15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тұтықпаны болдырмау және оны түзетудің жолдары"
Тұтықпаны болдырмау және оны түзетудің жолдары.
Тұтықпа.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым ауыр болса, соғұрлым логопедтің білім деңгейі жоғары болуы керек.
Неміс педагог-дефектологі
П.Шуман.
Кіріспе.
Тіл кемістігі туралы ғылымның тарихында тұтығып сөйлеу мәселелері ежелден орын алып келеді деп есептеуге болады.
Тұтығу-сөйлеудегі ең ауыр тіл кемістігі. Ол баланың ойлау қабілетін зақымдап, оның дұрыс тәрбие алуын кешеуілдететін, қарым-қатынаста кедергі келтіріп, әсіресе балалар арасында, айналасындағылармен ортақ тіл табысуын қиындататын, аса қиын қалпына келетін тіл кемістігі.
Тұтықпа балаларда ерте жастан, сөйлеу мен жеке өмірінің белсенді даму кезеңінен басталады.
Тұтықпа-сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тыртысу салдарынан, сөйлеудің жылдамдығы мен ырғақтылығымен бұзылуы. Синонимдері: balduties, disphemie, spasmophemie, laloheurosis.
Ерте заманда тұтықпаны бас миы мен тілдің ылғалдылығының кемшіліктерінің салдарынан болатын ауру деген түсініктер болған. Сөйлеу аппараты 2 бөліктен тұрады: 1-шісі орталық (реттеуші),
2-шісі перифериялық (шеткі атқарушы) . Екі орталық бір бірімен тығыз байланысты. XVII-XVIII ғ. тұтықпаны перифериялық (шеткі) сөйлеу аппаратының жетілмеуінің салдары деп түсіндіреді.
Нейрофизиологиялық зерттеудің мағлұматтары бойынша тұтығушының доминантты жарты шары (сол жақ) сөйлеу кезінде өзінің басқарушы, жетекші ролін толық тұрақты атқара алмайды, оң жақ жарты шарға қарсы тұра алмайды.
Павловтың адамның жоғары жүйке жүйесі туралы іліміне сүйенсек, тұтығу-орталық жүйке жүйесінің толығымен зақымдануы деп аталады. Сонымен, тұтықпа мәселесіне қатысты әртүрлі көзқарастарды қарастыра отырып, тұтықпаның механизмі біртекті емес деген қорытынды жасауға болады.
2.Негізгі бөлім.
Қазіргі таңда тұтығу пайда бола салысымен жою ұсынылады. Себебі, тұтығу басталған сәттен қанша уақыт өтсе, соншалықты дәрежеде баланың психологиясын өзгертіп, ауыр да тұрақты кемістікке айналады. Одан бөлек баланың айналасындағылармен дұрыс қарым-қатынас жасауы мен оқу үлгеріміне кедергі келтіреді. Сондықтан кемістікті мектепке дейін жою маңызды. Мұндайда баланың тек сөйлеуіне ғана емес, жеке тұлғасы мен жалпы маторикасына ықпал ету қажет.
Тұтығатын баламен жұмыс жүргізген ғалымдардың іс-тәжірибесі емдік педагогикалық комплекті ықпал ету әрекетіне қарай емдік сауықтыру және түзету тәрбиелеу деп екіге бөліп қарауды ұсынады.
Емдік сауықтыру жұмысының негізгі мақсаты: тұтығатын баланың денсаулығы мен жүйке жүйесін сауықтыру және нығайту, психофизикалық қалпындағы потологиялық белгілер мен ауытқуларды (әлсіздену, тілдік құрысулар,вегативті жүйке жүйесіндегі бұзылулар, маторикалардың бұзылуы) емдеу мен жою.
Тұтығуды қалпына келтірудегі емдік педагогикалық әдістің ішінде түзету тәрбиелеу жұмысы өте маңызды роль атқарады. Бұл жұмыста негізгі орында логопед тұрады. Қазіргі кезде кекештікті жоюдың бірнеше логопедтік ықпал ету әдістері бар. Әлбетте, оның барлығы да баланың дұрыс та, еркін, тұтықпай сөйлеуін мақсат тұтады. Баланы еркін сөйлеуге тәрбиелеу үшін, алдымен оны асықпай,жаймен сөйлеуге үйрету қажет. Асықпай сөйлеу темпі баланың асықпай қимыл қозғалыс жасауымен бірге жасалады.
Дұрыс сөйлеуге тәрбиелеуде сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуды қалыптастыру маңызды. Тұтығатын адамда ол үстіртін, шұғыл, тынымсыз, қысқа немесе кейбір сөздердің ішкі дем алғанда айтылуы түрінде кездеседі.
Тіл кемістігі бар балаларға сөздегі дауысты дыбысты бөліп айтуды үлкен нәтиже береді. Кейбір дауысты дыбыстарды созып айту сөйлеуді жеңілдетіп, тілдегі құрысуларды болдырмайды.
Логопед өз жұмысында түсіндіру, сендіру, ұғындыру және оқыту әдістерін кеңінен қолданады. Балаларға түсінікті тілмен неге оның қиналып сөйлейтінін түсіндіреді, оның жақсы, еркін сөйлей алатынына көзін жеткізіп, күннен-күнге жақсы сөйлеп, келе жатқанына сендіреді. Осындай жолмен, өзінің кемістігіне, өзіне, айналасындағы қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарасы бірте-бірте қайта қалыптасады.
Тұтығатын баламен түзету жұмысын кезеңімен жүргізу жүйесі.
3.Қорытынды.
Тұтығатын баланың жекелеген ерекшеліктері мен оның тұтығуының
ауырлығына байланысты тұтығу дамуының алғашқы сатысында түзетудің рациональді жолын таңдау өте маңызды.
Тұтығуды жоюдың ұтымды жолы-тұтығатын бала мен мамандардың бірге талаптанып жүйелі, тиянақты,майда да мейлінше ұзақ жұмыс жасауы. Мұндай бірлескен мақсатты жұмыстың нәтижесі тұтықпаны жоюға оптимистік тұрғыдан қарауға жеткізеді.
Қолданылған әдебиеттер.
«Тұтықпа балалармен коррекциялық жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі» (Бейсенова Р.,Ларинова Л., Тұрсынбаева З.)
«Логопедия» (Өмірбекова Қ.)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген