Түрік қағанатына Истемиге 567 жылы Византия неліктен елші жіберді?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түрік қағанатына Истемиге 567 жылы Византия неліктен елші жіберді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Түрік қағанатына Истемиге 567 жылы Византия неліктен елші жіберді?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Дүниежүзі тарихы 1-А бөлімі

Сасан би атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің есімі: Кенжебаева Г. К.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Түрік қағанатына Истемиге 567 жылы Византия неліктен елші жіберді?

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым – қатынасының мысалында қарастырып,сипаттау

Сабақтың оқу мақсаты

Барлық оқушылар: Византияның дипломатиялық саясатының бағытын атай алады

Оқушылардың басым бөлігі: Византияның көршілес елдермен қарым – қатынасын қарастырады, мысал келтіреді

Кейбір оқушылар: Византияның дипломатиялық саясатын, оның көршілес елдермен қарым – қатынасын сипаттайды

Бағалау критерийі

Византияның дипломатиялық саясатын сипаттайды;
Көршілес елдермен қарым – қатынасына мысал келтіреді;

Тілдік мақсат

Оқушылардың оқылым, айтылым және тыңдалым дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету үшін « Тарихи шынжыр өру» арқылы, мәтіндерді жекелей оқытып, шағын топта талқылату, басқа топтарға түсіндірту.

Оқулықтан тірек сөздерді анықтайды, дәптерге жазады (жазылым дағдысы)

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Елшілік, дипломатиялық саясат, қағанат, Византия империясы

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:

Талқылауға арналған тармақтар: «жақсы сұрақ негіздері» әдісі бойынша неліктен, егер, түсіндіріп бере аласыз ба? мағынасындағы сұрақтармен диалог жүргіземін

Сіз неліктен ......екенін айта аласыз ба?

.....Император ІІ Юстин Византия мен Түрік қағанатының арасында келіссөз жүргізген?

Жазылым бойынша ұсыныстар: «Борт журналы» мәтін бойынша кесте толтырады : БТБББ, Жаңадан білгенім, Болжамдар, Тың ақпараттар мәтіннен іздеп толтырады

Құндылықтарға баулу

Халықтар арасындағы мәдени байланысты үлгі ету, өзге елдің көзқарастарына құрметпен қарауға үйрету. Мәңгілік Ел идеясының «қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілкпен келісім құндылығымен байланыстыру»

Пәнаралық байланыс

География, Қазақстан тарихы

Осы пәндердегі алған білімдерімен пәнаралық байланыс жасаймын

Алдыңғы оқу

Түрік қағанаты мен Византия империясы туралы негізгі мағлұматтарды атай алады

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы

11 мин



2 мин




7 мин









2 мин



Ұйымдастыру.«Жүректен жүрекке» тәсілі арқылы шеңбер болып тұрады және бір-бірлеріне жылы тілектерін айтады.

1-лер бір топ, 2-лер бір топ болып бөлінеді, нәтижесінде екі топ құралады 1 мин
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Топтарға тапсырма беру.

1 тапсырма.
«Кіші дөңгелек үстел» әдісі
2 топқа 2 сұрақ таратылады. Берілген сұраққа барлық оқушы жауап жазады, жауабы өзіне келгенше айналдырып отырады, өзіне келгенде жауабын барлық бала оқып шығады

  1. топқа. Византия империясы славян тайпаларынң шапқыншылықтарына қалай төтеп берді?

  1. топқа. Византия империясының ұзақ өмір сұруі, Шығыстағы мемлекеттердің даму және құлауымен қалай байланысты ?

ҚБ Өзін- өзі бағалау Мадақтау сэндвичі / Не ұнады нені жақсарту керек, келешекке арналған коментарий

2-тапсырма. Картамен жұмыс

Византия империясының географиялық орналасқан жерін көрсетіңіз (жеке жұмыс) Ауызша кері байланыс


« Қызыл жүрек»







Интер
белсенді
тақта,
Ноутбук

Оқулық,
таратпа
материалдар
Карта

карта





А4 қағазы
Маркер, стикер






Мәтін
















стикер

таспа




Мәтін



Алма ағашы,алма,гүл,жапырақ


А3, маркер,

Кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы

23 мин
3 мин







12 мин















7 мин





1 мин

Ширату жаттығуы

1 - тапсырма. Стикердегі диалог. Қабырғаға немесе тақтаға пікірлер немесе сұрақтар жазылған бірнеше түрлі- түсті қағаз ілінеді немесе үстелдің үстіне қоюға болады . Оқушылар оларды оқып, стикерге өз ойларын жазады
1. Түрік қағанатының қандай қағандарын атай аласыңдар?
2.Византия қандай елдермен байланыс жасады?

3.Мәңгілік ел.Халықтардың достық пен келісім дәстүрі Қазақстанда қалай жүргізіуде?

Смайлик арқылы бағалау
Оқушылардың жауаптарын толықтырып жаңа тақырыпқа көшемін

2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Тарихи концепт дәлел

Византия мен Түрік қағанатының дипломатиялық қарым- қатынасы «Оқытуға басшылық» әдісі
Үлкен текстті оқыр алдында оқу үшін, жазу үшін көптеген сұрақтар беріледі, оқушыларды жеке оқытуға бағыт беріледі, сұрақ топқа беріледі.

Тапсырма әртүрлі болады. Мәтінді оқып отырып, сұраққа жауап іздейді, жазуға да болады. Сұраққа жауапты ауызша қайтарады
Мәтін бойынша берілетін сұрақтар
1. Византия империясының халықаралық жағдайы мен дамуына қандай қолайлы жағдайлар мүмкiндiк бердi?
2. Юстиниан мен Истемидің кезінде елшілік қатынастар қалай жүргізілді?

3. Византияның сыртқы саясатының қандай ұтымды және ұтымсыз жақтары болды?

Екі жұлдыз, бір тілек

4-тапсырма. РАФТ әдісі Оқушылар Маниах атынан Константинопльда Иштеми қағанға Византия империясы жайлы және онымен қалай қарым –қатынас жасау туралы хат жазу тапсырылады 5мин

Сұхбаттасқан жұп /Жұбыңызбен 3 үйренген нәрсе: Не оңай болды? Не қиын болды? Тағы да не нәрсе туралы білгіңіз келетіні жайлы әңгімелесіңіз?
Сергіту сәті.
Ән тындау арқылы жаттығу жасау

Сабақтың аяғы

11 мин

9 мин






2 мин









1- тапсырма Венн диаграммасы /Тарихи концепт ұқсастық пен айырмашылық/
Оқушыларға қаған мен императордың сарайы туралы мәтін таратылады

Венн диаграммасында екі билеушінің сарайының ұқсас жақтары мен айырмашылығын салыстырыңдар

« - + керемет»

Кері байланыс «Бағалау ағашы»

Оқушылар себеттегі алма, гүл және жапырақ түріндегі жапсырма қағаздарды қабырғаға ілінген алма ағашына жапсыру арқылы сабақ бойынша ойларын қорытады, мұндағы:

Алма – бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды.

Гүл – бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды.

Жапырақ – бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек.

Үй тапсырмасы


Оқулықтағы мәтін бойынша сұрақтар,

Тест жұмысы, жылнамалық кесте жасау салыстыру кестесің толтыру

Саралау -

Бағалау

Қауіпсіздік ережелерін орындау

Саралау –оқушылардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жоспарлы жаттығуларды реттеу жолы.

Сабақ барысында диолог және қолдау көрсету, дереккөздермен жұмыс жасау жоспаланды күрделі тапсырмаларды қабілетті оқушыларға орындатуды жоспарлау





Төменде сабақ кезінде оқушылардың оқуын тексеру үшін пайдалануға болатын бірнеше қалыптастырушы бағалау тәсілі көрсетілген. «Сұхбаттасқан жұп»,Мадақтау сэндвичі, Екі жұлдыз, бір тілек, Смайлик, Бағалау ағашы

Денсаулық сақтау педагогикасын, СЭС талаптарын сақтау,Сергіту сәтін өткізу, топқа бөлінген кезде қауіпсіздік ережесін сақтау туралы ескертіледі.








Бөлім

Тақырып

1A бөлімі - Рим империясының құлауы.

Түрік қағаны Истемиге 568 ж. Византия неліктен елші жіберді

Оқу мақсаты

6.3.2.4 Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен
қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Жоғарғы ойлау дағдылары

Бағалау критерийі

Византияның көршілес елдермен халықаралық қарым-қатынасын зерттейді

Тапсырма

  1. Византия қай мемлекеттермен саяси, экономикалық, мәдени байланыстар жасаған?

  2. Шағын топта тарихи зерттеу жүргізе отырып салыстыру кестесін толтырыңыз


Салыстыру сұрақтары

Византия

Түрік қағанаты

Иранмен қақтығыстардың саяси себептері қандай?



Билеушілердің есімдері



Елшілікті жіберудегі мақсат, мүдделері









Елшілері



Елшіліктің нәтижелері







Тарихи құжаттар мен мәліметтер, деректер










Бағалау критерийі

Дескриптор

Византияның көршілес елдермен халықаралық қарым-қатынасын зерттейді

Византия қай мемлекеттермен саяси, экономикалық, мәдени байланыстар
жасағанын атайды;

тарихи зерттеу жүргізу дағдылары қалыптасады;

Византияның дипломатиялық саясатын Түрік қағанатымен
қарым-қатынасының мысалында қарастырады













1-мәтін Византия мен Түрік қағанатының дипломатиялық қарым-қатынастары. Балалар, Қазақстан тарихынан Түрік қағанатының тарихымен таныстыңдар. Византия осы Түрік қағанатымен қарым-қатынас жасаған. Император ІІ Юстин кезінде Византия мен Түрік қағанатының арасында сәтті келіссөздер жүргізілді. Түрік қағаны Іштеми Константинопольге көпес Маниах басқарған елшілікті жіберді. Византия императоры бұл елшілікті құрметпен қарсы алып, қайтарында Византия елшісі Земархты қосып, Түрік қағанатына аттандырды. Земарх елшілігі Кавказдан асып, Каспий теңізін жағалап, Хорезм арқылы Сырдарияға жетті.

Түрік қағаны Іштеми Византия елшілігін құрметпен қарсы алды. Екі ел арасындағы келіссөздерде түріктер мен Византия арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардың әскерлерінің сасанилік Иранға қарсы бірлесіп қимылдауы туралы сөз болды. Алайда Византия жібекті өзі өндіретін болғандықтан, сырттан жібек әкелуге мүдделі емес едi. Сондықтан бұл мәселе шешілмей қалды. Византиялықтар түріктерден Иранға қарсы әскери көмек қана күтті.

Қаған сарайы Византияға қолдау көрсететіндігін білдіргенмен, Иран мен Византия арасындағы қатынасқа араласпады. 575 жылы Византия мен Иран өзара уақытша бітім жасасты. Осыдан кейін Византия Кавказдың арғы жағына және Кавказға кіруге әрекет жасады. Бұған жауап ретінде түрік атты әскері Боспорға, онан кейін Қырымға және Батыс Кавказға жойқын жорық жасады.


2-мәтін Венн диаграммасында екі билеушінің сарайларының ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын салыстырыңыз.

Қаған шатыр ішінде екі дөңгелекті алтын тақ үстінде жайғасыпты. Бұл қос дөңгелекті алтын тақты қажет кезінде бір атқа жегіп жүруге болады екен. Земарх варварлардың әдет-ғұрпы бойынша тізе бүгіп, бас иіп амандасып, өзінің сыйлықтарын тапсырды. Бұл сыйлықтарды тиісті адамдар қабылдап алды. Бұдан кейін олар күні бойы той тойлады, соның ішінде шатырдың ішінде де тамақтанды.

Келесі күні олар басқа бөлмеге жайғасты, мұнда алтын жалатқан ағаш тіреулері бар, төрт алтын тауыс бейнелі аяқтары бар алтындатылған тақтаға отырды. Бұл бөлменің алдында қораптары күміске, тағамдарға толы себеттер тиелген көп арбалардан көз сүрінгендей еді. Арбалардың үстінде жасалу сапасы біздің елдегіден кем түспейтін төрт аяқты күміс бұйымдар да көп еді. Қағанның алтыннан жасалған төрт тауыс құс көтеріп тұратын төсегі, түрлі аңдардың күмістен жасалған бейнелері византиялық өнер үлгілерінен кем түспейтін еді. Түрік патшасының сән-салтанаты осындай екен (Земархтың айтуы бойынша Менандрдың«Агафия тарихының жалғасы» деген еңбегінен).

Константинопольде император сарайына тіркесе салынған таңғажайып салтанатты әсем зал бар. Император тағынын алдында жезден жасалған, бірақ алтынмен апталған ағаш тұр. Оның бұтақтары қоладан соғылған. Әр алуан құстарға толы. Әр құс өзіне ғана тән айрықша әуенмен сайрайды. Ал император тағының шебер жасалғаны соншалық, әуелі ол тіпті аласа жер деңгейімен бірдей сияқты, одан кейін әлгіден анағұрлым биігірек, ақыр соңында ауада қалықтап тұрғандай болып көрінеді. Өте үлкен тақты, сақшылар тәрізді, алтындалған арыстандар қоршаған, олар құрықтарымен жерді айбарлана сабалап, ауыздарын арандай ашып, тілдерін салақтатып, зор дауыспен гүрілдейді. Мен, белгіленген рәсім бойынша, императордың алдында оны құрметтеп үшінші рет иіліп, басымды көтергенімде император мүлде басқа киімде залдың нақ төбесінде тұрғандай болып көрінді (Византияда болған герман елшісінің жазбаларынан).









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
4599
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі