Тақырыбы:Тұңғыш Президент Н.Ә
Назарбаев
Сабақтың
мақсаты:Оқушыларға еліміздің тұғыш
президентінің өмірі,еліміздің көркеюне қосқан еңбегі жайлы
әңгімелеу.
2.Туған елге,Отанға деген сүйіспеншілігін
арттыру.
3.Оқушыларды ұлтжандылыққа ,достыққа,өз
Отанын,елін,ұлтын,жерін сүюге тәрбиелеу.
Әдісі:
әңгімелесу,сұрақ-жауап,баяндау
Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың
суреті,отбасының суреті,алғаш табалдырығын аттаған мектебі,қазақ
елінің рәміздерінің ширмасы.
Сабақтың
барысы:
І.Қазақстан Республикасының Әнұраны
орындалады.
ІІ. Кіріспе сөз.
-Біздің Республикамыз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы
-Астанасы қай қала?
-Астана қаласы
-Біз қай ұлтпыз?
-Ұлтымыз-қазақ.
-Бізден біреу кімсің десе не деу
керек?
Хормен «Мен қазақпын» деу керек.
-Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер
жатады?
-Елтаңда,ту,әнұран.
Түсініктеме беру.
А) Жалаудың ортасындағы күн,қалықтап ұшқан
қыран,тәуелсіздігін алып,қанатын кеңге жайған Қазақстан халқын көз
алдымызға елестеді.
ә) Елтаңба-мемлекеттің тарихи дәстүрін көрсететін
белгісі.
Б) Отан,туған жер,туған ел туралы мақал-мәтелдер
айтқызу.
В) Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Біздің
бабаларымыз,әкелеріміз Қазақстанда туып,өмір сүрді,сондықтан оны
Отанымыз дейміз
1-оқушы:Отан-жерім,Отан
–суым,
Отан-қуат нәр береді.
Отан-ана,Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
2-оқушы:
Отан деген –Атамекен,
Отан деген-туған жер,
Отан-ана,Отан –үлкен,
Қазақстан туған ел.
ІІІ. Негізгі бөлім.
-Біздің еліміздің елбасшысы,тұңғыш Президент
кім?
-Н.Ә Назарбаев
-Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президенттің 1991
жылы 1 желтоқсанда сайлады.
Енді президентіміздің балалық шағына тоқталып
өтейін.
Мұғалімнің түсіндермесі: Елбасы да өздерің сияқты
бала болған.Көп нәрсені армандап,бала қиялын талай көкке
ұшырған.
Қаршадайынан еңбекке араласқан.Ата-анасына
қолғабыс еткен.Шындалып өскен.Оқуға,білімге ынтызар
болған.
Міне,сол бала кезінен пайда болған
қайсарлық,мақсат-мұратқа жету талабы,өзін-өзі қамшылап
отыру,еліне,жеріне деген сүйіспеншілік Нұрсұлтан аталарынды талай
асулардан асырып,Қазақстан деп аталатын алып елдің көшбасшысыболу
дәрежесіне көтерді.Біз осындай елбасымызбен әрқашан мақтануымыз
керек.Оның тағылымы мен тәлімі мол өмір жолын өзімізге үлгі етіп
өсіуіміз керек.
Тәуелсіздіктің туы желбірегіне ,міне 21 жыл толып
отыр.
Бірақ соның бәрін жене отырып,талай-талай
жетістіктерге қол жеткіздік.
Қазақстанды бүкіл әлем таныды.Экономикамыз
дасмыды.Ырысымыз артты.Ынтымағымыз нығая түсті.Еліміз аман,жұртымыз
тыныш.Бейбіт заман.
Осының бәрі кімнің арқасы?Әрине ,ел басқарған
аға-апаларымыздың арқасы.Нұрсұлтан аталарының атқарған еңбегі
ұшан-теңіз.Ол кісі елі үшін ешқашан ерінбейді.Білімі де,білігі де,
қажыр-қайраты да мол.Елбасымыз балалардың ,жастардың да болашағын
көп ойлайды.Ел ертеңі болатын сендердің білімді ,отаншыл болып
өсіп,ешкімнен кем болмауларын үшін көп жұмыс істелуде.Елбасының
тапсырмасымен жаңадан салынып жатқан балабақшалар,мектептер
қаншама!? Шетелде оқимын,білім аламын деген балалар мен жастарға
жол ашық.Ал біз Елбасымыздың осынау ерен еңбегін әрқашан жоғары
бағалауымыз керек.Елдігімізді ардақ тұту,ел ертеңіне сенім
арту-Елбасына құрмет көрсетуден басталады.
ІV.Қорытынды.
3-оқушы:
Мәңгі
жайнап тұрсын таң,
Күн мезгілсіз қызбайды
Жақсы атамыз Нұрсұлтан
Көп ойлайды біз жайлы.
4-оқушы:Өсіреміз
орманын,
Біз сонынан ереміз.
Елбасының арманың,
Жерге гүл ғып егеміз.