жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тұз күмбездерінде кездесетін сирек қауымдастықтар
Тұз күмбездерінде кездесетін сирек қауымдастықтар
Теректі ауданында орналасқан тұз күмбездерін зерттеу кезінде 8 түрлі қауымдастықтарды анықтадым. Әрбір қауымдастықтың сипаттамалары жеке - жеке төменде көрсетілген.
1 Өгізкөзді - қотыротты қауымдастық - Anthemis trotzkiana Claus, Scabiosa isetensis L
Теректі ауданында орналасқан тұз күмбездеріндегі борлы таулардың түптерінде өгізкөзді – қотыротты қауымдастық кездеседі (Сурет 1).

Сурет 1. Өгізкөзді – қотыротты (A. trotzkiana, S. isetensis) қауымдастық
Өгізкөзді - қотыротты қауымдастыққа толығырақ тоқталатын болсам, жобалау жабындысы 30%- ды құрайды. Бұл қауымдастық тау бөктерлерінің жоғары бөліктерінде көп кездеседі. Түрлік құрылымында 7 түрлі өсімдік бар. Ең үлкен аумақты алып жатқан Корнух - Троцкий өгізкөзі негізгі доминант болып табылады (Кесте 1).
Кесте 1
Өгізкөзді - қотыротты қауымдастықтың флоралық құрамы
|
1 |
Корнух- Троцкий өгізкөзі |
Пупавка Корнух -Троцкого |
Anthemis trotzkiana. Claus |
Жартылай бұталы. Төменгі еділ далалы. |
|
|
2 |
Исет қотыроты |
Скабиоза исетская |
Scabiosa isetensis. L |
Жартылай бұталы. Еділ - қазақстандық далалы. |
|
|
3 |
Шөл еркекшөбі |
Житняк пустынный |
Agropyron desertorum. (Fisch. ex Link) Schult |
Тығыз түпті. Ежелгі жерорта теңіздік. |
|
|
4 |
Әтір жұлдызшешек |
Левкой пахучий |
Mattiola fragrans. (Bunge) |
Сояу тамырлы. Арал - каспийлік далалық. |
|
|
5 |
Борлы бұйырғын |
Ежовник меловой |
Anabasis cretacea. Pall |
Көпшік тәрізді жартылай бұта. Арал - каспийлік шөл далалы. Эндемикалық . |
|
|
6 |
Биік аққаңбақ |
Качим высокий |
Gypsophila altissima. L |
Сояу тамырлы. Евразиаттық орманды. |
|
|
7 |
Қылқан боз |
Ковыль Тырса |
Stipa capillata. L |
Тығыз түпті. Ежелгі жерорта теңіздік далалы. |
|
Биоморфологиялық құрамында 3 тіршілік формасы белгілі болды. Соның ішінде 3 жартылай бұталы, 2 сояу тамырлы, 2 тығыз түпті өсімдік түрлері кездеседі.
Географиялық құрамынан екі түрі ежелгі жерорта теңіздік, екі түрі Арал - каспийлік, бір төменгі еділдік түр, бір еділ - қазақстандық түр және бір евразиаттық түр кездеседі. Исет қотыроты бұл өсімдіктер арасында эндемикалық түр ретінде саналады.
2 Алуан шөпті- бетегелі жусанды қауымдастық - Scabiosa isetensis L,
Artemisia lessingiana Bess
Зерттеу ауданымызда ертедегі борлы таулардың баурайларында алуан шөпті – бетегелі жусанды қауымдастық кездеседі (Сурет 2).

Сурет 2. Алуан шөпті - бетегелі жусанды (S. isetensis, A. lessingiana) қауымдастық
Алуан шөпті- бетегелі жусанды қауымдастыққа толығырақ тоқталатын болсам, жобалау жабындысы 70%-ды құрайды. Бұл қауымдастық Батыс Қазақстан облысының Жасыл кітабына енгізілген қауымдастықтардың қатарына жатады. Борлы, әкті жерлерде көп таралған. Түрлік құрылымында 13 түрлі өсімдік бар. Үлкен көлемді алып жатқан Лессинг жусаны негізгі доминант болып саналады (Кесте 2).
Кесте 2.
Алуан шөпті- бетегелі жусанды қауымдастықтың флоралық құрамы
|
1 |
Лессинг жусаны |
Полынь Лессинга |
Artemisia lessingiana Bess |
Жартылай бұташық. Оңтүстік Уралдық далалы. |
|
2 |
Шренк қызғалдағы |
Тюльпан Шренка |
Tulipa schrenkii Regel |
Пияз текті. Понтикалық далалы |
Кесте 2 жалғасы
|
3 |
Борлы бұйырғын |
Ежовник меловой |
Anabasis cretacea Pall |
Көпшік тәрізді жартылай бұта. Арал- каспийлік шөл далалы. Эндемикалық . |
|
4 |
Түкті далазығыры |
Солонечник мохнатый |
Galatella villosa (L) Reichenb.fil |
Қысқа тамырлы. Понтикалық далалы |
|
5 |
Қатты түкті сілет |
Триния жестковолосая |
Trinia hispida Hoffm |
Сояу тамырлы. Понтика-еділ- қазақстандық таулы- далалы. |
|
6 |
Шөл еркекшөбі |
Житняк пустынный |
Agrophyron desertorum (Fisch. ex Link) Schult |
Тығыз түпті.Ежелгі жерорта теңіздік таулы- далалы. |
|
7 |
Жұмыртқа - жеміс таспа |
Астрагал яичкоплодный |
Astragalus testiculatus Pall |
Жартылай бұташық. Ежелгі жерорта теңіздік таулы- далалы. |
|
8 |
Таспа жуа |
Лук линейный |
Allium lineare L |
Пияз текті. Ежелгі жерорта теңіздік таулы - далалы |
|
9 |
Марсель қараматау |
Камфоросма марсельская |
Camphorosma monspelliacum L |
Көпшік тәрізді жартылай бұташық. Ежелгі жерорта теңіздік далалы |
|
10 |
Бұтақты кендірше |
Ленец ветвистый |
Thesium ramosum Hayne |
Сояу тамырлы. Жерорта теңіздік далалы |
|
11 |
Нүктелі далазығыр |
Солонечник точечный |
Galatella punctata ( Waldst. et Kit) Nees |
Сояу тамырлы. Сармат далалы |
|
12 |
Үлкен тасшыгүл |
Проломник большой |
Androsace maxima L |
Біржылдық. Арал- каспий далалы. |
|
13 |
Қара гүлкекіре |
Василек угольный |
Centaurea carbonata Spreng |
Сояу тамырлы. Понтикалық далалы. |
Биоморфологиялық талдау бойынша 7 тіршілік формасы анықталды. 4 сояу тамырлы, 3 жартылай бұташықты, 2 пияз текті және жартылай бұталы, ал, қысқа тамырлы, тығыз түпті, біржылдық өсімдіктердің бір түрі кездеседі.
Бұл қауымдастықта 7 түрлі географиялық аймақ кездеседі. Ежелгі жерорта теңіздік аймағынан 4 түр, понтикалық аймақтан 3 түр, Арал-каспийлік аймақтан 2 түр, оңтүстік Уралдық, понтика – еділ - қазақстандық, жерорта теңіздік, сарматтық аймақтардан бір түрден кездеседі. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген Шренк қызғалдағы осы қауымдастықта орналасқан.
3 Ақжапырақты қауымдастық - Jurinea kirghisorum Janisch
Ақжапырақты қауымдастық (J. kirghisorum) борлы таулардың етек жағында орналасқан маңызды өкілдердің бірі, сонымен қатар Теректі ауданындағы тұз күмбездерінен алғаш рет анықталған қауымдастық болып табылады (Сурет 3).

Сурет 3. Ақжапырақты (J. kirghisorum) қауымдастық
Ақжапырақты қауымдастық Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қауымдастық болып табылады. Ең бастысы, бұл эндемикалық қауымдастық, яғни Батыс Қазақстан облысында Теректі ауданында орналасқан тұз күмбездерінде ғана кездеседі Борлы жерлерде, тау бөктерлерінде де кездеседі. Ақжапырақты қауымдастықтың жобалау жабындысы - 20%. Түрлік құрамында 6 түрлі өсімдік кездеседі (Кесте 3).
Кесте 3
Ақжапырақты қауымдастықтың флоралық құрамы
|
1 |
Қырғыз ақжапырағы |
Юринея киргизская |
Jurinea kirghisorum Janisch. |
Жартылай бұташық. Каспий маңы далалық
|
|
2 |
Қатты түкті иттабан |
Франкения жестковолосистая |
Frankenia hirsuta L |
Көпшік тәрізді жартылай бұташық. Жерорта теңіздік шөл далалы |
|
3 |
Мейер шытырмағы |
Клоповник Мейера |
Lepidium meyeri Claus |
Жартылай бұташық. Понтика-еділ- қазақстандық далалы |
|
4 |
Жуантамыр кермек |
Кермек крупнокорневой |
Limonium macrorrhizon (Ledeb) O. Kuntze |
Көпшік тәрізді сояу тамырлы. Сібір далалы |
|
5 |
Тұзды жолжелкен |
Подорожник солончаковый |
Plantago salsa Pall |
Қыл тамырлы. Жерорта теңіздік шалғынды |
|
6 |
Қырым таспасы |
Астрагал крымский |
Astragalus tauricus L |
Жартылай бұташық. Европалық далалы |
Биоморфологиялық талдауға сүйенсек, 3 түрлі тіршілік формасы анықталды. Жартылай бұташықты өсімдіктер саны - 4, сояу тамырлы және қыл тамырлы өсімдік саны- 1.
Географиялық талдау бойынша 5 аймақ түрін анықтадым. Жерорта теңізінен 2 түрлі өсімдік, Каспий маңынан, сібірлік, европалық, понтика - еділ- қазақстандық аймақтан 1 өсімдік түрі кездесті. Сонымен қатар осы қауымдастықтағы Мейер шытырмағы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген
3.4 Өгізкөзді қауымдастық- Anthemis trotzkiana Claus
Корнух – Троцкий өгізкөзі доминант болып табылатын өгізкөзді қауымдастық біздің зерттеу ауданымыз үшін сирек болып табылады (Сурет 4).

Сурет 4. Өгізкөзді (A. trotzkiana) қауымдастық.
Өгізкөзді қауымдастық Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қауымдастықтың бірі болып табылады. Тасты, тегіс жерлерде, тау баурайларында да кездеседі. Өгізкөзді қауымдастықтың жобалау жабындысы 30% - ды алып жатыр. Түрлік құрамында 16 түрлі өсімдік кездеседі (Кесте 4).
Кесте 4
Өгізкөзді қауымдастықтың флоралық құрамы
|
1 |
Корнух-Троцкий өгізкөзі |
Пупавка Корнух- Троцкого |
Anthemis trotzkiana Claus |
Жартылай бұта. Төменгі еділ далалы |
|
2 |
Жазық көкбас |
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған 28 желтоқсан 225
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген