400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Туған жер - тұғырым"

Материал туралы қысқаша түсінік
ел, жер тарихы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Туған жер – тұғырым»


Құрметті ұстаздар мен студенттер! Жерлес жазушымыз Хамза Ықсанұлы Есенжанов атамыздың 110 жылдығына арналған «Туған жер» -атты әдеби кешке қош келдіңіздер!
Мақсаты: Жерлес жазушымыз Хамза Ықсанұлы Есенжановтың 110 жылдығына арналған кеште өмірі мен шығармаларын оқушы бойына құйып,еліне жерінедеген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: «Кең құлашты қаламгер»-кітап көрмесі,слайд.
«Еділ мен Жайық» -әні орындайтын 3пКШК тобы студенті М.Мажитова
Жүр: Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыяма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – деп Абай атамыз айтқандай 
Хамза Ықсанұлы Есенжанов атамыз – артына өлмейтұғын сөз қалдырған саңлақ суреткер алты томдық тарихи-революциялық романдар циклін жазып қалдырып кеткен тамаша сөз зергері, Жайық топырағында қанаттанып, әдебиет саласында қалам тербеп жүрген ақын жазушылар көптеп саналады. Сан таланттың ішінде өзіндік болмыс - бітімімен ерекше шоқтығы биік, шеберлердің бірі Хамза Ықсанұлы Есенжанов атамыз.
Жүр: Ел мен жер тарихы,
Ғажайып аңыз.
Ел мен жер жөнінде,
Білуіміз парыз – деп
Хамза Есенжанов атамыздың өмірбаянын – баяндайтын 3сҚМҚ тобы студенттері.
Жүр: Сор болды – ау отыз жеті мынау елге,
Далада ару қаңғып, жылады ер де,
Өзіңді пірдей тұтқан дәрігер қыз.
Қартайды, еріп жүріп лагерьде – деп.
София Жақияқызы Тастемірованың өмірбаянын – баяндайтын 3пҚМҚ тобы
Жүр: Ұлы Отан соғысының ардагері көп жылдар педагогикалық қызмет атқарған ұлағатты ұстаз, ақын Хамза атаның рулас ағайыны болған марқұм Иманбай Әбекешұлы осы Шалқар көлінде тұрған Барқын ата тарихын жазып кеткен болатын сол естеліктері туралы 3аҚМҚ тобы студенттері айтады.
Жүр: Хамза атаның жеті жылдық мектепте оқығаны жайында 2пҚМҚ тобы студенттері айтады.
Жүр:Армысың сұлу жайығым,
Ардақты қоныс-мекенім.
Егін ну жасыл бидайық,
Даламда сенен нәр алған-деп.
Хамза атаның елге келгендегі , ата қонысы туралы М.Сапенова айтып береді.
Жүр:Айналайын АқЖайық,
Сен деп өтті жан бабам.
Мың жыл ақтың,мың жыл әлі тамсанам!
Толқыныңмен қан тербеген кезеңді,
Том-том қылып жазып кетті Хамза ағам...
Еліне,халқына жаңа туындыларын жазып кеткен қаламгер жазушы Хамза
атамыз туралы Құмар Лаура айтады.

Жүр:Туған жерін,кіндік қаны тамған « АқЖайық» өңірін сүйіспеншілікпен суреттеп жазған Хамза ата туралы С.Темирболатова айтады.
Жүр:Хамза ата өмірінің соңғы жылдарында әдеби-сын мақалаларды жазған жазушы З.Мамут айтады.
Жүр:Хамза атамыздың өзінің қолынан жазылған шығармасы
Махамбетім,Сәкенім ... оқитын А.Садырбекова
Жүр: «Сары өмірде мәңгілік бір ғұмыр бар»-өлеңін оқитын М.Ахметқалиев оқиды.
Жүр:Хамза Есенжанов атамыз қазақ әдебиетіне үш кітаптан тұратын «Ақ Жайық» трилогиясын және «Жүнісовтер трагедиясын»жазғаны үшін ерен-еңбегі жоғары бағаланып «Еңбек қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен медальдармен марапатталған. Хамза Есенжанов атамыздың есімін ұрпақ есінен мәңгілік ұмытпайды. 
         Филология ғылымының докторы, академик Мұхамеджан Қаратаев Хамза Есенжановтың 60 жасқа келуіне байланысты «Социалистік Қазақстан» газетіне «Қайсар талант» атты мақала жариялап, «Әдетте, талант атаулыны гүлге балаушылық болады, Хамза талантын дәстүр бойынша гүлге баласақ, гортензияға балауға болады. Ол бейне бір гортензия гүлі секілді әрқилы жағдайда-ақ өзінің төзімпаздық қабілетін танытып, барлық тұрақты қасиет, сипатын сақтай білді. «Ақ Жайық» трилогиясы, «Көп жылдар өткен соң» — осының айғағы».  «Ақ Жайық» трилогиясы – қазақ әдебиетін сатыға алғаш көтерген, бүкіл көп ұлтты совет әдебиетінің қазына қорына енген, көркемдік идеялық нысанасы жоғары, кесек шығарма.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.12.2018
527
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі