15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тұтқын бала
«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған қазақ әдебиеті
сабағының жоспары
Мектеп: Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп Мерзімі: 13.03.2017Мұғалімдер:Алхамова Ж.А.
Сынып:6а-сыныпОқушы саны: 16 оқушы
Тақырыбы: Ш.Мұртаза«Тұтқын бала» Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: шыншылдық, еңбекқорлық, сауаттылық
Сабақтың мақсаты:«Тұтқын бала» әңгімесін қорытындылау, Ш.Мұртазаның бес кітабы туралы таныстыру. Міндеттері: Білімділігі: Оқушыларды автордың екінші кітабындағы Тұрар Рысқұловтың балалықөмірімен таныстыру Дамытушылығы: Оқушылардың бойында шыншылдық және ұлтжандылық сезімдерін дамыту. Тәрбиелілігі: Оқушыларды шыншылдыққа, еңбекқорлыққа, сауаттылыққатәрбиелеу
|
Ресурстар: (материалдар, көздері) Белсендіргіш тақта, маркерлер, ақ қағаз.
|
Сабақтың барысы: Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану) 5Т ережесі
Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 2.Топқа бөлу карточка суыру арқылы үш топқа бөлініп отырады Авторлар шығармалары бойынша
3.Үй тапсырмасын тексеру Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесін оқып келу. 4.Дәйексөз «Ерді намыс өлтіреді, Қоянды қамыс өлтіреді» Шерхан Мұтаза 1.Хормен оқыту 2.Қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек оқыту 3.Оқушыларға дәптерге жазғызу -Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? 4.Балалардың жауаптары негізінде дәйексөзді қорытындылау
Ішкі нтеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)
5.Жаңа сабақ Видео көру «Шерхан Мұртаза туралы» «Бәйге» сұрақтары: Дұрыс әрекет жасайды.
6.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс 1-топ 2-топ 3-топ 7. Топпен ән айту «Батырлар ұраны» Алашұлы тобы 1.Өзгелерден дара туған, Өр намыстан жаратылған, О-о-о-о-о-о-о-о! Баласының батырлығы, Қанмен бойға таратылған, О-о-о-о-о-о-о-о! Алатаудай алашымның Қаратаудай баласымын!
Қайырмасы: Қастерлі алашымның Қорғаймын бар асылын! Намысын қолдан бермес Қазақтың баласымын! Қастерлі алашымның Қорғаймын бар асылын! Намысын қолдан бермес Қазақтың баласымын!
2.Сом білекпен, өр жүрекпен Намыс туын желбіреткен, Белдескеннің белін үзіп, Егескенді еңіреткен, О-о-о-о-о-о-о-о! Алатаудай алашымның Қайтпас қайсар баласымын!
Қайырмасы: Қастерлі алашымның Қорғаймын бар асылын! Намысын қолдан бермес Қазақтың баласымын! Қастерлі алашымның Қорғаймын бар асылын! Намысын қолдан бермес Қазақтың баласымын!
|
Ескерту
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Бекіту сұрақтары:
9.Үй тапсырмасы:
«Сабақтан алған әсерім» оқушылар өз лебіздерін жазып ағашқа жапсырады.
10.Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар
11.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Балалар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген