Сабақтың
тақырыбы: «Тәуелсіздік – баға жетпес
байлығым».
Сынып:11
Сынып жетекші: Алдибекова Алия
Күні: 15.12.2018
Сабақтың
мақсаты:
оқушылардың отаншылдыққа, ұлтжандылыққа,
туған жеріне, ата-мекеніне деген
сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс -
бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға
үйрету, оқушыларды патриоттық рухта
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар
Сабақ
барысы:
Мұғалім:
- Құрметті ұстаздар,
оқушылар! Тәуелсіздіктің 25 жылдығына
орай ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік
– баға жетпес байлығым» атты ашық
сабағымызға қош келдіңіздер!
Сабағымызды
елбасымыздың мына бір сөзімен бастағанды
жөн көріп отырмын: «Біз бәріміз бір
атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің
де туған жеріміз біреу – ол қасиетті
қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір
ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз
Қазақстан».
27
жыл. Ширек ғасыр, сен менің
Жүрегімді
тыныштық боп тербедің.
Нәтижесі
бейбіт күн мен бейнеттің,
50 елдің
қатарына енгенім.
Күллі әлемді құшақ
жайып қарсы алдың,
Қала салдық қараса
жұрт тамсанған.
Айналдырған аз уақытта
осы бір,
Орындалды қанша тілек, қанша
арман.
Тәуелсіздік бізге оңайшылықпен
келген жоқ. Тәуелсіздік – ежелден ел
арманы, сан ғасырлық күрестің
жемісі.
«Қоржын - сұрақ» викториналық
сұрақтар:
1. Мемлекеттік рәміздерді
ата (ту, елтаңба, әнұран)
2. Егемен
Қазақстанның ордендері мен медальдарын
атаңдар («Халық қаһарманы», «Алтын
жұлдыз», «Отан» ордені, «Даңқ», «Парасат»,
«Құрмет» ордендері, «Ерлігі үшін», «Ерен
еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары).
3.
Тәуелсіздік Монументі қай алаңда, қай
жылы ашылды? (1996 жылы 18 желтоқсан күні
Республика алаңы).
4. Мемлекеттік
елтаңбаның авторлары (Ж. Мәлібеков, Ш.
Уәлиханов)
5. Ұлттық валюта (теңге)
6.
Қазақстан Республикасының жер көлемі
(2417, 3 мың шаршы шақырым).
7. Туған жердей
жер болмас,
............................................(
Туған елдей ел болмас)
8. Қазақ жеріндегі
ғарыш айлағы (Байқоңыр)
9. Әнұран
авторлары (Ж. Нәжімеденов, Н. Ә.
Назарбаев)
10. Жаңа Ата заңымыз
қабылданған жыл (1995 жылы, 30
тамыз).
Қорытынды:
«Тәуелсіздік
маған.... қымбат» деген тіркесті толықтырып,
сөйлемді аяқтаңдар.
Мұғалім:
Қазақстанның болашағы сендерсіңдер.
2030 жылы Қазақстанның Орта Азия барысына
айналуына сіздер үлес қосасыздар.
Отанымыз гүлденіп, жайнай берсін деген
тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз
Тексерілді
Тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары:
К.Алданова.