Тақырыбы: «Біз шыныққан
баламыз»
Міндеті:Қимылдардыңырғағынмузыкалықсүйемелдеуменүйлестіру. Түрлі
түсті асықтарды қолдану арқылы түрлі жаттығулар
жасау.Денешынықтыруменспортқақызығушылықтыоятужәнеденешынықтырумен,
спортпен айналысуға баулу.Түзубағыттаадымдапжүру.Ұлттық қимылды ойындарды
ойнату.Балалардыэстафеталықойындарғақатысуғабаулу.
Құрал
жабдықтар:Фердан жасалған
асықтар,құрсау, орамал,асықтар,
кедергілер.
Балалар күйдің ырғағымен ішке
кіреді. Қатарға тұрады.
-
Балалар бүгін бізде қонақтар
келіп отыр екен. Ендеше балалар апайлармен амандасып
алайық.
-
Сәлеметсіздерме, Қайырлы
күн.
-
Жарайсындар балалар! Ендеше
дене шынықтыру ұйымдастырылған ашық іс-әрекетімізді
бастайық.
-
Оңға бұрыл, жай жүріспен
жүреміз.
-
Жалпы дамыту
жаттығуы:
-
Қолымызды жоғары көтеріп,
аяқтың ұшымен жүру;
-
Қолымызды желкемізгі қойып,
өкшемен жүреміз;
-
Қолымызды белге қойып, аяқтың
қырымен немесе жанымен жүреміз;
-
Қолды белге қойып, оң жақ
иықпен жүреміз;
-
Қолды белге қойып, сол жақ
иықпен жүреміз;
-
Отырып
жүру;
-
Тыныс алу
жаттығуы.
Қатарға тұрып, үш қатарға
бөлініп, кезекпен кезек тұру керек. (Кезекпен кезек асықты
алады.)
-
Қолымызды алға созып, аяқты
иық деңгейінеде ашып, басымызды оңға, солға
құлатамыз;
-
Қолымызды жоғары көтеріп,
белімізді оңға, солға құлатамыз;
-
Қолымыздағы асықты жоғары,
төмен түсіреміз;
-
Қолымызды жоғары көтеріп,
оңға, солға бұрыламыз;
-
Орнымыздан тұрып
адымдаймыз;
-
Қолымыздағы асықты жерге
қойып, қолды белге қойып, қос аяқпен
секіреміз;
-
Алтылық жаттығу
жасау;
-
Қолымызды алға созып, отырып,
тұру;
-
Тыныс алу
жаттығуы.
Нұсқаушы: -Жаттығу аяқталды, бастапқы
орынға тұр!(сап бойынша қатарға тұру.)
Негізгі қимыл
жаттығуы:
-
Қолымызға асықты ұстап, аяқты
қосып, қос аяқпен кедергілер арасымен
секіру;
-
Кедергілерден аттап
өту;
-
Кедергілер арасымен өту;
(Асықты орнына қою.)
Қимылдық
ойындар:
-
«Соқыртеке»
Шарты: Балалар қолдарынан ұстап,
шеңбер жасап тұрады. Соқыртеке болатын баланы санамақ арқылы
табады. Сол бала ортаға шығып, онын көзін байлайды. Көзі байланған
бала былай деп өлеңдетеді:
Қараңғыда көзім
жоқ
Тиіп кетсем сөзім
жоқ
Маған қарай
келіндер,
Бір қыз тауып
беріңдер!
Барлық бала шеңбер бойымен
жүре отыра:
Соқыр теке –
соқырақ,
Оң көзіңе
топырақ.
Топырақты
алайын.
Тотияйын
салайын
Ал, қанекей
батырым,
Менде келе
жатырмын.
Нұсқаушы балаларды ымдап,
жаймендеп екі, үш баланы ортаға шығарады. Балалар көзі байлаулы
баланы түртіп – түртіп қашады. Ұстаған баланы басынан, шашынан,
қолынан ұстап кім екенін табу керек. Ойын солай жалғаса
береді.
-
«Сандарды қатармен
қой»
Шарты: Кедергілер арасымен жүгіре
отырып, сандарды ретімен тізбектеп қою.
Сергіту
жаттығуы. (Асықпен)
Қорытынды
-
Балалар, бүгінгі ашық
ұйымдастырлған іс – әрекетіміз сіздерге
ұнадыма?
-
Жаттығуымызға қандай құрал
пайдаландық?
-
Сіздерге қай жаттығу
ұнады?
-
Балалар біз қандай ойын
ойнадық?
-
Сіздерге қай ойын
ұнады?
-
Ұйымдастырылған іс – әрекеттен
қандай әсер алдыңыздар?
Жарайсындар балалар! Ендеше,
балалар сендерге көп рахмет. Сендерді мен
«түрлі тұсті
асықтармен» марапаттаймын. Осымен балалар
«Біз шыныққан баламыз» атты ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз
аяқталды. Сапқа тұрамыз. Оңға! Сау болыңыздар! (Әуен ырғағымен
адымдап, залдан шығады.)