400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Туған жер-алтын бесік" (байқау)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал "Өлкетану" үйірмесіне қатысты 8-9-сыныптарға арналған байқау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мазмұны:

  1. Кіріспе

  2. «Туған жер – алтын бесік» өлкетанулық олимпиадасы шежіресі

  3. «Туған жер –алтын бесік» олимпиадасының ережесі

  4. «Сырсандық» байқауының фотосуреттері

  5. «Топжарған» байқауының фотосуреттері

  6. Олимпиаданың қорытындысы

Кіріспе



Өлкетану деп белгілі бір аймақты жан-жақты зерттеп-тану ісін айтамыз. Әдетте, ондай зерттеуге өлкенің әлеуметтік- экономикалық, саяси, тарихи және мәдени дамуы, сондай-ақ, оның табиғи сипаты нысан болады.

Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «Өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды»-дейді.

Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі Отан тарихын оқытуды «өлкетану» пәні арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді. Себебі, «өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпы адамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Отан тарихын өлке тарихы арқылы тануға негіз қалар еді. Мектепте өлкетану жұмыстарын жүргізу, жинаған материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өте маңызды. Сабақ барысында өлкетану материалдарына көп уақыт бөле алмайсың, сондықтан өлкетану бойынша жеке курстарда оқыту керек.

Қазақстанның барлық өңірлерінің өлке тарихы жазылған дайын оқу әдебиетітерінің жоқ екенін ескере отырып, «Өлкетану» олим оқушылардың өзіндік ғылыми негізді ізденістері мен шығармашылығына негізделуі қажет.

Өлкетану пәні арқылы мектепте мұражайлар ұйымдастыруға да болады.

Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер Отандық тарихтан білім беруде оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету оқушыларды азаматттық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді.



Тестке дайындалу үшін ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Абдрасилова Б, Мектептегі өлкетану музейінің жұмысы / Б. Абдрасилова//Оқушы тәрбиесі.- 2009.-№9.-Б.12-18.

Абжалелова Ф, Мектептегі өлкетану, экология, туризм жұмыстары / Ф. Абжалелова//Соқпақ.- 2008.-№6.-б.13-17.

Абылғазинова Г, Өлкетану арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелейміз / Г. Абылғазинова//Мектептегі кітапхана.- 2010.-№6.-Б.2-3.

Ақбай Ж, Босаға / Ж. Ақбай//Егемен Қазақстан.- 2011.-14 қаңтар.-

Ақбай Ж, Өлке тарихының тамыршысы / Ж. Ақбай//Орал өңірі.- 2012.-3 мамыр.-(№51).-Б.10.

Аллаярұлы Ж, Есенгелді бай тарихы толық танылды ма? / Ж. Аллаярұлы//Дана.- 2014.- №6-7.- 18-27 б.

"Алтын жүрек домбыра"//Орал өңірі.- 2014.- 22 қараша

История и культура казахского народа ХVIII - начала ХХ вв. в русской периодической печати: В 10-ти томах.- Астана: Парасат-КZ, 2010.

Қозбағарова Г, Өз өлкеңді тани біл / Г. Қозбағарова//География және табиғат.- 2013.-№2.-Б.40-41.

Карина Ж, Бастауыш мектеп оқушыларының туристік-өлкетану қызметінің үлгі бағдарламасы / Ж. Карина//Сокпак - Тропинка.- 2013.-декабрь.-(№6).-Б.19-21.

Коротин Е. И., Фольклор яицких казаков: Песни, народная проза, детский фольклор / Е.И. Коротин.- Алма-Ата: Жазушы, 1981.- 254

Кузьменко Б., Приуралье=Приуралье=Жайық өңірі=Priuralye / Б. Кузьменко.- Алматы: Қайнар, 1984.- 208 с., ил.

Курмачева М. Д., Города Урала и Поволжья в крестьянской войне 1773-1775 гг. / М.Д. Курмачева.- М.: Наука, 1991.- 232 с.

Кушаев Г.А., Этюды древней истории степного Приуралья / Г.А. Кушаев.- Уральск: Диалог, 1993.- 171 с.

Лицо старого Уральска / Сост. Мухина Г.Л.- Уральск: Оптима, 2002.- 124с.- (Уральская библиотека).

Лицо старого Уральска / Сост. Мухин Г.Л.- Уральск: Оптима, 2006.- 92с.- (Уральская библиотека).

М.А. Шолохов атындағы мұражай ісі: тарихы және қазіргі заман//Орал өңірі.- 2006.-Б.14































Қорытынды

Сонымен қорыта айтарым, қазақстандық патриотизм - бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт - дәстүр, ортақ тіл, дәнә бір рұхы бәр халықпыз. Отан – от басынан басталады десек, туған облысымыздың, қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білгізудің мәні зор. Өлкетану пәні небір тамаша фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін баяндайды. Осылардың бәрі олардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады. Ал өлке тарихына қатысты материалдар Отан тарихы, әдебиеті, географиясы, мәдениеті сбақтарында негізгі материалға қосымша ретінде пайдаланылғанына қарамастан сабаққа қойылатын 3 міндетті: білімділік, тәрбиелік дамытушылық жүзеге асырады. 
 «Патриотизм»- ғасырлар бойы жинақталған ең терең сезімдердің бірі. Отанға деген сезім болмаса, патриот болу мүмкін емес.Патриоттық сезім адамда өзінен өзі не болмаса туа пайда болмайды. Ол ерте жастан адамға әсер ететін, ұзақ мақсатты түрде бағытталған тәрбиенің қорытындысы. Патриотизм ортаның, отбасындағы тәрбиенің, мектептің, мектепке дейінгі мекеменің және түрлі қоғамдық ой- пікірлердің әсер етуімен қалыптасады. Мектепте оны қалыптастыратын пән тарих пәні. . Ұлтына қарамастан Қазақстанда тұратын әрбір азамат Қазақстанды туған Отаным деп түсінуі қажет. Сонда ғана адамның жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімінің, өз Отанына деген перзенттік мақтаныш сезімнің өркен ғажайып тамырлануына негіз қаланады. Яғни, этносаралық интеграцияның базасы емес, адамдардың өзін - өзі азаматтық билеуі, Қазақстан халқының бір бөлшегі ретінде сезімі дамып қалыптасады

Қорыта айтқанда тарих сабағында оқушылардың елін, отанын сүю сезімін қалыптастыру, ерлік рухын ояту – тарих пәні мұғалімінің басты борышы.

Өлкетану – туған өлкені жан – жақты зерттей білу. Өлкетанудың басты міндеттері - туған өлкесіндегі тарихи ескерткіштерді аялап күту, қамқорлыққа алу, олардың сақталуын қадағалау.

Өлкетану – археология, ономастика, мұрағаттану сияқты тарих ғылымдарымен тығыз байланысты: жер, адам есімдері, ру атаулары жайдан – жай қойыла салмайды. Олардың әрқайсысының өз тарихы, өз мәні бар.

Оқушыларға өз өлкесін сүйіп, танып, оны қорғай білуге, өз өлкесінің табиғатына, тарихына қызықтыра білу, өткен тарих оқиғаларын, ата- бабадан қалған киелі жеріміздің әсем табиғатын насихаттап, қадірлеу, туған жерге деген сүйіспеншілікке баулу біздің парызымыз.

Қазіргі жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беріп, оларды өзінің қоршаған ортасын сақтауға, аялай білуге баулу – шешімін күтетін ең басты мәселелердің бірі. Міне осындай мәселелердің алдын алу мақсатында «Туған жер – алтын бесік»олимпиадасы 2009 – 2018 жылдардан бері ұйымдастырылып келеді.

1аудандық және қалалық мектептердің 7-9 сынып оқушылары қатысты.

Олимпиада 3 бөлімнен тұрады. ІІ бөлім «Туған өлкенің ең жақсы білгірі» деп аталады. Бұл бөлімде оқушылар екі топқа бөлініп 7-8 сынып, 9-сынып екі тілде (қазақша және орысша) дайындалған «тарихи өлкетану», « әдеби өлкетану», «этнография» бағытындағы тест тапсырмасын орындайды. Әрбір тест тапсырмасы 30 сұрақтан тұрады.





























«Өлкетану» олимпиадасы негізгі тұжырымдаманың өзектілігі:

Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер Отан тарихын оқу мен оқытуда оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін Өлкетану пәні арқылы оқытып үйрету жеке тұлғаның дамуына септігін тігізіп Қазақстандық патриотизмді қалыптастырады

Негізгі тұжырымдама:

  1. Өзінің туған өлкесі жайлы білімді терең меңгерту және дамыту арқылы Отан тарихын оқып үйрену; Оқушыларда туған өлкеге деген қадір-құрметті оята отырып, сол арқылы туып өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

  2. Оқушы өзіндік іс-әрекет жасай білуінің нақтылы міндеттерін анықтау, білу приоритетті мақсат етіп қою;

  3. Жаңа білім алу процесін жандандырып және түрлендіруге қабілетті танымдық қабілетін дамыту;

  4. Рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті тұлғаны қалыптастыру.

Міндеті:

  • Оқу біліктері мен дағдыларын жетілдіру;

  • Оқу таным әрекетіне мотивация жасауды ұйымдастыру;

  • Оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үрдісін ұйымдастырудың сапалы деңгейіне жету;

  • Тұлғаның сапалық қасиеттерін дамыту;

  • Өзіндік ізденіс, шығармашылыққа жетелеу;

  • практикалық және интеллектуалдық дағды мен шеберлікті  қалыптастыру және дамыту;

  • Пәнге қызығушандықты арттыру арқылы білім сапасын көтеру





Іздестіру зерттеу жұмыстар

/



“Сырсандық” презентациялар байқауы

















«Сырсандық» презентациялар байқауының тапсырмалары:


  1. Қызыл мешіттің тарихын сипаттап бер (қай жылы кім ашқан? Қай жылы және кім жаңартқан, қазіргі таңда не орналасқан).


  1. Жергілікті маңызы бар ескерткіштер-батыс Қазақстан облысының.


  1. Николай Майданов ескерткіші қайда орналасқан қашан орнатылды?


  1. Орал қаласының тарихи ғимараттары-Жұбан Молдағалиев ескерткіш.


  1. Орал қаласының мәдени ескерткіші.


  1. Орал қаласының тарихи- мәдени ескерткіші


  1. Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова ескерткіші


  1. Көне шаһар көнекөз ғимараттар.


9. Орал қаласындағы Абай ескерткіші.

























Күтілетін нәтиже:

  1. Өз Отанын сүйетін, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді.

  2. Оқушылардың туған өлкеге деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастырады.

  3. Отан тарихының құрамы ретінде өлке тарихын зерттеуді үйренеді

  4. Оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, олардың күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды.

  5. Отанымыздың тарихына жаңа беттер қосылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы ғылымы  жаңа сапалық са­тыға көтерілді. Оған серпіліс берген, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған тарихи құжаттары. Әрине, олардың ең бастысы «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы. Жол­дауда Елбасы инновациялық зерттеулерді дамы­ту­дың жаңа саясатын паш етті, бүкіл­қазақ­стандық бірегейлікті халқы­мыз­дың та­ри­хи санасының өзегіне айналдыру­ды жаңа патриотизмнің алғышарты ре­тін­де айрықша атап өтіп,  «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру  жұмысын жалғастыруымыз керек» - деген болатын.

  Kөп ұлтты Қазақстан халқының болашағын қамтамасыз ету үшін жас ұрпақты жалпы ұлттық құндылықтарды құрметтеп, қастерлеуге бағдарланған патриоттық тәрбие беру өзекті мәселеге айналуда. Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер Отандық тарихтан білім беруде оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету оқушыларды азаматттық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді

Қазақ тарихын зерттеуші ғалым Ш.Уәлиханов отансүйгіштік

сезімнің қалыптасуы туралы «менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай, мен ең алдымен, өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел жұртымды, руластарымды, одан соң халқымды қадірлеймін», - деген еді.

Отанымыздың барлық өңірлерінің өлке тарихы жазылған

дайын оқулық жоқ. Сондықтанда «өлкетану» сабағы мұғалім мен оқушылардың ғылыми негізді ізденістері мен шығармашылығына негізделіп жасалынады. Бұл оқушылардың қызығушандығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытады, жиналған материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өте маңызды. Сабақ барысында өлкетану материалдарына көп уақыт бөле алмайсың, сондықтан өлкетану бойынша жеке курстар ұйымдастыру керек. Өйткені, өз отанын шын сүйген, өз елінің нағыз патриоты болған ұрпақтан жақсы нәтиже күтуге болады
Менің педагогикалық ұстанымым - «Жақсы ұстаз өзі білмейтін нәрсені де басқаға үйрете алуы керек». Өйткені, үйрету арқылы өз білмегенімізді де үйренуге болады,оқушыларға да өз тәжірибемнен үйретуге тырасамын.
Өлкетану жұмыстарымен мен біраз уақыттан бері айналысамын. Жинақтаған материалдар негізінде бағдарлама құрастырып сіздерге ұсынып отырмын.























II тур – «Топжарған» өлкетанулық марафон байқау











Аудандық «Туған жер-алтын бесік» өлкетану олимпиадасының

ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ережелер

1.1. Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған және отансүйгіштіктің жоғары руханилығын қалыптастыруға бағытталған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің шеңберінде облыстық оқушылар арасындағы «Туған жер-алтын бесік» өлкетану олимпиадасының ережесі (бұдан әрі - Олимпиада) оны өткізу және қаржыландыруын анықтайды.

1.2. Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері: туған өлкенің табиғи және тарихи-мәдени мұраларын сақтау арқылы оқушыларды Отансүйгіштікке, азаматтыққа тәрбиелеу, ой-өрісін кеңейту және өлкетанулық білімін көтеру. Шығармашылық, танымдық, интеллектуалдық бастамаларын белсендіру, дарынды және ынталы балаларды анықтау және қолдау көрсету.

1.3. Олимпиаданы Ақжайық аудандық балалар-жасөспірімдер туризм орталығы өткізеді.


ІІ. Қатысушылар

2.1.Олимпиадаға ауданымыздыңмектеп командалары қатысады. Команда құрамы жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының туристік бірлестіктерінің үздік өкілдерінен (7-9 сынып) жасақталады.

2.2. Команда құрамы: 6 (5 қатысушы + 1 жетекші)

2.3. Команда жетекшілері қатысушылардың тұратын жерінен өтетін жерге дейінгі жолда, оны өткізу кезінде және тұрғылықты мекеніне қайта жеткенше олардың қауіпсіздігі үшін толық жауап береді.


ІІІ. Өткізу және дайындау басшылығы

3.1. аудандық олимпиада ІІ кезеңнен тұрады:

І кезең – мектепішілік – қаңтар- маусым;

ІІ кезең – аудандық (қалалық) –маусым- қараша;

Чапаев ауылы , Қонаев көшесі 53 А, АБЖТО- да өтеді.

3.2. Қатысу туралы өтініші - 5 қарашаға дейін ОБЖТжЭО-на жолдануы керек.



3.3. Олимпиада БАҒДАРЛАМАСЫ

14 қараша 2018 жыл

16.00 дейін - Командалардың келуі, орналасуы. (С.Ошанов ат. ОЖББМ ) «Туған өлке- тұнған

16.00-16.30 – Қазылар алқасының отырысы, «Сырсандық» байқауына тапсырма таңдау.

17.00-19.00 – «Топжарған» өлкетанулық марафоны

19.00 - 20.00 - кешкі ас

15 қараша 2018 жыл

10.00-10.30 – олимпияданың ашылу салтанаты

10.30-13.00 – Қадыр Мырза Әлінің мемориалдық музейіне экскурсия

13.00-14.00 - түскі ас;

15.00-18.00 –«Бәйге»өлкетанулық тест байқауы (Х.есенжанов ат. Кітапхана)

19.00-20.00-кешкі ас

20.00-21-00-би кеші «Таныс болайық!»

16 қараша 2018 жыл

10.00-12.00 – «Сырсандық» презентация байқауы

13.00-14.00 - түскі ас

15.00-15.30 – Олимпиаданың жабылу салтанаты

16.00- командалардың жолға шығуы

ІҮ. Олимпиаданың өту тәртібі

4.1. Олимпиада 3 турдан тұрады:

Үй тапсырмасы: «Туған өлке - тұнған шежіре» экспедиция есебі. Есеп сырттай тексеріледі. Есепте 2017-2018 жылғы өлкетанулық экспедициялардың мақсатының ашылуы, маршруттық беті, рәсімделуі қаралады. Есептер қайтарылмайды. Электронды түрінде де (мәтіні мен фотолары) тапсырылуы қажет.

I тур - «Бәйге» өлкетанулық тест. Тест жұмысына 4 (7, 8, 9 сынып) оқушы қатысады. Өлкетанулық тест-викториналары төрт бағытта, 2 тілде (өтініште көрсетілуі тиіс), әр нұсқа 30 сұрақтан, 5 жауаптан тұрады. Әр дұрыс жауап 5 ұпай, ең жоғарғы ұпай – 90. Жалпы командалық есепке дұрыс жауаптардың ортақ ұпай саны қосылады.

Тест жұмысының тақырыптары:

- Тарихи өлкетану.Батыс Қазақстанның облысының тарихы.

Археология. Топонимика. Ономастика.Соғыс тарихы. Азамат соғысы. Ұлы Отан соғысы. Ескерткіштер.

- Әдеби өлкетану. Ақындар. Жазушылар. Өлкенің әдебиетте бейнеленуі.

- Этнографиялық өлкетану. Халық. Шаруашылығы. Әдет-ғұрпы. Салт-дәстүрі. Тұрғын-жайы. Киім-кешегі. Тағамы. Қол өнері. Ауызша-жазбаша фольклоры. Ұлттық ойындар. Мерекелер.

- Қазіргі Қазақстан шежіресі. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы.

II тур - «Топжарған» өлкетанулық марафон. Байқау ойын түрінде өтіп, өлкетанулық сұрақтарға жауап береді. Команда түгел қатысады. Барлық командаға 9 ұяшықтан тапсырмалар беріледі. Әр ұяшықтың сыртында ұпай саны мен сұрақ саны көрсетіледі. Қай сұрақтан бастау команданың еркінде. (Суреттер, берілген сұрақтар арқылы БҚО, ескерткіштерге тарихи анықтама беру;

мемориальдық тақталардың орналасу орындарын айту; аңызға байланысты қандай ескерткіш екенін анықтау, өлкенің мәдениеті, әдебиеті, тарихы, экологиясы т.б. туралы сұрақтарға жауап беру). Ұпай саны 70

III тур – «Сырсандық» презентациялар байқауы. Команда түгел қатысады. Қатысушылар суырылған тапсырма бойынша өлкетанулық ізденіс жұмысын жүргізеді. Ізденіс жұмысын жүргізуге жарты күн уақыт беріледі. Кітапхана, мұрағат, музей мен археология, мекемелерде жұмыстануға мүмкіндік жасалады.Тапсырма презентация арқылы қорғалады. Презентацияда тапсырманы орындаудағы фотолар, деректі материалдар болуы шарт. Слайд саны шектелмейді. Қорғаушы 1 оқушы. Уақыты 7 мин. Тапсырманың ашылуы, жаңалылығы, жан-жақтылығы, жеткізуі, сұраққа жауап беруі бағаланады. Тапсырма бағыты: қаладағы мекемелер тарихы.

Ескерту: ғаламтордан алынған мағлұматтар бағаланбайды. Қатысушылар барлық байқауға командалық киіммен, атрибуттарымен (бейджик, төсбелгі т.б.) шығуы керек.


Ү. Қабылдау шарты

5.1.Олимпиадаға қатысушыларда мынандай құжаттар болуы тиіс:

- Аудандық, қалалық білім бөлімінің бұйрығы;

- Білім бөлімі меңгерушісі бекіткен аудандық (қалалық) хаттама.

- Іссапар құжаты;

11

- Өтініш. (Үлгі 1)

ҮІ. Қорытындылау


6.1. «Туған жер-алтын бесік» өлкетану олимпиадасы әр байқауы бойынша үш жүлделі орын анықталады. Жалпы командалық есеп барлық бағыт бойынша алынған ұпай сандарының қосындысы арқылы есептеледі. Әрбір байқау жеке бағаланады және ең көп ұпай санымен орындар белгіленеді.Аудандық кезең өткізілуіне ұпай қосылады.

6.2. Олимпиаданы қазылар алқасы қорытындылайды.

6.3. Жүлдегерлер АБЖТО-ның диплом, грамоталарымен марапатталады.


ҮІІ. Қаржыландыру

7.1.Мектепішілік, аудандық олимпиадалар жергілікті білім беру бөлімдері немесе демеушілердің есебінен қаржыландырады.

7.2. Қатысушы топтардың (жол жүру, тамақтану және тұратын жерін) шығынын жіберген мекеме қамтамасыз етеді.

7.3. Облыстық олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге шығындарды ОБЖТжЭО жүзеге асырады.

Мекен-жайымыз: БҚО Ақжайық ауданы Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 53 А, Аудандық балалар - жасөспірімдер туризмі орталығы.

Тел: 8 (71136) 50-3-70, факс: 91-6-12 akzhturizm@mail.ru













































I тур – «Бәйге» өлкетанулық тест байқауы


Әдеби өлкетану.тест бағыты


Тарихи өлкетану тест бағыты




ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


Тарихи-өлкетану


1. Орал қаласының құрылған жылы көрсетіңіз?

А.1419

Б. 1654

В.1705

Г.1613

Д.1854

2. Батыс Қазақстанның тарихындағы алғашқы газет?

А. «Приуралье»

Б. «Казахстан»

В. «Орал өңірі»

Г. «Известия областногоисполнительного комитета Советакрестьянских, рабочих,киргизских, красноармейских и

ловецких депутатов»

Д. «Әділет»

3. Облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 95-жылдығы қай жылы тойланды?

А. 2010

Б. 2005

В. 1995

Г. 2013

Д. 2000

4. Облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің құрылған жылы

А.17 қараша 1919 г.

Б. 15 тамыз 1922 г.

В. 26 қазан 1995

Г. 2 шілде 1918 г.

Д. 17 қараша 1918 г.

5. Орал қаласындағы ескі, басты мешіт қай жылы салынған?

А. 1929 ж.

Б. 1952 ж.

В. 1895 ж.

Г. 1908 ж.

Д. 1897ж.

6. Орал қаласы және оның төңірегіндегі казак шаруаларының көтерілісін кім бастады?

А. Фурманов Д.

Б. Пугачев Е.

В. Разин С.

Г. Ханыков А.В.

Д. Савичев Н.

7. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі қай жылы болды

А. 1773 ж.

Б. 1852 ж.

В. 1795ж.

Г. 1914ж.

Д. 1897ж.

8. ХІХ ғасырдың 30-жылдарында патша үкіметі мен жергілікті байларға қарсы шыққан қазақ батырлары кімдер

А. Тайманов И.

Б.Датов С.

В. Нұралы хан

Г. Өтемісов М.

Д. Тайсойғанов Т.

9. Өлкеміздегі алғашқы жоғары оқу орны – Орал педагогикалық институты қай жылы ашылды

А. 1933 ж.

Б. 1956 ж.

В. 1927 ж.

Г. 1938 ж.

Д. 1932ж.

10. БҚО және Орал қаласындағы азамат соғысы. 1919 жылы қай кеңестік қолбасшының штаб-үйі Орал қаласында орналасты

А.Покатилов Н.

Б. Фрунзе М.

В. Гайдар А.

Г. Өтемісов М.

Д. Жақсығұлов С.

11. Қазіргі Орал қаласының қай ғимаратында 1917 жылы шаруалар, солдат, казактар мен крестьян депутаттарының Кеңесі өз жиынын өткізді

А.Облыстық филармония

Б. №38 мектеп-лицей

В. Облыстық акимат

12. Бұл ескерткіш - бұрынғы Столыпин бульварының ортасына 1860 жылы тұрғызылған, бақ-парк өнеріне жататын 19 ғасыр ескерткіші.Күні бүгінде сақталған. Қалай аталады

А. Скульптура

Б. Бюст

В. Ротонда

Г. Парк

Д. Стелла

13. Қаладағы көшелердің біріне оның есімі берілген, сондай-ақ оның атында мектеп бар. Оның құрметіне біздің қалада ескерткіш орнатылып, мұражай ашылған. Оның есімін толық атап көрсетіңіз

А. Әлия Молдағұлова – Кеңес Одағының батыры

Б. Хиуаз Доспанова – Халық Қаһарманы

В. Алма Оразбаева - революционер

Г. Мәншүк Мәметова – Кеңес одағының батыры

Д. Валентина Терешкова – космонавт

14. Тек Қазақстандағы ғана емес, жалпы Орта Азия бойынша ең көне театрлардың бірі. Оның тарихы 140 жылдан асады. Қазірде көрермендерін жаңа қойылымдарымен қуантып жүр. Мәдени орын қалай аталады

А. Облыстық қазақ драма театры

Б. Жастар шығармашылығы орталығы

В. Халық шығармашылығы орталығы

Г. Н.Островский атын. драма театр

Д. Жастар үйі

15. Бұл үй 19 ғасырдың архитектуралық ескерткіші. 20 ғасырда қаладағы ең биік үш қабатты ғимарат саналған. Бірінші қабатта көпестердің дүкендері, екінші қабатта Офицерлік жиын, кейіннен Коммерциялық клуб орналасқан

Б. Карев үйі

В. Ванюшиндер үйі

Г. Коммерциялық клуб

Д. Дом наказного атамана

16. 19 ғасырдың архитектуралық ескерткіші. Әр жылдары ол ғимарат әртүрлі аталды (әртүрлі атаулары нұсқа түрінде берілген). Бұл ғимараттың алғашқы дұрыс атауы қайсы

А. «С.М.Киров үйі»

Б. Нар-үй – Верблюд-дом

В. « Еңбекшілер сарайы»

Г. Карев үйі

Д. Коммерциялық клуб

17. Қазақ демократиялық зиялы қауым өкілдерінің бірі, дәрігер, мамандығы бойынша дәрігерлік тәжірибе мен Орал қаласы төңірегіндегі ауылдарда медициналық-ағартушылық жұмыстарын ұйымдастырған. «Алаш-Орданың» Батыс бөлімі басшыларының бірі болған

А.Байтұрсынов А.

Б. Досмухамедов Х.

В. Аймауытов Ж.

Г. Дулатов М.

Д. Жұмабаев М.

18. ҰОС-ның батыры, ұрыс даласынан аман- есен оралып, бейбіт өмірде адамдар мен ел мүлкін қорғаймын деп қаза тапты. Оның бейітіне бюсті орнатылып, қаламыздағы көшелердің біріне есімі берілген

А. Жақсыгұлов С.

Б. Масин Т.

В. Жүнісов М.

Г. Өтемісов М.

Д. Чумаев Г.

19. Шыңғысханның ұрпағы, Қаратөбе ауданынын шыққан заңгер, саясаткер, Ресей империясы Мемлекеттік думасының депутаты, большевик, журналист. 2015 жылы 155 жасқа толады

А. Бөкейханов Н..

Б. Масин Т.

В. Қаратаев Б.

Г. Өтемісов М.

Д. Жәнгір хан

20. Ресей империясының Шығыс бөлігіндегі мұсылмандардың Діни жиналысының алғашықы мүшелерінің бірі болған қазақ, ақын, философ, қоғам қайраткері, есімі «Қазақстан» газетімен байланысты журналист. Шығармашылық және саяси қызметі 1921 жылы үзілді. Айуандықпен өлтірілген.

А. Досмухамедов Х.

Б. Жұмағалиев А.

В. Жароков Т.

Г. Қараш Ғ.

Д. Габдулла Т.


21. ҚР-дағы ескі оқу ғимараттарының бірі. 1913 жылы мұғалімдер семинариясы болып құрылған, ал 1919 жылы облыс мектептеріне педагог кадрларды дайындайтын 3-жылдық семинария болып қайта құрылды. 1922 жылдан- педагогикалық техникум. 1937 техникум ........болып қайта өзгертілді. Бұл қай білім мекемесі, кімнің атында?

А. М.Өтемісов атындағы БҚМУ

Б. Жәңгір хан атындағы БҚАМУ

В. Ж.Досмухамедов атындағы Орал педагогикалық колледжі

Г. Мұнай және газ колледжі

Д. А.С.Пушкин атындағы Орал пединституты

22. Әнші,композитор, Қазақстан Халық артисі,көптеген танымал әндердің авторы, БҚО Қаратөбе ауданында дүниеге келген

А. Қажымов Д.

Б. Нұрпейісова Д.

В. Сағырбаев Қ.

Г. Хасанғалиев Е.

Д. Жәнгір хан

23. Орал әскери шаруашылық басқармасы, кейін мұнда алғашқы Әскери көпшілік кітапханасы ашылды. Сондай-ақ мұнда Оралдың Казак әсерінің ғасырлық архиві сақталған. Бұл ғимарат қазір қалай аталады

А. ІІД госпиталі

Б. Х.Есенжанов атындағы ОБЖК

В. Қалалық акимат

Г. Дәріхана

Д. Гагарин атындағы кинотеатр

24. Қазақстандықтардың өз Отанына деген патриоттық сезімінің әнұранына айналған «Атамекен» әнінің авторы, біздің жерлесіміз

А. Қажымов Д.

Б. Нүрпейісова Д.

В. Сағырбаев Қ.

Г. Хасанғалиев Е.

Д. Жәнгір хан

25. Атаман Бородиннің танымал жеке үйі болған, қазіргі уақытта ІІД-ның әскери ауруханасы орналасқан ғимараттың архитекторы

А. Гопиус

Б. Дельмедино М.

В. Сағырбаев Қ.

Г. Хасанғалиев Е.

Д. Белгісіз

26. Мавритандық архитектуралық үлгіде салынған бұл ғимарат 1879 жылы салынған, мұнда орыс-қырғыз қолөнер мектебі орналасқан. Кейінгі жылдарда әскери комиссариат, Орал кәсіби техникалық мектеп, ГПТУ-75, Батыс ауылшаруашылық институты болған. Ал 1973 жылы ғимарат мәдениет басқармасына берілді. Достық даңғылында орналасқан. Бұл қай ғимарат және қазіргі уақытта не орналасқан

А. Облыстық акимат

Б. Х.Есенжанов атындағы ОБЖК

В. Қалалық акимат

Г. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

Д. Гагарин атындағы кинотеатр

27. Бұл азамат БҚО-сын 11-жылдан астам басқарған (1975-1986). Оның кезінде қала қайта жаңғырып, қазіргі Достық даңғылы жасақталды. Қазіргі Еуразия даңғылы қайта құрылып, теміржол, автобус және аэропорт вокзалдары салынды. Қаламыздағы кең көшелердің біріне бұл азаматтың есімі берілген. Бұл кім?

А. Жақсығұлов С.

Б. Масин Т.

В. Жүнісов М.

Г. Ихсанов М.

Д. Чумаев Г.

28. Хамза Есенжанов атындағы ОБЖК орналасқан ғимараттың архитекторы

А. Гопиус А.

Б. Масин Т.

В. Дельмедино М.

Г. Ихсанов М.

Д. Чумаев Г.

29. «Радуга Ақ жайық » кітабының авторын атаңыз

А. Бақтыгереева А.

Б. Мухин Г.

В. Жүнісов М.

Г. Ақбаев Ж.

Д. Чумаев Г.

30. Василий Иванович Чапаев деген кім?

А.Ақын

Б. Қоғам қайраткері

В. Атақты дивизия қолбасшысы

( Азамат соғысы)

Г. ҰОС батыры

Д. Жазушы



Этнография.


1. Қазіргі Орал қаласы қандай екі мәдениет пен этностың аралығында орналасқан?

А. Азия

Б. Еуропа и Азия

В. Африка

Г. Еуропа

Д. Орталық Азия


2. БҚО-да қанша ұлт өкілдері және ұлыс өмір сүреді

А. 100 астам

Б. 50 шамасында

В. 80 астам

Г. 40 астам

Д. 96 шамасында

3. БҚО-да қола дәуірінде қандай мәдениеттер кеңінен тараған ?

А. Қима мәдениеті

Б.Қалалық мәдениет

В. Андронов мәдениеті

Г. Отырықшылық мәдениет

Д. Белгісіз

4. Орал қаласының шығысынан 80км далалықта орналасқан ірі қорған

А. Қырық-Оба

Б. « Патша қорғаны»

В. Алғашқы Лебедев кешені қорғаны

Г. Жанақала бейіттер кешені

Д. Шалқар бейіттер кешені

5. «Яик» сөзі түрікше қандай мағына білдіреді

А. «Терең өзен»

Б. « Тайыз өзен»

В. « Кең арналы өзен»

Г. « Тұнықтық»

Д. « Құмды жағалау»


6. БҚО-ның климаты қандай?

А. Құрғақ

Б. Ылғалды

В. Тымконтиненттік

Г. Құмды

Д. Континенттік


7. «Еднання» мәдени- ағартушылық қоғамы қай ұлт бірлестігі?

А. Орыстар

Б. Татарлар

В. Ұйғырлар

Г. Украиндар

Д. Армяндар

8. 1-мамырда қандай мемлекеттік мереке тойланады?

А. Достық күні

Б. Елбасы күні

В. Ғарышкерлер күні

Г. Казақстан халықтарының бірлігі күні

Д. Білім күні


9. «Бірлік» мәдени-ағартушылық қоғамы қай ұлттың мәдениетін насихаттайды

А. Әзірбайжандар

Б. Татарлар

В. Ұйғырлар

Г. Қазақтар

Д. Армяндар

10. А.С.Пушкиннің мұрағатынан қай қазақ поэмасының

мәтіні табылды

А. Қыз Жібек

Б. Алпамыс батыр

В. Айман – Шолпан

Г. Қозы Көрпеш – Баян сұлу

Д.Белгісіз

11. «Яик впадает в море» кітабының авторы

А.Н. Чесноков

Б.А. Ялфимов

В. Есенжанов Х.

Г. Жароков Т.

Д. Пушкин А.

12. Оралдық казак әйелдері алжапқышты қалай атаған

А. Передник

Б. Запон

В.Тышлык

Г. Фартук

Д. Алжапқыш

13. «Приняли меня славно:Уральская поездка А.С. Пушкина» кітабының авторы кім

А.Чесноков Н.

Б. Щербанов Н.

В. Шарабасов С.

Г. Өтемисов М.

Д. Жақсығұлов С.

14. Қыштан ыдыстар жасау барысында оралдық шеберлер нені қолданды

А. Күл

Б.Тальк

В.Жұмыртқа қабығы

Г. Қойдың құмалағы

Д. Жануар



15. «Ақ Жайық» романының авторы

А. Молдағалиев Ж.

Б. Ғаббасов Э.

В. Жұмағалиев Қ.

Г. Есенжанов Х.

Д. Бельгер Г.

16. Оралдық казактар Орал өзенін құрмет тұтып қалай атаған?

А.Даикс

Б.Яик Горыныч

В.Яикушка

Г.Жайык

Д.Урал

17. Оралдық казактардың сүйікті тағамы?

А. Балық қосып пісірілген бәліш

Б. Кокурка

В. Балық сорпасы

Г. Құймақ

Д. Бәліштер

18. Төменде көрсетілген рудың қайсысы Кіші жүзге кірмейді?

А.Беріш

Б. Ысық

В.Үйсін

Г.Алаша

Д.Адай

19. «Бәйтерек» қай рудың ұраны?

А.Керей

Б.Беріш

В.Ысық

Г.Байбакты

Д.Адай

20. Қазақтарда тақасыз етік қалай аталады?

А.Кебіс

Б.Мәс

ВБәтеңке.

Г.Саптама

Д.Етік


21. Қандай халықтық мейрам тек Батыс Қазақстанда аталып өтіледі

А.Наурыз

Б.Көрісу–айт.

В.Ораза–айт.

Г. Кұрбан–айт

Д. 8-ші наурыз

22. Ежелгі түріктер қандай түсті қасиетті деп санаған

А. Қызыл

Б. Жасыл

В. Көк

Г. Ақ

Д. Қара

23. «Словарь говоров уральских (яицких) казаков: В четырех томах»кітабының авторын атаңыз

А.Малеча Н.

Б.Чесноков Н.

В.Щербанов Н.

Г.Корсунов

Д.Шабаренина

24. «Лицо Старого Уральска» атты біздің қаланың келбеті суреттелген кітаптың авторы

А. Щербанов М.

Б. Мухин Г.

В. Жүнісов М.

Г. Ақбаев Ж.

Д. Чумаев Г.

25. Белгілі күйші-компазитор, домбырашы, қазақ саз

аспаптарының классигі, «Кішкентай», «Ақбай», «Ақсақ киік» т.б. күйлердің авторы

А. Бөкейханов Н.

Б. Нұрпейісова Д.

В. Сағырбаев Қ.

Г. Хасанғалиев Е.

Д. Жәнгір хан


26.Біздің замандас, тарих ғылымдарының докторы, БҚО


археологиясы туралы бірнеше кітаптың авторы: «Дала пирамидасы», «Батыс Қазақстан демография тарихының тарихнамасы», Батыс Қазақстан тарих және археология орталығының басшысы

А. Рысбеков Т.

Б. Набиуллин Ж.

В. Жароков Т.

Г. Сдыков М.

Д. Гайдар А.

27. Белгілі қазақ батыры Сырым Датұлының руы

А.Керей

Б.Беріш

В.Ысық

Г.Байбакты

28. «Поехал я в Уральск...» А.С. Пушкин Приуралье» кітабының авторын атаңыз

А.Чесноков Н.

Б. Щербанов Н.

В. Шарабасов С.

29. Батыр-ақын Махамбет Өтемісұлы қай рудан шыққан

А.Керей

Б.Беріш

В.Ысық

Г.Байбакты

30.Хамза Есенжановтың «Жүнісовтар трагедиясы» романының басты кейіпкерін табыңыз. Бұл кітап кейіпкері шынайы өмірде болған адам.

А.Қайрат

Б.Құныскерей

В. Махамбет

Г. Хаким

Д.Байболат





Ашылу салтанат







Облыстық «Туған жер-алты бесік»олимпиадасының

жабылу салтанаты



Марапаттау сәттері





Picture 6










С.Ошанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп КММ











Тақырыбы:«Туған жер-алтын бесік»



























Өлкетану үйірмесінің жетекшісі:Аясинова Айымгул Ниеткалиевна




2019-2020оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
1012
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі