жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тұлғасы тұнған тәлім, Есімі елге мәлім -Бауыржан!
Түркістан облысы, Кентау қаласы
Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектеп
Тәрбие сағаты:
«Тұлғасы тұнған тәлім,
Есімі елге мәлім- Бауыржан Момышұлы»
Сынып: 1 «А»
Сынып жетекші: Ж.У.Есиркепова
2020-2021 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы.
Сабақтың мақсаты:
- Жас ұрпақтың санасына ұлттық рухты дарыта отырып,олардың елін, жерін сүйетін патриоттық сезімін ояту, бабалар ерлігін насихаттау.
-Аты аңызға айналған, туған топырағымыздың тарланы қазақтың біртуар перзенті,әйгілі қолбасшы, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының есімін ұлықтау өшпес ерлігін дәріптеу.
- Отан сүйгіштікке, батылдыққа, ерлікке, татулыққа, еңбексүйгіштікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтадан Б.Момышұлының суреті, Бейне таспа, Бауыржан аға туралы жазылған ақын-жазушылардың нақыл сөздері
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Құрметті осы кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Отанына шын берілген, қайсар ержүрек,батыр Бауыржан Момышұлының 110жылдығына арналған «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Кешегі неміс фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды. Соның бірі, бірі емес бірегейі қазақтың Бауыржан батыры. Бауыржан Момышұлы деген есімді естігенде ең бірінші патриот,еліне адал адамның бейнесін елестетесің.
Жеңіс... Оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттан, сағаттан сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ Отан үшін өздерінің кеудесін оққа тосқан миллиондаған асыл азаматтардың ерлігін мақтанышпен айта аламыз. Олар: Б.Момышұлы, Т.Бигелдинов. Әлия мен Мәншүк. т.б.
Енді біздер бүгін осы қан майданда қасық қаны қалғанша соғысып, ерлік істерімен Отан үшін күрескен батыр ағамыз Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлы туралы сыр шертпекпіз.Бауыржан ата бүгінгі таңда 110 жасқа толар еді.... Бүгінгі кешіміз батырдың ерлігі мен өнегелі істеріне арналады.
Аяжан:
Туған жерім Мыңбұлақ, арналы
Ақсай,
Ішсем суы татиды шекер,
балдай
Қызғалдақ, қалың егіс, көк
жоңышқа
Сенен артық жер, шіркін, өтер
қандай. - деп өзі жырлағандай Бауыржан
Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл
облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында
дүниеге келген.
Дидар:
Бауыржанның өз әкесі Момыш еті тірі, қолы шебер, көкірегі ояу, көңілі сергек, оқымаса да тоқығаны көп, өлең шығарып, жиын-тойға қатысып, айтысқа да түскен ақын адам, шымыр денелі, терең ойлы жан болған.
Мадина: Б. Момышұлы 1950 жылы Кеңес Армиясы бас штабының арнаулы жоғары әскери академиясын бітіріп, әскери академияда дәріс оқумен бірге шығармашылыққа бет бұрды. 1956 жылы демалысқа шығып, өмірінің соңында шығармашылық жұмыспен айналысты. Жазушылық таланты тез ұшталды. Ол шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрларының негізін қалады.
Жазушының өзекті тақырыбы – Ұлы Отан соғысы кезінде жауынгерлердің тұлғасын жан-жақты суреттеп сомдауға арналған.
Мұғалім: Бауыржан тәрбиесінде әжесі Қызтумас ерекше орын алған. Әжесі немересін халықтың ән-жырына, ертегі-әңгімесіне сусындатып өсірген. Ал, анасы Рәзия - қазақ келіні. Шешесінен үш жасында жетім қалған, оны әжесі мен әкесінің әңгімелерінен білетін жазушы Бауыржан ол кісі туралы көп жаза алмайтын еді.Сөйте тұра,кішкентай өмір үзігі арқылы-ақ білікті, ұлттық салт -дәстүрімізге жетік, ибалы, иманды қазақ келінінің жақсы болмысын өте әдемі, әрі дәл бейнелеген.
-Келесі кезекті оқушылардың шығармашылығына берейік:
Алинұр:
Ел
аузында аңыз болған есімі
Атқан
оқтай айтқан сөзі кесімді
Ерге лайық
мінезі оның найзағай,
Ақ боз атпен
қол басы боп көсілді.
Бибіайым:
Қалт
еткенде естеліктер қалдырып,
Қоршау
бұзған жауды естен тандырып,
Ер
Бауыржан ата есімі рух берген,
Жүректерде
жігер отын жандырып.
Әділбек:
Қызуқанды
командир ол намысты,
Жауға қарсы жан
аямай алысты.
Ұмытпаймыз қаһарманы
халықтың
Батыр ата Бауыржандай
арысты.
Алмұхаммед:
Көрініс:(Музыка ойнап тұрады, ортаға Бауыржан Момышұлы шығады)
Бауыржан: Оттан да оқтан да қорықпаған Бауыржан едім. Кейінгі кезде қорқынышым көбейіп барады. Балаларға бесік жырын айтатын келіндерімнің азайып бара жатқанынан қорқам, екінші, немерелеріне ертегі айтып беретін әжелердің азайып бара жатқанынан қорқам. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспегеннің көкірегі көр бола ма деп қорқам. Ал көрдің қолына балта берсең шаба салады, бақыр берсең ала салады, найза берсең, сұға салады, намыстанбай бұға салады. Мен табиғатынан, тағдырынан болған соқырлықты айтып отырғам жоқ, тауып алған соқырлықты айтам. Егер ондай соқырлықтан жазылмасақ, халық болудан қаламыз ба деп қорқамын!
Би: «Сарбаздар»
Б.Момышұлына арнау, қабыл алыңыздар!
Жания:
ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ «Бауыржан»
Бір дауыл сапырды кеп өрт теңізін,
Теңселтіп темір топан дүние жүзін.
Бетіне туған жердің өшпестей ғып,
Ер жазды өз қанымен жүрген ізін.
Нақ сол кез естідім мен ер дүбірін,
Атағы атын алып келді бұрын.
Үстінде туған елдің тұрды толқып,
«Бауыржан Момышұлы» деген бір үн.
Адина:
Ойы бар бірде дауыл, бірде жалын,
Теңіздей тебіренткен терең жанын.
Алғандай бойға жиып бар қуатын,
Кешегі өзі кешкен уақиғаның.
Кейде ол көк семсерлі генералдай,
Кейде ол күй көңілді ақын жандай.
Өмірдің ол шеті мен бұл шетіне
Өресі өрен ойдың тартылғандай.
Бейбарыс:
«Батырым - Бауыржаным» дейді халқым,
Алып ұш,ақын жүрек ердің даңқын.
Келешек келе жатыр көремін деп,
Тік басып туған жерде жүрген қалпын.
Ағамыз атағына асқар тау тең,
Жау келсе – жаубүйректей етер жәукем,
Емендей ерегісер сұрапылмен,
Басымен бұлтты жайпап біздің Баукен!
Н.Ерасыл:
СӘБИТ МҰҚАНОВ
«Советтің саналы ер еркегі» деп,
«Жігіттің қыз қызығар көркемі» деп,
Бауыржан Момышұлы жер жүзінде
Тарапты барлық елге ертегі боп.
Барсам да қай континент, қай аралға,
Заманнан аз хабары бар адамда
Білмейтін Бауыржанды жан көргем жок,
Мен бұған қуанам да, таңданам да.
Томирис:
Айтайын ең алдымен қуанышты:
Қазақта ұл туғанмен талай күшті,
Жер жүзін тамсандырып Бауыржандай
Есімі қайсысының хатқа түсті?
Ауылдың қалды көбі аумағында...
Бауыржан «Катюшадай» лаулады да,
Өртеді фашистерді, сондықтан да
Таниды досы түгіл жау жағы да.
Муслим:
Фашисті бұл батырлар қырып-жойды,
Азамат болды істері абыройлы.
Құрметпен, сондықтан да, Бауыржанға
Жатырмыз алпыс жаста жасап тойды.
Шашуым осы-ақ болды тойға дайын.
Ел сүйген ерді мен де аймалайын!
Бауыржан, ата-анаңа алғыс айтып,
Советтен сені өсірген айналайын!
Мұғалім: Б.Момышұлының қаламынан шыққан шығармалар көп. Солардың бірегейін атасақ, "Қанмен жазылған кітап", "Ұшқан ұя", "Москва үшін шайқас", "Менің отбасым", "Майдандас достарым", "Генерал Панфилов", "Төлеген Тоқтаров", "Адам қайраты", "Артымызда Москва" Б.Момышұлы орыс және қазақ тілдерінде бірдей жазады. Оның "Біздің отбасы", "Артымызда Москва", "Майдандағы кездесулер" сияқты кітаптары бірнеше шетелдік тілдерге аударылып басылған.
БауыржанМомышұлы жайында өлең, дастандар да, естелік мақалаларда, кітаптар да көп. Олар Александр Бектің, "Арпалыс", Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз", келіні Зейнеп Ахметованың "Шуақты күндер", ұлы Бақытжан Момышұлының "Жанымның жарық жұлдызы" және тағы басқа шығармалары бар.
Мұғалім: «Атаның сөзі –ақылдың көзі» дегендей Бауыржан атамыздың нақыл сөздеріне берейік.
Медет:
-Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет ет! -Отан үшін отқа түс – күймейсің. -Опасызда Отан жоқ. -Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды.
Інжу:
Әділдікке құл болып
Кең толғанып, көп ойлап,
Ақылыңмен билік ет,
Түсініп, сезін тармағын.
Мұғалім:
-Жарайсыңдар, балалар!Олай болса Бауыржан Момышұлы туралы түрлі қызықты деректерді тыңдап көрейік.
Біз тек дүрсін сөзбен ғана мемес, Бауыржан атамыздың атын дәріптейтін игі істермен,тиянақты тірліктермен дәлелдеуге тырысамыз деп уәде береміз бе?
Хор: «Тәелсіз ел ұраны»
Мұғалім:
Ендеше
Бастаса
–елдің
көсемі,
Сөйлесе
- сөздің
шешені.
Ақылы
асқан
Абыздай,
Бар
түйінді
шешеді,
- дей
отырып,
мектебіміздің
басшысы
Гүлдариха
Жаппарқұлқызына
сөз
кезегі беріледі.
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Ботакөз ханымға сөз кезегі беріледі.
Хош, сау-саламатта болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген