Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

«Тұмаудың алдын алу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұмаудың жеңіл түрімен ауыру ұзақтығы – бір апта. Дене қызуының 40 градусқа дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, көз қарығу, буынның және бұлшық еттің, бастың және тамақтың ауруы, жөтелу, мұрынның бітелуі аурудың негізгі белгілері болып табылады. Тұмаудың асқынуларына құлақ, тамақ, мұрын аурулары, жүйке жүйесіне байланысты асқынулар, сондай-ақ, созылмалы аурулардың: жүрек-қан-тамырлық, өкпе, бронх тарапынан, қант диабеті және эндокриндік жүйенің басқа да ауруларының өршуі жатады. 2 жасқа дейінгі балаларда, созылмалы аурулары бар және жасы үлкен адамдарда тұмау ауыр түрде өтеді. Сондай-ақ, ерекше қауіптілік тобына жүкті әйелдер де жатады. ЖРВИ және тұмау жүкті әйелдердің иммунды жүйесін де, эндокриндік жүйесін де бұзуы мүмкін. Мұндай жағдайда жүкті әйелдерде әлсіздік пайда болып, ұйқысы бұзылады және созылмалы аурулары өршиді. Жүкті әйелдердің тұмаумен ауруы жүктіліктің 12-аптасына дейін, яғни ұрықтың органдары мен тіндері қалыптасатын кезде өте қауіпті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Академик С.А. Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі»

білім беру мекемесі

БЕКІТЕМІН

Директордың тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

_______Айбосынова С.К.

«___» ____ 2020 жыл



















«Тұмаудың алдын алу»









Жауапты медбике: Ж.К. Камилова

Өткізілетін күні: 03.12.2020 ж.

























Байқоңыр қаласы

2020-2021 оқу жылы

Тақырыбы: «Тұмаудың алдын алу»

Орындалатын мерзімі: 03.12.2020

Қатысушылар: Барлық топ студентері

Қыс мезгілінде тұмауратқан кісілердің көбейіп кететіні белгілі. Оның алдын алып, сақтана білген жөн. Тұмау – бұл жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) тобына кіретін вирус арқылы туатын жіті ауру. Қазақстанда жыл сайын эпидемиологиялық кезеңде ЖРВИ-мен және тұмаумен 800 мыңнан 1 миллионға дейін адам ауырады. Тұмауратқан адамдардың саны артқан сайын, тұмаудың асқынуы да өршиді, бұл – заңдылық. Тұмау вирусы барлық елдерде және құрлықтарда таралған. Қысқы айларда сырқаттанушылық адамдардың жұмыс орындарында, мектептерде, балабақшаларда және қоғамдық көлікте тығыз байланыста және өте белсенді болады. Вирустар ауадағы белсенділігін төрт сағатқа дейін сақтайды. Олар төмен температураны «жақсы көреді» – плюс 4°С-ге жуық температура (тұрмыстық тоңазытқыштағы жағдай) оңтайлы болып табылады. Яғни осы температура кезінде вирус ұзақ сақталады. Сілекей мен қақырық тамшыларында болатын тұмау вирусы, осы тамшылар төсек-орында, жұмыс үстелінде және тағы басқа жайларда кепкен соң және оларға сіңгеннен кейін екі аптаға жуық, ал бөлме шаңында бес аптаға дейін белсенділігін жоғалтпайды! Бөлмелерді жиі желдетіп тұруды ұмытпаған жөн. Жоғарғы тыныс жолдарына түскен кезде вирус жасушалардың қабықшаларын зақымдап, оның ішіне кіреді. Жасушалардың ішінде вирус тез көбейеді. Олар жоғарғы тыныс алу жолдарынан шыққаннан кейін жасушалар бұзылады. Тұмаудың алғашқы симптомдары – мұрынның бітелуі және тамақтың жыбырлауы осыған байланысты. Жасушалардан шыққаннан кейін кейбір вирустар қанға өтеді және қанмен бірге ары қарай бүкіл организмге таралады. Және де қан тамырларын және ішкі органдарды зақымдайды. Қан тамырларының өзгерістері өкпеде және мида байқалады. Тұмау вирусы адам ағзасының иммунитетін төмендетеді. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан бастап 2-3 күнге дейін созылады.

Тұмаудың жеңіл түрімен ауыру ұзақтығы – бір апта. Дене қызуының 40 градусқа дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, көз қарығу, буынның және бұлшық еттің, бастың және тамақтың ауруы, жөтелу, мұрынның бітелуі аурудың негізгі белгілері болып табылады. Тұмаудың асқынуларына құлақ, тамақ, мұрын аурулары, жүйке жүйесіне байланысты асқынулар, сондай-ақ, созылмалы аурулардың: жүрек-қан-тамырлық, өкпе, бронх тарапынан, қант диабеті және эндокриндік жүйенің басқа да ауруларының өршуі жатады. 2 жасқа дейінгі балаларда, созылмалы аурулары бар және жасы үлкен адамдарда тұмау ауыр түрде өтеді. Сондай-ақ, ерекше қауіптілік тобына жүкті әйелдер де жатады. ЖРВИ және тұмау жүкті әйелдердің иммунды жүйесін де, эндокриндік жүйесін де бұзуы мүмкін. Мұндай жағдайда жүкті әйелдерде әлсіздік пайда болып, ұйқысы бұзылады және созылмалы аурулары өршиді. Жүкті әйелдердің тұмаумен ауруы жүктіліктің 12-аптасына дейін, яғни ұрықтың органдары мен тіндері қалыптасатын кезде өте қауіпті.

Тұмаудың жүкті әйелдерге қауіптілігі – түсік тастауына немесе мерзімінен бұрын босанып қалуына ұшыратады. Сонымен қатар, шала туудың жиіленуін көрсететін нақты мәліметтер бар. Өкінішке қарай, дер кезінде емдеу мекемесіне келмеген науқастарға қалыпты жағдайда жиі қолданылатын жекелеген препараттар көмектеспеуі де мүмкін. Балалар мен жүкті әйелдерді емдеу тек дәрігердің тағайындауы бойынша және дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек. Тұмаудың алғашқы белгілері байқалған соң, дәрігерді үйге шақырған жөн. Кез келген аурудың алдын алған дұрыс. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) сырқаттанушылықты, асқынуларды және өлім-жітімді айтарлықтай азайтатын, халықты тұмаудан қорғайтын тиімді іс-шара ретінде тұмауға қарсы вакцинациялауды ұсынды. Тұмауға қарсы егілгендерде инфекция жеңіл өтеді, асқынулар мен өлім-жітім жиілігі азаяды. Қазақстанда жыл сайын тұмауға қарсы егілушілер саны өсіп отыр. Егілгендер арасында вакцинадан кейінгі асқынулар байқалмады.

Вакциналардың ДДҰ сертификаты бар және Қазақстанда тіркелген. Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі аналар мен сәбилердің денсаулықтарын сақтауға көп көңіл бөлуде. «Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты, міне, осылар денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс», – деді мемлекет басшысы. Қазіргі уақытта халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға, ана мен нәресте өлім-жітімін төмендетуге жету жолымен денсаулық жағдайын жақсартудың басым стратегиялық бағыттары белгіленді. Егілген жүкті әйелдердің ешбіреуінде вакцинадан кейінгі реакция асқыну тіркелмеді, сондай-ақ, вакцинадан кейін ешқайсысы ауырған жоқ. Дүние жүзінде тұмауға қарсы вакцинаның қауіпсіздігін көрсететін, жүктіліктің өтуіне және балаға теріс әсер етпейтін көптеген зерттеу жүргізілді. Тұмаудан сақтану үшін онымен сырқаттанушылар көбейген кезде халық көп жиналған орындарда болмауға, салқын тигізіп алмауға тырысу қажет және ауа райына сәйкес киіну керек. Сол сияқты, таза ауада серуендер алдында немесе көшеге шығар кезде мұрныңызға оксалин майын жағып алсаңыз, тұмау немесе басқа ЖРВИ вирустарының тыныс жолдарына енуі күрт төмендейді.


Тұмаудың алдын алу үшін таңертеңгі  және  кешкі уақытта бетті суық сумен жуып, кешке қарай аяқты жылы суға салса, ағзаның ауруға қарсы күресу қуаты артады.

Тамақтан кейін ауызды тұзды сумен үнемі шайып жүрсе, ауыз қуысындағыбактерияларды жояды.

Қыс және күз мезгілінде дене шынықтырып, күнделікті бой жазып, таза ауада серуендеп, дененің суыққа қарсылық қуатын жоғарылатса, тұмаудың  алдын алуға болады.

Күнде  таңертең терезені 30 минуттай ашып, бөлменің ауасын тазартып отыру қажет. Жас жем-жіміл мен қызыл шекерді лайықты мөлшерде қайнатып, шай орнына ішсе тұмаудан сақтануға болады.

Сірке суын қайнатып,  үй ішін күнделікті булап тұрса, микробтар жойылады.

Күз мезгілінде өте қалың киініп алмау керек. Қалың киім дененің суыққа төзімділігін әлсіретеді.

Әр күні таңертең, жеңіл киіммен таза ауада 30 минут дене жаттығуларын жасау  тұмаудың алдын алады.

Екі алақанды беттестіріп ысып, алақан ортасы ысығаннан кейін, мұрын желбезегінің артқы түбін қос бармақпен 10 рет уқалау керек.

Қызанақ, сәбіз, алма секілді көкөністер мен жемістерді үзбей пайдаланған жөн.

Тұмау және жұқпалы тұмауды емдеу



Тұмаудан тамақ қарлығып, жөтеліп, қақырық пайда болған кезде қара тұзды суға араластырып, ұйықтар алдында 1-2 қасық ұрттаса, тыныс алу жолдары кеңейіп, жөтел басылады.

Тазартылған бүтін күшаланы отқа шала пісіріп алғаннан кейін, сыртын қырып тастап, сүтке ашытып ішсе, тұмауға және өкпе ауруларына ем болады. Оны үнемі ішіп тұрудың пайдасы зор.

Жұтқыншақ ісініп, тамақ қарлығып, өкпе қысып, тоқтаусыз жөтелгенде, мұрыннан су ағып, көз жасаурап тұмауратқанда бір дана күшаланың сыртын қырып тастап, 500 грамм ерітілген сұйық майға қайнатып, майға күшаланың кермек, ашты дәмі шыққанда, ішу керек. Қалғанын жарты күннен кейін жылытып ішсе, осылай бірнеше рет жалғастырса тұмау сақаяды.

Майлы сорпа ішкенде немесе майлы ет жегеннен кейін, тамағыңызға май қатқандай болып жөтелсеңіз, онда өкпеңізде суық жел немесе бала күніңізде қызылшадан жел қалғандығы, яғни, өкпеңізге суық тиген болып есептеледі. Мұндайда бірер мәнерленген күшаланы қалтаңызда үзбей ала жүріңіз. Оны  мұрныңыздың іші жыбырлаған кезде, аузыңызға салып, кермек дәмі шыққанша сорыңыз. Осы емді біраз уақыт жалғастырғанда, өкпеңіздегі жел немесе суық бірте-бірте жоғалып, майлы ет жеп, сорпа ішкенде ендігәрі таңдайыңызға май қатпайтын, тамағыңыз жыбырламайтын, жөтелмейтін, түшкірмейтін боласыз.

Тұмаудан дене қызуы 39/40 С шығып қызғанда шетеннің ұрығынан (шетен басындағы бүршігі) қайнатып ішсе, дене қызуы дереу қайтады.

Тұмаудан болған жөтелге 1 стакан қызыл арақты қайнатып, оған 1 дана тауық жұмыртқасын араластырып, ірімшік секілденгенде суытып жейді.

Сарымсақ пен 15 грамм  шикі жеміс-жидек дайындап, оны жапырақтап турап, 1 шыны суға орталанғанша қайнатқан соң оған лайықты мөлшерде қызыл шекер қосып, жатар алдында ыстықтай ішсе тұмаудан айығуға көп септігін тигізеді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.06.2021
546
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12