400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Туған жер- алтын бесік

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр адамның туған жері өзіне ыстық. Оқушы өз туған ауылының тарихын, келбетін ашып жазған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Туған жер-алтын бесік»

Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.../Н.Ә.Назарбаев

Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті.

Ауыл – ата-бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекен. Ананың әлдиі, аялы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы.Ауыл -қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына. Туған ауылымның -Кожехарово аталуы осы жерде тері өндіретін өндіріс ошағы болған.

1936 жылы Абатов Мағзом атай басқарған ұжымшар егін бастырудан миллион пұт астық бастырып миллионер колхоз атанған, осы үлкен жетістікке байланысты бір топ колхозшылар Мәскеу қаласында өткен Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесіне қатынасқан. Ауыл тарихы бойынша кезінде кәрістер көп мекендеген. «Кәріс бастауыш мектебі» болған. Олар бау- бақша егіп, күріш өсірген, өте еңбекқор халық болған. Ауыл тұрғындары тоңның ішкі бауындай өте тату болған.Сол татулық атадан- балаға мирас болған.

Ауылымыз Қарасу көлі мен Жайық өзені жағалауында орналасқан.Қарасу көлінің маңында көптеген бұлақ көздері табылған. Сол себептен қазіргі таңда ауыл атауы -Жаңабұлақ. Ауылымның бүгінгі келбеті бұрынғыға қарағанда біршама өзгерді, көркейді. Жеке кәсіпкер Қабанов Асқар ағайдың «Әулет» тойханасы бой көтерді.Онда көптеген той мен шілдеханалар тойланып, мерекелік дастархандар жайылады. Әр үйге ауыз су мен көгілдір отын кіргізілген. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ететін дүкендер де жетерлік.Күрделі жөндеуден өткен ,жарқыраған мәдениет үйі де халық игілігіне пайдаланылуға берілді. Келер ұрпағымызға білім мен тәрбие беретін үш қабатты еңселі – алтын ұя мектебіміз бар.Онда жаңашылдыққа ұмтылған ұстаздарымыз бен шәкірттер бармыз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашақа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасында айтқандай ,еліміздің көркеюіне, дамуына барлығымыз бірігіп атсалысайық,достар!







Батыс Қазақстан облысы,

Ақжайық ауданы ,Жаңабұлақ ауылы,

«Жаңабұлақ орта жалпы білім

беретін мектебі» КММ-нің

10-сынып оқушысы Абдуалиева

Данагүл

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
475
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі