Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұсаукесер (өлең) (Оразақын Асқар) 0 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақтан әртүрлі әдіс-тәсілдерді көруге болады
Материалдың қысқаша нұсқасы


ТАҚЫРЫБЫ:

Тұсаукесер (өлең) (Оразақын Асқар)

Мектеп: №40 мектеп

Күні:

Педагогтің аты-жөні: Мадреимова Камшат Омирбаевна

Сынып: 0 «В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтары және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

0.1.2.1 Шағын өлеңдерді, фольклор жанрларын жатқа айту

Мектеп жасына дейінгі балаларды жаңа технологияларды пайдалана отырып, ой- өрісін, қиялын жан- жақты дамыту.

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:

Өлен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіреді.

Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады:

Өлеңді жатқа айтады. Эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізеді.

Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады:

Иллюстрациялар бойынша сұрақ қояды және оған жауап береді.

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер:

Халықтың салт-­дәстүрін біледі.

Тұсау кесу рәсімін әңгімелей алады.

Көптілділік: алғашқы қадам – первые шаги – first steps

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: тәй­тәй басты, қаз тұрды.

Пікір алмасу сұрақтары:

Тұсау кесу рәсімі қанша жастағы балаға жасалады?

Тұсау кесу рәсіміне қандай заттар қажет? Не үшін қажет?

Тұсау кеу рәсімінде аталатын сөздерді білесіңдер ме?

Өткен ҰОҚ-де алған білім

Салт­-дәстүріміздің бірі – тұсау кесу рәсімі туралы баяндайды.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0–3 мин.












Шаттық шеңбер

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым, Арайлап атқан күнге.

Тәрбиеленушілер бір­-біріне сәттілік тілеп, жылы лебіздерін айтады.

Оқушылар топқа бөлініп отырады.

Топқа ат қою үшін төрт топқа төрт түрлі пазл беремін. Тәрбиеленушілер пазлды жинаған да сурет шығады. Сурет арқылы топтың атын шығарамыз.

  1. Тұсаукесер

  2. Бесікке салу

  3. Ашамайға мінгізу

  4. Қырқынан шығару

Осылар туралы толық мәлімет беріледі, талданады.









Пазл

(тұсаукесер, атқа отырғызу, қырқынан шығару, бесікке салу)



II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

47 мин.

Тұсау кесер туралы видеоролик көрсетіледі, талданады, сұрақтар қойылады.

(Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Сурет бойынша сұрақтар қоямын, оған жауап береді.

Суреттегі салт­-дәстүр саған таныс па?

Тұсау кесу рәсімін қанша жаста істейді?

Баланың тұсауын қандай адамға кескізеді?

Тұсау кесу рәсімінде қандай тілектер айтылады?

Тұсау кескенде қандай заттар керек?

Балалармен бірге талқылаймыз, қорытынды жасаймыз.

  • Ата-­бабамыздан келе жатқан салт­-дәстүріміздің бірі – тұсау кесу.

  • Тұсау кесу рәсіміне, ата-­бабамыздан келе жатқан дәстүр ретінде құрметпен қарау керек.

  • Тұсау кесу рәсімі – бала тәй­тәй басып келе жатқанда міндетті түрде қыз балаға да, ұл балаға да жасалынады.

  • Сенің отбасында қандай салт-­дәстүрлер бар?

Көптілділік: алғашқы қадам – первые шаги – first steps

видеоролик





Әліппе­-дәптер

III. Тақырып бойынша жұмыс

7–27 мин.

Шағын фольклор жанрына жататын Оразақын Асқардың «Тұсау кесу» өлеңімен таныстырып, мәнерлеп оқып беремін.

Оразақын Асқардің суретін көрсетіп мәлімет беремін.

Сөздік жұмыс: асулардан асуға, жүйрік, ептілік.

Талқылау:

  • Өлең ұнады ма?

  • Өлең қалай аталады?

  • Не туралы айтылған?

  • Өлеңде қандай ғажайып сөз есіңде қалды?

  • Баланы неге епті, жүйрік деп атаймыз?

Өлеңді мәнерлеп екі-үш қайтара оқып беремін.

Өлеңді жаттап алу ұсынылады.

Сергіту сәті: «Айгөлек» биі

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс: Ребусты шешу.

Тұсау кесу рәсімі кезінде балақайға қандай заттарды сыйлар едің? Суретін сал.

Топтық жұмыс «Балақайға сыйлық сыйлаймыз»

Әр топ өзінің баларына сыйлайтын сыйлықтардың суретін салады

Топтық жұмыс «Қабырға сөйлейді»

Қабырғаға тұсаукесер, атқа отырғызу, қырқынан шығару, бесікке салуға арналған заттардың суреттері ілінеді, әр топтан бір оқушы шығып сол суреттерден өздеріне керек суреттерді жинап тобына апарады, тобымен бірге отырып, постерге жапсырады, тақтаға бәрі бірге шығып қорғайды.

Оразақын Асқардің суреті


Әліппе­-дәптер



видеоролик





тұсаукесер, атқа отырғызу, қырқынан шығару, бесікке салуға арналған заттардың суреттері, А3, желім

IV. ҰОҚ қорытындысы.

Рефлексия.

28–30 мин.

Қорытынды жасаймын.

Сендерге сабақ ұнады ма? Не қызықты болды?

Өлең жолдарын бірнеше рет қайталау

(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту.

Тәрбиеленушілер ҰОҚ­дегі өзінің жұмысына баға береді.

Ештеңе түсінбедім – қызыл бұрышқа,

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары лимонға,

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл алмаға стикер жапсырады



Тексерілді:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2019
1323
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12