жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Түркі әлемінің қалыптаса бастауы
Сабақ жоспары
|
Ұзақ мерзімді жоспарлаудың бөлімі: 5.2А |
Мектеп: Көкшетау қаласы №2орта мектеп - лицейі |
|||||||
|
Күні: 25.06.2018 |
Мұғалімнің аты-жөні: Өмірбек Г.Қ. |
|||||||
|
Сынып: 6 |
Қатысқандар саны: 16 Қатыспағандар саны: 0 |
|||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Түркі әлемі қалыптасуының басталуы Түрік тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді? |
|||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
6.3.2.1– тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграциясын түсіндіру; 6.1.1.1 – түркі тілдес тайпаларды атап, олардың картада территориялық орналасуын көрсету. |
|||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграциясын түсіндіре алады және түркі тілдес тайпаларды атап, олардың картада территориялық орналасуын көрсете алады. Көпшілігі: Түрік тілдес халықтардың Еуразия тарихындағы маңызын айтады, сахналап кейбір халықтардың ерекшеліктерін көрсетеді. Кейбір оқушылар: Түрік тілдес халықтардың миграциясына салыстырмалы талдау жасайды. |
|||||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу, түсіну, қолдану |
|||||||
|
Тарихи концепт |
-ұқсастық және айырмашылық -дәлел. |
|||||||
|
Бағалау критерийлері |
|
|||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Кілттік сөздер: Түрік тілдес халықтар, миграция, Еуразия, карта Жазылым дағдысы: инсерт әдісі (топтық жұмыс), конверт-сұрақ. Айтылым дағдысы: «Аяқталмаған сөйлем», «чемодандар», «кері байланыс бутерброды» әдістері бойынша өз ойларын айту. Оқылым дағдысы: мәтінмен жұмыс, «конверт-сұрақ» әдісі. (топтық, жұптық жұмыста) Тыңдалым дағдысы: «көршіңе әңгімелеп бер», анықтамаларды тыңдау, видеоролик (жеке, жұптық жұмыс). |
|||||||
|
Құндылықтарға баулу |
- Елжандылық; - ұлттық сана – сезім; - шығармашылық және сыни тұрғыда ойлау; - байланыс жасау қабілеті; - өмір бойы ізденісте жүруге баулу. |
|||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
География |
|||||||
|
Бастапқы білім |
Түрік қағанаты мен оның рухани және материалдық мәдениетін меңгерген. |
|||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||
|
Сабақтың басы 2 минут 5 минут 3 минут 3 минут |
Оқушылармен сәлемдесу. «Комфорт» тренингін өткізу көмегімен сабаққа тиімді психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушыларды «Аяқталмаған сөйлем» тәсілі арқылы төрт топқа бөлу. Зерттеу. «Стикермен картаға» тәсілі. Төрт топқа зерттеуге белгілі бір тайпаны таңдатыңыз және мәтін таратыңыз. Мәтіндегі деректі қолдана отырып, әр топ өз тайпасының көші-қон бағыттарын стикер қолдана отырып картада белгілейді. І топ - ғұн тайпаларының миграциясы; ІІ топ - түркі тайпаларының миграциясы; ІІІ топ - оғыз-қимақ; IV топ - қыпшақ тайпалары. Әрбір тайпаға арнап түрлі түсті стикер қолдану қажет. Оқушылар картаға тайпалардың көші-қон бағыттарын сызу барысында ірі өзендер мен тауларды көрсету қажет. ҚБ: лайк, дизлайк. Қызығушылықты ояту. «Сурет сұрақ» әдісі «Миграция» ұғымын ашатын суреттер топтамасын көрсетіліп, оқушылардың ой-пікірі тыңдалынады.
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру. «Түркілер: кеше және бүгін» атты видеоролигі көрсетіледі. Балалар түрік тілдес халықтардың миграциясы туралы ақпаратты қабылдайды. |
Үлестірмелі материал Орта ғасырлардағы Қазақстан картасы: http://www.tarih-begalinka.kz/kk/history/medieval/map Сурет пен карта видеоролик |
||||||
|
Сабақтың ортасы 7 минут 7 минут 6 минут |
Бүгінгі сабағымыздың зерттеу сұрағы: Түрік тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді? «Инсерт» әдісі арқылы жұмыс жасау. Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу.
INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - әрине, ынта-зейінді қажет ететін күрделі әрекет. Сондықтан да зейіні тұрақсыз оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өз пікірін өмірдегі жайттармен ұштастыра алмау кемшіліктері жиі кездеседі. Бұл орайда үйретуші мұғалім баланы дағдыландыруға күш салады. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Мақсаты: Үйретушілер білетіндерін аңықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни, байланыстар құруға дағдыландырады. 1) Бұрынғы білетін нәрсе 2) Түсініксізді анықтау 3) Зерделей қарау, тану 4) Жаңа ақпаратты қабылдау
«Конверт – сұрақ» әдісі. 2-3 сұрақ жазылып, конвертке салынады(оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындалынады. Әрқайсысына екі минут беріледі: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқып, сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.
ҚБ: «Түрлі түсті қағаздар» арқылы
«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. · сұрақ қойылып, ойластыруға уақыт беріледі; · одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұралады; · оқушыларға жаңа тақырыпты айтылып және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсынады.
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы |
Қазақстан тарихы Жалпы білім берет ін мектептің 6 сыныбына арналған оқулық Н.С.Бакина, Н.Т. Жанакова, К.К. Сулейменова. – Алматы: Атамұра, 2018. – 240 б.
Ежелгі Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық Т.С.Садықов, Ә.Т. Төлеубаев, Ғ. Халидуллин, Б. Сәрсекеев. – Алматы: Атамұра, 2011. – 176 б.
Мәтін |
||||||
|
Сабақтың соңы 3 мин
4 минут
|
Кейбір оқушылар: «Чемодандар» әдісі Тақтаға чемоданның суреті ілінеді. Әр оқушыдан кезекпен өзімен бірге бүгінгі сабақтан қандай білім, білік, дағдыны алып кеткісі келетінін айтулары сұралады. Бұл сабақты қорытындылауға жақсы көмектеседі.
ҚБ: «таяқшалар» әдісі арқылы, белсенділігіне сай таяқшалар жиналады.
Дескриптор: -Түрік тілдес тайпалардың таралуы бүгінгі түрік тектес елдердің орналасуымен салыстырады. -Түрік тілдес тайпалардың миграциясының себептерін түсіндіреді. -Түрік тектес халықтарды картадан көрсетеді
Рефлексия. «Кері байланыс бутерброды» әдісі Бірінші жағымды түсініктеме беріліп, кейін құрылымды сын айтылып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;
Үйге тапсырма: «Түркі тілдес халықтардың миграциясы Еуразия кеңістігіндегі тарихи оқиғаларға қаншалықты әсерін тигізді?» деген тақырыпта шағын ой толғау жазып келу. |
сурет |
||||||
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген