400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Тұсау Кесу ДАЙЫН ПРЕЗЕНТАЦИЯ ✔

Материал туралы қысқаша түсінік
тұсау кесу туралы презентация ашық сабақ т.б қолдануға болады.?
Материалдың қысқаша нұсқасы
Тұсау кесу

•
•

Қазақ халқының өмір салтына көрік
беретін дәстүр-тұсау кесу. Бала жүре бастаған
кезде кішігірім той жасап, тұсау кеседі. Тойға
келгендер тұсау кесер тойына сыйлықтармен,
шашуларымен келеді. Дастарқан жайылып,
көрші-қолаңдар, әйелдер, қыз-келіншектер
жиналады.

•
•

Тұсауын кесетін баланың аяғына
байлайтын жіпті тұсау кесер әйел дайыңдап,
алып келеді. Көпшіліктің алдында даярлаған
сыйлықтарын беріп, ортаға қойылған
баланың аяғына байланған жібін кесіп,
жібереді.

•
•

Жіпті ақ, қара жіптен есіп, еркін байлауға
жететіндей етіп дайындайды. Ақ, қарадан
•
Есіп жасалған жіп біреудің ала жібін
аттамасын деген жақсы ниетті білдіреді.
Тұсау кесетін әйелді баланың әке-шешесі
таңдайды. Беделді, іске ықшам, жасы үлкен,
балалы-шағалыәйелге жүктейді. О әйел
шамасына қарай балаға сыйлық береді.

•
•

Кей жерлерде баланың басынан аяғына
дейін жаңа киімдер әкеліп, әкелген сыйлығын
ел көрсін деп, тұсауын кесіп, ортаға жібермей
тұрып, кигізіп қояды. Бұрынырақта ат пен ертоқым сыйлаған. Өлеңдер айтылып,
жиналғаңдар тілектерін тілейді.

•

Тұсау кесер тойына арналған көпке мәлім әннің бірі мынау:
• Қаз-қаз балам, қаз, балам,
• Қадам бассаң мәз болам.
• Күрмеуіңді шешейін,
• Тұсауынды кесейін.
• Қаз-қаз балам, қаз, балам,
• Тоқымыңды жаз балам,
• Қадамыңды қарайық,
• Басқаныңды санайық.
• Қаз-қаз балам, жүре ғой,
• Балтырыңды түре ғой.
• Тай-құлын боп шаба ғой,
• Озып, бәйге ала ғой,
• Қаз баса ғой, қарағым,
• Құтты болсын қдамың.
• Өмірге аяқ баса ғой.
• Асулардан аса бер.
• Жүгіре қойшы, құлыным,
• Желбіресін тұлымың,
• Елгезек бол, ерінбе.
• Ілгері бас, шегінбе.

•
•

Тұсауын кескен әйелге әке-шешесі
ризашылығын білдіріп, сыйлықтарын
тартады. Киітін береді. Кейбір жерлерде
тұсауын кесетін балаға тұсау кесетін әйел аяқ
киім немесе бастан-аяқ киімнен бір тоғыз
етіп жасап алып келеді. Шамасы келіп
жатқандар, сол жастағы балаларға арналған,
үлкен ойыншық сыйлайды.
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
444
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі