Түркістан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түркістан

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен көне қалаларды түсіндіргенде қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы


10- сынып


Уақыты


Сабақтың тақырыбы: Түркістан





Сабақтың мақсаты:

білімділік:

киелі, көне Түркістан шаһарының тарихы, асыл қазынасы мен салт-дәстүрі,мәдениеті, Қожа Ахмет Яссауи өмірі туралы әңгімелей білу, тілдесім әрекетін жандандыру;

дамытушылық:

оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, өз бетінше іздену арқылы тіл байлықтарын шыңдау, ауызекі тілдерін дамыту;


тәрбиелік:

еліне, жеріне құрмет, өз елінің жанашыр азаматы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білім және іс-әрекет тәсілдерін кешенді қолдану.

Сабақты ұйымдастыру түрі: бекіту сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, пікірталас, шығармашылық іздендіру

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі: интерактивті тақта, бейнероликтер, флипчарттар, активоуд тестілеу құрылғысы, бағалау парағы


Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендер әсем қаламыз Алматыда туып-өсіп, білім алып жүрсіңдер.Қазақ жерінде ғажайып қалалар аз емес.Ежелгі қалалар да көптеп кездеседі.

( Картадан ежелгі қалаларды атап өтеміз)

Бүгін сендермен Түркістан қаласы, оның көрнекті жерлері туралы талқылайтын боламыз.Олай болса, іске сәт, сабағымызды бастаймыз.

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ.Түркістандағыдай сиқырлы қақпалар сендердің білімдеріңді шыңдап айқара ашылмақ.


Сендердің бүгінгі білімдерің мына өлшемдер бойынша бағаланатынын ескертемін.

Темір қақпа

«Сөз қоржыны»

«Түркістан» өлеңін мәнерлеп оқып беремін. Осы өлеңдегі мына сөз тіркестерінің аудармасын тауып жазу қажет.

Два мира-

Колыбель-

Ворота-

Богом данный-

Судьба (такая)-

Называли Туран-

Родина (где родился и вырос)-

Есть судьба ( история)-

Волнующийся-

Жили (проходили дни)-

«Тұлғаны таны»

-Бұл кім?

-Оның өмірі, шығармашылығы жайлы не білесіңдер?

Мағжан Жұмабаев туралы әңгімелеу ( Майсигова Алина)

Мағжан  Жұмабаев - көрнекті жазушы, ақын, публицист. Ол 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде туған. Бала кезінен өте зеректігімен көзге түскен  ол төрт жасынан хат  таниды.  Ауыл мұғалімінен сауат ашқан  Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Бірақ,  бұл   білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандыра қоймайды. Сөйтіп, Мағжан  білім жолында  іздене түседі. Небәрі 44 жыл ғұмыр кешкен Мағжан Жұмабаев өзі өмірден өтсе де артына өлмес мұрасын қалдырды. Елінің тарихы мен мәдени мұраларын терең білген Мағжан қаламынан  "Батыр Баян", "Қорқыт", "Оқжетпестің қиясында", "Қойлыбайдың қобызы", "Ертегі"  сияқты бірнеше тамаша поэмалар тудырды.  Сырт бейнесі  өте сұлу, келбетті  адам болған екен.  Сәбит Мұқанов ол туралы:  «Мінезі баладай, тілі балдай еді. Адамға қайырымды, кешірімді,  қалтқысыз жан еді… » деп жазады. Маған ақынның

Көздерінде          от    ойнар, 
Сөздерінде жалын      бар, 
Жаннан     қымбат     оларға        ар, 
Мен жастарға сенемін!  -деген өлеңі ұнайды.

Алтын қақпа

«Орнын тапқан оңалар »

Қазақ жеріндегі ежелгі қалалар... бірі-Түркістан қаласы. Түркістан қала... –қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындығы Түркістан ауданының орталығы, .......... қаласы... 225 шақырым жерде.

Бұл қала... орнында IV –X ғасырлар ... ......... деген үлкен қала болған.

IX-X ғасырлар бұл қала ерекше гүлденіп, ...... деп аталады. XV ғасыр.... бастап Түркістан деп аталды. Бұл қала.... осы уақыт.... дейін жақсы сақталған .. ...... кесене... бар.


Керекті сөздер мен жалғаулар: Йасы, Шымкент, Шабғар, Ахмет Йасауи, -нан,- дың, -сы, -ның, -да, -дан, -қа,-сі

«Шығармашыл жастар»

Бұл қақпаның мақсаты ізденімпаз жастарды таба білу. Өтілген тақырыптардың негізінде Түркістан қаласы жайлы әңгімелеп беру.

(Түркістан туралы оқушылар дайындаған бейнеролик)

Юра:

Түркістан –Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Ол –тарихи және туристік қала. Түркістан- тек қазақ халқының емес, бүкіл түркі халықтарының рухани орталығы. Ол- қазақ хандығының қалыптасуына тікелей әсер етті. XII ғасырда онда Қожа Ахмет Иасауи дүниеге келді. Ол кезде қала Иасы шаһары деп аталатын.

Иасауи әлемге белгілі философ, ақын, мұсылман дінін таратушы адам болды.

Саида:

Бүгінгі Түркістан-туристердің назарын аударып отырған қала.Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ –түрік университетінде мыңдаған қазақ жастары білім алуда. Түркістан қаласында туризмнің дамуына мүмкіндіктер көп. Туризмді экономиканың бір саласы деуге болады.

Кезінде атақты Әмір темір данышпан Қожа Ахметтің ақындығына таңданып, оның құрметіне алыс елдерден ұста, зергер сәулетші жинап ғажайып ғимарат орнатқызады. Бірнеше жыл бойы салынған бұл кесененің сәулетшісі- Ғұбайдолла Садыр.

Жұлдыз:- Саида, сен Түркістанда болдың ба?

Саида:-жоқ

Жұлдыз: Түркістанға баруың керек.

Саида: Неге?

Жұлдыз: Сен айтқан кесенеде ең үлкен қазан тұр. Ол Тайқазан қазақ халқының қонақжайлылығын көрсетеді. Онда барған адам тиын тастаса, тілеген тілегің қабыл болады деген наным бар.

Түркістан қақпасы

«Өткелдер»

Телекөпір арқылы сыныптастарыңның сынағынан сүрінбей өту.

Мына сұрақтарға жауап беру:

  1. Түркістан қаласы республикамыздың қай жағында орналасқан?

  2. Түркістан қаласында аты дүниежүзіне белгілі қандай ескерткіш бар?

  3. Түркістанның мың жарым жылдық тойы қашан өтті?


«Ол кім, бұл не?»

Берілген суреттер жайлы әңгімелеп айта білу.

( Тайқазан, Қожа Ахмет Иассауи, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі )

Алина:

Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер.Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Өкінішке орай туындының түпнұсқасы біздің заманымызға жетпеген. Бізге жеткені XV-XVI ғасырлардағы көшірмесі ғана.

Надира:

Тайқазанды 1399 жылы Әмір Темір жасатқан. Салмағы- 2 тонна, биіктігі- 162 см, диаметрі-242 см. Тайқазан 7 түрлі металдан жасалған. Оның қабырғаларына араб әріптері мен құран сүрелері, хадистер жазылған.

Жұлдыз:

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:

Қазандық;

Үлкен Ақсарай;

Кіші Ақсарай;

Құдықхана;

Кітапхана;

Асхана;

Көрхана;

Мешіт;

Сұрақтарға дұрыс жауап берген бергендіктен, Түркістан қақпасы айқара ашылды.

Сабақты қорытындылау.

Активоуд құрылғысының көмегімен тест сұрақтарына жауап беру.


  1. « Екінші Мекке» деп қай қаланы атаған?

  А) Отырар

  Ә) Тараз

  Б) Түркістан

2. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі нешінші ғасырда салынды?

     А) ХІҮ

     Ә) ХҮІІ

     Б) Х

3. Ғимарат неше бөлмеден тұрады?

А) 42

     Ә) 35

     Б) 19

  1. « Қазандық» деп аталатын бөлмедегі қола қазан қалай аталады?

     А)  Үлкен қазан

     Ә) Қолақазан

     Б)  Тайқазан



5.Түркістанның 1500 жылдық тойы қашан тойланды?

А)  2000

     Ә) 1995

     Б)  1991

6.Хандар таққа отырған кезде қандай дәстүрді сақтаған?

А) ант беру

     Ә) жарлық беру

     Б) ғимарат жасау

7. Қазанды жасаған шебер кім?

А) Ғұбайдолла

     Ә) Әбілазиз

     Б) Әмір Темір

8. Ғұбайдолла Садыр кім?

А) шебер ұста

     Ә) құрылысшы

     Б) зергер

9. Тайқазанның салмағы, биіктігі неше?

А)  5 тонна, 170 см

     Ә) 2 тонна, 162 см

     Б)  1 тонна, 152 см

10. Түркістан қаласы еліміздің қай аймағында орналасқан?

А)  батыс

     Ә)оңтүстік

     Б)  солтүстік

Бағалау:

Оқушыларды өздерінің бағалауларын негізге ала отыра, қатысу белсенділігіне қарай бағалау.


Үйге тапсырма:

«Бүгінгі Түркістан – тарихи және туристік қала» тақырыбына эссе жазып келу.

































3-минут













7-минут













3-минут





5-минут















8-минут







5-минут











7-минут





































Бағалау парағы


жоғары

орташа

төмен

Темір қақпа




Алтын қақпа




Түркістан қақпасы




Қорытынды баға


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.02.2019
612
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі