400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұлғааралық қарым-қатынастың басты қаруы - эмоция

Материал туралы қысқаша түсінік
Психология пәні, “басқару” ұғымы, қарым-қатынас Адам баласы дүниеге шыр етіп келген сәттен түрлі эмоцияны басынан кешіреді. Тұлғаның қалыптасу жолында оның бойындағы қасиеттер мен эмоцияларды меңгеруі де түрлі өзгерістерге ұшырайды. Ұжымда, ортада басқалармен коммуникация орната алу үшін жеке қасиеттердің ғана болуы аздық ететінін аңғардық. Өзгелермен пікір алысу, сынды көтере білу, жұмыспен шектеліп қалмай “тұлға” ретінде ерекше қарым-қатынас құру, мейірленіп, сүйіспеншілік танысту, жағдаятты түсінуге талпыну, эмоцияға ұстамды болу, т.б. қасиеттерді бойға сіңірудің маңызы орасан зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ БАСТЫ ҚАРУЫ – «ЭМОЦИЯ»

Адам баласы дүниеге шыр етіп келген сәттен түрлі эмоцияны басынан кешіреді. Балғын балалаық шағы, жалындаған жастық шақ, саналы кезеңге өту, ата-ана атану, қарттық кезең бәрі де эмоцияның ерекше бір баспалдақтары. Тұлғаның қалыптасу жолында оның бойындағы қасиеттер мен эмоцияларды меңгеруі де түрлі өзгерістерге ұшырайды.

Қоғам мен тұлға қарым-қатынастың негізінде құрылатыны мәлім. Өзгелермен қарым-қатынас барысында эмоцияны білдіре алу, оны басқару - коммуникацияның алғышарты. Әрқайсымыз өмірлік өз мақсатымызға жету жолында басқарушы немесе бағынушы ретінде жұмыс істейміз. Осындай кезеңде адам бойында қандай қасиеттер болуы керек, эмоцияның біз білмейтін қандай түрлері, шарттары бар, күтпеген жерден болған келеңсіздіктерде өзімізді қалай басқарамыз деген ойлардың бізді мазалауы - шартты дүние.

Жоғарыда аталған негізгі мәселелердің шешімін қазіргі таңда мен магистрант ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жүргізілетін “Басқару психологиясы” пәні арқылы танып-білудемін. “Басқару” түсінігінің өзі - біздің қоғамның ажырамас бөлігі. Психологиядағы “аффект” ұғымы - қысқа уақытқа созылса да бұрқ етіп, қатты көрінетін эмоцияның бір түрі. Аффект эмоцияның кезінде адам еш уақытта маңызды шешім қабылдамауы тиіс, себебі эмоцияның адам бойын билеп тұрған сәтінде ақыл мен сана өз деңгейінде дұрыс жағын қабылдай алмау ықтималдығы жоғары. Мысалы, бұл кезде қабылданған шешім басшы мен оның қызметкерлері немесе ұстаз бен оқушының арасындағы алдағы уақыттағы қарым-қатынастың кері жағына әсер етеді. Ашу үстіндегі шешімнің өзге де тұлғаларға тигізетін моральдық немесе физикалық қиындықтары уақыт өте келе көрінуі мүмкін.

Тұлғаның өз эмоциясын толығымен жеткізе алуы тікелей оның бойында қалыптасқан сезімдердің ұштасуымен тікелей сабақтасып жатыр. Жоғары сезімдер адамға ғана тән. Бұл топқа адамгершілік, интеллектілік, эстетикалық құндылықтарды жатқызамыз.

Адамгершілік сезімдер: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, ұят, т.б.

Интеллектілік сезімдер: тану про- цестерімен, ақыл-ой әрекетімен байланысты білуге құмарлық, күдіктену, сенімділік, жаңашылдық, болжау.

Эстетикалық сезімдер: адамның шындықтағы, айналасындағы қандай да бір сұлулықты өзінше сезінуі.

Адамгершілік немесе моральдық сезімдердің мазмұны мен құрылымы қарым-қатынас барысында күрделі болып келеді. Ар-ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық - екінің бірінде кездесе бермейтін қасиет. Мүның адам психологиясына қатты әсер етіп, терең із қалдыратындығы сонша - кісі кейде кірерге жер таппай, кісі бетіне қарай алмай, жалғыз қалған сәтінде өзін әлемнен бөлектеп, “стресске” дейін түсіп кетуі ықтимал. Ұятты адамның іштей ашулануы, өзінше ашу шығаруы деген екен. Ұлы Абай ұяттың 2 түрі бар дейді: оның бірі - надандықтан туатын, екіншісі - жағымсыз іске, теріс қылыққа ұялу. Оның ұғымынша, ұялмас нәрседен ұялу бұл - надандық, ынжықтық, жігер-қайраттың осалдығы, білім мен тәжірибенің таяздығы. Шын ұят - ақыл - парасаттың ісі.

Қорыта келе, “басқару” ұғымын толыққанды түсініп, үлкен өмірге қадам басуда тұлға өзін эмоциялық түрде алдын-ала дайындауы қажет. Ұжымда, ортада басқалармен коммуникация орната алу үшін жеке қасиеттердің ғана болуы аздық ететінін аңғардық. Өзгелермен пікір алысу, сынды көтере білу, жұмыспен шектеліп қалмай “тұлға” ретінде ерекше қарым-қатынас құру, мейірленіп, сүйіспеншілік танысту, жағдаятты түсінуге талпыну, эмоцияға ұстамды болу, т.б. қасиеттерді бойға сіңірудің маңызы орасан зор.

«Адамның көңіл күйі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп тезірек қолға түседі. Жүрдім-бардым үйренетін адамдарға ғылым түрақтамайды. Өйткені ғылым өзіне түгелдей берілуді қажет етеді», - деп ұлы Абай айтпақшы, алға қойған діттемге жетудің тек табандылықпен, көп жұмыс істеумен шектелмейді. Шын ниетпен жүрегіңді сол бағытқа бұрып, сана биігінде тоғысатын нағыз орта тауып, өз қабілетіңді үнемі шыңдап отыру - тұлғаның қарым-қатынас орнату кезеңіндегі басты мақсат.



Жубаназарова Н.С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

психология ғылымдарының кандидаты, профессор

Нусупова П.Е.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Филология факультеті, 1-курс магистранты


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
04.12.2023
202
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі