Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Туған ел" ашық тәрбие сағат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағат 5-сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 11.01.2019 ж

Тақырыбы: Тыйым сөздер мен ырымдар

Мақсаты: Ырым - тыйым сөздерінің мән - мағынасын түсіндіру.
Ойшылдыққа, әдептілікке, адалдыққа, батылдыққа, әдемілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Рухани жан дүниесін дамыту.
Көрнекілігі: қазақтың ырым - тыйым сөздері кітапшасы, ырым - тыйым сөздер.
Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап.
II. Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру. Қазақтың ырымдары мен тыйымдары.
III. Кіріспе әңгіме. Мұғалімнің түсіндіруі. Жас кезінен ұрпағын «тек» деп өсірген халқымыз теріс қылық мінезге де тыйым салған. Бұл балалық шақтан бастап, отбасы болғанша сақталған ереже тәрізді. «Олай жасама, бұлай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес» т. б. сөздердің жауабын «жаман болады» дегенмен аяқталып отырған. Өмірде әр тақырыпқа байланысты ырым - тыйым сөздер кездеседі. Балаға, малға, әйел адамға т. б.
IV. Ырым - тыйым сөздердің мән - мағынасын түсіндіру.

Тыйым – халықтың тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл негізінен балаларға арналған, оларды жаман әдеттен, жат пиғыл, ерсі қылық, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады. Кейде оғаштау іс істеп қойсақ, үлкен кісілер ылғи да: «Олай істеме, жаман болады» деп атайды. Халық арасында кең тараған осындай тыйым сөздерді зерттей отырып мен олардың жас балаларға арналғандарын жинақтадым. Сонымен бірге мағынасы, тәлім - тәрбиелік мазмұны жағынан бүгінгі заман талабына сай келетінін байқадым. Яғни біз ата - бабаларымыздың даналығы сол – қанша ғасырдан бері тыйым сөздердің мәні өзгермей, қасиеті кетпей бүгінгі заман жастарына беретін өнегесі көп. Ғұлама ғалым Әл - Фараби айтқан «Адамға бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген сөздеріне қазақтың тыйым сөздері толық мысал бола алады.
Тыйым сөздердің түрлеріне тоқтала кетсем тәрбиелік мағынасы қарай мына топтарға бөліп қарастырдым.
1. Үй тұрмысына, қоршаған ортаға байланысты
2. Іс - әрекетке байланысты
3. Қыз балаға қатысты
4. Нанға қатысты
5. Бесікке қатысты
6. Ыдыс - аяқ, тағамға қатысты
7. Киім киюге қатысты
8. Жол жүруге байланысты
Енді осы аталған тақырыптағы тыйымдарға жеке - жеке түсініктеме бере отырып, оның бүгінгі өмірдегі қажеттілігіне тоқталып кетейін.
Іс - әрекетке байланысты тыйымдар
Үйге қарай жүгіруге болмайды.
Әдетте оқыс оқиға, жамандық болғанда адам үйге қарай жүгіреді. Бұл, біріншіден балаларға жамандық шақырма деген ескерту болса, екіншіден үйде үлкен бар, жүрегі әлсіз адамдар бар, елді үркітпе, қорқытпа дегені.
Қонақ кете салысымен үйді қағып - сілкуге болмайды.
Себебі қонақпен бірге үйге жақсы тілек, ықылас - пейіл келеді. Екіншіден қонақ кете салысымен үйді қағып - сілку әдепке жатпайды. Ойлап қараған адамға бұл сендерден құтылдым ба, жоқ па деген ойға келтіреді.
Саусақ, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды.
Әдепсіздік екенін былай қойғанда түрлі ауру шақыратын микробтар ауызға түсіруі мүмкін.
Құран оқығанда күлуге болмайды.
Құран адамға имандылық тәрбие бере отырып, бұл дүниеге қанағатпен қарауға, төзімділікке, пайымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Дүниеден өткен адамдарды еске алып құран оқығанда күлу, сөйлеу, жалаңбас отыру - әдепсіздік.
Аманатқа қиянат жасама.
Бұл біреуге сөз берсең міндетті түрде орындау керек деген сөз. Аманатқа адалдық – адамның биік парасат иесі екендігін көрсетеді.
Қыз балаға қатысты тыйымдар.
Қыз бала шашын жайып жүрмейді.
Ата - баба салтында тек жақыны қайтыс болған әйел ғана шашын жайған. Бүгінгі таңдағы қыз балалардың шаштарын жалбыратып жайып жүргені әдептілік емес. Жиналған, өрілген шаш адамды ұқыпты көрсетеді, әрі жұмысқа да, оқуға да ыңғайлы.
Қыз баласы тамақ дайындағанда басына міндетті түрде орамал байлауы қажет. Өйткені тамаққа шаш түсіп кетуі мүмкін.
Әлем - жәлем киінбе.
Қазіргі таңда қыздарға ішін ашып жүру сәнге айналған. Бұл өте жағымсыз әдет, әрі қыздардың денсаулығына да зиян. Бүйрек аурулары, гинекологиялық аурулар пайда болуы әбден мүмкін.
Қызға қырық үйден тыю.
Қыз бала орынсыз күліп, орынсыз сөйлеп, бейуақытта қыдырмағаны абзал. Өйткені қыз балалар – болашақ аналар.
Бесікке қатысты тыйымдар.
Киім киюге қатысты тыйымдар.
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Аяқ киімді де солай. Бұл тірлігінің барлығы оң болсын деген ниеттен туған.
Киімді желбегей жамылмайды. Себебі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылады. Әрі жұмыс істегенде де ыңғайсыздық туғызады.
Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның маңдайына жазылады деп есептеледі. Сондықтан бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, төрге іледі.
Ыдыс - аяқ тағамдарға қатысты тыйымдар.
Ыдыста беті ашық қалған тағамды жеуге болмайды.
Өйткені зиянкестер, жәндіктер түсіп кетуі мүмкін.

1) Балаға ми жеуге болмайды - мидай былжыр, ынжық болады. Жас балаға бұғана қабырғасын бермеген - бойы өспей қалады деп ырымдаған. Омыртқаның жұлынын жегізбеген - суға келіп қалады деген жаман ырым бар. Қойды аттама - ол киелі мал. Меккеге барған.
2) Бос бесікті тербетпе - балалы болмайсың деген жаман ырым бар. Қазанның, ыдыстың түбін тырнақпен қыруға болмайды - төрт түліктің желініне шығу шығады. Ыдыстағы суға аузыңды малма - себебі сол ыдыстағы су арам болады. Ыдысты еңкейтіп ішу керек деп тазалықты талап еткен.
3) Қамшыны бейсауат қамшылама - мал шетінейді. Малдың желінген басын түнде лақтырма - түнде далаға лақтырса малдың ырысы кетеді деп ырымдайды.
4) Бетіңді баспа - қайғылы адам берін басады.
5) Мойныңа белбеу салма - буыншақ ауруына ұшырайсың. Тұзды баспа - астың иманы, төресі деп киелі санады. Отқа түкірме - сол үйдің оты сөнсін, иесіз қалсын деген мағынада жаман ырымға жориды.
6) Жатқан кісіні аттама - талай киелі, қасиетті адамдар болған олар кеселге, бақытсыздыққа ұшырайды деп тыйым салған. Бақан, құрын аттама. Бақанмен шаңырақ көтереді, құрықпен жылқыны ұстайды.
Бақан үйдің тірегі болғандықтан, ал құрық тіршіліктегі құрал.
Қорытынды.
Бір сөзбен айтқанда салауаттылық, білімділік жеке адам үшін емес, ел тағдыры, ұлттың, заман тағдыры, қоғам тағдыры іспеттес. Ырымдар мен тыйымдар адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасын, табиғатқа, қоршаған ортаға берілген тұжырым, түйінделген қағида. Ырымдар мен тыйымдар халық арасында ерте кезден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін жетті. Әрбір тыйым бекер айтылмаған, әрқайсысының тәрбиелік мәні бар, оқушылар үшін ереже болып табылады. Хадық өзінің осы ырымдар мен тыйымдар арқылы тәрбиелеп, дұрыс жолға салған, қателігін бетіне басқан.
1. Бүйіріңді таянба, таяққа сүйенбе - бұлар жаман әдеттер. Ертеде кісісі өлген үйдің ерлері таяққа сүйеніп, әйел адамдар бүйірін таянып жоқтау айтқан.
2. Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба. Біріміздің өміріміз бірімізбен тікелей байланысты деп оларға зәбір көрсетілмеген. Көзіне ақ түскен адамға құмырсқаның илеуін тауып, жем егіп басына қойған. Сонда көзден ақ шел кетіп қалған.
3. Үйге қарай жүгірме. Тосын жағдай болғанда жаман хабар келгенде үйге қарай жүгірген. Осы айтылған тыйым сөздерді - ырымдарды ұмытпай бір - бірлеріңе айтып жүріңдер және оларды орындап жүруді әдетке айналдырыңдар.



Күні: 18.01.2019 ж

Тақырыбы: Анам үшін мақтанам!

Мақсаты: 1)Оқушыларға 8-наурыз туралы түсінік беру.

2)Балаларды барлық аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу.

3)Оқушылардың логикалық ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: 1) Анашым - мақтанышым

2) Ерлік еткен біз үшін

Еркелеткен біздерді

Еркіндеткен біздерді

Анамызға мың алғыс

3)Ана - өмірдің шуағы шарлар, қабырға газеті.

8 наурыз. . . адамдар да, тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша аналарымызды даңққа бөлеп тұрғандай.

Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Сондықтан құрметті аналар, қызғалдақ қыздар бүгінгі Анашым – мақтанышым атты ертеңгілігімізді сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық.

Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік,үлкен тағдыр «Ана-сөзі бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.

Мама. Бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде де бұл қасиетті сөз, нәзік, мейірімді жылы естіледі.

Хор: Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз.

Әжелерді ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

(Барлығы басын иеді)

Мұғалім: Халықаралық әйелдер күні біздің елімізде әйел – ананың, отбасының сақтаушысының даңқын шығарушы үлкен мереке ретінде аталып өтіледі.

Сендерден өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Ақ жаулықты аналар! – дей келе оқушыларымыз өз сыйлықтарын аналарына үлестірсін. Келесі бөлімде ұлдарымыз қыздарды құттықтайды.

Көрсетер жігіт сый бүгін,

Серілер берсін сыйлығын!

Бекзат: Қанаттанса балапан

Қалайынша ұшпайды.

Әрбір бала әрбір қыз

Анасына ұқсайды.

Наурызбек: Ойлы қызы халқының,

Отаным деп туады.

Бос жібермей әр күнін

Ана жолын қуады.

Айғаным: Пайдаланса уақытты,

Біздің қыздар бақытты.

Арманға жетер балалар

Аман болсын аналар!

Адам бар ма, ана сүтін татпаған

Алуан – алуан түрлі сынды аттаған.

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.

Нұржан: Аяулы да алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

Сен – асқарсың, сен аспансың, биіксің,

Сен дарқансың, сен жомартсың, данасың.

Бисұлтан: Ана – өмірдің қуанышы тірегі

Бала оның жұбанышы жүрегі.

Ана алдында ел жауы да бас иген,

Олар дәйім тыныштықты тілеген.

Ана десем, алғыс алам халқымнан

Ана десем, теңіз болам шалқыған.

Ана десем, ашылады қабағым

Ана десем, әділдікті ұғамын.

Хор: «Ақ мамам»

Соңы: Осымен «Анашым – мақтанышым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет.

Ата-аналарға сөз беріледі.

Жалқау бала сабақтан көп қалады, Угай-ай

Таза жазбай дәптерге «екі» алады, Угай-ай

Угай-угай, әніміз,

Кел шырқайық бәріміз,

Жақсы оқып сабақты,

«Бес» алайық бәріміз.

Әлімбек: Несіне сен, қыздар-ай, мақтанасың Угай-ай

«Екі» алсаң да бәрібір, шаттанасың Угай-ай

Угай-угай, әніміз,

Қыздар біздің сәніміз,

Озып кетіп қыздардан

Алты алайық бәріміз.

Айғаным: Көсеудей ғып тырнақты, өсіресің Угай-ай

Түк қалдырмай есепті, көшіресің Угай-ай.

Нұржан: Жалқау қыздар төсектен ерте жатып тұрмайды,

Тұрмағанын қайтейін беті-қолын жумайды.

Көрініс. Мазақтама.

Дастан: Кел күресейік,

Аңсатқан: - Күрессек, күресейік. (Екеуі күреседі).

(Дастан жыламсырап қалады)

- Жылама Дастан жылама

Жылағаның болама?

Қарным ашты дейсің бе?

Талқан берсем жейсің бе?

- Сені досым демеймін

Қасыңа да келмеймін,

Тәтті болса өзің же

Талқаныңды жемеймін Аңсатқан.

Бала Анам, асыл Анам, таңым да Анам,

Мен сенен қуат алам, жанымды алам.

Күн болып көңілімде күйге бөлеп,

Арнады өмірінің бәрін маған.












Күні: 25.01.2019 ж

Тақырыбы: «Туған ел"
Мақсаты:
              А) Білімділік: Жас ұрпақты өз Отанын сүюге,  туған жерінің тарихын білуге, туған жерін қастерлей білуге тәрбиелеу;
             Ә)  Тәрбиелік: Оқушыларды өз елін ,жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын  көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға ретінде қалыптастыру;
     Б)  Дамытушылық:  Оқушыларды  туған жер  тарихын ұғындыра  отырып, елін, жерін, табиғат байлықтарын қорғай білуге үйрету.
Сабақ көрнекіліктері: плакаттар,слайд. Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру 1.Ұйымдастыру: оқушыларды түгелдеу, жаңа сабаққа назарын аудару. Жүргізуші: Кіндік қаның тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата-бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.
Егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге парыз.
Ән: «Қазақстаным» Жүргізуші: Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің
Жаным сенен жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы, қазақ болып туғаным
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің, – дей келе ашық тәрбие сағатымызды ары қарай жалғастыру үшін ортаға сыныбымыздың оқушыларын шақырғым келеді.
1-оқушы.
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім.
2- оқушы.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
3- оқушы. Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
4- оқушы Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.
5 оқушы
Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!

Қазақстан аталады Отаным,

Мен отанын сүйетұғын ботамын.

Әрбір адам еңбек ету арқылы,

Көркейтеді, құрметтейді Отанын. Жүргізуші: Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды,
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы, - деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар дей келе сыныбымыз қыздарын «Қуыршақ» биімен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Ата-бабамыздың өткен жолына біраз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көкке көтеріледі. Көрініс
(Аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: Ол қандай болған?
Атасы:
Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:
Болмаса да оқыған тарихшы атын,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Есімі еш адамның өшпейді екен,
Артында ұрпақ жүрсе өздерінде,
Ұмыттырмас «Жеті атасын» парыз екен,
Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.
«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп,
Өткендерін қалай да білесін деген.
Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізгі болғаннан басталмай ма бұл тарих?
Немересі: Ата, туған жер деген не? Атасы: Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер. Сен туған жеріңді аялап, көз қарашығындай сақтауың керек. Немересі: Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы көремін, Қазақстанымды ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат болып ер жетем. Атасы: Жарайсың, балам. 
Жүргізуші: Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал-мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын. Би: «Қамажай» Жүргізуші: Айпырай! Туған жер-ай!
Теңдесер кім
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазығым –ай
Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім, - дей келе ашық тәрбие сағатымызды ары қарай жалғастыру үшін ортаға сыныбымыздың оқу озаты Динараны шақырғым келеді.

Асем: Ұлан-байтақ Қазақ Елінің барлық өңірлері сияқты Маңғыстау өңірінің де кәрі тарихы өз бастауын есте жоқ ескі замандардан алады.Аймақтың көне тарихының терең болмағы, оның топырағында, жел жеп, уақыт мүжіген тау-тасында арғы замандар жәдігерліктерінің жұқаналары жататыны, өзегі ақиқаттан өрбіген небір асыл аңыз-әфсаналар жұқаналарының осы өңірді атажұрт деп таныған, сүйген, қастерлеген бүгінгі ұрпақтың санасынан өшпейтіні содан: Бейнеу жері тоғыз жолдың торабын тоғыстырған ұлы Өткел іспеттес.

     Сонымен қатар, Бейнеу жері мақтан тұтуға тұрарлық өңір, осындағы жаны сергек, жүзі жылы, күш-жігері мол жұртшылықтың атамекені. Әрі қарай сіздерге Отан тақырыбына байланысты мақал-мәтелдерді ұсынамыз.

1.Туған жерге туың тік.

2.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

3.Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды. 
4.Ит тойған жеріне, 
Ер туған жеріне.

5.Пәлен жерде пайда бар,    
өз жеріңдей қайда бар?
6.Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің. 
7.Туған жердің торғайы: тұрымтайдай көрінер, 
құлыны тайдай көрінер, қыздары айдай көрінер.

8.Туған жер — тұғырың, 
Туған ел — Қыдырың.

9. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. 

10. Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен 
Туған елдің түтіні де тәтті екен.

Жүргізуші: «Отан оттан да ыстық», - дейді халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ешкімге тәуелсіз болса, мақтаныш алауын маздатады.
Біздің туған өлкеміз – кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – біздің ақ бесігіміз. Сондықтан да біз оны ардақтаймыз. Шексіз сүйеміз. Әрқашан аялап, қорғап жүреміз. Ортаға «көк тудың желбірегені » әнімен сыныбымыз оқушыларын шақырамыз.


4.Қорытынды.

Тәрбие сағатымызды төмендегі Ж.Аймауытовтың сөздерімен қорытындыласақ:

Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?

Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?

Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін?

Туған жердің артығын, жазатайым іс етіп, күштілерге күш етіп, еріксіз елден айырылған, шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе кім білсін?

Туған жердің асылын қараңғы үйге қамалып, қара нан мен қара шай жүрегін кесіп жатқанда, қазы, қарта, сары қымыз көзінен бір – бір ұшып есіл елін сағынған, бір көруге зар болған тұтқын білмесе, кім білсін?

Туған жердің қадірін әлеуметтік ісіне басын байлап жегілген, кеңседе қағаз кемірген, күйіп – пісіп, көбеп боп, еңбегінің жемісін көрсем – ау деп телмірген, тар көше мен тар үйде бойы бір сергіп көрмеген азамат білмей, кім білсін?

Ыстық қой, шіркін, туған жер! Туған жерге жеткенше, қайтіп дәтің шыдайды? Кім сағынбас өз қағын? Кім сүймесін өз жерін?

Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз... демекші, балалар, бүгінгі ашық тәрбие сабағында айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
726
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12