400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұнық жырдың тұмары-Фариза ақын

Материал туралы қысқаша түсінік
Поэзия – парасат пен сұлулықты, адамның ішкі әлемі мен жан дүниесін байытатын сұлу әлем. Осы сұлу әлемнің ең тамаша жырларын ерекше шабытпен жырлай білетін, мүлгіген табиғатқа жан бітірген, өзінің ойлы, сырлы, тұнық сырларымен тебіренткен, жырдың рухын асқақтата білетін, өлең өрнегіндегі лирик ақындардың бірі де бірегейі – Фариза Оңғарсынова. Оның өзіндік ерекше үні бар, ешкімге ұқсамайтын жыры бар, «ақын» деген атауы бар нәзік, сыршыл, лирик ақын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тұнық жырдың тұмары-Фариза ақын

Тұнық жырдың тұмары-Фариза ақын,

Жырларымен халқыма, маған жақын.

Құрметтеуге тиістісің мұрасын,

Ұмытуға ешқашан болмас хақың.

(Л.Сағынова)

Поэзия – парасат пен сұлулықты, адамның ішкі әлемі мен жан дүниесін байытатын сұлу әлем. Осы сұлу әлемнің ең тамаша жырларын ерекше шабытпен жырлай білетін, мүлгіген табиғатқа жан бітірген, өзінің ойлы, сырлы, тұнық сырларымен тебіренткен, жырдың рухын асқақтата білетін, өлең өрнегіндегі лирик ақындардың бірі де бірегейі – Фариза Оңғарсынова. Оның өзіндік ерекше үні бар, ешкімге ұқсамайтын жыры бар, «ақын» деген атауы бар нәзік, сыршыл, лирик ақын.

Жыр –

Менің жалғыз тарланым,

Аялап өтер ардағым,

Талықсып атар таңдарым

Айымдай жалқы арман үн, - дейді Фариза Оңғарсынова .

Ол – шығармашылығы мен шабыты арқылы қазақ әдебиетінде өзіндік үні мен орны бар тұғырлы тұлға. Иә,Фариза-тұнық жырдың тұмары. Оның жырлары мөлдір судай тұнық, келешек ұрпаққа тап-таза үлгі өнеге, адамгершілік қасиет пен тәлім-тәрбие береді. Мен де Фариза апамыздың жырларының тұнығынан сусындап, нәр алудамын. Әсіресе әйел-ана тақырыбындағы жырлары-менің мойныма тағар тұмарым. Барлық ақын секілді Фариза апам да әйел тақырыбына жыр арнағанын ерекше ықыласпен құптаймын. Әйел аналар ғана олардың жан күйзелісін қыр-сырын тани, зерттей біледі. Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады.

Әйел-аналар бір қолымен әлемді тербетсе,екінші қолымен бесікті тербетеді.Ендеше әйел-аналарға қалай жыр арнасақ та артық етпейді. Сондай тұлғалардың бірі ретінде Фариза апамызға өз жүрегімнен жарып шыққан, ақ ниет, тілектерімізге арнай отырып, шығармаларының ішіне терең үңіліп, тұнық жырларынан бойыма қуат ала отырып, кейінгі шәкірттерге апамыздың жырларын бойларына сіңірте отырып, өлеңдеріне құрметпен,сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеймін.

Жүрегімнің қақ төрінен орын алған апамның өлеңдерінен өмірлік өнеге аламын. Тек қана ақиқаттан бастау алып, жан сусынын қандыратын тас бұлақтың таза суындай жырлары менің мәңгілік бойтұмарым болып қала бермек. Ендеше өзінен кейінгілерді ысырып, өзіне ғана жол ашпай, басқаларды баса-көктеп төрге озбай, ешкіммен жең ішінен жаласпаған, арзан атақ-беделге жармаспаған, әкімдерге жағамын деп көңілдерін ауламаған, қызметінен түскенде соңына шырақ алып түспеген, жалған күліп, жорта жыламаған, өтірік жаны ашығансымаған, жалғандықпен жұғыспаған адамды ардақ тұтып, өмірінен өнеге алуды дәріптеген ақын алдында да, оның осындай қазақы қасиеті, мінезге бай лирикалық кейіпкеріне де қалай басыңды имессің? Мен басымды ие отырып, кейінгі ұрпаққа жырлыры мен өзін тереңірек таныта алсам, бұл да менің апамның ізбасары ретінде білдірген сүйіспеншілігімнің белгісі. Мен өзім қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс беремін. Қазақ әдебиеті пәнінде Фариза ақын тақырыбын өткенде, менің жаным кіреді.Бірнеше сағатқа берілсе, оқушылар көбірек түсінсе, жырларын дәріптесе Фариза апа үшін одан асқан мәртебе болмас.

Әдебиет әлемінде өзгеге ұқсамайтын, жігерлі де уытты жырларымен келіп,поэзия патшайымы атанған ақын Фаризаны білмейтін адам кемде-кем. Ақынның өлеңдері сандуғаш болып сайрады. «Сандуғаш», «Маңғыстау маржандары», «Дауа», «Шілде», «Жүрек күнделігі» жинақтарындағы өлеңдері бір буын ұрпақтың сүйіп оқитын оқулықтарына айналды.Сонымен қатар Махамбет пен Мұқағалидың мұңдасына айналған Фариза жырлары кейінгі ұрпақ санасында мәңгілік жатталмақ. Махамбеттің мұңын сезіп,қайратынан жыр жанығанда өршіл сарынға ерік береді. Осыдан-ақ ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырлары аты аталған еңбектерімен белгілі болды.

Фариза жырларының мәңгі өлмес мұра болып қатынына сенім білдіре отырып,Фаризаға арналған оқулар,сайыстар,шығармалар,эсселер байқауы көбірек өткізілгенін қалаймын.Осындай игі шаралардың жиі өткізіліп,жас ұрпақтың Фариза жырларына деген сүйіспеншілігінің артқанын қолдаймын.

Фариза-өз заманының ар-ұжданы бола білген ақын. Жарқын болашақ үшін өмір сүріп, әлденеден мұңайған кезінде,біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде,кешегі досының теріс айналғанын көргенде оның досы да ,сенері де,мұңдасы да, берер дәрі-дауасы да-өлеңдері. Фариза өлеңдерін насихаттау мақсатында мектебімізде мектепішілік «Фариза оқулары» өткізіліп отырады. Бастауыш сынып оқушылары арасында өткізіліп, оқушылардың бойында Фаризаға деген сүйіспеншіліктің жоғары деңгейде екені көрінді.Ал 5-11 сынып оқушыларының арасында өткен бұл сайыста бірнеше оқушылардың ақын бойындағы шыншыл да әділ қасиеттері мен өрлік рухымен сусындағаны білінді. Сайыс нәтижесінде жүлделі І орын иеленген шәкіртім 8-сынып оқушысы Кәдірбекқызы Мәдина аудандық «Фариза оқуларына» жолдама алған болатын.Ауданда өткен «Фариза оқулары» нәтижесінде Фаризаның өр рухынан тәлім-тәрбие алған,тұнық жырынан сусындаған Кәдірбекқызы Мәдина мұнда да жүлделі І орын иеленіп қайтты. Бұл да менің Фариза жырларына деген сүйіспеншілігімнің нәтижесі.

Қорыта айтқанда, Фариза ақын адам жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдері кеудеңде күйсандық сазындай күйге толтырып, ой-санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді. Саңлақ ақынның жауһар жырларын бүкіл қазақ жаппай оқып, жаттап жүр десек асырып айтқандық болар еді. Ал оның отты өлеңдері барша қазақтың жырын жырлап, мұңын мұңдауға арналғандығын айтсақ әсте қателеспеймін. Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын жырлары оқырман жүрегінде тұмар болып сақталады. «Жыр – менің жалғыз тарланым» - деп жырлаған ақын жүрек тұнық судай таза болып қалады. Тұнық жырдың тұмары-Фариза ақын көңілдің мәңгі тұнығы болып қала бермек.Фариза тұнық жырларымен ешқашан өлмейді.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
968
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі