Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Тұрақты электр тоғы

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маманға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3 АТұрақты электр тогы

Күні:04.02.2020ж

Сынып: 8 А,Б

Мұғалім: Әбілқасымова Нұрдана Ыбрахымқызы

Қатысқандар:


Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.4.2.11 - өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу

Сабақ мақсаттары:

1.Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау ерекшеліктерін білу

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда Ом заңының формуласын қолданып есептер шығару

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың өмірдегі қолдану аясын ажырата алу

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, талдау

Бағалау критерийі

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың ерекшеліктерін және Ом заңын біледі.

Ом заңы арқылы өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау кезінде ток күшінің, кернеудің, өткізгіш кедергісінің формулаларын есептер шығаруда қолдана алады.

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың өмірдегі қолдану аясын ажырата алады

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Ом заңы I=U/R, амперметр, вольтметр, электр шамы, аккумулятор, реостат, резистор, тізбектей, параллель.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

- амперметр ток күшін өлшейтін құрал, - вольтметр кернеуді өлшейтін құрал

Пән аралық байланыс

Математика -тізбектегі ток күшінің, кернеудің және кедергінің мәнін есептеуде амалдарын қолдану.

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау схемаларын компьютерден көрсетуде информатика пәнімен байланыстыру

Бастапқы білім

Электр тогы, ток көзі, амперметр, вольтметр, ток көздері, Ом заңы, кедергі, меншікті кедергі, асқын өткізгіштік ұғымдарын өткен сабақтардан біледі.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

Жақсылық тамшысы” арқылы оқушылар арасында жағымды атмосфера құру «Ең зейінді» стратегиясы арқылы үй тапсырмасын тексеру:

1.Меншікті кедергі қалай тұжырымдалады?

2. Меншікті кедергінің формуласы қандай?

3. Тізбек бөлігі үшін Ом заңының анықтамасы және формуласын атаңдар?

4. Электр кернеуінің және кедергісінің,тоқ күшінің формулалары қандай?

5. Ампер, Вольт, Ом қандай шамалардың өлшем бірліктері?

Дескриптор:

-Меншікті кедергіні тұжырымдай алады;

-Меншікті кедергінің формуласын біледі;

-Тізбек бөлігі үшін Ом заңының тұжырымдамасын айта алады,формуласын жаза алады;

Бағалау: Смайликтер арқылы бағалаймын.

Мозайка” стратегиясы арқылы “Ампер Вольт және Ом” болып үш топқа бөлінеді.

слайд






Сұрақтар жазылған қағаздар






Суреттер кескінделіп беріледі

Сабақтың ортасы

30 мин




білу, түсіну






















білу, түсіну, қолдану











































































Джовами құпиясы” әдісімен

Ашық сұрақтар және суреттер беру арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашамын.


Тапсырма№1

Суреттегі тізбектерді салыстырыңдар

Өткізгіштердің жалғануынан суреттерден не байқадыңдар?

Шамдар қалай жалғанған?

Тізбектегі кернеу неге 220В?









Дескриптор:

- Суретте қандай тізбектер берілгенін біледі.

- Суреттердегі шамдардың қалай жалғанғанын анықтайды.

- Тұтынушыларға кернеу 220В болу керек екенін біледі .


Бағалау:“Басбармақ” әдісі арқылы бағаланады. Бұл әдіс балалардың білімге ынтасын арттырады.


«Джигсо» әдісі (топтық жұмыс)

арқылы үш топқа жаңа тақырыпты талқылауға тапсырма беріледі.

1. “Ампер” тобы

Өткізгіштерді ең қарапайым қосу тәсілі - тізбектей жалғау.

І = І1 =I2 =I3

U=U1+U2

R=R1+R2

U1/U2 = R1 / R2


Тапсырма №2

Өткізгіштерді тізбектей жалғауды суретке қарай отырып түсіндіріңдер.

Тізбектей жалғағанда шамаларды қалай есептейді.

Шамалардың белгіленуі туралы не білесіңдер. Тізбектегі Амперметр мен Вольтметрді неге жалғаймыз ?



Дескриптор:

Суретке қарап тізбектей жалғаудың ерекшелігін түсіндіреді.

Тізбектегі ток күші, кернеу мен кедергіні есептеуге Ом заңының формуласын пайдаланады.

Шамалардың белгіленулерін атап тізбектегі тоқ күшін есептей алады.Приборларды жалғау себептерін ажырата алады.


2. “Вольт”тобы.

1. Параллель жалғанғанда барлық кернеу бірдей болатынын көрсетіңдер.

U=U1=U2

I=I1+I2

1/R =1/R1 + 1/R2

I1 /I2=R1 /R2

Тапсырма №2

Өткізгіштерді параллель жалғауды түсіндіріңдер.

Параллель жалғау кезіндегі түйін дегеніміз не екенін білу .

Ток күшінің және кернеудің, кедергінің мәндерін қалай есептейміз?


Дескриптор:

Параллель жалғаудың ерекшелігін түсіндіреді.

Ток күші, кернеу мен кедергіні есептеу формуласын Ом заңының формуласынан қорытып түсіндіреді.

Түйін дегеніміз не екенін біледі.


3 «Ом» тобы

1. Суретке қарап графикалық сызба түрінде электр тізбегін салыңыздар

Тапсырма № 2

1. Электр тізбегін элементтерінің шартты белгілерін ата.

2. Амперметр және вольтметрді электр тізбегін жалғап оларды анықтап,есептеңдер.

3. Приборлардың көрсеткішін көре отырып, кернеу мен ток күшін мәнін анықтаңдар.

Дескриптор :

1. Электр тізбегін элементтерінің шартты белгілерін біледі;

2. Қарапайым электр тізбегін жалғау ережелерін біледі;

3. Амперметр және вольтметрді электр тізбегіне жалғау тәсілін анықтап, айта алады

4. Электр тізбегін графикалық сызба түріңде бейнелейді.

Бағалау: “Жемістер ”әдісі арқылы топтар бірін бірібағалайды,ынталандырады, жемістерді алу арқылы өз білімдерін арттырады.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі (жеке жұмыс)

1. Қарауына кедергілері 160 Ом,175 Ом, 205 Ом және 190 Ом болатын төрт мұнай мұнарасы енетін қосалқы стансыдағы тоқ күшін анықтаңдар. Қосалқы стансыдағы кернеу 380В.

2. Әрқайсысының кедергісі 12Ом болатын үш резистордың жалпы кедергісі қандай?

3. Кедергілері 20Ом және 30 Ом болатын екі ресистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған .Екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы тізбектегі ток күші қандай.

4. R1 = R2 = 3Ом болса, R3 = 6 Ом, R4 =9 Ом жалпы кедергіні есептеңдер.


Дескриптор:

- Есептің берілгенін оқып, шартын түзеді.

- Шамалардың мәнін бір жүйеге келтіре алады.

- Қажетті формуллаларды анықтап , қорытып жазады.

- Жазылған формуллаларды тиімді пайдаланып есептеулер жүргізіп, жауабын нақтылайды.

- Суретте тізбектей және параллель жалғанған резисторлардың жалпы кедергісін есептейді.


Конверттегі сұрақ ”әдісі бойынша үш топқа өмірмен байланысты үш сұрақ қойылады.

1-топ. Бөлмелеріңдегі электр лампаларының қалай жалғанғанын атап оны зерттеңдер

2-топ. Жаңа жылдық шыршаны безендіруге арналған электр лампалары қалай жалғанғанын,ол қандай жалғауға енетінін ажыратыңдар.

3-топ. Көше бағаналарындағы лампалары қандай жалғанған?

Дескриптор:

1. Бөлмелеріңдегі электр лампаларының қалай жалғанғанын атап оны зерттей алады.

2. Жаңа жылдық шыршаны безендіруге арналған электр лампалары қалай жалғанғанын, ол қандай жалғауға енетінін ажыратады.

3. Көше бағаналарындағы лампалары қалай жалғанғанын біледі.

Бағалау: сындарлы кері байланыс беру арқылы бағалаймын.

Керемет, жарайсыңдар

тамаша, әлі де кішкене ой қоссаңдар тіптен керемет шығар еді ...











акумулятор

амперметр

вольтметр

өткізгіш сымдар















Флипчарт,

схема сызатын

А3 қағазы

























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2020
516
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12