«Ақжар жалпы білім беретін орта мектебі» ММ
Павлодар облысы Май ауданы

ТҮЗЕТУ – ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
«Жасөспірімдердің ауытқушы (девиантты)
мінез – құлық ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан түзету»
Педагог-психолог Яхаяа Назгул
2017 жыл
Түсінік хат.
Қоғамдық өмірдің төрінен орын алып, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың арасында жаппай өрістеген әлеуметтік дерттің, келеңсіз құбылыстардың астары мен мәнін жас ұрпақтың тәртіпсізденуінің себебі мен салдарын бағындап оның алдын алудың, жас ұрпаққа тәлім – тәрбие беріп, оларды қоғамдық өмірге белсенді азамат ретінде қосудың жолдары мен айла амалдарын іздестіру біздің басты міндеттеріміздің бірінен саналады.
Ауытқушы (девиантты) мінез – құлық пен біздің мемлекетіміздің ғана емес, әрбір әлеуметтік қоғамның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Біздің әрқайсымыз күн сайын әр түрлі әлеуметтік жағымсыз мінез - құлықтың пайда болуымен кездесеміз: агрессия, қатыгездік, зиянды әдеттер, заңға қарсы іс әрекеттер және т.б. Сонда бірталай сұрақ туындайды. Осындай мінез- құлықтың себебі қандай? Адамың өзіне және маңындағыларға да зиян тигізуіне не апарады? Девианты мінез құлық-қоғамда ресми дәстүрлі қалыптасқан заңға және нормаларға сәйкеспейтін мінез-құлық. Девианттық мінез-құлық ішкілікке салыну, қараусыз қалу, нашақорлық, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар және басқада формаларда көрінеді.
Девиантық мінез- құлық психологтарды, дәрігерлерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, социология, философия мамандарын ойлантпай қоймайды.
Қазіргі таңда қоғамызда жыл өткен сайын қылмыс жасаушылардың жасы жасарып, нашақорлық, тәртіпсіздік, девиантты тәртіптегі балалар саны өсіп отыр. Девиантты мінез - құлқы балаларға тәртіпсіздік, әлеуметтік тәрбиеге қарсы, заңға қарама - қайшы, теріс іс - әрекеттерді бойына сіңірген балаларды жатқызу болады. Олар өмірдің ащысын көп көрген, отбасы жылуы болмауынан ұшырасады. Бұл балалардың дамуында кідіріс болады, тіпті физикалық және психикалық аурулар симптомының пайда болуына әкеліп соқтырады. Соның салдары денсаулықтың төмендеуіне себеп болады, сондықтан да оларды тек педагогтар емес, дәрігерлерде бақылау керек.
Қоғамдағы психологиялық проблемалардың бірі жасөспірімдердің қазіргі таңдағы мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтар немесе девиантты мінез-құлық, дағдарыстар білім беру мен тәрбиеге және үлкендермен, жора жолдастарымен қарым-қатынас жасау барысында аса көзге түсіп, маңызды проблемалардың біріне айналып отыр. Осы орайда жасөспірімнің психологиялық проблемаларын зерттеу әлеуметтік-экономикалық және мәдени дағдарыспен бірегей көтеріліп өзекті мәселелердің бірі.
Жасөспірімдердің тұлғалық мінез-құлық ерекшеліктерін психологиялық түзету.
Қатысушылар: 10-11 сыныптар
Бағдаламаның міндеттері:
-
Жеке тұлғамен жұмыстың мақсаты және мәндеттерін көрсету;
-
Баланың жан дүниесіне, санасына пәрменді ықпал ететін әдістер мен тәсілдерді таңдап алу;
-
Баланың тұлғалық ерекшеліктеріне бағытталған іс- шаралардың үздіксіз болуы;
-
Қоғамның талабы мен баланың жеке мүддесін ұштастыру;
-
Іс- шараларды әрбір жеткіншектің ішкі жандүниесін, қабілетін, қызығуын, қажеттіліктерін өтеу мақсатында ұйымдастыру;
-
Іс- әрекетті жүзеге асыруда төзімді , жігерлі болу;
-
Баланың белсенділігін қолдап, ойы мен мақсатын бірлесе отырып жүзеге асыру.
Түзету бағдарламасын өңдеу бірнеше кезеңдерге бөлінеді.
Ағартушылық кезеңде – жасөспірімдермен әңгімелесу, дәріс оқу;
Психодиагностикалық кезең- мінез–құлық деңгейінің ерекшеліктерінің көрсеткіштерін әдістемелер арқылы зерттеу;
Психокоррекциялық кезең – жасөспірімдердің мінез – құлық деңгейінің ерекшеліктерінің көрсеткіштерін түзетуге арналған ойындар мен жаттығуларды жинақтау. Бұл кезеңнің мақсаты жасөспірімдердің тұлғалық психологиялық ерекшеліктерін түзету болып табылады.
Бағдарлама мектепішілік педагогикалық кеңес отырысында талқылауға ұсынылады.
Мінез – құлқында ерекшелігі
бар жасөспірімдермен жүргізілетін психокоррекциялық жұмыстың
тапсырмалары:
1.Тұлғаның адамдық типтерінің қалыптасу ерекшеліктерімен
жасөспірімдерді таныстыру.
2.Мінез – құлықтағы ауытқушылықтың алдын алу бағыттары мен
формаларымен жасөспірімдерді таныстыру.
3.Агрессивтілік деңгейінің төмендеуі.
4.Эмоционалдық мазасыздықтың төмендеуі.
5.Қарым-қатынастың тиімді тәсілдеріне үйрету.
6.Мінез-құлықтағы акцентуация деңгейін төмендету.
7.Жасөспірімдердің тұлғалық эмоционалды аумағын түзету.
8.Рөлдік ойындардың көмегімен мінез – құлықты түзету.
9.Жасөспірімдерге өзін-өзі бағалауын
қалыптастыру.
Бағдарламаға пайдаланылатын құралдар:
Электрондық оқулықтар, психологиялық журналдар, ғаламтор материалдары,психологиялық әдістемерлер, психологиялық түзету сабақтар.
Күтілетін нәтиже:
1.Агрессивтілік деңгейінің төмендеуі.
2.Эмоционалдық мазасыздықтың төмендеуі.
3.Қарым-қатынастың тиімді тәсілдеріне үйренеді.
4.Мінез-құлықтағы акцентуация деңгейін төмендету.
5.Жасөспірімдердің тұлғалық эмоционалды аумағын түзету.
6.Рөлдік ойындардың көмегімен мінез – құлықты түзету.
7.Жасөспірімдерге өзін-өзі бағалауын
қалыптастыру.
Өзектілігі: Бүгінгі таңда жеке тұлғаның, әсіресе оның мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік желілер және инернет ресурстары негізгі факторлардың бірі екендігі белгілі. Қарым-қатынас ерекше және көрнекі түрде, әсіресе, бала тәрбиесінде көрінеді. Қазіргі уақытта адамгершілік нұсқаулардың ұсақталуы, өскелең ұрпақтың рухани жағынан төмен болуы, өздеріне сенбей, агрессивтілік кінәлі болуы, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке құралған фильмдердің еркінде кеткен, отбасындағы түрлі дау-дамай жағдайлары көптеп кездесуде. Бұның салдары балаларға психологиялық жағынан кері әсерін тигізіп отбасылық тәрбие жүйесінің қарым-қатынасының үйлесімділігінің бұзылуы - балаларда мінез-құлықының өзгеруі себепші негізгі бірінші фактор. Осы жағдайға оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты қайтсек те дұрыс жолға салуымыз қажет деп санаймын.
Жасөспірімдердің ауытқушы мінез – құлық ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан түзету, психологиялық жай-күйін көтеру, адамгершілік қасиеттерді сіңіру мақсатында осы өзекті мәселені негізге ала отырып, авторлық бағдарламаны бастадым.
Адам мінезінің белгілі түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл қатынастардың мәні адам араласып, байланысқа келген өмірлік объектілердің маңызымен анықталады.
-
Мінез-жеке адамның өзіне тән қылық-әрекеінде,тіл қатынасында тұрақты қалыпты дара ерекшеліктерінің жиынтығы.

Мінез көрсеткіші- адамның барша жағдайлардағы мәнді сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттері
Мінез қалыптасудағы басты
шарт-өмірлік мақсат,мұраттың нақтылығы
Мінез типтері:
-
Үйлесімді
-
Іштей қарама-қарсылықты,бірақ сырттай келісімді
-
Икемі кем,қарама-қарсылықты
-
Тиянақсыз
Үйлесімді (гармонический)мінез типі – қоршаған ортаға
икемділігімен
ерекшеленеді.Мұндай мінезді адамда ішкі қарама-қарсылықтар
болмайды,ойлаған ойы мен істеген іс бір-біріне сай
келеді.Көпшіл,ерік күші мол,қайсар,бір
сөзді.
Іштей қарама-қарсылықты,бірақ сырттай келісімді(внутренне конфликтный,но внешне согласованный)мінез адамы.Бұл типті адамның ішкі ниеттері мен сырт әрекет-қылығы арасында келіспестік бола тұрып,өзінің қоршаған ортамен қатынасында әлеумет талаптарына ыңғай береді,іс-әрекетін соларға бағындырып,үлкен күшпен орындайды.
Икемі
кем,қарама-қарсылықты
(конфликтный с пониженной
адаптацией)мінез
адамы:көңіл-күй,ниеттері мен
әлеуметтік борыштары арасында үйлеспестік орын
алған,шамданғыш,ұнамсыз эмоциялары басым,тілдесу қабілеті нашар
дамыған,іс-әрекетін ақыл сарабына сала
бермейді.
Тиянақсыз (вариативный) мінезді адам – бағыт-бағдарының тұрақсыздығынан,принциптік бостығынан төңіректегі жағдайға ыңғайшыл келеді.Жеке адамдық деңгейі төмен.Тұрақты мінез-құлығы қаланбаған,жағымпаз,бірбеткей.
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың қажеттілігінде тежеулер əлсіз, өзінің талаптану, тілек – ықыласы сезіміне деген төзімділігі нашар дамыған, сол себепті көп жағдайларды олар ата - аналарының, мұғалімдердің, үлкендердің қоятын талаптарына қарсы шығып, дау - жанжал тудырып жатады. Бұл жастағы балалардың жеке басының дамуына ерекше көңіл бөлу қажет. Оларға айқайлау, белдікпен ұру, желкеден ұру сияқты көріністер керек емес. Керісінше жан – жақты көмек көрсетіп, адамдық сезімінің жылылығы шын көңілімен сүю, ұғу қажеттірек . Тіпті жай ғана мысалды алып қарайық; егер де гүлді күтсең, суарсаң, жақсы қарасаң онда ол жайқалып өседі. Адамдарға əсемдігін, түсін береді. Ал егер оны қарамасаң, оны күтіп баптамасаң, таптасаң ол сарғайып, солып қалады. Міне бұл өмірдің шындығы. Бірақ, осы шындық сырт көзбен бақылап қарасаңыз көп отбасыларда ұмытылып жатады. Немесе бұл туралы олардың ойлағысы келмейді.
Əрине мұндай отбасыда тəрбиеленіп жатқан əр балада тыныштығы мен жайбырақаттығы, əлі қалыптасып үлгермеген психикасы бұзылады, яғни мінез – құлқы бұзылады. Отбасының дұрыс құрылмауы, оның сəтсіз болуы, ондағы жанжал , ұрыс- керістер мінез – құлықтағы қиындықтың пайда болуына, оның тəрбиесіне елеулі əсерін тигізеді.
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық ерекшеліктерінің пайда болу себептерін Р.Г. Илимешова өз зерттеулерінде 4 топқа бөледі. Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың пайда болу себептері Отбасы, өскен ортасы Алған тəрбиесі Отбасының əлеуметтік тұрмысына байланысты толық емес отбасы, отбасы жағдайы мүлдем нашар, яғни балаға кері əсер етушілік, маскүнемдер. Жаман қылықтарға, əдеттерге əуестенеді, кекшілдік, ашуланшақ Бала жағдайы толық жасалған, еш- қандай өмір қиындығын көрмеген. Балалар өздігінен еш нəрсе істей алмайды. Қарым–қатынаста алаңдау-шылық қасиеттері төмен.
Мінез – құлқында психологияның ауытқуы психикалар мен жүйелер қызметтерінің дамымауы. Осы мəселелерді жойып, жеңу үшін мінез – құлқында ауытқуы бар балалардың психологиялық ерекшеліктерімен күресіп, өмірге деген көзқарасын ашу керек. Алайда бірінші кезекте мінез - құлықтың ауытқуы мен зерттелу мəніне зер салайық. Жалпы əдебиеттерде талдау негізінде, бұл мəселенің өзгенің ашылуы келесі реттегі терминдерге, яғни эмоционалды – еріктік сфераның ауытқуы, аффективті сфераның ауытқуы, дисгормониялық тұрғыда психиканың дамуы, девиантті мінез - құлық, жəне т.б. түсініктерге түйінделетіні көрсетілді. Мінез - құлық - адамның күнделікті өміріндегі қаситтерінің көрініс беру формаларының бірі болып саналады.
Сонымен мінез – құлық ауытқуы бар жасөспірімдердің мінезі жалпы қоғамдық ережеден, психикалық денсаулық ережесінен, мəдени немесе адамгершіліктік ережесінен ауытқыған тəртіп жүйесін айтады. Л.Кулагин оқудың сəтсіздігі мен мінез – құлық ауытқуының қайнар бұлағы физикалық жəне психикалық денсаулық жағдайының əр түрлі ауытқуларының əлеуметтік, педагогикалық тұрғыда қараусыз қалуында. Көп жағдайда мінез- құлықтың ауытқуы туа пайда болған психикалық жəне физиологиялық кемістіктердің себептерінен ғана емес, сонымен қатар, отбасы мен мектепте дұрыс тəрбие бермегеннің салдарынан болады деп дəріптейді.
Ауытқушы мінез-құлық деп қалыптасқан нормаларға сəйкес емес мінез – құлықты айтамыз. (И.А. Невский). Белгілі əлеуметтанушы И.С. Кон ауытқушы мінез – құлықты психикалық денсаулық, құқық, мəдениет немесе мораль қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс -əрекет жүйелері ретінде қарастырады. Ауытқушы мінез – құлықтың концепциясына сəйкес кез – келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді. Ауытқушы мінез –құлық екі үлкен категорияға бөлінеді: Біріншіден, бұл анық немесе жасырын психопатологияның барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез –құлық. Екіншіден, бұл əлеуметтік, мəдени жəне əсіресе құқықтық қалыптарды бұзатын ассоциалды мінез –құлық. Мұндай əрекеттер аз болса да олар құқық бұзушылық, ал салмақты болса, əрі жазаланса- қылмыс деп аталады.Бұл жерде делинквенттік (құқыққа қарсы ) жəне қылмыстық іс - əрекеттер туралы айтылып отыр. Зерттеуші С.А. Беличева ауытқушы мінез –құлықты əлеуметтік ауытқуын былайша жіктейді.
Ауытқушы мінез - құлықтары бар жасөспірімдердің мінез –құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде əсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен жəне шарттарымен шақырылады. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез - құлықтағы өзгерістер біртіндеп жиналып көрінеді немесе бірден шарт кетеді. Бұған мысал ретінде тойтарыс беруі, қарсы шығуы, кетіп қалуы, аггрессияны келтіре аламыз. Осыдан кейін ауытқушы мінез - құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық комплекстер туындайды .
Жасөспірімдердің ауытқушы мінез – құлқының себептері мен факторлары:
а) тəрбиеленбегендігінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығынан немесе теріс тəрбиеден бұзылғандығынан, мінез – құлқындағы жағымсыз таптаурындардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын əлеуметтік –педагогикалық олқылықтар;
ə) жайсыз отбасылық қарым – қатынастардан, баланы тəрбиелеуде ұлттық салт – санада қалыптасқан этнофункционалдық ерекшеліктерді мүлдем ескермеуден, отбасыдағы жағымсыз психологиялық ахуалдан, оқудағы жүйелі сəтсіздіктерден, сынып ұжымындағы құрбыларымен өзара қарым – қатынастың орнамағандығынан, ата – аналарының, мұғалімдердің, сыныптас жолдастарының жəне т.б. дұрыс емес əділетсіз, дөрекі, қатал қатынастарынан туындайтын тереі психологиялық жайсыздықтардан;
б) психикалық жəне физикалық денсаулығы мен дамуы дағдайындағы ауытқушылықтарымен, жас ерекшелік дағдарыстарымен, мінез акцентуациясымен жəне басқа да физиологиялық жəне психоневрологиялық ерекшеліктер себептерімен;
в) қараусыз қалуымен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен жəне осының негізінде дамитын əлеуметтік – психологиялық ауытқушыбен, əлеуметтік жəне жеке құндылықтарының жағымсыз түрге ауысуымен сипатталады.
Психолгтардың пікірінше сыртқы факторлар негізінде қаланатын мінез - құлықты түзетуге жататындар :
1. Қоғамда болып жатқан процестер: қоғамдық құндылықтың иерархиялы өзгермеуі мемлекеттік идеологияның болмауы: қылмысты жазалауды заңның дұрыстығы , құқық қорғау қызметкерлерінің өз жұмысына жауапкершілік алуы .
2. Отбасы жағдайы жəне оның ахуалы бүтін емес отбасы: отбасының материалды жағдайы (кедейлік жəне байлық), ата - ананың төменгі əлеуметтік - мəдени деңгейі : отбасында тəрбие стилінің болмауы (ата - ана қаталдығы , балаға жүйелі талаптың қойылмауы , жазалаудың əділ болмауы): балада өзіндік құндылықтың болмауы: баланың мүмкіндік қажеттілігін өтеуде асыра сілтеушілік немесе жеткізбей бағалау : ата - ананың ішімдік жəне нашақор пайдалануы; ата - ананың шектен тыс мейірімінен балаға психобелсенділік туғызатын заттарды пайдалануға шек қойылмау.
Психодиагностика
Мінез-құлық акцентуациясын аныктау (Шмишек тесті)
Мақсаты — акцентуация көрініс беруін аныктап, оның түрін және күшін бағалау.
Жеткіншектер агрессиясын диагностикалау (Басса-Дарки әдістемесі)
Мақсаты — бала агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін аныктау.
Кеттелдің 16-факторлык тесті
Мақсаты — жеке тұла ерекшеліктерін 16 биополярлык көрссткіштерді (факторларды) талдау аркылы аныктау.
Кеттел жасаган 16 факторлык тест адамның кісілік касиеттерін көптеген біp-бipiмeн байланысты көрсеткіштер кемегімен багалауга мүмкіндік беретін әдістемеге жатады. Оның үлкендерге және жеткіншектер мен жас өспірімдерге арналган варианттары бар
«Отбасы суреті» проективтік тесті
Мақсаты: баланың отбасындагы ата-аналарымен және туған-туыскандарымен карым-катынас ерекшеліктерін аныктау.
1-тапсырма: "Өз отбасыңның суретін сал". 30 минут
2-тапсырма: "Отбасы мүшелерінің барлығы күнделікті орындайтын тірліктерін жасап жатканын сал".
3-тапсырма: "Өз отбасынды өз ойында калай бейнелейтініңді көрсет".
4-тапсырма: "Отбасы мүшелерінің барлығын табиғатта жок деп бейнеле".
5-тапсырма: "Отбасыңның ерекшеліктерін бейнелейтін бip метафоралык, символикалык суретпен көрсет"
"Табиғатта кездеспейтін жануар" әдістемесі
Әдістеме типі: психодиагностикалык, проективтік. Авторлары — Г.Т.Хоменстаускас, А.И.Захаров, Р.Берне, С.Кауфман т.б.
Мақсаты: отбасында калыптаскан карым-катынас ерекшеліктерін аныктау.
"Менің отбасым кешқұрым" әдістемесі (орта буын және жоғары сыныптарга арналған)
Мақсаты: баланың отбасындағы карым-катынасын және статусын диагностикалау.
Мінез – құлқында
ерекшелігі бар жасөспірімдермен жүргізілетін психокоррекциялық
жұмыстың бағыты:
1.Тұлғаның адамдық типтерінің қалыптасу
ерекшеліктерімен жасөспірімдерді
таныстыру.
2.Мінез – құлықтағы ауытқушылықтың алдын алу
бағыттары мен формаларымен жасөспірімдерді
таныстыру.
Психокоррекциялық жұмыстың
әдістемелік негізі:
Мектеп әкімшілігі, ата-аналар, мұғалімдермен әңгімелесу барысында қазіргі таңда жасөспірімдердің мінез – құлқындағы ерекшеліктер үлкен мәселе туындатып отырғанын көріп отырмыз. Ол жасөспірімдердің дау-дамайға көп түсуі, өзін-өзі басқара алмай қалуы т.б. болып табылады. Баланың дамуы өзінің мәдени - әлеуметтік ортаға кіруімен сипатталады, яғни баланың әлеуметтенуі және бейімделуінің қалай жүріп жатқанына тәуелді. Психокоррекциялық жұмысты жүргізуді мектеп әкімшілігінен, ата – аналардан және жасөспірімдердің өздерінен рұқсат алу қажет. Кіші топта жасөспірімдер арасындағы табиғи өзара іс - әрекетте арнайы механизмдер көрініс береді; мұндай арақатынас үрдісінде жасөспірімдер бір – бірін жеткілікті түрде танып алады. Өзін және басқаларды түсінуге үйренеді, қабілеттерін көрсетеді, қандайда бір жағдайда нені іске асыру керектігін біледі.
Тренингті жүргізушінің мақсаты – балалардың іс-әрекетінде тең құқықтың сақталуын қадағалау. Бағдарлама сабақтың мақсатын сақтай отырып, оның басқа бөлімдерін тапсырмаларын, жаттығуларын, материалдарын, тапсырманың өту ұзақтығын өзгертуге болатындай етіп жасалған. Жаттығулар сабақтан тыс уақыттарда өткізілетін болғандықтан сабақ кестесі қысқартылған күндері таңдалынып алынғаны жөн. Әрбір сабақ балалардың эмоциялық жағдайы мен қызығушылықтарына байланысты 40 минуттан 12 сағатты қамтиды.
Сабақтың тақырыптың жоспары.
|
№ |
Тақырыбы |
Сабақ мазмұны |
формасы |
Сағат саны |
|
1 |
Оқушылармен нағыз қазақтарға тән мінез-құлық жайында әңгімелесу. |
Оқушылардың өзіндік «Мен» бейнесін қабылдануын анықтау. «Мен» бейнесін қабылдатқызу арқылы өзінің әлеуметтік рөлін, статусын түсіндіру. Мен қандаймын? Мен қандай болсам сондаймын. Менің әлеуметтік рөлім қандай? Сұрақтарын ашу. Оқушының әлеуметтік бейнесін қабылдау. |
Жаттығу «танысу» амандасу арқылы, жаттығу «мен кіммін?» жаттығу «мен басқаның көзімін». Дене сергіту жаттығуы «атомдар мен молекулалар» жаттығу «бұл өмірде қандай рөл ойнаймыз?» жаттығу аффирмация кері байланыс. |
2 |
|
2 |
«Өз сөзімнен бастап...». |
Оқушыларды жан-жақты жағымды (+), жағымсыз (-) жақтарын анықтау. Жағымды және жағымсыз жақтарын тазарлау, талдау. Жағымсыз жақтарын түзетуге бет бұрыс беру. |
Жаттығу «амандасу» жаттығу «таразыны» талдау. Дене сергіту жаттығуы «арқаға жазу» жаттығу «менің құндылықтарым» жаттығу «мені танып ал» жаттығу «жеке ерекшелік» кері байланыс. |
2 |
|
3 |
«Сезім» жаттығуы |
Өзіндік бағалауды анықтау, талдау адекватты өзіндік бағалауды қалыптастыру. |
Жаттығу «амандасу» жаттығу «өзін-өзі бағалау». Рубенштейннің әдістемесі. Жаттығу «сезімді тап» жобалау әдістемесі автопортрет жаттығу «мен өз»мді бағалайтыным» кері байланыс. |
2 |
|
4 |
«Иә» жаттығуы |
Оқушының алдына қойған мақсатын, міндетін анықтау, болашаққа көзқарасын анықтау, талдау, қалыптастыруға бет бұрыс жасау. |
Жаттығу «амандасу» жаттығу «болашақты доспарлау» бойжазу жаттығуы «мен ең-ең...» жаттығу «жетістік» жаттығу «мен табысты адаммын» кері байланыс. |
2 |
|
5 |
«Өз көңіл – күйін бейнелеу» жаттығуы |
Оқушылардың оқуға деген көзқарасын, қызығушылығын мотивациясын анықтау арқылы оқу дағдысын жан-жақтылығын қалыптастыру. |
Жаттығу «амандасу» жаттығу «мектеп жолы» жаттығу «күнделік», «жануарлар мектебі» жолдау әдістемесі бойжазу жаттығу «паравоз» жаттығу «сөйлемді анықта....» |
2 |
|
6 |
«Бәріне ортақ зейін» жаттығуы |
Өзіндік анықталудың маңызы, нені үйрендік, не алдық, проблемаларды анықтау және оны шешу жолдары қандай? Өзіндік анықталуды қалыптастыру. |
Амандасу қуаныш шеңбері. Жаттығу «мен қандаймын» жаттығу «менің проблемам» жаттығу «сиқырлы көл» релаксация «өзін қабылдау» жаттығу «өзіңе-өзің көмектес» сауалнама толтыру. Жаттығу «қошемет қуыршағы» кері байланыс. |
2 |
|
Барлығы |
12 |
|||
Сабақ құрылымы: Барлық
сабақтардың құрылымы бірдей, және олардың жеке компоненттерін
ауыстыруға, орындарын өзгертуге
болады.
Сабақ жалпы түрде төмендегідей
беріледі:
1. Сәлемдесу, қоштасу
рәсімі;
2. Әңгіме, дәріс,
пікірталастар;
3. Байланыс ойындарын, психологиялық
үрдістерді жаттықтыруға арналған этюдтер, әртүрлі жағдайлардағы
мінез-құлық үлгілерін өңдеуге байланысты
этюдтер;
4. қозғалмалы ойындар және динамикалық
релаксациялар;
5.психотехникалық жаттығулар; сезім мен
эмоцияны өңдеуге арналған этюдтер, әртүрлі жағдайлардағы мінез –
құлық үлгілерін өңдеуге байланысты
этюдтер;
6. Қозғалмалы ойындар және динамикалық
релаксациялар;
7. Аутогендік, тыныс алу жаттығулары,
медитация;
8. Кезекпен талқылау және еркін сурет салу
арқылы психотерапевттік оқиғаларды
тыңдау;
9. Жеке суреттердің сюжеттерін әңгіме және
пікірталас арқылы талқылау;
Қажетті құрал –
жабдықтар:
a.Магнитофон;
b.Медитация және релаксацияға арналған
әуендері бар күйтабақ;
c.Сезімдер мен эмоциялар жазылған бланктар;
жағдаяттар жазылған карточкалар; жағымды қасиеттер жазылған
бланктар;
d.Скотч, қайшы, түрлі-түсті
қағаз;
e.Сурет салуға арналған қағаз, түрлі –түсті
қарындаштар, парақтар, қаламдар, бояу,
қылқалам.
Жұмыстың эффективтілік қағидалары
жасөспірімнің тұлғалық жеке қасиеттерінің дамуы, оның шығармашылық
талаптарының ашылуы, ішкі дүниесінің тынышталуы, өзін - өзі
бағалаудың адекваттылығы, мінез – құлық көріністерінің жағымды
динамикасы, мазасыздық деңгейінің түсуі, эмоционалды кернеуінің,
агрессивтілік деңгейінің төмендеуі болып
табылады.
Жасөспірімдердің тұлғалық психологиялық
ерекшеліктерін түзетуге арналған бағдарлама 6 сабақтан
тұрады.
№ 1
сабақ
Уақыт – 40 минут.
Дәріс. Оқушылармен нағыз қазақтарға тән
мінез-құлық жайында
әңгімелесу.
Мақсаты: қазіргі таңда жасөспірімдер
мінез-құлық ерекшеліктері өзгеріп, шетелден көптеген ақпарат
құралдары (интернет, теледидар) арқылы қазақ менталитетіне,
мінез-құлқына жат көптеген мәліметтер алуына байланысты, алдын-алу
шаралар жүргізіп, дәрістер оқу,
әңгімелесу.
Қоштасу
рәсімі.
№ 2
сабақ
Уақыты – 40
минут.
Дәріс «Өз сөзімнен
бастап...».
Мақсаты: жасөспірімдерге сөйлеу мәдениетінің
біздің өмірімізге, денсаулығымызға әсер ететіндігі жайлы мағлұмат
беру.
«Эмоция теңізінде»
жаттығуы
Нұсқау: Қане, қайсымыз әртүрлі сезімді
бейнелейтін атауларды көбірек атар екенбіз? Кезекпен сөзді айтып
оны плакатқа жазып кетесіз.
Бұл жұмысты топтар аралық жарыс не «миға
шабуыл» түрінде ұйымдастыра аласыз. Жұмыстың нәтижесі ретінде –
плакатқа жазылған сөздерді сабақтың барлық бөліктері барысында
қолдануға болады және жұмыс барысында бұл сөздерді толықтырып
отыруға болады. Бұл топтың эмоциялық сөздігі болып
табылады.
Талдау: аталған сезімнің қайсысы саған
басқасына қарағанда көбірек ұнайды? Сеніңше, қай сезім ең ұнамсыз?
Саған осы сезімдердің қайсысы (жағымды не жағымсыз) көбірек
таныс?
Жүргізуші бір сезімді іштей ойлап жасырады.
Содан кейін тол шеңберден теріс бұрылып тұрып көрсетпей,
«шурум-бурум» деген сөзді ғана
сипаттайды.
Қоштасу
рәсімі
№3
сабақ
«Сезім»
жаттығуы
Уақыты – 40
минут
Мақсаты:
Қарым-қатынасқа түсу барысында көңіл – күйді,
эмоцияны сезіне білуді
үйрету.
Жаттықтырушы: қазіргі көңіл – күйлерін
фломастермен қағаз бетіне эмоцияларды бейнелей отырып көрсетулерін
тапсыру.
Нұсқау: сіздің алдыңызда түрлі сезімдер
келтірілген. Сөйлемді
аяқтаңыз:
•Менің алдымнан шыға келсе, онда мен ...
сезінемін.
•Кішкентай баланы көргенде, мен ...
сезінемін.
•Танымайтын адамды көргенде, мен ...
сезінемін.
•Бірге оқыған сыныптастарымды көргенде, мен
... сезінемін.
•Менің танысым тоқтай қалып, қалтасына
қарады, мен ... сезінемін.
•Мен біреумен сәлемдескенім, бөтен болып
шықты, мен ... сезінемін.
•Мен ескі махаббатымды көрдім, мен ..
сезінемін.
№4
сабақ
«Иә»
жаттығуы
Мақсаты: Мазасыздану деңгейін тыныштандыру және
төмендету
Ұзақтығы: 20
минут
Мәтін: көзді жұмыңдар, өздеріңді орманда
жүрмін деп елестетіңдер.
Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап,
орманда қыдырыңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақындадың. Қабырғасын
қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезін. Үңгірдің қасында сарқырап су
ағып жатыр. Соны тап. Судың аққанын және орман тыныштығын құстардың
әнін естуге тырыс. Осының барлығына ішкі жан дүниеңді аш: өзіңе
ыңғайлы орынға отырып тыныштықпен үйлесімге кел. Бүкіл айнала
сіздің денеңізді бастан аяқ толтырсын, «иә» деген сөз барлық әсерге
енсін, осы сөзбен сіздің жаман көңіл-күйіңіз кетсін. Иә, менің
тамаша бүгінім мен ертеңім. Ішіңізден күлкіні сезіңіз. Өз
өткеніңіз, бүгін ертеңіңізге күлімдеңіз, бұл күлкі өте майда, жұқа,
жаңа ашылған раушан гүл сияқты, ол сіздің ішіңізде ашылып бүкіл
денеңізге хош иіс таратады. Өзіңізге айтыңыз «Мен бақытты, салмақты
болғым келеді, әлі мен сондай
боламын».
№5
сабақ
«Өз көңіл – күйін бейнелеу»
жаттығуы
Тапсырма:
• Өз көңіл – күй, сезім, эмоциясын саналы
басқару қабілетін дамыту.
• Басқа адаммен әсерлену өз сезімі мен көңіл
– күй ыңғайластыру қабілетін
дамыту.
• Орындау уақыты: 30
минут.
• Жүргізілу барысы: балалар өз қалауындағы
суретті салып, өздерінің көңіл – күйлеріне қатысты оны түрлі –
түске бояйды.
№6
сабақ
«Бәріне ортақ зейін»
жаттығуы
Мақсаты:
• қарым-қатынастың вербалды және вербалды
емес құралдарын ұштастыра білуді
дамыту;
• қарым-қатынас құралдары арқылы
қоршағандардың зейінін аудару дағдыларын
қалыптастыру.
Ойынға қатысушылардың барлығына қарапайым бір
тапсырманы орындау жүктеледі. Физикалық әрекеттерге жүгінбей,
кез-келген құралдар арқылы қоршағандардың зейінін өзіне аудару
керек. Барлық қатысушылар бұл тапсырманы бір мезетте орындайды.
Соңында кім, қандай құралдар арқылы басқалардың зейінін өзіне
аудара білгендігі
талқыланады.
ҚОРЫТЫНДЫ
-
Балаға ілтипатпен ,ізгі тілекпен қарау ;
-
Оның адамгершілік күшіне потенциалды мүмкіншіліктеріне сену ;
-
Жалпы білім беретін мектептерде салауатты бағдарламаларды тиімді пайдалану ;
-
Оның жағымды қасиеттеріне сүйену ;
-
Салауатты өмірін қалыптастыру ;
-
Девиантты мінезге ие балалардың білім алу мен бос уақытын тиімді пайдалы іс –әрекеттермен жаңа кешенді бағдарламалар құру .
Сонымен, мінез-құлқында ауытқушылғы бар балалардың мінезін, қарым -қатынасын, өзін - өзі бағалау ауытқушылығының алдын алу, оларды психологиялық иммунизациялауды қажет етеді, яғни қорыта келгенде, əлеуметтік - құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез - құлықтың, қарым - қатынастың, өзін - өзін бағалауының психогенетикалық дағдыларына, дұрыс таңдау жасай алу біліктерін үйрету .Бұл мақсаттарды орындау үшін қоғамдық дағдарыстың жағымсыз əсерлерін жоятын жəне түзейтін əлеуметтік - педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын шығару қажет.
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық ерекшеліктері бала еркінің дамып жетілмеуі оның өз іс - əрекетін, мінез – құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - əрекетіне қойылатын талап пен мінез – құлқын үйлестіре алмайды. Мұндай ерекшеліктер өте жас кезден байқалады. Жəне оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Мұндай балалар төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады. Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психикалық даму ерекшеліктерін іздестіріп, оларды əрі қарай өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың психикалық даму заңдылықтарымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне аударады.
Пайдаланған əдебиеттер:
1.Бап-Баба С.Б.,2007 “Жантану негіздері”
2. Қ.Сейталиев “Жалпы психология”
3.Электронды ақпарат
4. Ақажанова А.Т., Садырова А. Девиантты мінез-құлықтың кейбір теориялық сипаттамалары.Ізденіс.— Алматы, 2007.
5. Қалыбаева Р .Мектеп психологының “ қиын ” балалармен жұмыс əдісі. // Мектептегі психология 2007 № 1
6. Шамұратова Х. “Қиын ” бала қайдан шығады // Алтын Орда 2006
7. Қойжігітов А. Девиантты іс-əрекетті балалар мəселесі. // Ұстаздар пайымы 2007 № 3 , 2-9 бет
8. Дүйсенбиева С .“Қиын” баланы қайта тəрбиелеу жолдары.// Болашақ 2007 наурыз.
9. Қызықты психология. Танымдық-психологиялық журналдар.
10. С.Б.Бейсебаев «Жастардың девиантты мінез-құлқын дамуының әсері».
11.Мектеп психологтары «Психологиялық сауалнамалары».
12. Г.Е.Айымбетов, Р.С.Колонина «Девиантты іс-әрекетті балалар».
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ТҮЗЕТУ – ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ «Жасөспірімдердің ауытқушы (девиантты) мінез – құлық ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан түзету»

шағым қалдыра аласыз