Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу - қазіргі таңда кезек күттірмес мәселе. Қоғамның болашағы бүгінгі ұрпақтың тәрбиесіне байланысты екені айдан анық, сондықтан оған аса зор жауапкершілікпен қарау - әрбір саналы азаматтың борышы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеу


Қостанай облысы

Арқалық қаласы

КМҚК «Арқалық политехникалық колледжі»

әлеуметтік педагог

Искакова М.Б



Білім алушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу - қазіргі таңда кезек күттірмес мәселе. Қоғамның болашағы бүгінгі ұрпақтың тәрбиесіне байланысты екені айдан анық, сондықтан оған аса зор жауапкершілікпен қарау - әрбір саналы азаматтың борышы. Бүгінгі баланың алдында тұрған басты міндет – білім алушының ұлттық сана-сезiмiн оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тіл, дін, тәрбие, ұлттық салтдәстүр, үлгі-өнегені, адамгершілік және рухани тәрбиені сіңірту болып табылады. Жастар тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен ұстаздарына байланысты. Осы орайда Абайдың " Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады " деген сөзі есімізге еріксіз оралады. Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ол ортадағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасы отбасында қалыптасады, оған жақындарының өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы әсер етеді. Қазіргі таңда елімізде ұлттық кодты жаңғыртып, жастарды тәрбиелеудің жаңа тетіктері қарастырылуда. Дамыған отыз елдің қатарына еніп, алдыңғы қатарлы мемлекеттермен йық теңестіру - Елбасымыздың, елім, жерім дейтін әрбір азаматтың мақсаты, әрі бағзы замандардан бостандықты аңсап, ақ найза ұшымен, ақ білек күшімен Тәуелсіздікке қол жеткізген бабаларымыздың арманы екені баршаға мәлім. Мемлекетіміздің іргетасы берік болсын десек, мемлекет құраушы халық - қазақ халқы рухани үстемдікте болуы тиіс. Біздің жас мемлекетіміз бәйтерек іспеттес, ал жемісті ағаш мәуелі болуы үшін тамыры тереңге бойлауы шарт. Демек, ертеңгі ел тізгінін ұстайтын жастарды білім нәрімен сусындатып, тарихымыз мен мәдениетімізді насихаттау арқылы жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беру - білім ордаларындағы басты міндеттердің бірі. Жүсіп Баласағұн:. Кісіге екі дүниеде пайдалы нәрсе: Ізгі іс немесе мінезі түзулік. Екіншісі- Ұят, үшіншісі- әділдік. Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады,- деп ой қозғаған. Автордың ойынша, Кемел мемлекетте өмір сүру үшін адам да өзінің кемелдену жолын іздеуі қажет. Алдына мақсат қойып, өзін-өзі тәрбиелеу, бойындағы жақсы- жаман қасиеттерін танып білу, жақсылығын асырып, нәфрәтлі жауыздықтан бойыңды аулақ ұстау - адамды өмір бойы алға жетелейтін жолсерігі іспеттес. Адамгершілік - әр адамға тән асыл қасиеттер. Адам баласының бойында ізгілік пен адамгершілік қасиеті өзінен-өзі туындамайды. Ол қасиет отбасында, ортада, мектепте, айналадағы адамдармен қарым-қатынасында қоғамдық тәрбиелермен қалыптасады. Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген мақал бар. Бұрын қыз баланың тәрбиесіне, жүріс-тұрысына, киген киіміне дейін аса мән беріп отырған. Қыз бала үйге жақындап, шолпының сыңғыры естілген кезде, үлкендер арасында жағымсыз әңгімелер, дөрекі сөздер тыйыла бастаған, өйткені әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Қазақ баласын үш-ақ сөзбен тәрбиелеген: ұят болады, жаман болады, обал болады. Отбасында әке мен шешенің әрбір сөзі, мінезі, көзқарасы, қызығушылығы, әдеттері - балаға өнеге. Осыны бабаларымыз жете түсінген. Қазіргі уақытта жастар арасында батысқа еліктеу, батыс жұлдыздарын «пір тұту» басым. Өз қазағымыздың мәдениетін менсінбей: «Бізге қазақ тілі болашақта керек емес», - дегенін естігенде, төбе шашың тік тұрады. Мұндай отбасында ата-ана өз міндетін баланы материалдық тұрғыдан қамсыздандыру деп ұғынатын шығар. Жасыратыны жоқ, көркем әдебиетке қызығушылық танытып, кітаптан бас алмай, әңгімелер, романдар оқитындар қазіргі кезде некен-саяқ. Дана халқымыз «Ағаш түзу, әдемі болып өсу үшін оны көшет кезінде баптау керек, ал қисық ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған, сондықтан да біз бүгінгі ұрпағымыздың бойына ата-бабамыздан қалған бай мұрамыз бен салт -дәстүрлерімізді, ұлттық құңдылықтарымызды сіңіріп, аумалы -төкпелі заманда бірегейлігімізді сақтап қала аламыз . Балаға тәрбие ана сүтімен даритын қасиет, есейе келе ұлттық рухта тәрбиеленген жастар ертеңгі күні ел үмітін ақтайтынына сенім мол. Елімізде белең алып бара жатқан көптеген жайттар - тілін, салт- дәстүрін, тарихын білмеу, қарттар үйіндегі ата-әжелер - бұның барлығы, сайып келгенде, қазақы тәрбиені білмеген, ұлттық үлгі - өнеге алмаған адамның әрекеті. Жас ұрпақ «Отан үшін еңбек етсең, халқыңның сүйген ұлы боласың» деген сөзді көкейіне түйіп, еліміздің гүлденуі, өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуы бірлігіміз мықты, елдігіміз берік болған жағдайда жүзеге асатынын есінен шығармауы тиіс. Жастардың санасына осындай ұлағатты сөздерді сіңіру арқылы оның өз ата-тегін, ұлтын, халқын сыйлауға, Отанын сүюге, өз еліне деген мақтаныш сезімін оятуға бағыт береміз. «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні - бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана...» [1] "...Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өйткені, жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен. Абайды оқып отырып-ақ, көштің басын баяғыда-ақ жөнге салып алуға болатын еді. Сорлатқанда біреудің уақыты жетпейді, біреудіің ұғымы жетпейді, біреудің атымен зауқы жоқ. ...Қазіргідей заманда Абай жырларына айына емес, аптасына емес, күніне бір үңіліп қоймай болмайды. Сонда жан қинап жүрген қай күмәннің де бәріне жауап таба аласың." Бұл сөздер әрбір адамның дұрыс жетілуіне кепіл болатын, қоғам өмірінде басшылыққа алатын бағдарламалық ойлар тәрізді [2]. Әрине, ұлы адамдардың шығармаларымен сусындаған ұрпақ тарихқа, туған еліне тағзым етіп, халқының, адамзаттың тағдырына бейжай қарай алмайды. Абай шығармаларын жастарға ұғындыру, терең ойлы лирикасына сүйсіндіру - ұстаздың парызы. Өмірде кездесетін сұрауларға Абайды оқып, жауап алуға болады, туындаған мәселелердің шешімін табуды да үйретеді десек асылық емес. Жас ұрпаққа Абай шығармашылығы оқытып қана қоймай, философиясын насихаттау арқылы «рухани тазаруға» болады. «Адамзаттың бәрін сүйетін» жан өзге адамдардың тілі мен ділін мансұқтамайды, қарап отырсақ, жер бетіндегі ұлтаралық қақтығыстар, бірін-бірі алдау - арбау сол жандардың адами құндылықтарға зәру екендігін көрсетеді. «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды». Түркілердің тағы бір ерекшелігі - олар ағылшындар мен голландтықтар және испан конкистадорлары сияқты өздері жаулап алған жердегі халықтарды жаппай қырып-жойып, геноцид жасаған жоқ. Себебі, түркілер алдымен үлкенді сыйлап, аруаққа тағзым еткен және зұлымдық дегенді білмейтін табиғат діні Тәңірге табынса, соңынан адамды ұлты мен нәсіліне бөлмей, барлығын ағайын деп қарайтын [3]. Професор Мекемтас Мырзахметтің айтуынша, адамгершілік пен пен ізгілік ілімі қазақ жерінде қалыптасқан, ғалым осы «ұлттық кодты» қазақтың бойындағы асыл қасиеттер - ізгілік, адамгершілік, рақым екенін көрсеткен. «Бір жылдығын ойлаған бидай егеді, он жылдығын ойлаған тал егеді, мың жылдығын ойлаған ізгілік егеді» деген халқымыз отбасында жас ұрпақ пен аға буын арасында, жақын, ағайын-туыс қарым-қатынасы арасындағы асыл қасиеттердің маңызын түсінген. Осы қағиданы бала бойына сіңіруден жалықпаған дана халқымыздың көрегендігі, міне , осында жатыр. Шынында, халқымыз бір үзім нанды бөліп жеп, ешқашан адам баласын жатсынбаған, бөтенсінбеген. «Қазақ осы: Қарасың ба, ақсың ба, қоңырсың бажатырқауды білмейтін» деген өлең жолдары халқымыздың бойындағы асыл қасиеттерді айғақтайды. Қадір Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» деген өлеңі «ұлттық код» не деген сұрақтың толық жауабы іспеттес. Бұл ұғымға қазағымыздың кең пейілділігі, дарқан мінезі, өнерді бағалап қастерлеуі, ұрпағымыздың бойында ізгі қасиеттер қалыптастыратын салт- дәстүрі - бәрі сыйып тұр. Біздің әдебиетіміз бен мәдениетіміз, салт - дәстүріміз бен өнеріміз - рухани жаңғырудың сарқылмас қайнары. Жастар сол қайнар бұлақтан тәлім алып, өзіне қажет рухани азықты таба білсе, өмір бой ізденімпаз, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасады. Ал ондай тұлға алдамшы мансап пен байлыққа қызықпай, өмірде өз орнын таба білері анық.

ӘДЕБИЕТ:

І.Назарбаев Н. Ә. Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар, [Электронды ресурс]/Н.Ә. Назарбаев. - https://egemen. kz/article/ nursultan-nazarbaev-bolashaqqabaghdarrakhani-zhanhghyra

2. Бала тәрбиесі №2 2006 ж, №4 2008 ж

3.Сухомлинский В.А. Педагогика Алматы 2000 ж







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2021
311
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12