.


Қалқан болар халқына,

Кесек туған кемеңгер.

Ай маңдайы жарқырап,

Күнде туар демеңдер.



Сүйеді аға өзіңді, сүйеді қазақ.

Темірше Сарыбаев

Аруақты орын, қашаннан, киелі қазақ

Бітімі бөлек, сыры ерек, сүйегі ғажап!

Айдай әлемге танылған далдығым деп,

Сүйеді аға өзіңді, сүйеді қазақ.


Жарқын ғой бәрі жүрген жол, өткен іздері

Халқына шаоқып жататын көк теңіз көңлі

Елінің қамын ойлайды ерте де кеш те,

Көркейсін дейді

Жұртына көктем іздеді


Ұлы бәйтерек

Ізбасар Балтағұлұлы

Басқарды қазақ халқын жарты ғасыр

Істері елге істеген ұлан асыр

Кенелткен мол ырысқа туған халқын

Димекең дара туған ерен асыл.


Өндіріс ол жылдары өрге өрледі

Ешкімге Қазақстан дес бермеді

Жерінен көкке ұшырып ғарышкерді

Жер түгіл ғарышты да ол меңгерді.


Сақтап қалған бабалардың рухын

Гүлбахрам Тұрашқызы

Ұлыстардың ұлылығы үндетпес

Қасиетін сипаттауға тіл жетпес

Бір ұлы өтті бұл өмірден үн түнсіз

Ел жұртына шуақ төккен күн тектес


Халқы өсіп, өнгеніне шын құмар

Біртуар ең, бір ғасырда бірақ туар!

Тазалығы, адалдығы аңыз жыр

Сендей ұлы енді қайтып кім туар?

Біртуарым, өзіңсің ғой біртуарым.




Димаш Дастан

Тұрсынзада Есімжанов

Тарландар туарына Ел де сенді

Өзенге, Тауға сенді, Жерге сенді

Толғатқан кемеңгерге қазағымның

Бар тауы, бар өзені бар даласы


Бұқардай бұрқыратып жыр туам деп

Айтатын заман емес ұлды Хан деп

Ғаламат ғасырымның өзі өсірген

Бұл біздің Димаш аға ДІНМҰХАМЕД.


Ел бақытын өз бақытым деген ер.

Тұманбай Молдағалиев

О, әлеумет әділетті болайық

Әлеуметке әділ болмау сол айып

Сөйлемесе талай қазақ қазақша

Дәл сол үшін кінәлі емес Қонаев.


Өткен өтті , енді ағылға салайық

Заңын айтқыш заманада бар айып

Болсын деді, болсын деді қазаққа

Болмасын деп ойлаған жоқ Қонаев.


Тұғыры биік тұлға


Қазақтың біртуар ұлы, мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Еңбек ері атанған Д.А.Қонаевтың туғанына 2012 жылдың 12 қаңтарында 100 жыл толуына орай Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университетінің конференция залында Халықаралық Д.Қонаев қорының БҚО филиалы және «Қазақстан тарихы және философия» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тұғыры биік тұлға» атты кездесу өткізілді. Тағылымды кездесуді ашқан Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің ректоры, профессор Қ.Қ Бозымов қазақ ұлтының қайталанбас тұлғасы мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімін ұлықтап, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында шараның ұйымдастырылып отырғанын айтты. Университет басшысы Қ.Қ.Бозымов Д.А. Қонаевтың халқына жасаған ерен еңбегіне тоқталып, 1963 жылы ауылшаруашылық институтының Орал қаласында құрылуына Д.А.Қонаевтың да зор үлес қосқанын айрықша атап өтті. Кездесуге Қонаевпен жақсы таныс болған, әлденеше рет кездесіп әңгімелескен қоғам қайраткері Бисен Жұмағалиев, өлкетанушы Жайсан Ақбай қатысып, «Ұлыдан ұлағат» атты деректі фильм көрсетілді. Халықаралық Д.А.Қонаев қорының БҚО филиалының төрағасы Нұрлан Дүйсенбайұлы Ізтлеуов қор жұмысына тоқталып, қаламыздағы №6 шағын ауданға Д.А.Қонаев есімі берілгенін және сол ауданда саябақ ашылғаны туралы баяндап, 100 жылдығына арналып шығарылған күнтізбелерін университет ұстаздары мен студенттерге тарту етті.


Қазақстан тарихы және философия кафедрасының аға оқытушылары Қ.Қ. Ташай мен М.К.Надыргалиевалар «Қонаевтың өнегелі өмірі мен саяси қызметі», «Взгляды Кунаева» атты баяндамаларында Д.А.Қонаев туралы жаңа тың деректермен таныстырды. Философия ғылымдарының докторы, профессор Т.Х.Рысқалиев Д.А.Қонаевтың тұлғалық қасиетіне философиялық тұрғыдан талдау жасады.

Көзі тірісінде-ақ халқы аса құрметтеп, «Димекең» деп атап кеткен Д.Қонаевтың жарық дүниеден өткеніне де біраз жылдың жүзі болды. Уақыт өткен сайын тарихи тұлғалар заман ағымына байланысты көмескіленуі мүмкін. Бірақ «Биік таулар алыстаған сайын зорайып көрінеді» деген қағиданың ақиқаттығына біз Қонаев бейнесі арқылы көз жеткізіп келеміз. Кезінде оны тек мемлекет қайраткері, ел басшысы ретінде ғана бағалап келсек, енді оның бүкіл өмір жолын ой елегінен өткізіп, атқарған адал да абыройлы қызметі мен асқақ адами қасиетіне зерделей қарап, Дінмұхамед Ахметұлының қай жағынан да дара тұлға болғандығын айқын аңғарамыз.


Динмухамед Ахмедович Кунаев (1912-1993гг.)


Динмухамед Ахмедович Кунаев родился 12 января 1912 г. в городе Верном, ныне город Алматы.


Его предки были животноводами и жили на берегах рек Курты и Или в районе Куйгана. В прошлом эта местность называлась Нижеилийская волость Верненского уезда Семиреченской губернии. Ныне это территория Балхашского и Куртинского районов Алматинской области.


У прадеда Азнабая было четыре сына. Семейное предание не сохранило причину разлада Азнабая со своими сородичами. Но однажды он снял весь аул и через Или по юго-восточному берегу Балхаша добрался до Аягуза, а оттуда откочевал на земли рода тобыкты. Впоследствии он прижился на новом месте и женил своего второго сына Коная на тобыктинке. У Коная родились сын Жумабай и дочь Булонтай. После смерти Азнабая тобыктинцы начали притеснять Коная и его родичей. Конай принял решение со своими близкими перекочевать и вернуться на свои земли в Семиречье. Разместив своих одноаульцев на родных землях, Конай в поисках лучшей жизни переезжает на правый берег реки Алмаатинки, отдает своего сына Жумабая на учебу в мусульманскую школу.


Однажды Конай выехал в Курты к родственникам и в пути, как гласит предание, был вероломно убит во время молитвы. Чтобы сохранить род и наследие Коная, жену его умершего старшего брата Бокеша по имени Кырыжылкы отдали замуж за третьего сына Азнабая Шолака. Они и занялись воспитанием Жумабая, деда Димухамеда Ахмедовича.


Жумабай хорошо учился в школе, затем поехал учительствовать в родные края. В 1904 году через Турцию уехал в Саудовскую Аравию и совершил паломничество в Мекку и Медину. В 1905 году он вернулся домой через Индию и Афганистан. Хадж Жумабая занял восемь месяцев. В 1886 году у него родился сын Минлиахмед. В четырнадцать лет Жумабай устроил его на работу к алма-атинскому купцу И. Габдулвалиеву, у которого Минлиахмет проработал до октябрьской революции по найму.


Ближайшее генеалогическое древо Д.А. Кунаева выглядит следующим образом:


Жолым --> Нурмамбет --> Азнабай --> Конай --> Джетибай, Жумабай --> Минлиахмед --> Динмухамед


До ухода на пенсию отец Динмухамеда Ахмедовича работал в сельскохозяйственных и торговых организациях Алма-Атинской области. Сам научился грамотно писать и читать по-русски и по-казахски.


Мать, Зауре Баировна, родилась в бедной крестьянской семье в селе Чилик Чиликского района. Они прожили совместно свыше семидесяти лет.


Учился Динмухамед Кунаев в школе первой ступени № 19 им. Чернышевского, которая находилась на Алма-Атинской улице (теперь ул. Емелева), позже она была ликвидирована и снесена. После окончания четвертого класса учился в 14-й школе (второй ступени, школа находилась на территории ныне действующей кондитерской фабрики).


В 1931 году приехал в Москву с путевкой Казкрайкома комсомола для поступления в Московский институт цветных металлов и золота. Остановился у старшей сестры Амины Ахмедовны. После поступления в институт переехал в общежитие, которое находилось на Сретенке, в Панкратьевском переулке, в магазинном помещении с огромными витражными окнами, выходящими на Садовое кольцо.


Учеба в Москве совпала с тяжелейшим периодом жизни республики и страны - периодом принудительной коллективизации. Сведения о крайне тяжком положении народа доходили до московских студентов. Динмухамед Ахмедович получал письма от родителей, в которых рассказывалось об огромных бедствиях жителей аулов и сел, страдающих и погибающих от голода. О масштабах развернувшейся беды он мог судить сам, когда приехал к родителям на каникулы в село Тургень Алма-Атинской области. Здесь в 1932-1933 годах множество людей погибло от голода в селах Балтабай, Маловодное и в аулах района.


В июле 1936 года Д.А. Кунаев, окончив горный факультет Московского института цветных металлов и золота, получил направление на Коунрад-Балхашскую стройку. Работал десятником только что созданного восточного отвала. Работал и копил материал для дипломной работы на тему "Определение мощностей Коунрадского карьера для производства 90 тысяч тонн черной меди в год". После защиты дипломного проекта 2 июля 1936 года уехал в Алма-Ату. Погостил у родителей и собрался к месту работы в Коунрад.


Свой первый трудовой отпуск Динмухамед Ахмедович провел в Алма-Ате. Его близкий товарищ Масгуд Бакаев попросил вручить письмо хорошей знакомой его жены Зухре Ялымовой, проживающей на Фурманова, 125. В то время она работала бухгалтером в Наркомате совхозов. Он отправился по этому адресу, вручил письмо и познакомился с Зухрой. Это была очень привлекательная, начитанная и серьезная девушка. Они встречались почти каждый день, бродили по улицам города, ходили в кино, прослушали весь репертуар гастролирующей в Алма-Ате Свердловской оперетты, которая выступала в летнем театре, находящемся на углу улиц Карла Маркса и Советской. Когда Динмухамед уехал в Коунрад, они регулярно переписывались.


В конце сентября 1939 года Кунаев вылетел из Балхаша в Алма-Ату в распоряжение Центрального Комитета Компартии Казахстана. Провел много встреч с деятелями ЦК. В этот же вечер встретился с Зухрой. Рассказал ей, что теперь будет работать в Риддере и спросил: "Как ты смотришь, Зухра, если в Риддер мы поедем вместе?" Это было признание в любви и предложение Зухре стать его женой. Она согласилась, и это были самые счастливые дни жизни Динмухамеда Ахмедовича Кунаева.


Вот, что говорил об этом сам Динмухамед Ахмедович:


"Я благодарю судьбу, что соединил жизнь с любимым, чутким, внимательным и обаятельным человеком. Наша веселая свадьба состоялась 18 октября на квартире у моей старшей сестры Амины Ахмедовны. Нашими гостями были мои товарищи по институту, преподаватели Казахского горно-металлургического института, инженеры Жаксыбаев, Кравченко, дядя Зухры Гариф Шарипович с молодой женой. Гостями нашей свадьбы были и мои сестры…"


23 октября 1939 года Динмухамед Ахмедович с женой Зухрой Шариповной выехал в Усть-Каменогорск. Там их встретил его товарищ по институту Султанкулов, работавший заместителем директора комбината "Алтайполиметалл". Он предложил им поселиться в его квартире, и они согласились. Недолгая работа на комбинате дала очень много Динмухамеду Кунаеву. Он изучил работу многих предприятий. Удалось не раз побывать в Зыряновске, Белоусовском рудоуправлении, Глубоком, Риддере и других местах. Вскоре он обратился в обком к первому секретарю Рванцеву с просьбой направить его на производство. Просьбу его удовлетворили и назначили директором Риддерского рудника. Когда они с Зухрой Шариповной приехали в Риддер, у них не было ни квартиры и никакого домашнего имущества. Им предоставили двухкомнатный номер в гостинице "Алтай". В декабре дали квартиру.


17 апреля 1952 года состоялись выборы Д.А. Кунаева в члены Академии наук КазССР по специальности "горное дело". Избрали единогласно. После того, как К. И. Сатпаева освободили от должности президента и члена Президиума тайным голосованием, Кунаев Д.А. был избран президентом АН КазССР. В поддержку его кандидатуры, выдвинутой академиком А. Бектуровым, выступили академики С.Н. Покровский, Н.У. Базанова, К.П. Персидский.


Наступил 1955 год. Состоялась первая личная встреча Динмухамеда Ахмедовича с Хрущевым.


З1 марта 1955 года в Алма-Ате открылась сессия Верховного Совета республики. Пономаренко внес предложение от имени ЦК и Совета старейшин назначить Кунаева Д.А. Председателем Совета Министров республики. Сессия Верховного Совета единогласно назначила его председателем Совмина КазССР. 15 января 1957 года при большом стечении народа на площади возле оперного театра состоялся митинг по случаю вручения республике ордена Ленина. Ордена вручили Яковлеву, Журину, Ташеневу и Кунаеву.


В 1958 году крупным событием явилось завершение строительство телестудии в Алма-Ате, начало вести свои передачи Казахское телевидение. Большим экзаменом для мастеров культуры было проведение Декады литературы и искусства Казахстана в Москве, председателем комиссии которой был Динмухамед Ахмедович Кунаев. Государственный академический театр оперы и балета имени Абая был награжден орденом Ленина.


Наступил 1962 год. Кунаеву исполнилось 50 лет. Круглая дата в жизни человека. Работал честно, много: что-то сделал, что-то не успел.


В 1959 году лениногорцы избрали Д.А. Кунаева депутатом Верховного Совета республики.


7 ноября 1964 года члены ЦК КПК избрали Динмухамеда Ахмедовича Кунаева Первым секретарем ЦК КПК. За семь лет экономический потенциал Казахстана удвоился, а промышленность дала продукции больше, чем за все годы со дня образования Казахстана. За досрочное выполнение плана были награждены орденами Ленина: Балхашский и Джезказганский горно-металлургические комбинаты, орденами Трудового Красного знамени: Соколовско-Сарбайский горно-обогатительный комбинат, Актюбинский химический комбинат, Карагандинский завод синтетического каучука, Иртышуголь, Карагандинский мясокомбинат. Съезд КПК отметил, что улучшилось материальное благосостояние трудящихся. В 1965 году по сравнению с 1958 годом средняя зарплата увеличилась на 28%. В 1965 году получили новые квартиры 450 тысяч человек. Казахстан стал важнейшей базой по производству технических культур: сахарной свеклы, хлопка, табака.


Начиная с 1966 года, Кунаев Д.А. по предложению Брежнева возглавил партийно-правительственную организацию, направляемую в Алжир. В состав делегации входили: заместитель министра иностранных дел СССР Малик, ответственный работник ЦК КПСС Кабашкин, маршал Советского Союза Москаленко, адмирал флота Сергеев. В январе 1968 года выполнял поручение Президиума Верховного Совета СССР, возглавляя парламентскую делегацию страны, выезжающую в Иран. В январе 1970 года вылетел в Каир во главе парламентской делегации. Завершил свое посещение выступлением в парламенте ОАР. 28 августа 1973 года Кунаев принял третий орден Казахстана орден Дружбы Народов. 24 ноября Кунаев получил указание быть в Москве для поездки в Индию в составе партийно-правительственной делегации вместе с Брежневым, Громыко.


В 1974 году 15 апреля состоялись выборы нового Президента Академии наук КазССР. Группа известных казахстанских ученых обратилась с просьбой избрать Президентом брата Динмухамеда Ахмедовича Аскара Кунаева - доктора технических наук, профессора, академика АН КазССР. Его кандидатуру поддерживали отдел науки ЦК КПСС и Президиум АН СССР. А. Кунаева избрали президентом АН КазССР. Он проработал на этом посту свыше двенадцати лет, все три срока избирался при полной поддержке ученых Академии. Ему дважды присуждалась Государственная премия СССР и Государственные премии КазССР. Его избрали членом-корреспондентом, а затем академиком АН СССР. На съезде КПК он подвергся незаслуженной и необъективной критике. Это задело его самолюбие, и он обратился с просьбой освободить его от работы. Просьба была удовлетворена. Президентом АН стал молодой ученый М.А. Айтхожин.


В ноябре 1974 года состоялось решение о поездке Кунаева в Монголию в составе партийно-правительственной делегации. В делегацию входили Брежнев, Громыко, Усубалиев.


21 октября 1966 года под руководством Динмухамеда Ахмедовича был произведен направленный взрыв для сооружения платины в верховьях Алмаатинки. Взрыв не произвел никаких разрушений и, как и ожидалось, взорванная скала легла в тело плотины. 14 апреля 1967 года был произведен второй взрыв камерных зарядов, уложенных в левобережье скалы. Таким образом, было образовано основное тело селеудерживающей платины. В 1973 году на плотину, словно проверяя ее на прочность, обрушился мощный сель. Селевой поток возник от прорыва мореных озер ледника Туюксу, расположенных на высоте 3300 метров над уровнем моря. Селевая масса в объеме 3,5-4,0 миллиона кубометров была задержана плотиной. 16 июля прошла вторая волна селевого потока. Плотина выдержала и этот удар. От разрушения была спасена вся восточная часть города. В эти трудные дни Динмухамед Ахмедович сам возглавлял ответственную работу по предотвращению последствий селевого потока и созданию условий для спокойной жизни и работы населения города. В 1975 году были начаты и в 1980 году были закончены селезащитные работы по реке Большая Алматинка.


16 декабря 1986 года состоялся пленум ЦК КПК, на котором было принято решение об освобождении Кунаева от обязанностей Первого секретаря ЦК КПК в связи с уходом на пенсию. Свыше сорока лет ЦК КПСС оказывал высокое доверие и большую поддержку Динмухамеду Ахмедовичу Кунаеву. В разное время ему поручали возглавлять крупные предприятия цветной металлургии, он был у истоков создания мощной медеплавильной промышленной страны. Его избирали академиком АН республики и ее президентом. По рекомендации комсомольской организации, членом которой был Кунаев с 1927 года, секретаря парткома Коунрадского рудника Ильина и рабочего-передовика Абжанова в 1939 году он был принят в члены партии. С этого момента он постоянно избирался в вышестоящие партийные органы. Партия доверила ему поработать в ЦК КПК и Совете Министров в течение 42 лет. За это время с небольшим интервалом проработал в должности Первого секретаря ЦК КПК 25 лет. Дважды назначался Председателем Совета Министров КазССР. С IV съезда КПК по XVI включительно входил в состав ЦК КПК. Избирался делегатом XIX и всех последующих съездов партии, включая XXVII съезд КПСС. На XX и всех последующих съездах избирался членом ЦК КПСС. На XXIII съезде был избран кандидатом в члены Политбюро ЦК, на XXIV, XXV, XXVI, XXVII съездах членом Политбюро ЦК. В общей сложности в составе Политбюро ЦК находился 21 год. Являлся депутатом Верховного Совета СССР, с 3 по 11 созыв включительно. В течение 25 лет был членом Верховного Совета Казахской ССР. Выполнял поручения ЦК и Президиума Верховного Совета, выезжал в ряд социалистических и капиталистических стран, возглавлял партийные и парламентские делегации.


Зухра Шариповна умерла 20 апреля 1990 года. По специальности она была счетным работником, но круг ее интересов, устремлений был удивительно разносторонним. Она отлично знала русскую, казахскую, зарубежную классику. Изучала английский язык, побывала во многих странах. Зухра Шариповна особенно уважительно относилась к религии. Из-за рубежа она всегда привозила Кораны. Последнее время Динмухамед Ахмедович жил с семьей племянника Диара.


Подводя итоги деятельности Динмухамеда Ахмедовича Кунаева, можно сказать, что ему пришлось работать в разные периоды жизни страны. Его многолетний созидательный труд не прошел даром, позитивный опыт не может быть отброшен, его нельзя терять, многими результатами можно теперь гордиться, несмотря на все издержки и деформации на нашем историческом пути.


Тот печальный день, 25 августа 1993 года, войдет в историю Казахстана как день необъявленного национального траура. Хоронили Динмухамеда Ахмедовича Кунаева. Десятки тысяч алматинцев прошли через скорбный зал театра оперы и балета. Еще многие тысячи не смогли проститься с Д.А. Кунаевым: получив приказ, милиция прервала людской поток. Никогда раньше не было подобного, чтобы под катафалк от театра и до самого кладбища легли миллионы живых цветов. Весь мир узнал о кончине Динмухамеда Кунаева. Широко, не без помпезности печать, радио и телевидение Казахстана растиражировали некролог о трижды Герое Социалистического Труда.


Газета "Народный Конгресс" рядом с его портретом напечатала две фразы: "Умер Динмухамед Ахмедович Кунаев. Прощай, Великий Человек"

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
3388
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі