Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұздар. №9 зертханалық жұмыс "Тұздардың алынуы және қасиеттері"

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сыныптың тұздар тақырыбына арналған қысқа мерзімді жоспар. Бұл сабақта қолданылған тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер мұғалімге де, оқушыға да қол жетімді етіп жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ:

Мектеп:№ 274

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы:

Тұздар.

9зертханалық тәжірибе «Тұздардың қасиеттері және алынуы»

Сабақ негізделген оқу мақсаты

8.3.4.10-тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру

8.3.4.11-тұздардың қасиеттерін, жіктелуін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

Тұздардың химиялық формуласын біледі;

Тұздардың алу әдістерін біледі;

Тұздардың жіктелуін түсіндіреді;

Тұздардың қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Тұздарғажалпы сипаттама береді және оның қасиеттерін түсіндіреді

Кейбір оқушылар істей алады:

Тұздардың қасиеттерін зерттеугенегізделген тәжірибеге қорытынды жасайды

Бағалау критерийлері

  • Тұздарды жіктейді

Тұздардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады

Пәнаралық құбылыстар

Биология пәні (ас қорыту жүйесі, ағзаның химиялық құрамы),


Құндылықтарға баулу

Оқушыларды топтық жұмыс бойынша зертханалық тәжірибе жасау арқылы тұздардың қасиеттерін талқылау арқылы өзінің жұмысына жауапкершілікпен қарауға және жоғары жетістіктерге қол жеткізуге ұмтылуға, бір-бірінің пікірін тыңдауға, ынтымақтастықпен жұмыс жасауға баулу


Тілдік мақсат

Оқушылар:

Не істей алады?

  • Тұздарды жіктей алады

Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология):

Суда еритін,аз еритін, іс жүзінде ерімейтін тұздар, қышқыл тұз, негіздік тұз, орта тұз кристаллогидраттар, кристалдық су

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

Тұздармен жұмыс жасауда неліктен қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Сіз неліктен тұздардың қасиеттері әртүрлі екенін айта аласыз ба?

Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:

Тұздардың қасиеттері әртүрлі, себебі ...

Біздер ....... байқадық.

Алдыңғы оқу

Оксидтер, қышқылдар, негіздер туралы біледі;

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелер)

Ресурстар

Басы

2 мин







1 мин







1 мин


І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушыларды түгелдеу.


Жаңа сабақтың тақырыбын айқындап алған соң тақырыпқа сай оқушылар суреттер арқылы топтастырылады


Жаңа тақырыптың оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырылады.

Формулалар жазылған 2- бетінде топтық жұмыстың тапсырмалары жазылған қағаз қиындылары


Ортасы

35мин


2 мин






4мин




5мин








4мин















6мин





2 мин







4 мин








5+1 мин

Жаңа сабақты түсіндіру

1. «Ой шақыру» (Бейнежазба көрсетіледі)

- Бұл бейнероликтен нені байқадыңыздар?

- Тұз молекуласының құрамы қандай?

-Тұздарды қалай жіктейді?

-Тұздарға қандай қасиеттер тән?


2. «Ойлан, бірік, бөліс» (ТЖ) (оқушылар ақпаратпен жұмыс жасайды) Мәтінмен жұмыс.

(оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып, топтарда талқылайды)

І -топ: Тұздардың жіктелуін, аталуын анықтайды

ІІ -топ: Тұздардың құрылымдық формуласын сипаттайды

ІІІ -топ: Тұздардың алыну әдістерін сипаттайды

ІҮ- топ: Тұздардың қасиеттерін сипаттайды

Топтық жұмыста оқушылар өз топтарында берілген тапсырмаларды орындап, өз тобының жұмысын қорғайды

Зертханалық жұмыс

Әр топқа жұмыс жүргізуге қажетті заттар таратылады. Мысалы: тәжірибелер жүргізетін заттар. Осы заттарды пайдаланып нұсқаулыққа сәйкес жұмыс жүргізіледі.

Жұмыс барысы:

1) Тәжірибелерді жасау үшін әр топ өзіне берілген зертханалық жұмыстың нұсқаулығымен танысады.

2) Содан соң топтағы оқушылар алдарында дайын тұрған заттармен зертханалық жұмыстарын істейді.

3) Топта бірігіп талқылайды

4) мыс сульфатына натрий гидроксидімен әсер ету

5) Тұз ерітінділерінің өзара әрекеттесуі

А) барий хлоиді + натрий сульфаты

Б) тұз қышқылына + бор, түзілген газды әк сүті арқылы өткізу

7) Реакцияның жүруіне назар аударады

8) Зертханалық жұмыста байқалған құбылыстарды кестеге толтырады. Реакция теңдеулерін жазады

Тәжірибе аты

Керек құралдар

Бақылау

Химиялық теңдеу






Кері байланыс орнату

«Қосу-алу-қызықты» әдісі арқылы бағалау жүргізіледі.

Топтар бірін –бірі бағалағанда жұмыстардың орындалуында бір толықтыру, бір артығын алып тастау және бір қызықты болған жетістіктерді атайды.


«Дұрыс формуланы тап» әдісі (Жж)

Берілген тапсырма бойынша топтағы әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерін бөліседі.

Мына формулалардан тұздарды теріп жазыңыз.

Дайын үлгі жауап арқылы жұптар көрші жұптардың жұмыстарын тексеру нәтижесінде өзара қалыптастырушы бағалауы жүзеге асырылады.


Жеке жұмыс(ҚБ тапсырмасы№ 1 қосымша)

ҚБ: дескриптор негізінде кері байланыс беріледі.

Интербелсенді тақта, бейнежазба

https://bilimland.kz/ru





Бақылау парағы, плакат, маркерлер (түрлі түсті),













Жұмыс дәптері, реактивтер






Тапсырмалар жазылған үлестірмелі таратпалар, интербелсенді тақта




















Тапсырмалары бар үлестірмелі таратпалар

Соңы

3мин


2 мин





1 мин

Рефлексия

«Миыңның суретін сал»

Оқушылар мидың суреті бар үлестірме қағазға сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.

Үйге тапсырма: §48-49түсініп оқу



дәптер




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2019
2193
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12