Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Түстер палитрасы. 5 сынып, Информатика

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ, 5 сынып. Paint графикалық редакторы. Түстерді анықтау. Оқушыларға 20 түс бар екенін және олармен қалай жұмыс істеу керек екенін тұсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:

Мектеп: П. Тәжібаева атындағы жалпы орта мектеп кмм

Мұғалімнің аты-жөні:Ахметова Б


Пәні: информатика





Сынып: 3

Қатысқаны:

Қатыспағаны :


Сабақ тақырыбы:

Түстер палитрасы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.2. компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану;

3.2.2.1. қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану;

3.2.2.2. нысанның сыртқы түрін өзгерту (қию, бұру, өлшемін өзгерту);

3.2.4.2. арнайы тақырыпқа сай фотосуреттерді қолдану



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Графикалық редактор командалармен жұмыс жасау және құралдар мен фотосуреттерді пайдаланып қарапайым кескін құру, нысанның сыртқы түрін өзгерту.

Оқушылардың басым көпшілігі: Графикалық редакторда бірнеше кескіндерден бір сурет құрастыру.

Кейбір оқушылар: Графикалық редакторда күрделі нысандарды өз бетімен құрастырып, үзінділерді үйлесімді түстермен түрлендіру.


Бағалау критерийі

  • Графикалық редакторда командалармен жұмыс жасай алады, құралдар мен фотосуреттерді пайдаланып қарапайым кескін құра алады, нысанның сыртқы түрін өзгерте алады.

  • Графикалық редакторда бірнеше кескіндерден сурет құрастырады.

  • Графикалық редакторда күрделі нысандарды өз бетімен құрастырады, үзінділерді үйлесімді түстермен түрлендіре алады.




Тілдік мақсат




Лексика және терминология:

Түстер палитрасы -Фон –Құю ––Бояу,графикалық редактор,

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Графикалық редакторда суреттерді өңдеу барысында қойылатын сөздермен танысу.


Ойлау деңгейлерінің дағдылары

Білу ,тусіну,қолдану , талдау



Құндылықтарды баулу

Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуіне дағдыландыру , есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Пәнаралық байланыс

ағылшын тілі, көркем сурет


Алдыңғы тақырып


Қайталанатын үлгілер.


Жоспар



Жоспарлаған

уақыт


Жоспарлаған жаттығулар (төмендегі

жоспарланған жаттығулармен қатар

ескертпелерді жазыңыз)



Ресурстар


Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.Оқушылардың назарын сабаққа аударып, психологиялық ахуал орнату мақсатында арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді .



Оқушылардың алдыңғы біліміне шолу жасау мақсатында «Допты лақтыру » әдісі бойынша оқушылардан үй тапсырмасы сұралады. Допты қайсы оқушы қағып алса, сол оқушы сұраққа жауап береді.

  1. Paint редакторын қалай іске қосамыз?

  2. Paint графикалық редакторы неге арналған?

  3. Графикалық редактордың құрал-жабдықтары жайлы не білесің және не жасауға болады ?

  4. Суретті қалай сақтаймыз ?

  5. Суретті қалай ашамыз ?

Смайликтер арқылы бағаланады.

Смайликтер



Сабақтың ортасы

түсіну




























Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру

жаңа сабақ Түстер палитрасы .

Мәтінді оқып «Түртіп алу »әдісін пайдаланады .

Мұнда оқығанын түсінуге, өз ойын білдіруге үйретеді.


Paint –графикалық редакторында суретті бояу, өңдеу мүмкіндіктері бар. Суретті салу барысында оларды өз қалауымызша кез –келген түспен бояп, өңдей аламыз.

Түстерді бояу үшін алдымен қажетті құралдарды Қарындаш немесе Құйып алу құралын таңдаймыз. Содан кейін Түстер палитрасындағы керек түсті таңдап, тінтуірдің сол жақ батырмасын бір рет шертеміз. Палитрада негізгі 20 түс орналасқан. Түстерді өзгерту батырмасын шертіп, басқа түсті таңдауға болады.


1 тапсырма : Компьютерде жеке жұмыс: Paint бағдарламасында қарапайым кескін құру.

Paint бағдарламасын іске қосып, аққаланың кескінін салу, салған кескінді сақтап қою.


Дискриптор: Paint графикалық редакторында құралдарды пайдаланып аққаланың кескінін салады.Сыртқы түрін өзгерте алады.

2. тапсырмаКомпьютерде жеке жұмыс: Бірнеше кескінді пайдаланып сурет құрау.

  1. Дискриптор: Графикалық редактор құралдарында бірнеше суреттер сала алады.

  2. Суретті сақтай алады.


Салған суреттері смайликтер арқылы бағаланады.


3-тапсырма. Компьютермен жұмыс. Графикалық редакторда күрделі нысанды өз бетімен құрастыру және сол нысанды үйлесімді түстермен түрлендіру.

 .

Дискриптор: Нысанды өз бетімен құрастыра алады. Түстерді үйлестіре алады. Сақтай алады.


«Бас бармақ» әдісі бойынша бағаланады.

Оқулық Арман ПВ

Авторы

Г.А. Көпеева, У.М. Ділманова























Дербес компьютер

Смайликтер





Дербес компьютер



Смайликтер







Дербес компьютер




Смайликтер



Талдау.

Сабақтың соңы

Сұрақтар мекені әдісі 5мин




Cабақты қорытындылау мақсатында

«Сұрақтар мекені» әдісі бойынша оқушылардан сабақ соңындағы қол жеткізген нәтижелерін бақылай отырып жүргізіледі.

  1. Қарапайым графикалық редактор дегеніміз не?

  2. Түстер палитрасында қанша негізгі түстер орналасқан?

  3. Қарапайым графикалық редактор құралдарын атап бер?

  4. Түстер палитрасының қызметі қандай?

Смайликтер арқылы бағалау.


Үйге тапсырма: Түстер палитрасының түйіндемесін оқып келу.


Смайликтер



«Кері байланыс»

«Алма ағашы »әдісі

5 мин


Стикерлер


Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы






Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе?


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.08.2021
752
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12