УДК 37.013
ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ
Жарасбаева Зибагуль Батырхановна
филология ғылымдарының магистрі
педагог – сарапшы
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Қостанай облысы әкімдігі
білім басқармасының
"Қарабалық ауданы білім бөлімінің
Максим Горький атындағы жалпы
білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы, Қарабалық кенті, Қазақстан
E-mail: Zikonya_90@mail.ru
Аңдатпа
Ұлттық құндылықтарды меңгертуді қарастыра отырып білім алушылардың бойында ұлттық сана-сезім мен отаншылдық қасиеттерді сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілігі жоғары тұлғаны тәрбиелеу мәселелері қарастырылады.
Түйінді сөздер: тұлға тәрбиелеу, ұлттық тәрбие, ұлттық қасиет, дәстүр, оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізі, ұлт құндылығы.
Аннотация
Рассматривая усвоение национальных ценностей, рассматриваются вопросы воспитания у обучающихся личности, привившей национальное самосознание и патриотические качества, высокой ответственности за судьбу своей страны.
Ключевые слова: воспитание личности, национальное воспитание, национальные качества, традиции, основа формирования национальных ценностных качеств учащихся, ценности нации.
Abstract
Considering the assimilation of national values, the issues of educating students of a personality who instilled national identity and patriotic qualities, high responsibility for the fate of their country are considered.
Key words: personality education, national education, national qualities, traditions, the basis for the formation of national value qualities of students, the values of the nation.
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. «Қазақстан – 2050» ұзақ мерзімдік стратегиялық бағдарламасын белгілеп, әлемдік өркениетке бет алған тәуелсіз Қазақ елі үшін ұлттық құндылықтарды сақтап қалудың маңызы өте зор. Өйткені сонау ғасырлардан бүгінге жеткен ұлттық құндылықтарымыз (лиро-эпостық және батырлар жырлары, ұлттық қол өнер, ұлттық спорт түрлері, қазы-қарта, жал-жая т.б.) –еліміздің дамуы мен мәдениетінің айнасы. Демек, сан ғасырлық тарихы бар рухани құндылықтарсыз ұлттың дамып, өркендеуі әсте мүмкін емес. Біз қазіргі жаһандану процесінде ұлттық құндылықтарымызды сақтау, бет-әлпетімізді және жақсы дәстүрлерімізді сақтау үшін күрес ұлттық сананы сақтау үшін күресекенін түсінеміз. Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана- сезімі мен мінез-құлқының қалыптасуын, яғни ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз. Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілімен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар. Адамның бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығарамыз. Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар.
Халықтың тұрмыс – тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы – халықтың мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттық) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан. Ал, ұлттық тәрбие мәселесі – адамзат тарихынан өн бойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және тағы басқа қасиеттерді жатқызамыз. Қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз. Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып ұлттық қасиеттерге айналады. Оқушының ұлттық қасиеттеріне меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылығы, мәдениеттілігі т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді. [1]
Әрбір ұлттың ұлттық қасиеттері - ұлттық тәрбиеге байланысты дамып, қалыптасқан. Халық педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол ұлттың салт-дәстүрлерінен құралады. Әдебиет көркем шығармалар арқылы сан үйренуден бастап, шығарма кейіпкерлерінің тілін, ойын, іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, ұлттық қасиеттерін үлгі ретінде әсерлі баяндап, содан соң көркемдеп көрсетіп үйрету арқылы жеке тұлғаның адамдық қасиеттерін қалыптастырып, кісілік сана-сапасын арттырады. Ал ұлттық салт-дәстүрлер игі әдеттердің әдеп-ғұрыпқа айналып, одан әдеп, әдептен дәстүр, дәстүрден салт қалыптасқанын көрсетіп, жеке тұлғаның ұлттық мәдени қасиеттерін қалыптастырады. Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті.
Мәдениетті болу үшін – білімді болу міндет. Білімді болғанмен, ұлттық мәдениетті игермеген болса, ондай тұлға ұлт алдында “мәңгүрт”, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі – мектепішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Осындай тәрбие жұмыстарын ұлттық құндылықтар негізінде мынадай іс-әрекеттер арқылы ұйымдастыруға болады. Мысалы: арнайы пәндер, оқу үдерісі, сыныптан тыс тәрбие, жұртшылықпен жұмыс, ата-аналармен жұмыс т.с.с. Атап айтқанда арнайы пәндер арқылы, яғни «Абайтану», «Өлкетану», «Бауыржантану», «Өнер тарихы» сияқты пәндерді оқыту барысында; оқу үдерісінде негізгі пәндермен қоса, «Әдеп негіздері», «Әдеп және жантану», «Діндер тарихы» сияқты пәндерді меңгерту арқылы; сыныптан тыс тәрбиеде спорттық ойындарды, қолөнершілік шеберлікті дамытатын сайыстарды, шығармашылық қасиеттерді шыңдайтын іс-шараларды ұйымдастыру арқылы; ата-аналармен жұмыста «Ана мектебі», «Әкелер мектебі», «Ақсақалдар алқасы», «Зергерлер клубы» сияқты түрлі мектептер мен клубтарды құру арқылы, ал жұртшылықпен жұмыста өнер-тәрбие отаулары мен этнографиялық клубтарды ұйымдастыру арқылы біз ұлттық құндылықтарымызды ұрпақ бойына дарыта аламыз. Жалпы оқу барысында да, сынып ішінде де, сыныптан тыс уақытта да халықтық педагогика мен ұлттық салт-санаға негізделген осындай әрекеттер өскелең ұрпақтың білімді, әрі тәрбиелі боп қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Олай дейтін себебіміз, халқымыздың асыл қазынасын сыныптан тыс жұмыстарда тиімді пайдалану – оқушыларды өз ұлтын сүюге, оның салт-дәстүрлері мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретері сөзсіз. Ұлттық құндылықтардың бірі – ұлттық ойындар. Олар тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі ғана емес, жас ерекшеліктеріне қарай көзқарастары мен мінез-құлқының қалыптасуына, тапқырлыққа, шешендікке баулитын, ой-өрісін жетілдіретін атадан қалған асыл мұрамызды кейінгі ұрпаққа жеткізу құралы болып табылады. Мысалы, асық ойыны — қазақ халқының ұлттық ойынының бірі. Асық ойыны баланың ойлау қабілетін дамытады, адаммен тез тіл табысуға үйретеді, денені шынықтырады, қан айналымы мен тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартады, баланың көзі қашықтықтан көруге дағдыланады, мергендікке баулиды, бойдың жылдам өсуіне де көмектеседі. Демек, әрбір ұлттық құндылығымыздың өзіне тән маңызы мен мәні бар. Тағы бір маңызды нәрсе, ол қазақтың ұлттық бұйымы бесіктің пайдасын өмірдің өзі дәлелдеп, бүгінгі күнге жеткізді. Баланың таза, ұйқысының тыныш болуы өз алдына, бесік сәбидің табиғи өсуіне айрықша ықпал етеді. Дәл осы мәселені жапонның танымал дәрігер-ғалымы Гау Щияу Иде Илаң жан-жақты зерттеген. Оның зерттеуінше, сәби өмір есігін ашпас бұрын, ана құрсағында тербеліске түседі. Ал ол өмір есігін ашқан соң бірден жарық дүниеге үйлесе алмайды. Сондықтан ол «сәбиді ана құрсағындағыдай тербетіп отыру керек» деген қорытынды жасаған. Міне, осы процестерді ескерген болса керек, ата-бабаларымыз сәби өмірге бейімделгенше оны бесікке бөлеп, тербетіп отырған. Бұл – халқымыздың ұлылығы! Өкінішке қарай, бүгінде кейбір келіншектер баланы бесікке бөлеуге ерініп, памперсті қолданып жүр. АҚШ пен Еуропа елдерінің озық ойлы дәрігерлері мұны қолдануға қарсы алуан түрлі акциялар ұйымдастырып, памперстен бас тартуға шақыруда. Себебі балаға памперстің зияны ұшан-теңіз. Мұның соңы адамды белсіздік пен бедеулікке душар етеді. [2]
Соңғы жиырма бес жылда Еуропа елдерінде бала туудың азаюының бір себебі де осыдан. Тағы бір себебі, памперс киіп өскен баланың қуаты қырық жасқа жетер-жетпесте тоқырайды. Ал бұл – ұлтқа төнген қауіп! Халықты өсіретін де, өшіретін де – әйел! Демек, жас келіншектердің өз жанын аялап, жалқаулықтан баласын бесікке бөлемей, памперс кигізуі қазақ халқын «өшіріп» жіберуі мүмкін. Сондықтан бесіктің артықшылығын бағалай білейік. Әрбір қазақ отбасы мұны терең ойлануы керек. Бұл бір ғана мысал. Баланың дүниеге келген сәтінен бастап орындалатын әрбір ырым-жоралғыларды, салт-дәстүрлерді әрдайым сыныптан тыс шаралар мен ата-аналармен жұмыстар барысында жиі қолданып отырған абзал. Осындай құндылықтарды жиі көріп, үнемі пайдаланып өскен жас ұрпақтан нағыз отаншыл, елін сүйетін, өзінің ұлтының құндылықтарын бағалай білетін жеке тұлға қалыптасатыны айдан анық. Қазіргі уақытта бізге жетіспей жатқаны – өзіміздің қазақи өмір тіршілігіміз бен шығыстық дүниетанымдағы ұлттық мектебімізді құру. Тәрбие мектебі болып табылатын қазақтың мақал-мәтелдері мен аңыз-әңгімелері дүниежүзілік тәжірибеде батыстық ұғымдармен сәйкес келе бермейтіні анық. Қазақи дүниетанымның өзегі – адамшылық. Қазақ: «Жаным – арымның садағасы», «Дүние – қолдың кірі», «Туған елім болмаса, тумай-ақ қойсын Күн мен Ай», «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», — деп, еліне деген іңкәрлік сезімін қалыптастырады. Халықтық тәрбие өз дәстүрін дінмен бекіте отырып, адам қалыптастырудың қайталанбас мектебін жасаған. С.Торайғыров қазақи пәлсапаны құрайтын он бір мақалды келтіре отырып, «Байқасаң қазақтың өзіңде бар, дүниенің генийлігі, пайғамбары», — деген екен. Жатқа еліктеу – өзін-өзі қор санау. Бұл ұлттық санасы жетілмеген елде болатын көрініс. Жалпы, сонау ғасырларда әр ұлт қариялары ұлттық құндылықтарды өмір сүру салтымызға байланысты шығарып, дамытып, ұрпаққа мұра ретінде қалдырып отырған. Маңыздысы сол, ұлттық құндылықтар әр ұлттың меншігі болып табылады. Оны ұлт ұрпақтары сақтап, заманына қарай дамытып отыруы қажет. Егер халық өзінің ұлттық құндылықтарын жоғалтып алса, онда ол халық «ұлт» болудан қалады. Сондықтан қазақ халқы өзінің ұлттық құндылықтарын сақтауы керек. Ұлттық құндылық – ғасырдан-ғасырға жалғасқан, өмірдің қатаң сынынан өткен, маңызы айрықша құндылық, яғни асыл қазына. Өкінішке қарай, елімізде дәл қазіргі күні ұлттық құндылықтарды сақтау мәселесінде «әттеген-айымыз» өте көп. Жасыратын түгі жоқ, сонау кеңестік кезеңде қызыл империя басшылары ұлттық құндылығымызды «ескінің қалдығы» деген желеумен құртуға әрекет етті. Тіпті сол арқылы ұлттың өзін жоюға тырысты. Құдайға шүкір, егемендігімізді алғалы бері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еселі еңбегі жағдайында ұмыт боп бара жатқан ұлттық құндылығымызды қайтадан қалпына келтіріп, түгендей бастадық. [3]
Сондықтан ұлттық құндылықтарды тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру маңызды іс. Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, ержүрек, ар-ожданы мол болып өссе дейді және бұл мәселені өзінің тұрмыс-салтына байланысты шешіп те келеді. Қазақ халқының ұлы педагогы, этнограф, жазушысы Ы.Алтынсарин өзінің әдеби және педагогикалық еңбектерінде қазақтың фольклорын өте тиімді пайдалана білген. Мәселен, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты әңгімесі арқылы еңбек етудің маңызы мен өз уақытын зая кетірмеудің мәнін түсіндіреді. Ы.Алтынсариннің ұлағатты сөздері, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрінің қайта жаңарту кезеңінде кең мағынада насихаттау керек. Қорыта айтқанда, болашақ иелері жас ұрпақты толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор. Нақтырақ айтсақ, ана тілі мен ұлттық салт-дәстүрін құрметтейтін, басқа тілде де жетік сөйлей білетін, дүниетанымы, ақыл-ой парасаттылығы қалыптасқан, еңбекқор, мақсат қоя алатын және сол мақсатқа жету жолдарын таңдай білетін, жауапкершілігі мол, мінез-құлқы, айналадағы адамдарға, қарым-қатынас мәдениеті жоғары, Отанын сүйетін, күрделі жағдайларда нақты шешім қабылдай алатын, өзіне сын көзбен қарай білетін салауатты тұлғаны тәрбиелеуді басты мақсат етіп қоюымыз қажет. Осы құндылықтардың барлығы қанына дарып, бойына тарап, санасына сіңген ұрпағымызға еліміздің болашағының кілтін сеніп тапсыра аламыз.
Әдебиеттер тізімі:
-
Каракулов К.Ж.. Педагогика. – Шымкент, 2014. – 268 б.
-
Бабаев С.Б. Педагогика жалпы негіздері және тәрбие теориясы. – Алматы, 2019, - 124 б.
-
Жүндібаева Т.Н. Отбасы педагогикасы. – Алматы, 2014. – 312 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз