ТҮЗЕТУ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ 1 СЫНЫП

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ТҮЗЕТУ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ 1 СЫНЫП

Материал туралы қысқаша түсінік
Инклюзивті білім беру,дефектологтың 1 сыныпқа түзету дамыту бағдарламасы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітемін

Астана қаласы әкімдігінің














ТҮЗЕТЕ -ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

1-сынып
















Арнайы педагог: Кисыкова С.А
















Түсінік хат

Түзете-дамыту бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының 4-қосымшасының 6-тарауында психикалық дамуы тежелген оқушыларға арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарының «Түзету компонентінде» көрсетілген «Білімдерінде жетіспеушілігін жетілдіруге арналған жеке түзету сабақтары» пәнін негізге ала отырып құрастырылды.

Бағдарлама мазмұны оқушылардың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы дамытушылық және пәндік бағыттарда жүзеге асырылады. Сабақтарда білім алушылардың оқу жетістіктеріндегі олқылықтарды толықтыруға, танымдық әрекеттерін дамытуға, тілдік дағдыларын жетілдіруге және жаңа оқу материалын қабылдауға мақсатты бағытталған дайындық жұмыстарына ерекше мән беріледі, сондай-ақ оқушылардың оқу мотивациясын арттыруға, өздігінен білім алуға, әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасалады.

Сабақтың мақсаты – оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру, танымдық әрекеттері, тілдік, математикалық және графо-моторлық дағдыларын дамыту арқылы жаңа оқу материалын меңгеруге дайындау.

Негізгі міндеттері:

  1. Оқушылардың танымдық процестерін (зейін, есте сақтау, ойлау, қиял) дамыту;

  2. Сөйлеу тілін және коммуникативтік дағдыларын жетілдіру;

  3. Жалпы оқу біліктері мен дағдыларын (оқу, жазу, санау) қалыптастыру;

  4. Математика, қазақ тілі және басқа да негізгі пәндер бойынша білімдегі олқылықтарды толықтыру;

  5. Кеңістікте бағдарлау, графо-моторлық және математикалық дағдыларды дамыту;

  6. Әлеуметтік бейімделу, өзін-өзі басқару және қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.

Арнайы педагогтың түзете-дамыту бағдарламасының мазмұны келесі бағыттардан тұрады:

  • Жалпы дамытушылық бағыт. Бұл бағыт оқушылардың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, олардың танымдық әрекеттерін (зейін, есте сақтау, ойлау, қиял), сөйлеуін, қарым-қатынасын, кеңістікте бағдарлауын, графо-моторлық дағдыларын және оқу мотивациясын дамытуға бағытталған. Сабақ барысында баланың жалпы оқу дағдыларын қалыптастыруға, тілдік және коммуникативтік қабілеттерін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді.

  • Пәндік бағыт. Бұл бағыт білім алудағы олқылықтарды толықтыруға арналған. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Әліппе» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны және тереңдетілген педагогикалық диагностика нәтижелері негізге алынады. Осыған сәйкес математика пәнінің үлгілік оқу бағдарламасынан тиісті оқу мақсаттары енгізіліп, оқушылардың пәндік білімдері жетілдіріледі.

«Әліппе» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:

Тыңдалым мен айтылым:

      1) мұғалімнің, өзге білім алушылардың сөзін тыңдай білу, тыңдалым мәнін түсіну, сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беруді қалыптастыру; коммуникативтік мақсаттарына сәйкес қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

      2) ертегі айту; өлең, санамақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақты жатқа айту;

      3) дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуді; буын, сөзді буынға бөлу; дауысты дыбыстардың буын құрау дағдыларын қалыптастыру;

      4) дыбыстың әріппен жазылуын; сөздің дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін/ сәйкес еместігін анықтау;

      5) сөздік қорын байыту; сөзді тіркестіре білу, сөйлем және шағын мәтін (сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау; көрген-білгені, естігені туралы әңгімелеу) құрай білу;

      6) сөз әдебінің формаларын қолдану (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу).

      Ескерту: Тыңдалым материалының көлемі: 30 сек - 1мин.

      15. Оқылым:

      1) сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білу (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау);

      2) сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну;

      3) қазақ тіліндегі жұп дыбыстардың (а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і, л-р, н-ң, с-з, с-ш, ж-ш, п-б, к-қ, г-ғ) ерекшеліктерін тану, өзге тілден енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;

      4) сөйлемді (2-6 сөз), мәтінді (4-10 сөйлем) түсініп, дауыстап оқу;

      5) буындап оқудан сөзді үзбей, толық оқуға үйрету.

      16. Жазылым:

      1) жазуға дайындық (дұрыс отырғызу, жарықтың дұрыс түсуі, дәптердің көлбеу орналасуы және жазу кезінде қарындаш/қаламды ұстай білу); парақтағы кеңістікті бағдарлай білуді қалыптастыру (жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жазу жолының жоғарғы және төменгі сызықтары мен тік көлбеу сызықтардан шықпау); сурет салу, штрихтау, бастыра жазу, әріп элементтерін жазу;

      2) сурет бойынша сөйлем құрастыру, берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру, сөйлемдегі сөздердің санын анықтау, сөйлемдердің графикалық модельдерін құру;

      3) көркем жазу нормаларын сақтай отырып, әріп элементтерін, бас және кіші әріптерді, буын, сөз, сөйлемді және оларды байланыстыра жазу;

      4) сөйлемнің басындағы сөзді бас әріптен жазу, сөйлем ішінде сөздердің бөлек жазылуы, сөйлемнің соңына тыныс белгісін қою;

      5) қарапайым сұрақтарға жазбаша жауап беру, сюжетті суретке қарап мәтін құрастыру;

      6) қатесіз, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.

«Математика» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:

  1. «Сандар мен шамалар»: натурал сандар тура, кері және реттік санау, сандарды оқу, жазу және салыстыру, сандар құрамы, разрядтық құрамы, разрядтық қосылғыштар, ондықтар, сандарды топтап санау, сандармен амалдар орындау, сандарды қосу мен азайту, қосу мен азайту өзара кері амалдар, қосудың ауыстырымдылық қасиеті, сандардың қосу кестесі, шамалар және олардың өлшем бірліктері, ұзындық, уақыт шамалары, шамаларды өлшеу, салыстыру, түрлендіру, циферблат бойынша уақытты анықтау, тиындармен әрекеттер;

  2. «Алгебра элементтері»: сандық және әріптік өрнектер, сандық және әріптік өрнектерді құрастыру, жазу және оқу;

  3. «Геометрия элементтері»: геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі, нүкте, түзу, қисық сызық, тұйықталған және тұйықталмаған сызық, кесінді, сәуле, бұрыш, жазық және кеңістік фигуралар, геометриялық фигураларды кескіндеу және салу, түзу, қисық сызық, сынық сызық, кесінді;

  4. 4) «Математикалық моделдеу»: есептерді кесте, сызба, қысқа жазба түрінде моделдеу, ұғымдар, терминдар, есептерді талдау және шығару, кері есептер, есептерді шығару тәсілдері, сандарды бейнелеу, "+", "-", "≠", "=", ">", "<" белгілері, сан сәулесі, қосу және азайту амалдарының компоненттері.

Оқу жылының соңында қорытынды педагогикалық диагностика жүргізіліп, түзете-дамыту жұмыстарының нәтижесін қорытындыланады, мониторинг жасалады.

















Түзету-дамыту бағдарламасы

1-сынып, І-жартыжылдық


   Бағдарламаны әзірлеу күні: 15.09.2025

      Баланың тегі, аты, әкесінің аты: Әнуарбек Әміре Қуанышұлы

      Жасы: 8жас

      Дефектолог: Кисыкова С.А


Мерзімі

Дамыту жұмысының бағыты.

Мақсат және күтілетін нәтиже

Жетістіктерін белгілеу

Ескерту


І-жартыжылдық

Айтылым

  • дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуді; буын, сөзді буынға бөлу; дауысты дыбыстардың буын құрау дағдыларын қалыптастыру;

  • мұғалімнің, өзге білім алушылардың сөзін тыңдай білу, тыңдалым мәнін түсіну, сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беруді қалыптастыру; коммуникативтік мақсаттарына сәйкес қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

  • дыбыстың әріппен жазылуын; сөздің дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін/ сәйкес еместігін анықтау;


















Оқылым

  • сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну;

  • сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білу (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау);

  • сөйлемді (2-6 сөз), мәтінді (4-10 сөйлем) түсініп, дауыстап оқу;

  • қатесіз, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру;



Жазылым

  • сурет бойынша сөйлем құрастыру, берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру, сөйлемдегі сөздердің санын анықтау, сөйлемдердің графикалық модельдерін құру;

  • қарапайым сұрақтарға жазбаша жауап беру, сюжетті суретке қарап мәтін құрастыру;

  • жазуға дайындық (дұрысотырғызу, жарықтың дұрыс түсуі, дәптердің көлбеу орналасуы және жазу кезінде қарындаш/қаламды ұстай білу); парақтағы кеңістікті бағдарлай білуді қалыптастыру (жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жазу жолының жоғарғы және төменгі сызықтары мен тік көлбеу сызықтардан шықпау); сурет салу, штрихтау, бастыра жазу, әріп элементтерін жазу;

  • көркем жазу нормаларын сақтай отырып, әріп элементтерін, бас және кіші әріптерді, буын, сөз, сөйлемді және оларды байланыстыра жазу;



Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

  • 1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру;

  • 1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау;

  • 1.1.1.4 санаудың ірі бірлігі ондықты құрастыру, 100-ге дейін ондықтармен санау, жазу және салыстыру;

  • 1.1.1.5** тәжірибе арқылы 2, 4, 6, 8, 10 заттың жартысын табу;



Сандармен амалдарды орындау

  • 1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиындардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсіну;

  • 1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін, 0-дің қасиетін қолдану;

  • 1.1.2.5** ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды ауызша қосу және азайтуды орындау;



Геометриялық фигуралар

  • 1.3.1.1 геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір-бірінен ажырату және атау;

  • 1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш)/кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру;

  • 1.3.1.3 геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) қабырғаларын өлшеу және салыстыру;

  • 1.3.2.2 берілген ұзындығы бойынша кесінді сызу;



Шамалар және олардың өлшем бірліктері

  • 1.1.3.1** ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық) шамаларын ажырату, оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу;

  • 1.1.3.2**й өлшем бірліктерін: ұзындық (см, дм)/масса (кг)/көлем (сыйымдылық) (л) қолданып, шамаларды өлшеу;

  • 1.1.3.3** ұзындық (см, дм)/масса (кг)/көлем (сыйымдылық) (л) салыстыру және шамалар мәндерімен қосу мен азайту амалдар орындау;

  • 1.1.3.4 ұзындық өлшем бірліктерін: см, дм олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру;



Санды және әріпті өрнектер

  • 1.2.1.1** санды өрнектерді (қосынды, айырма) ажырату, құрастыру, жазу және оқу;



Математикалық тіл

  • 1.5.2.2** "+", "-", "=", ">", "<" белгілерін қолдану;

  • 1.5.2.4 қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану;



Танымдық әрекетін дамыту

  • Зейін, есте сақтау, ойлау, моторлық (ұсақ моторика, көз-қол координациясы) және кеңістікте бағдарлау дағдыларын дамыту;





Түзету – дамыту көмегінің нәтижелері

Маман қорытындысы:_________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі