«Еңбек ауылындағы мектепке
дейінгі шағын орталығы бар
№22 орта мектеп коммуналдық
мемлекеттік мекемесі»
«Кітапханаға
саяхат»
«Балапан
тобы»
Тәрбиеші:
Керімбаева.Г.Е
2020-2021
Оқу қызметі:Сөйлеуді
дамыту.
Тақырыбы:»Тұңғыш
президент»
Мақсаты:
Жас ұрпаққа президентіміздің
сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген,
елі сүйген Елбасынан үлгі алуға
тәрбиелеу.
Көрнектіліктер:
Елбасы
суреті.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы,
біздің сабағымызға қонақтар келіп
отыр.
Кәне балалар, қонақтармен
амандасайық.
Балалар:
Саламатсыздар ма!
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді бәріміз шеңберге
тұрайық.
Шаттық шеңбері:
Әнұран орындалады.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар!
Балалар бүгін біз сабағымызда
Еліміздің тұңғыш президенті
жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте
кім бейнеленген?
Балалар:
Нұрсұлтан Назарбаев!
Тәрбиеші:
Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар
ол кім екенін білесіңдер ме?
Балалар:
Ол
біздің президентіміз
Тәрбиеші:
Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының
тұңғыш президенті.
Балалар, сендердің мамаларың, папаларың
жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу.
Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім
біледі?
Балалар:
Астанада!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Астанада Ақордада. Балалар Астанада тағыда
не бар?
Балалар:
Астанада Бәйтерек бар!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы. Ал,
балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер
ме?
Балалар:
Иә,
білеміз. Олар: ту, әнұран және елтаңба.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Балалар «Туды құрастыр»
ойынын ойнайық.
Мен
сендерге геометриялық пішіндерді беремін, сендер бұл пішіндерден
туды
құрастыруларың керек. Кім бірінші болып
құрастырады екен?
Жарайсыңдар, балалар! Балалар, біздің туымызға
қараңдаршы, не белгіленген?
Балалар:
Күн, бүркіт, ою.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Ал бұл суреттер не білдіреді, білесіңдер
ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?
Балалар:
Көк!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Ол аспанымыз ашық болсын дегенді
білдіреді. Күннің бейнесін
қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі
ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100
ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен.
Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте
самғасын, биіктен көрінсін деген. Және туымыздың жанында
оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін
білдіреді.
Енді балалар Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның
ортасында не тұр?
Балалар:
Шаңырақ!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың
жүрегі. Шаңырақ-үйдің,
отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не
бар?
Балалар:
Ат
бар!
Тәрбиеші:
Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз
ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз
әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы
«Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін
білдіреді.
Шаршадыңдар ма балалар?
Балалар:
Иә,
шаршадық!
Тәрбиеші:
Кәне келіңдер сергіту
сәтіне.
Біз бақытты
баламыз,
Шырқап әнге
саламыз.
Туыспыз біз
бәріміз,
Бір Отанды
сүйеміз
Қорытынды:
Балалар біз бүгін сабақта кім туралы
айттық?
Балалар:
Нұрсұлтан Назарбаев
туралы.
Тәрбиеші:
Ол
кім?
Балалар:
Ол
біздің елдің тұңғыш президенті.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Біздің еліміз қалай
аталады?
Балалар:
Қазақстан!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап
беріңдерші. Олар нені
білдіреді?
Жарайсыңдар, балалар! Осымен сабағымыз аяқталды.
Орнымыздан
тұрып, келген қонақтарды шығарып
салайық.
