Қостанай
облысы
Амангелді
ауданы
Амантоғай
жалпы білім
Беретін
орта мектебі
Қабдрашев
Біржан
Жарқынұлы
Түлектер
кездесу кешінің сценарийі
1
жүргізуші: Қайырлы
күн, құрметті қонақтар!
2
жүргізуші:
Қайда
менің мектептегі күндерім,
Жалындаған
жастық шағым, күн керім.
Дуылдатып,
думандатып жүретін,
Бақытты
сәт, шалқып шығар күндерім
Қайда
сол бір асыл жанды достарым,
Аңқылдаған,
жарқылдаған от жалын,
Сұнқар
жігіт, аққу қыздар қайдасың,
Мектепті
еске аламыз жүрегімізде от жанып.
1жүргізуші: Ақын
ағамыздың сөзін еске алып, түлектер
кездесу форумын ашық деп
жариялаймыз!
Музыкалық
номер – «Мектебім»
2
жүргізуші: Иә, уақыт
деген көз алдымыздан зымырап өтіп
барады! «Кеше ғана бала ең, келдің ғой
талай жасқа», деп ұлы атамыз Абай айтып
кеткендей алдарыңызда кеше ғана мектеп
партасында отырған білім нәрімен
сусындаған шәкірттеріңіз бүгін Қазақстан
Республикасының білдей-бір азаматтары
болды.
1
жүргізуші: Құрметті
түлектер ! Бүгінгі таңда сіздердің
мектеп бітіргендеріңізге биыл
біреулеріңізге 10, 20, 30,40 жыл толып отыр.
Осыдан 10, 20, 30, 40 жыл бұрын келешектеріңіз
қандай болатынын елестеттіңіздер ме?
Алдарыңызға қойған арман-мақсаттарыңызға
жеттіңіздер ме? Алдымен өздеріңіз туралы
жеке мәлімет беріп, өздеріңіз туралы
айта кетсеңіздер. (Әр жылғы түлектерден
бір адамнан шықсын).
Микрофонмен
кезектесіп, түлектер сөз сөйлейді.
1-жүргізуші:
Сағынам
сені, аяулы мекен, гүл мекен,
Балалық
күнім сайраңдап сенде жүр ме екен,
Күндіз-түні
сені кеудемде үнсіз тербетіп,
Алысқа
кетсем, өзіңмен ылғи бір кетем, деп
сіздерден, құрметті 40 жыл
бұрын мектеп бітірген түлектер, біз
сіздерден мектеп өмірін еске алуды
сұраймыз.
Сіздердің
құрметтеріңізге биылғы жылғы түлектер
«Қаражорға» биін тарту етеді. Қабыл
алыңыздар!
2-жүргізуші:
Құрметті
30 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер,
әрбір түлектің ұмытпайтын ең қызықты
сәттері болады. Сондай сәттерді еске
алып, айтып беріңіз.
Микрофон
түлектерде
Музыкалық
номер – Жасұлан
1-жүргізуші:
Бойыма
алаулатып күш-жалынды,
Өмірге
ұмтылдырған құштарымды.
Кеудеме
білім сырын құйып берген
Ұмытпан
мәңгі-бақи ұстазымды, деп алғашқы және
де ең сүйікті ұстаздарыңызды еске
алыңыз. Әр түлектер өзінің алғашқы
мұғалімін және де ең сүйікті мұғалімді
атасын. Құрметті 40, 30, 20, 10
жылғы түлектер бір адамнан щықсаңыздар.
Мектеп
өмірінен әзіл
2-жүргізуші:
Рахмет!
Бұл кешке келгеніңе достар,
Қатарыңның
алды бол көшті бастар
Биіктерден
әрдайым көріне бер.
Иесі болашақтың
- сендер жастар!
20
жыл бұрын мектеп бітірген түлектер
сіздерге шағын тапсырма берейік. Біз
сіздерге сұрақ қоямыз. Сіздер кішкене
ойланып оларға жауап бересіндер.
Мектептегі
оқушылардың ұнатпайтын жері?
Мұғалімнің
орындығындағы тосын сый?
Ата-аналар
мен мұғалімдердің таныстыру клубы.
Ата-аналар
қолтаңбасының альбомы?
Мұғалімдермен
оқушылардың тағатсыз күтетін күндері?
2-ден
5дейін. Ол не?
естелік,
қолтаңба қалдыратын тақта, анда-санда
жастық болатын жабдық
Күй
. Мыңжасарова Несібелі
2-жүргізуші: 10
жыл бұрын мектепті бітірген түлектерге
ойын. Біз сіздерге осындай тапсырма
берейік. Біз пәнді айтады,
ал сіз сол пән беретін мұғалімнің
ойланбай аты-жөнін айтасындар. Еске алу
қабілеттеріңізді тексерейік!
Алгебра
-
Қазақ
тілі -
Химия
–
Биология
–
АӘД
–
Еңбек
сабағы –
Орыс
әдебиеті –
Сызу
–
Физика
–
Геометрия
–
Орыс
тілі –
1-жүргізуші: Бәрекелді!
Еске алу қабілеттеріңіз мықты екен!
Сіздерге арналған биді
тамашалайық!
2-жүргізуші:
Жарайсыздар!
Мектеп өмірін ұмытпапсыздар!
Хор.
1-жүргізуші: Құрметті
түлектер, алтын ұя мектептеріңді ұмытпай
кездесуге келгендеріңіз үшін көп рахмет.
Мектебіміздің бізден бұрынғы түлектерімен
кездесу біз үшін үлкен қуаныш. Ендігі
ретте 10,20,30,40,50 жылдық кездесулерде
жүздесейік! Осымен біздің түлектер
кездесу форумы аяқталды. Келесі
көріскенше, хош-сау болыңыздар!