400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Туған жер - алтын бесік

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған жер – ауылым алтын бесігім. Оның адам өмірінде алатын орны ерекше, киелі ұғым. Туған жер, туған ел деген екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді. Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – сенің әлпештеген анаң, аялап өсірген әкең, туған-туысың, аға-әпкең, сені білім жолына жетелеген ұстаздарың, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарың дүниеге келген жерің, қызыққа толы өткен балалық шағың, туған ауылың ауласы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – ауылым алтын бесігім. Оның адам өмірінде алатын орны ерекше, киелі ұғым. Туған жер, туған ел деген екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді. Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – сенің әлпештеген анаң, аялап өсірген әкең, туған-туысың, аға-әпкең, сені білім жолына жетелеген ұстаздарың, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарың дүниеге келген жерің, қызыққа толы өткен балалық шағың, туған ауылың ауласы. Туған жер арқылы еліңнің өткені мен болашағын байланыстыра аласың. Нағыз балалық шақтан бастап адамзаттың отанына деген сезімі оянады. Отан дегеніміз не?- деген сұрақ туындайды. Туып өскен жер ме, мәдениет пе, әлде отан ол «үйренген орта»-ма. Әрине, «орта» деген сөзге көп нәрсе кіреді. Қазақ жерінде туса да, туған бетте шетелге кетіп қалған бала, туған елін отаным деп санамайды. Өйткені, туған жерінде өспегендіктен, оған деген ыстық сезім туындамайды. Адамзат өмірінде адам болып туғаннан кейін қазақ жерінің азаматы, баласы болып туу үлкен мәртебе. Олай болса, туған елге деген патриоттықтың алғы шарттары менің пікірімше «Менің елім Қазақстан, мен отанымды сүйемін, мен қазақпын» деген сөздерді айтудан бастау алады. Бірақ, көп адамдар «сүйемін деп» айтуға үйір емес. Біз отанымызда өмір сүріп жатқан кезде отан «Отан оттан да ыстық» дегенге мән бермейміз. Ол үшін адам баласы жанын беруге дайын болуы тиіс. Біз тек өзіміз аман есен, жақсы өмір сүріп жатсақ, жақсы тамақтанып, жақсы киінсек, мінер көлігіміз жылы, ыңғайлы, жайлы үй болса, барлығы болса — деп өмір сүреміз. Алайда, отан деген осы айтылғандардан мүлде басқа нәрсе екенін, өмірден де артық зат екенін әр азамат сезіне бермейді. Екіншіден, әр қазақ азаматтарының әскери борышын өтеу арқылы одан көп нәрсе үйренуден, отанға деген құштарлықтан, отан деген сөздің түп-төркінін білуден, отанын құрметтеуден, қорғаудан басталады. Кез келген уақытта отан үшін жанын беруге дайын екенін түсінуден тұрады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
566
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі